үстеме шығындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 16:53, курсовая работа

Краткое описание

«Өндіріске жұмсалған шығындар» өнім өндіру, жұмыс орындау және қызмет көрсету шығындарын қамтыса «Өндіріс шығындары» сату шығындарын қоса қамтиды. Бұдан туатын тұжырым алдымен өндіріске жұмсалған шығындар материалдандырып актив ретінде нақты өзіндік құны бойынша тіркеліп, дайын өнім (қызмет, жұмыс) түрінде болашақта табыс әкелу қасиетіне ие болады. Өндіріске жұмсалған шығындардың табыс әкелу қасиеті шығынның жұмсалу мақсатынан туындайды. Жұмсалған кез келген шығынның бағытына қарай белгілі бір түпкілікті мүддені көздейтіні, мақсаттың болатыны белгілі. Ал өндіріске жұмсалған шығындардың түпкілікті мақсаты ұйымға табыс әкелу. Бұл жерде дайын өнім (қызмет,

Прикрепленные файлы: 1 файл

устеме шыгындар (1).doc

— 471.50 Кб (Скачать документ)

— өндірілген өнім санына немесе өнделген шикізаттың салмағына пара-пар етіп (пропорциональды) таратылады;    

— цех құнына пара-пар етіп (пропорционалды) (мысалға, қара металлургияда) немесе шикізат құны шегерілген цехтың өзіндік құнына пара-пар етіп (пропорциональды) (мысалға, жеңіл өнеркәсібі) таратылады;     

— алдын-ала белгіленген шығындардың  тұрақты коэффициенттері бойынша таратылады;     

— басқа да тарату базалары бойынша  таратылады (құрал-жабдықтың жұмыс  сағатына және т.б.).     

8400- "Үстеме шығындар" бөлімшесі  мынадай шоттардан тұрады:    

8410- "Үстеме шығындар", онда транзиттік  әрі бір  элементтік  шоттарды есепке алатын үстеме шығындар тұрады, оның құрамындағы;     

8411- "Материалдар" — үстеме  шығындардағы  материалдардың  барлық  түрлерін есепке алу үшін арналған;     

8412  - "Қызметкерлердің еңбегіне еңбек  ақы төлеу" — жабдықтарға  қызмет көрсетумен, оларды жұмысқа  қосумен айналысатын жұмысшьшарға және басқа жұмысшыларға, сондай-ақ цех қызметшілеріне есептелген жалақыны есепке алуға арналған;

   8413 - "Еңбекақыдан аударылатын аударымдар" — 932-шотында  есептелген еңбек ақыдан жасалатын аударымдарды есепке алуға арналған;   

8414- "Негізгі құралды жөндеу" — ендіріс қызметінде пайдаланатын негізгі құралдарды жендеу бойынша жұмсалған нақты шығындарды көрсету үшін арналған;    

8415  - "Негізгі құралдардың тозуы  және материалдық  емес  активтердің  амортизациясы"  —  өндіріс қызметінде  пайдаланатын  материалдық емес активтердің амортизациясының және негізгі құралдардың тозуының есептелген сомасын көрсету үшін арналған;    

8416- "Тұрғын-үй қызметі" - тұрғын-үй қызметінің барысында тұтынылған құнын көрсетуге арналған, оған қызмет көмекші өндірістен немесе сыртқы ұйымдардан да көрсетілуі мүмкін;    

8417  - "Жал ақысы" — өндірісте пайдаланатын негізгі құралдарды ағымдағы жалға беру бойынша жал ақысының сомасын көрсетуге арналған;    

8418  - "Басқа да" — әлеуметтік  сфераға (аясына) негізгі және  көмекші өндірістердің керсеткен қызметінің шығысын көрсетугеарналған. [2]

Жалпы және әкімшілік  шығыстардың есебі

Құрылыста жалпы және әкімшілік шығыстарға құрылыс ұйымдарын басқарумен байланысты және өндіріспен тікелей байланысты емес жалпышаруашылық шығындар жатады. Жалпы және әкімшілік шығыстар 7210 «Жалпы және әкімшілік шығыстар» шотында жүргізіледі.

Көп жағдайда бұл шотта мынадай шығын түрлері есепке алынады:

- басқару аппараттарының және басқа да қызметкерлердің негізгі және қосымша еңбек ақылары;

- басқару аппараттарының және басқа да қызметкерлердің еңбек ақысынан аударымдар;

- кеңсе заттары мен типографиялық, түптеу, газеттер мен журналардар шығару, анықтамалар, прейскуранттар, есеп және есеп беру каталогатары мен бланкілерін сатып алу шығындары;

- пошта-телеграф шығындары, соның ішінде телефон бекеттерін, телетайп, коммутатор, диспетчерлік байланыстар мен радио байланыстарын ұстау шығындары;

- басқару аппараттары алып отырған ғиматтарды күтіп-ұстау шығыстары (жылу, жарықтандыру, канализация, сумен қамсыздандыру, ғимараттарды сонымен қатар негізгі құралдар құрамында есепке алынатын әкімшілік-басқару мүліктерін жөндеу шығындары);

- ұйымның басқару қызметкерлерінің көшіп-қонуға байланысты шығыстары;

- ұйымның басқару қызметкерлерінің іс-сапар шығыстары;

- жалпы шаруашылық масатында материалдық емес активтер мен неігізгі құралдардың амортизациясы;

- банк қызметтерін төлеу;

- өкілеттілік шығыстар;

- жұмысшыларды жинақтау шығыстары;

- күмәнді борыштар бойынша резервтер;

- жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдарды жалдау бойынша шығыстар;

- жер, мүлік, және көлік құралдарына салықтар мен қоршаған ортаны қорғау қорына аударымдар және бюджетке басқа міндетті төлемдер;

- оталық қоймадағы тауарлық-материалдық қорлардың жойылуы, бүлінуі және жетіспеушілігі;

- кеңес, аудиторлық және ақпараттық қызметтер үшін төлемдер;

- ұйымның қайта құрылуына немесе қысқартуға байланысты жұмысшыларды жұмыстан босату кезіндегі өтемақылар;

- төленген айыпұлдар, өсімдер;

- жалпы құрылыстық және әкімшілік симпаттағы басқа да шығыстар.

Бұл шоты дебеті бойынша мына шоттардың  кредитімен корреспонденцияланады:

- 2740 – жалпы шаруашылық  мақсатта пайдаланылатын материалдық  емес активтерге есептелген амортизация;

- 2420 – басқару және  жалпы шаруашылық мақсатындағы  негізгі құралдарға есептелген тозу;

- 1310, 1350 - әкімшілік жалпы  шаруашылық мақсатына пайдаланылған  маериалдық құндылықтардың құны;

- 3350 - әкімшілік-басқару  қызметкерлеріне есептелген негізгі  және қосымша еңбек ақы, бірреттік  сипаттағы материалдық көмек,  сыйақылар;

- 3150 – есептелген әлеуметтік  салық;

- 3160-3190 – жерге, мүлікке  және көлік құралдарына және  басқа есептелген салықтар;

- 3310 - әкімшілік және  жалпы шаруашылық мақсаты үшін  жабыдақтушылар мен мердігерлердің  көрсеткен қызметтері;

- 8130 - әкімшілік және жалпы шаруашылық мақсаты үшін көмекші өнідірістің көрсеткен қызметтері;

- 1250, 3390 - әкімшілік-басқару  қызметекерлерінің іс-сапар шығыстары;

- 3360 - әкімшілік және  жалпы шаруашылық мақсаты пайдаланылатын  негізгі құралдарды жалдау ақылары;

-  1010-1060 – банк қызметерін төлеу (қызмет көрсету, валюта айырбастау және т.б.);

- 441, 451, 333/1010, 1030, 3310, 3390 – кеңсе, аудиторлық  және ақпараттық қызметтермен  басқа шығыстарды төлеу;

3390 – акция ұстаушылардың, акционерлік  қоғамның тіркеу реестрлерін қалыптастыру және сақтау бойынша орталық депозитария және тәуелсіз тіркеушілердің қызметтері үшін төлемдер.

7210 шотында есепке алынған жалпы  және әкімшілік шығыстар есепті  мерзімнің соңында осы шотың  кредитінен 571/5510 «Есепті жылдың  бөлінбеген пайдасы немесе зияны» шотының дебетінен шығарылады. Егер әкімшілік-басқару қызметкерлері есепті мерзім бойы субмердігерлік немесе басқа да ұйымдарға кеңес беру және инженерлік қызметтер көрсеткен болса, онда бұл қызметтердің өзіндік құндары алдыменен 7010 «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шотына шығарылады.[3]

 

 

                  1.3 Басқару есебінің әдістемелік  нормативтік реттелуі

 

Бухгалтерлік есептің  методологиялық негіздері ұйымдастыру  мен жүргізу тәртіп нормативті (ереже  белгілейтін) құжаттар  жүйесімен реттеледі. Қазақстан Республикасында негізінен басқару есебінің реттелетін заңы жоқ. Сондықтан басқару есебі  бухгалтерлік есеппен қаржылық есеп туралы Қазақстан Республикасының 2007 ж  28 ақпанындағы (01.02.12 өзгерістер мен толықтырулармен)  N 234  Заңы бойынша реттеледі. 

Мазмұны

Осы Заң Қазақстан  Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн  реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн, негiзгi сапалық сипаттамалары мен ережелерiн белгiлейдi.

Осы Заңда  пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

          Осы Заңның мақсаттары үшiн  мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеу - уәкiлеттi органның бухгалтерлердiң кәсiби  ұйымдарының және осы Заңда көзделген, уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша куәлiкпен расталған, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың құқықтылығын тануы;

2) бастапқы eceпкe алу құжаттары  (бұдан әрi - бастапқы құжаттар) - бухгалтерлiк  есеп жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның

жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз  және электрондық жеткiзгiштегi құжаттық растамасы;

3) бухгалтерлердi кәсiби  сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген  ұйым (бұдан әрi - сертификаттау жөнiндегi ұйым) - кәсiби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүзеге асыратын, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;

4) бухгалтерлердiң аккредиттелген  кәсiби ұйымы (бұдан әрi - кәсiби  ұйым) - бухгалтерлер мен бухгалтерлiк  ұйымдардың бiрлестiгi болып табылатын коммерциялық емес ұйым;

5) бухгалтерлiк есепке  алу тiркелiмдерi - бухгалтерлiк есеп  пен қаржылық есептiлiк жүйесiнде  көрсету үшiн есепке алуға қабылданған  бастапқы құжаттардағы ақпаратты  қорытуға, жүйелеуге және жинақтауға  арналған нысандар;

6) бухгалтерлiк ұйым - бухгалтерлiк есеп саласында қызмет  көрсететiн, кәсiби ұйымның мүшесi  болып табылатын ұйым;

7) жария мүдделi ұйымдар  - қаржы ұйымдары, акционерлiк қоғамдар (коммерциялық еместерiн қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндiретiн ұйымдардан басқа) және жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдар, сондай-ақ шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген мемлекеттiк кәсiпорындар;

8) кәсiби бухгалтер  - кәсiби бухгалтер сертификаты  бар жеке тұлға;

9) кәсiби бухгалтер  сертификаты (бұдан әрi - сертификат) - сертификаттау жөнiндегi ұйым берген, бухгалтердiң кәсiби бiлiктiлiгiн  куәландыратын құжат;

10) қаржылық есептiлiк  депозитарийi (бұдан әрi - депозитарий) - қаржылық есептiлiктiң ұйымдар жыл сайын өткiзiп отыратын, пайдаланушылар үшiн ашық қолжетiмдi электрондық деректер базасы;

11) қаржылық есептiлiк  стандарты - бухгалтерлiк есеп  жүргiзу және қаржылық есептiлiк  жасау принциптерi мен әдiстерiн белгiлейтiн құжат;

12) қаржылық есептiлiктiң  ұлттық стандарттары (бұдан әрi - ұлттық стандарттар) - қаржылық есептiлiктiң  уәкiлеттi орган бекiткен стандарттары;

13) қаржылық есептiлiктiң  халықаралық стандарттары (бұдан  әрi  - халықаралық стандарттар) - Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары комитетiнiң Қоры бекiткен қаржылық есептiлiк стандарттары;

14) уәкiлеттi орган - бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiк  саласындағы қызметтi реттеудi  жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк  орган. 

Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының  бухгалтерлiк есеп пен қаржылық  есептiлiк туралы заңнамасы Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  негiзделедi және осы Заң мен

 

Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы  ратификациялаған халықаралық шартта  осы Заңдағыдан өзгеше ережелер  белгiленсе, онда халықаралық  шарттың ережелерi қолданылады.

Бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсаты

Бухгалтерлiк есеп пен  қаржылық есептiлiктiң мақсаты мүдделi тұлғаларды дара кәсiпкерлер мен  ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң  нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс  ақпаратпен қамтамасыз ету болып  табылады.

Бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiктiң принциптерi мен негiзгi сапалық сипаттамалары

1. Есептеу мен үздiксiздiк  бухгалтерлiк есептi жүргiзудiң  және қаржылық есептiлiктi жасаудың  принциптерi болып табылады.

2.Түсiнiктiлiк, орындылық,  сенiмдiлiк және салыстырмалылық қаржылық есептiлiктiң негiзгi сапалық сипаттамалары болып табылады.

Бухгалтерлiк  есептi ұйымдастыру

1. Басшылық немесе  дара кәсiпкер:

1) есеп саясатын келiседi  және (немесе) бекiтедi;

2) бухгалтерлiк есептi ұйымдастыруды  қамтамасыз етедi.

Есеп саясаты Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгiленген тәртiппен және ұйымның жарғысымен (ережесiмен) бекiтiледi.

2. Басшылық немесе дара кәсiпкер  есеп жұмысының көлемiне қарай:

1) бас бухгалтер басқаратын құрылымдық  бөлiмше ретiнде бухгалтерлiк қызмет құруды;

2) штатқа бас бухгалтер лауазымын  енгiзудi;

3) бухгалтерлiк есептi жүргiзудi  және қаржылық есептiлiктi жасауды  шарт негiзiнде бухгалтерлiк немесе  аудиторлық ұйымға немесе кәсiби  бухгалтерге берудi;

4) бухгалтерлiк есептi жеке жүргiзудi  жүзеге асыра алады.

Жария мүдделi ұйымдарға осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларының күшi қолданылмайды.

Халықаралық бухгалтерлер федерациясының толық мүшесi болып табылатын  ұйым - шетел институтының мүшесi бухгалтерлiк  ұйымға теңестiрiледi.

Қаржылық есептiлiк элементтерi

1. Активтер, мiндеттемелер және  капитал қаржы жағдайын бағалаумен  байланысты қаржылық есептiлiк  элементтерi болып табылады.

Информация о работе үстеме шығындар