Соттық дәлелдеу және дәлелдеу құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 18:49, курсовая работа

Краткое описание

Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының адамның ең жоғарғы құндылық екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль атқарғаны даусыз.
Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен бостандықтары идеяларының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітіліп, онда адамның мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше назар аударылуы өте орынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая по гражд пп.doc

— 192.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасынан  тыс жерлерде жасалған,   Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарына немесе шетелдiк азаматтарға қатысты шет мемлекеттердiң заңдары бойынша шет мемлекеттердiң құзыреттi органдары белгiленген нысанмен берген, жасаған немесе куәландырған құжаттарды Қазақстан Республикасының соттары, егер Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында                өзгеше көзделмесе, консулдық жариялау болған жағдайда қабылдайды.

Егер Қазақстан Республикасының  заңында немесе халықаралық шартында өзара түсiнiстiк негiзiнде бұл  көзделген болса, шетелдiк соттар мен төрелiк соттардың шешiмдерi Қазақстан Республикасында танылады және орындалады.

Егер Қазақстан Республикасының  халықаралық шартында өзгеше белгiленбесе, шетелдiк соттар мен төрелiк соттардың  шешiмдерiн танудың және орындаудың шарттары мен тәртiбi заңда белгiленедi.

Шетелдiк соттың немесе төрелiк соттың шешiмi шешiм заңды күшiне енген кезден бастап үш жыл iшiнде мәжбүрлеп орындауға берiлуi мүмкiн. Дәлелдi себептермен өткiзiлiп алынған мерзiмдi осы Кодекстiң 128-бабында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының соты қалпына келтiруi мүмкiн.

Егер төрелiктiң шешiмi онда белгiленген мерзiмде ерiктi түрде  орындалмаған жағдайда, төрелiктiң шешiмi пайдасына шығарылған тарап (өндiрiп  алушы) осы бапта көзделген    ережелер бойынша төрелiктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы арызбен дауды төрелiк қарайтын жердегi сотқа жүгiнуге құқылы.

Атқару парағын беру туралы арызға төрелiктiң тиiстi түрде  расталған түпнұсқа шешiмi немесе соның  тиiстi түрде расталған көшiрмесi, сондай-ақ төрелiктiң түпнұсқа келiсiмi немесе оның тиiстi түрде расталған  көшiрмесi қоса берiледi. Егер төрелiктiң шешiмi немесе келiсiмi шетел тiлiнде жазылса, тарап осы құжаттың мемлекеттiк тiлдегi немесе орыс тiлiндегi тиiстi түрде расталған аудармасын табыс етуге тиiс.

Атқару парағын беру туралы арыз төрелiктiң шешiмiн ерiктi түрде атқаруға арналған мерзiм аяқталған күннен бастап үш жылдан кешiктiрiлмей берiлуi мүмкiн.

Белгiленген мерзiмiн өткiзiп  алған не оған қажеттi құжаттар қоса тiркелмей берiлген атқару парағын  беру туралы арызды сот қарамай керi қайтарады, бұл туралы ұйғарым шығарылады, оған осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.

Егер, сот аталған мерзiмдi өткiзiп алу себептерiн дәлелдi деп тапса, атқару парағын беру туралы арызды беру мерзiмiн қалпына келтiруге құқылы.

Судья атқару парағын  беру туралы арызды сотқа арыз түскен күннен бастап он бес күн iшiнде жеке-дара қарайды.

Өндiрiп алушының төрелiктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы түскен арызы, сондай-ақ оның соттың отырысында қаралу орны мен уақыты туралы сот борышкердi хабардар етедi. Оның арызын қарау орны мен уақыты туралы өндiрiп алушы да хабардар етiледi. Егер борышкерден сот отырысына келуi мүмкiн болмауының дәлелдi себептерi көрсетiлiп, арызды қарауды кейiнге қалдыру туралы ұсыныс түспесе, борышкердiң немесе өндiрiп алушының сот отырысына келмей қалуы арызды қарауға кедергi                        болмайды.

Сот төрелiктiң шешiмiн  мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арызды қараған  кезде төрелiктiң шешiмiн мәнi бойынша  қайта қарауға құқылы емес.

Сот арызды қарау нәтижелерi бойынша атқару парағын беру туралы не оны беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

Атқару парағын беру туралы соттың ұйғарымы дереу орындалуға тиiс.

Сот төрелiктiң шешiмiн  мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы ұйғарым шығарған кезде атқару парағы Кодекстiң 236-бабының ережелерi бойынша берiледi.

Төрелiктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арыз бойынша шығарылған соттың ұйғарымына Кодексте сот актiлерiне шағым жасау үшiн көзделген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн [18, 169 б].

Егер, сот:

1) бұл тарап: сот төрелiк келiсiм тараптарының бiрiн әрекетке қабiлетсiз не әрекетке қабiлетi шектеулi деп немесе төрелiк келiсiмдi тараптар оны бағындырған заң бойынша, ал мұндай нұсқау болмаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жарамсыз деп тануының оған төрешiнiң тағайындалғаны туралы немесе төрелiк iс қарау туралы тиiстi түрде хабардар етiлмегенiнiң немесе сот дәлелдi деп таныған басқа да себептер бойынша өз түсiндiрмелерiн бере алмағанының төрелiктiң шешiмi төрелiк келiсiмде көзделмеген немесе оның шарттарына тура келмейтiн дау бойынша шығарылғанының не төрелiк келiсiмнiң шегiнен шығатын мәселелер жөнiндегi қаулылардан тұратындығының, сондай-ақ даудың төрелiк соттың ведомстволық қарауында еместiгiнiң дәлелдемелерiн сотқа табыс етсе, төрелiктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

  Егер төрелiк келiсiмде қамтылатын мәселелер жөнiндегi төрелiктiң шешiмiн осындай келiсiмде қамтылмайтын мәселелер жөнiндегi шешiмнен бөлiп шығаруға болатын болса, онда төрелiктiң төрелiк келiсiмде қамтылмайтын мәселелер жөнiндегi шешiмi бар сол бөлiгiнiң ғана күшi жойылуы мүмкiн; төрелiк құрам немесе төрелiк iс қарау рәсiмi тараптардың келiсiмiне және төрелiктiң регламентiне сәйкес келмегенiнiң дәлелдемесiн сотқа табыс етсе;

2) сот төрелiктiң шешiмi  Қазақстан Республикасының жариялылық  тәртiбiне қайшы келетiнiн немесе  төрелiктiң шешiмi шығарылған дау  Қазақстан Республикасының заңнамасы  бойынша төрелiк iс қараудың  нысанасы бола алмайтынын анықтаса, төрелiктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

Шетелдiк соттардың  өз сипаты бойынша орындауды талап  етпейтiн мынадай шешiмдерi:

1) сот шешiм шығарған мемлекет азаматтарының ғана жеке мәртебесiн қозғайтын;

2) егер неке бұзу  кезiнде ерлi-зайыптылардың ең  болмағанда бiреуi Қазақстан Республикасынан  тыс жерлерде тұрған болса,  қазақстандық және шетелдiк азаматтар  арасындағы некенi бұзу немесе  жарамсыз деп тану туралы;

3) егер некенiң бұзылуы кезiнде ерлi-зайыптылардың екеуi де Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрған болса, қазақстандық азаматтар арасындағы некенi бұзу немесе жарамсыз деп тану туралы шешiмдерi Қазақстан Республикасында танылады [2, 35 б].

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорытындылай келе, соттық дәлелдеу – бұл істің мән-жайларын соттық дәлелдемелер арқылы анықтау боынша процестке қатысушылардың қызметі. Дәлелдеу құралдары - бұл сотта істің мән-жайларын аңықтау үшін қолданылуы мүмкін құралдар.

Соттық дәлелдемелер – азаматтық іс бойынша тараптардың талаптар мен қарсы пікірлерін дәлелдейтін мән-жайлардың бар-жоғын анықтағанда сот негізге алатын нақтылы деректер және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар, яғни іс бойынша нақты деректерді анықтау үшін сотпен қолданылатын тәсілдер.

Соттық дәлелдеудің  пәні – істі қарап, шешу үшін сот  растығын аңықтауға тиіс заңды фактілер. Талап немесе оның қарсылық білдіру  негізіне кіруі мүмкін дәлелдеуге жатпайтын  фактілер дәлелдеу пәніне жатқызылмайды.

Дәлелдеу пәніне қатысты  деректер құрамы әрбір іс бойынша әр түрлі. Осы жағдайда қолдануға тиіс материалдық құқық нормаларымен басшылық ете және тараптардың талаптарынан және қарсылықтарынан оны сот аңықтайды.

Өздері үшін қажетті  дәлелдемелерді ұсыну соңынан мүмкін болмайды немесе қиындық келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы сұрай алады.

Сот дәлелдемелерді бағалағанда, заңды және құқықтық сананы басшылыққа ала отырып, сот мәжілісінде істің  барлық мән-жайын жинақтап, толық және объективті түрде қарауға негізделген өзінің ішкі сеніміне лайықты бағалайды. Сот үшін ешқандай дәлелдемелердің күні ілгері белгіленген күші болмайды.

Дәлелдемелер келесі тұрғыдан бағаланады: дәлелдемелердің  қатыстылығы; дәлелдемелерге жол беру; дәлелдемелердің растығы; дәлелдемелердің азаматтық істі шешу үшін жеткіліктілігі.

Дәлелдемелердің қатыстылығы  – бұл іс үщін маңызды мән-жайлардың  бар екендігі туралы тұжырымдарды растайтын, теріске шығаратын не оларға күмән  келтіретін нақты деректер ретінде танылатын дәлеледемелер.

Дәлелдемелердің қатыстылығы  тәртібінің мәні – іске қатысты  болатын дәлелдемелерді сот қатыстыруы және зерттеуі тиіс. Iс бойынша iс  жүргiзу кезiнде нақты деректердi дәлелдемелер ретiнде пайдалануға  жол беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды шектеп пайдаланудың мүмкiндiгiн өз бастамашылығы бойынша немесе iске қатысушы адамдардың өтiнiмi бойынша сот белгiлейдi.

Дәлелдемелер мәні оның іске қатыстылығымен анықталады. Іске қатысты дәлелдемелердің жиынтығы материалдық және процесуалдық құқықтар нормаларымен анықталады. Дәлелдемелердің іске қатыстылығы судья өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды.

Дәлелдемелерге жол  беру – бұл нақты азаматтық  істер талқылау процесінде (куәнің айғақтары, заттай дәлелдемелер және т.б.) дәлелдеу құралдарын қолдануда заңменн белгіленген шектеулер.

Бұл заң бойынша белгілі  бір тәсілмен (жазбаша дәлелдемелер) расталатын істің мән-жайын басқа  дәлелдеу тәсілдерінің қандайымен болса  да растауға болмайды.

Сот тапсырмалары - істі қараушы сот іске қараушы адамның  басқа қалада немесе ауданда дәлелдемелер жинау қажеттігі туралы өтінішін қанағаттандырған жағдайда тиісті сотқа белгілі бір іс жүргізу әрекетін жасауға деген тапсырмалар. Соттың тапсырмасын орындау Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізумен белгіленген ережелер бойынша сот отырысында жүргізіледі. Хаттамалар мен тапсырманы орындау кезінде жиналған барлық материалдар істі қарап жатқан сотқа дереу жіберіледі.

Қазақстан Республикасының  соттары өздерiне Қазақстан Республикасының  заңында немесе халықаралық шартында көзделген тәртiппен берiлген жеке iс жүргiзу iс-әрекеттерiн жасау (хабарламалар мен басқа да құжаттар тапсыру, тараптардан, куәлардан түсiнiктемелер алу, жергiлiктi жерде сараптама және тексерiс жүргiзу және т.б.) туралы шетелдiк соттардың тапсырмаларын орындайды, бұған: 1) тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының егемендiгiне қайшы келетiн немесе Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн; 2) тапсырманы орындау сот құзыретiне кiрмейтiн жағдайлар қосылмайды.

Сонымен, курстық жұмыстың негізгі мақсатына жетіп, азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеменің түсінігі және оның құрылымы, дәлелдеменің қамтамасыз етілуі мен сот тапсырмалары және оның орындалу ережелері зерделенді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

1 Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы/ құраст. Егембердиев Е.О.  – Алматы: Жеті жарғы, 2004. - 425 б.

2 Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. – Алматы: Юрист, 2005. – 124 б.

3 АргуновВ.Н. Участие третьих лиц в гражданском процессе. М., 1991 .

4 Аргунов В.Н. Участие прокурора в гражданском процессе. Изд. МГУ, 1991.

5 Арсеньев О.В. Гражданское процессуальное право РК (курс лекций). Учебное пособие. Челябинск. Рекпол, 2000 г.

6 Баймолдина З. Х. Гражданское процессуальное право РК (том 1). – Алматы: КазГЮА, 2001, с. – 540.

  1. Баймолдина З. Х. Гражданское процессуальное право РК (том 2). – Алматы: КазГЮА, 2001, с. – 468.

8 Баймолдина З.Х. Доказывание и доказательства в гражданском судопро-изводстве: Научно-практическое пособие. - Алматы: Жетi Жаргы, 2001. – 225 б.

9 Баймолдина З.Х. Исковой порядок защиты прав в суде: Научно-практическое пособие. - Алматы: Жетi Жаргы, 2001. – 321 б.

10 Баймолдина З.Х. О принципах гражданского судопроизводства: проблемы законодательного регулирования / Материалы научно-теоретической конференции, посвященной 10-летию независимости РК "Актуальные вопросы гражданского процессуального права РК". - Алма-ты, КазГЮА, 2001. -  364 б.

11 Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық, 2 – басылым. Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 248б.

12 Гражданский процесс. Под ред. Треушникова М.К. – М., Спартак, 1998.

13 Гражданский процесс. Под ред. Шакарян М.С. – М., 1993.

14 Гражданский процесс: Учебник для вузов. Отв. Ред. Проф. Ю. К. Осипов. М., 1995.

15 Мемлекет және құқық негіздері / құраст. Е.Баянов. – Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.

16 Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: Жоғары оқу орындарына арналған акад. Курс. –том. – Алматы: “Жеті жарғы”, 2001. – 376 б.

17 Решетник В.И., Черных И.И. Заочное производство и судебный приказ в гражданском процессе – М., 1997.

18 Штефан Н. И. Гражданский процесс. Учебник для юридических специальностей высших учебных заведений, 1997.


Информация о работе Соттық дәлелдеу және дәлелдеу құралдары