Соттық дәлелдеу және дәлелдеу құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 18:49, курсовая работа

Краткое описание

Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының адамның ең жоғарғы құндылық екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль атқарғаны даусыз.
Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен бостандықтары идеяларының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітіліп, онда адамның мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше назар аударылуы өте орынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая по гражд пп.doc

— 192.00 Кб (Скачать документ)
  • олардың бар екендігін растайтын құжатты ұсынбаған және арнаулы даярлықтың немесе білімнің болмауы есептеледі.

Дәлелдеу тәртібі заңмен регламенттелінген. Дәлелдеу қызметі азаматтық процестің (тараптардың айтысуы мен тең  құқықтылығы, сотта іс қараудың жариялылығы  және т.б.) жалпы принциптерімен бағытталады  және процестің әр сатысында жекешеленеді.

Дәлелдемелер жинау, зерттеу  не бағалау бойынша соттың немесе іске қатысушылардың әр іс-әрекеттері процессуалдық тәртіптерге сәйкес болуы тиіс. Осы тәртіптер қатарына дәлелдеу тәртібі ерекше орын алып отыр.

Сот дәлелдемелерді бағалағанда, заңды және құқықтық сананы басшылыққа ала отырып, сот мәжілісінде істің барлық мән-жайын жинақтап, толық және объективті түрде қарауға негізделген өзінің ішкі сеніміне лайықты бағалайды. Сот үшін ешқандай дәлелдемелердің күні ілгері белгіленген күші болмайды.

Дәлелдемелер келесі тұрғыдан бағаланады:

  1. дәлелдемелердің қатыстылығы;
  2. дәлелдемелерге жол беру;
  3. дәлелдемелердің растығы;
  4. дәлелдемелердің азаматтық істі шешу үшін жеткіліктілігі.

Дәлелдемелердің қатыстылығы  – бұл іс үщін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдарды растайтын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер ретінде танылатын дәлеледемелер.

Дәлелдемелердің қатыстылығы  тәртібінің мәні – іске қатысты  болатын дәлелдемелерді сот қатыстыруы және зерттеуі тиіс. Iс бойынша iс жүргiзу кезiнде нақты деректердi дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды шектеп пайдаланудың мүмкiндiгiн өз бастамашылығы бойынша немесе iске қатысушы адамдардың өтiнiмi бойынша сот белгiлейдi.

Дәлелдемелер мәні оның іске қатыстылығымен анықталады. Іске қатысты дәлелдемелердің жиынтығы материалдық және процесуалдық құқықтар нормаларымен анықталады. Дәлелдемелердің  іске қатыстылығы судья өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды.

Дәлелдемелерге жол беру – бұл нақты азаматтық істер талқылау процесінде (куәнің айғақтары, заттай дәлелдемелер және т.б.) дәлелдеу құралдарын қолдануда заңменн белгіленген шектеулер [1, 135 б].

Бұл заң бойынша белгілі  бір тәсілмен (жазбаша дәлелдемелер) расталатын істің мән-жайын басқа дәлелдеу тәсілдерінің қандайымен болса да растауға болмайды.

Заң бойынша белгілі (тараптар және үшінші тұлғалардың түсініктемелері, куәлар айғақтары, жазбаша және заттай дәлелдемелер, сарапшының қорытындысы, іс жүргізу әрекетінің хаттамалары  және өзге де құжаттар) бір де дәлелдемелермен расталуға тиіс істің мән-жайлары ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуға тиіс емес.

Кейбір жағдайларда  азаматтық процесте өзге де мән-жайлар заңның тікелей белгілері бойынша  әртүрлі дәлелдемелермен дәлелденуі тиіс емес. Мысалы, меншік құқығы куәлар айғақтарымен дәлелденбейді, себебе олар тек меншік туралы сәйкесті құжат (сатып алу – сату шарты) ұсынуы бойынша; неке қатынасын куәлар айғақтар арқылы дәлелдеуге болмайды, себебі тек ол некеге тұру туралы куәлікпен рұқсат етіледі.

Нақты деректер (деректер және деректер туралы мәліметтер) заң  талаптарын бұза отырып:

  • іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру;
    • оларды ығыстыру арқылы;
  • істі сотта қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда азаматтық процестің өзге де ережелерін бұзатын болса, онда мұндай дәлелдемелерге жол беруге болмайды [14, 29 б].

Оны жеке қарастыратын болсақ:

  1. күш қолдану, қорқыту, алдау, сол секілді өзге де заңсыз іс-әрекеттерді қолдану;
  2. оларға түсіндірмеудің толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған іске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты жанылуын пайдалану;
  3. осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның іс жүргізу іс-әрекетін жүргізу;
  4. қарсылық білдіруге жататын адамның іс жүргізу іс-әрекетіне қатысу;
    1. іс жүргізу іс-әрекетінің тәртібін айтарлықтай бұзу;
  1. белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
  2. дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдана отырып алынған болса, олар нақты деректердің растылығына әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса, оларды сот дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол бермейді [2, 30 б].

Іс бойынша іс жүргізу  кезінде нақты деректерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды шектеп пайдаланудың мүмкіндігін сот:

-өз бастамашылығы  бойынша;

- іске қатысушы (тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор) тұлғалардың  өтініші бойынша белгілейді.

Заңды бұза отырып алынған  дәлелдемелер заңдық күшi жоқ деп  танылады және сот шешiмiнiң негiзiне жатқызыла алмайды, сондай-ақ iс үшiн маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезiнде пайдаланыла алмайды.

Дәлелдемелердің жарамдылығы  оларды алған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес белгіленеді.

Дәлелдемелердің растығы  – соттың тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні.

Дәлелдемелердің қатыстылығы  және оған жол беру тәртібіне сәйкес дәлелдемелердің растығы анықталады. Дәлелдемелердің растығы сотта  іс жүргізу кезінде белгіленеді.

Біріншіден, рас дәлелдемелер сапалы ақпарат деректерінен алынуы қажет.

Екіншіден, дәлелдемелердің  растығы бірнеше дәлелдемелерді бір-бірімен салыстыру арқылы анықталады.

Үшіншіден, іс бойынша  барлық дәлелдемелерді бағалау арқылы дәлелдемелердің растығын анықтауға  болады.

Азаматтық процесте дәлелдемелердің растығын анықтауда іс бойынша тараптар және (немесе) өкілдер белсенді қатысуы керек.

Дәлелдемелердің азаматтық  істі шешу үшін жеткіліктігі. Егер дәлелдемелердің  қатыстылығы, оған жол беру, оның растығы  азаматтық процестің кез-келген сатысында бағаланатын болса, онда дәлелдемелердің азаматтық істі шешу үшін жеткіліктігі негізгі істі шешу кезінде анықталады. әрбір азаматтық іс бойынша дәлелдемелердің жеткіліктігі жеке сотпен бағаланады. әр түрлі жағдайларға лайықты болатын дәлелдемелердің жеткіліктілігі жөнінде біржақты кеңес бере алмаймыз.

Дәлелдемелердің жеткіліктілігі болғанда сот істі шешуге дайын деп  айтуға бола ма. Мұндағы дәлелдемелердің  жеткіліктігі – бұл санды емес, сапа көрсеткіші. Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде  сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеі тиіс. Дәлелдеудің жеткіліктігі – бұл істі шешуге қажетті барлық дәлелдемелер жиынтығының сапасы [15, 96 б].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету 

 

 

Өздері үшін қажетті  дәлелдемелерді ұсыну соңынан мүмкін болмайды немесе қиындық келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы сұрай алады.

Хаттаманы сот отырысының хатшысы жасайды.

Әрбiр сот отырысы  бойынша немесе жеке iс жүргiзу әрекетi бойынша жеке хаттама жасалады.

Хаттама қолмен жазылуы  немесе машинкаға (компьютерде) басу әдiсiмен  дайындалуы мүмкiн. Хаттаманың толық  жасалуын қамтамасыз ету үшiн дыбысжазба құралдары және (немесе) стенографиялау пайдаланылуы мүмкiн. Стенограмманың және (немесе) дыбысжазбаның мазмұны сот отырысының хаттамасында көрсетiлуге тиiс. Стенограмма сот отырысының хаттамасына қоса тiркеледi, ал оның дыбысжазбасы сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн iсте сақталады. Хаттамада осы құралдардың қолданылғаны туралы жазба жасалады.

Iске қатысушы адамдар  мен өкiлдер хаттаманың қандай  да бiр бөлiгiн жария ету туралы, өздерi iс үшiн елеулi деп есептейтiн  мән-жайлар жөнiндегi мәлiметтердi  хаттамаға енгiзу туралы өтiнiм  жасауға құқылы.

Хаттама сот отырысы  аяқталғаннан кейiн үш күннен кешiктiрiлмей, ал жеке iс жүргiзу әрекетi туралы хаттама ол жасалғаннан кейiнгi келесi күннен кешiктiрiлмей дайындалып, оған қол қойылуға тиiс. Күрделi iстер бойынша сот отырысының хаттамасын дайындау және оған қол қою бұдан да ұзақ мерзiмде, бiрақ сот отырысы аяқталғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмей жүзеге асырылуы мүмкiн.

Хаттамаға төрағалық  етушi және хатшы қол қояды. Барлық өзгерiстер, түзетулер, толықтырулар хаттамада  айтылуға және олардың қол қоюымен  куәландырылуға тиiс.

Іс бойынша төрағалық етуші әлдебір объективті себептермен хаттамаға жасалған ескертпелерді қарай алмаған жағдайда, олар істің материалдарына қоса тіркеледі.

Хаттамаға жасалған ескертпелердi оған қол қойған төрағалық етушi қарайды, ол ескертпелермен келiскен жағдайда олардың дұрыстығын куәландырады.

Төрағалық етушi берiлген ескертпелермен келiспеген жағдайда хаттамаға  ескертпелер берген адамға хабарлана  отырып, олар сот отырысында қаралады. Ескертпелердi қарау нәтижесiнде  төрағалық етушi олардың дұрыстығын куәландыру туралы не олардың толық немесе iшiнара қабылданбауы туралы ұйғарым шығарады. Ескертпелер барлық жағдайда iске қоса тiркеледi.

Хаттамаға жасалған ескертпелер  олардың берiлген күнiнен бастап бес күн iшiнде қаралуға тиiс [16, 136 б].

Iс бойынша төрағалық  етушi әлдебiр объективтi себептермен хаттамаға жасалған ескертпелердi қарай алмаған жағдайда, олар iстiң материалдарына қоса тiркеледi.

Дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы өтiнiш сотқа дәлелдемелердi қамтамасыз ету жөнiндегi iс жүргiзу әрекеттерi жасалуға тиiстi аумақ бойынша берiледi.

Дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы өтiнiште қамтамасыз етiлуге қажеттi дәлелдемелер, растау үшiн осы  дәлелдемелер қажет мән-жайлар, өтiнiш  берушiнi қамтамасыз ету туралы өтiнiш  жасауға итермелеген себептер, сондай-ақ қамтамасыз етiлетiн дәлелдемелер қажет болып отырған iс көрсетiлуге тиiс.

Дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы өтiнiштi қарау нәтижесi бойынша сот ұйғарым шығарады. Мұндай өтiнiштi қабылдаудан бас тарту  туралы судьяның ұйғарымына жекеше шағым  берiлуi мүмкiн.

Дәлелдемелердi қамтамасыз етудi осы Кодексте белгiленген ережелер бойынша судья жүргiзедi.

Iстiң сотта туындауға  дейiн дәлелдемелердi қамтамасыз  етудi заңдармен көзделген тәртiппен  сотта нотариустар немесе консулдық  мекемелердiң лауазымды адамдары  жүргiзедi.

Өтiнiш берушi және iске қатысушы басқа тұлғалар дәлелдемелердi қамтамасыз ету уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуi дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы өтiнiштi қарауға кедергi болып табылмайды.

Хаттамалар және дәлелдемелердi қамтамасыз ету тәртiбiмен жиналған нәрсенiң бәрi iске қатысушы тұлғаларға хабарлана отырып, iстi қараушы сотқа берiледi.

 Әрбiр дәлелдеме  - қатыстылығы, жол берiлуi, растығы,  ал барлық жиналған дәлелдемелер  жиынтығы азаматтық iстi шешу үшiн  жеткiлiктiгi тұрғысынан бағалануға тиiс.

Дәлелдемелердiң жиынтығы, егер iске қатысты дәлелдеуге жататын  немесе тарап жоққа шығармаған барлық және әрбiр мән-жайлар туралы ақиқатты даусыз айқындауға жол беретiн және сенiмдi дәлелдемелер жиналса, азаматтық iстi шешу үшiн жеткiлiктi болып табылады [17, 131 б].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 Сот тапсырмалары және оны орындау ережелері  

 

 

Сот тапсырмалары - істі қараушы сот іске қараушы адамның  басқа қалада немесе ауданда дәлелдемелер жинау қажеттігі туралы өтінішін қанағаттандырған жағдайда тиісті сотқа белгілі бір іс жүргізу әрекетін жасауға деген тапсырмалар. Соттың тапсырмасын орындау Қазақстан Республикасының  Азаматтық іс жүргізумен белгіленген ережелер бойынша сот отырысында жүргізіледі. Хаттамалар мен тапсырманы орындау кезінде жиналған барлық материалдар істі қарап жатқан сотқа дереу жіберіледі.

Қазақстан Республикасының  соттары өздерiне Қазақстан Республикасының  заңында немесе халықаралық шартында көзделген тәртiппен берiлген жеке iс  жүргiзу iс-әрекеттерiн жасау (хабарламалар мен басқа да құжаттар тапсыру, тараптардан, куәлардан түсiнiктемелер алу, жергiлiктi жерде сараптама және тексерiс жүргiзу және т.б.) туралы шетелдiк соттардың тапсырмаларын орындайды, бұған:

1) тапсырманы орындау  Қазақстан Республикасының егемендiгiне  қайшы келетiн немесе Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн;

2) тапсырманы орындау  сот құзыретiне кiрмейтiн жағдайлар  қосылмайды.  
      Шетелдiк соттардың жеке iс жүргiзу iс-әрекеттерiн орындау туралы тапсырмаларын атқару, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, заңда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасының  соттары жекелеген iс жүргiзу iс-әрекеттерiн  орындау туралы шетелдiк соттарға тапсырмалар мен өтiнiш жасауы мүмкiн.

Қазақстан Республикасы соттарының шетелдiк соттарымен қарым-қатынас жасау тәртiбi Қазақстан Республикасының заңында және халықаралық шарттарында белгiленедi.

Информация о работе Соттық дәлелдеу және дәлелдеу құралдары