Соттық дәлелдеу және дәлелдеу құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 18:49, курсовая работа

Краткое описание

Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының адамның ең жоғарғы құндылық екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль атқарғаны даусыз.
Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен бостандықтары идеяларының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітіліп, онда адамның мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше назар аударылуы өте орынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая по гражд пп.doc

— 192.00 Кб (Скачать документ)

Егер зерттеу барысында осы  Кодекстiң 97-бабында аталған мән-жайлар анықталса, қорытындыда қойылған сұрақтардың бәрiне немесе олардың кейбiреуiне жауап берудiң мүмкiн болмауының негiздемесi қамтылуға тиiс.

Қорытындыға зерттеуден кейiн қалған объектiлер, оның iшiнде үлгiлер сондай-ақ фотокестелер, тәсiмдер, графиктер, кестелер және сарапшының қорытындысын растайтын басқа да материалдар қоса тiркелуге тиiс. Қорытындының қосымшасына сарапшы (сарапшылар) қол қояды.

Сарапшының ауызша түсiнiктемесi ол бұрын берген қорытындының бөлiгiн  ғана түсiндiрудiң дәлелдемелерi болып табылады.

Сарапшының қорытындысы сот  үшiн мiндеттi болып табылмайды, бiрақ  оның қорытындымен келiспеуi дәлелдi болуға тиiс.

Судья азаматтың психикалық ауруы  немесе психикасының бұзылуы, ақылының кемiстiгi немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы туралы деректер жеткiлiктi болған жағдайда iстi соттың қарауына әзiрлеу тәртiбiмен оның психикалық жай-күйiн анықтау үшiн сот-психикалық сараптама тағайындайды.

Әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы iс қозғалған адам сараптамадан өтуден көрiнеу жалтарған жағдайда сот психиатрдың қатысуымен өтетiн сот отырысында азаматты сот-психиатриялық сараптама мәжбүрлеп жiберу туралы ұйғарым шығара алады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық  кодексi 27-бабының екiншi тармағында көзделген жағдайда сот азаматтың  өзiнiң, оның отбасы мүшесiнiң, қорғаншының, қамқоршы және қорғаншы органның, психиатриялық диспансердiң арызы бойынша азаматтың әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi екенiнiң күшiн жою туралы шешiм шығарады. Сот шешiмiнiң негiзiнде оған белгiленген қорғаншылық күшiн жояды [9, 65 б].

Ешкiм өзiне, жұбайына (зайыбына) және ауқымы заңмен айқындалған  жақын туыстарынақарсы айғақтар беруге мiндеттi емес.

Дiни қызметшiлер өздерiне iшкi сырын ашуға сенiм бiлдiрген адамдарға қарсы куәлiк беруге мiндеттi емес.

Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларда аталған адамдар айғақтар беруден бас тартуға құқылы және ол үшiн қандай да болсын жауапқа тартуға болмайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық  кодексi 26-бабының үшiншi тармағында көзделген жағдайларда сот қамқоршының, психиатриялық емдеу мекемесiнiң, отбасы мүшесiнiң, прокурордың, психиатриялық (психоневрологиялық) мекеменiң, қамқоршы және қорғаншы органының арызы бойынша сот-психиатриялық сараптаманың тиiстi қорытындысы негiзiнде сауыққан немесе денсаулығы едәуiр жақсарған адамды әрекетке қабiлеттi деп тану туралы шешiм шығарады. Сот шешiмiнiң негiзiнде азаматқа белгiленген қамқоршылық күшiн жояды [2, 30 б].

Іс жүргізу әрекеттерінің  хаттамалары - бұл іс бойынша мәні бар мән-жайларды аңықтау сұрақтары бойынша сот отырысында не соттан тыс сотпен құрылған жазбаша материалдар.

Бірінші сатыдағы соттың әрбір сот  отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан  тыс жасалған әрбір жеке іс жүргізу  әрекеті туралы хаттама жасалады. Сот отырысының немесе отырыстан  тыс жасалған жеке іс жүргізу әрекетінің хаттамасы істі қараудың немесе жеке іс жүргізу әрекетін жасаудынң барлық елеулі сәттерін көрсетуге тиіс [10, 110 б].

Сондықтан оларға:

- сот тапсырмасы бойынша хаттамалар;

- дәлелдемелерді қамтамасыз ету куәлардан жауап алу;

- сараптама жүргізу;

- оқиға болған жерді қарап шығу және басқа да әдістер арқылы жүргізілген жатады [11, 211 б].

Iстi қараушы сот iске  қатысушы адамның басқа қалада  немесе ауданда дәлелдемелер  жинау қажеттiгi туралы өтiнiмiн  қанағаттандырған жағдайда тиiстi сотқа белгiлi бiр iс жүргiзу әрекетiн жасауға тапсырма бередi.

Iстi қараушы сот iске  қатысушы адамдардың Қазақстан  Республикасының құқықтық көмек  көрсету жөнiнде келiсiмi бар  басқа мемлекетте дәлелдемелер  жинау туралы өтiнiшiн қанағаттандырған  жағдайда осы келiсiмнiң ережелерiне сәйкес сот тапсырмасын жiбередi.

Соттың тапсырмасы туралы ұйғарымда қаралатын iстiң мәнi, тараптар туралы мәлiметтер қысқаша баяндалады, анықтауға жататын мән-жайлар, тапсырманы орындаушы сот жинауға тиiс  дәлелдемелер көрсетiледi. Бұл ұйғарым  ол жолданған сот үшiн мiндеттi және ол алынған сәттен он күнге дейiнгi мерзiмде орындалуға тиiс.

Сот тапсырмалары - істі қараушы сот іске қараушы адамның  басқа қалада немесе ауданда дәлелдемелер жинау қажеттігі туралы өтінішін қанағаттандырған жағдайда тиісті сотқа белгілі бір іс жүргізу әрекетін жасауға деген тапсырмалар. Соттың тапсырмасын орындау Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізумен белгіленген ережелер бойынша сот отырысында жүргізіледі. Хаттамалар мен тапсырманы орындау кезінде жиналған барлық материалдар істі қарап жатқан сотқа дереу жіберіледі [1, 128 б].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Дәлелдемелер ұғымы және олардың жіктелуі

 

 

Соттық дәлелдемелер – азаматтық іс бойынша тараптардың  талаптар мен қарсы пікірлерін дәлелдейтін  мән-жайлардың бар-жоғын анықтағанда сот негізге алатын нақтылы деректер және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар, яғни іс бойынша нақты деректерді анықтау үшін сотпен қолданылатын тәсілдер. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар не жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

Нақты деректер – тараптардың  және үшінші тұлғалардың түсініктемелерінмен, куәлардың айғақтарымен, жазбаша және заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттарымен анықталатын деректер [1, 130 б].

Соттық дәлелдемелерді үш негіздер бойынша жіктеуге болады:

  1. істің мән-жайлары бойынша дәлелдемелердің байланыс сипаты;
    1. қалыптастыру негізі бойынша;
    1. дәлелдемелерді қалыптастыру процесі.

Енді әрқайсысын жеке қарастырайық.

Істің мән-жайлары бойынша  дәлелдемелердің байланыс сипаты бойынша:

    • тікелей;
    • жанама болады.

Тікелей дәлелдеме –  сәйкесті деректерді растайтын мән-жайлар анықтаумен тікелей байланысты дәлелдеме (мысалы, некеге тұру туралы куәлік).

Жанама дәлелдеме –  жеке алынған, бірнеше болжам тұжырымдарға, ізденістегі деректер бойынша бірнеше  болжамдарға негіз болатын дәлелдеме. Мән-жайды белгілеу үшін тек бір жанама дәлелдемелердің растығын сот анықтауы қажет.

Қалыптастыру негізі бойынша:

    • жеке;
    • заттай дәлелдемелерге бөлініп қарастырылады.

Жеке дәлелдемелер –  тараптардың және үшінші тұлғалардың  түсініктемелері, куәнің айғақтары, сарапшының қорытындысы, яғни жеке тұлғалардың  өзімен берілетін, айтылатын немесе ұсынылатын деректер.

 Заттай дәлелдемелер  – жазбаша және заттай дәлелдемелер  жиынтығы, яғни бұл іс бойынша маңызы бар әртүрлі құжаттар мен заттар.

С.В. Курылев дәлелдемелердің  тағы бір түрін белгілеп отыр –  аралас дәлелдеме, яғни бұған сарапшының қорытындысын жатқызады.

Дәлелдемелерді қалыптастыру процесі бойынша:

    • бастапқы;
    • туынды (өндірістік) дәлелдемелер болып бөлінеді.

Бастапқы дәлелдемелер - өз көзімен көрген куәнің айғақтарындағы мәліметтер, шарттың түпнұсқасы, жарамсыз (сапасыз) тауар және т.б.

Туынды (өндірістік) дәлелдемелер – басқа дәлелдеменің мазмұнын қайталайтын  өндірістік дәлелдемелер. Бұл «Екінші қолдан» деп аталатын дәлелдемелер. Мысалы, юолған оқиғаны өз көзімен көрген адамның айтқан сөзінен естіп айтатын куәнің айғақтары, шарттың көшірмесі, жарамсыз (сапасыз) тауардың бейнесуреті және т.б.

Бастапқы дәлелдемелер туынды (өндірістік) дәлелдемелерге қарағанда шындыққа жақын болады [12, 141 б].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Дәлелдеу пәні және  оның жалпы тәртібі

 

 

Соттық дәлелдеудің  пәні – істі қарап, шешу үшін сот  растығын аңықтауға тиіс заңды фактілер. Талап немесе оның қарсылық білдіру негізіне кіруі мүмкін дәлелдеуге жатпайтын фактілер дәлелдеу пәніне жатқызылмайды.

Дәлелдеу пәніне қатысты  деректер құрамы әрбір іс бойынша  әр түрлі. Осы жағдайда қолдануға  тиіс материалдық құқық нормаларымен басшылық ете және тараптардың талаптарынан және қарсылықтарынан оны сот аңықтайды.

Әуелі дәлелдеу пәніне талап  негіздемесінің деректері жатқызылады, яғни талап қоюшымен талап негіздемесі  ретінде көрсетілген заңды фактілер, сондай-ақ талапқа қарсылық негіздемесінің деректері, яғни жауапкермен талапқа  қарсы негіздемесі ретінде көрсетілген заңды фактілер.

Процеске даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар қатысқанда немесе қарсы талап қойылғанда іс бойынша дәлелдеу пәніне осындай талаптар негізінде деректер енгізіледі.

Егер тараптар заңды маңызы жоқ фактілерге сүйенетін болса, онда сот оларды зерттеуге тиіс емес. Ал егерде тараптар іс бойынша маңызы бар фактілерді белгілемесе, онда сот оны өз бастамасы бойынша дәлелдеу пәніне жатқызуы тиіс, сондақ-ақ дауды дұрыс шешу үшін тараптарға дәлелдемелер табыс етуге ұсыныс жасайды.

Дәлелдеуге жатпайтын  деректер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексі іс бойынша дәлелдеуге жатпайтын төрт санатты деректер белгілейді. Сондықтан олар дәлелдеу пәніне жатқызылмайды. Жеке айтатын болсақ оларға:

-жалпыға белгілі деректер;

-преюдициалды аңықталған  деректер;

-ұйғарылған (болжамды) деректер;

-даусыз деректер қатысты  болады (Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 71-бабы).

Әрқайсысын жеке қарастырайық.

Қандай деректерді жалпыға  белгілі деп тану туралы соттың өзі  шешеді. Сот жалпыға деп танылған мән-жайларды дәлелдеуді талап етпейді.

Преюдициалды аңықталған деректер дәлелдеуге жатпайды, яғни бұл іс бойынша қабылданып және заң күшіне енген сот үкімімен не шешімімен бекітілген деректер.

Мұндай деректер жалпы  іс қарау тәртібі бойынша теріске  шығарылуы мүмкін, яғни істі қайта  қарауда өзге тұжырыммен.

Тәжірибеде регрестік  талаптарды қарастыруда преюдициалдық  деректер жиі кездеседі.

Соттық бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген  сот үшін міндетті және сол адамдар  қатысатын басқа азаматтық істерді  талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді.

Сот жалпыға белгiлi деп  таныған мән-жайлар дәлелдеудi қажет етпейдi.

Соттың бұрын қаралған азаматтық iс бойынша заңды күшiне енген шешiмiмен белгiленген мән-жайлар сот үшiн мiндеттi және сол адамдар  қатысатын басқа азаматтық iстердi талқылау кезiнде қайтадан дәлелденбейдi.

Соттың қылмыстық iс  бойынша күшiне енген талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкiмi оған қатысты соттың үкiмi болған тұлға әрекеттерiнiң азаматтық-құқықтық салдары туралы iстi қарайтын сот үшiн мiндеттi.

Заңды күшiне енген сот  үкiмi мұндай азаматтық iстi қараған  сот үшiн, осы iс-әрекеттер орын алды ма және оларды осы адам жасады ма деген мәселелер бойынша, сондай-ақ үкiммен белгiленген мән-жайларға және олардың құқықтық бағасына қатысты да мiндеттi болып табылады.

Заңға сәйкес анықталды  деп ұйғарылған фактiлер азаматтық iстi талқылау кезiнде дәлелденбейдi. Мұндай ұйғарым жалпы тәртiппен терiске шығарылуы мүмкiн [13, 26 б].

Егер тиiстi құқықтық ресiмдер шеңберiнде керiсiнше дәлелденбесе, мына мән-жайлар:

1) осы заманғы ғылымда,  техникада, өнерде, кәсiпшiлiкте жалпы  қабылданған зерттеу әдiстерiнiң дұрыстығы;

2) адамның заңды бiлуi;

3) адамның өзiнiң қызметтiк  және кәсiби мiндеттерiн бiлуi;

4) олардың бар екендiгiн  растайын құжатты ұсынбаған және  арнаулы даярлық немесе бiлiм  алған оқу орнын немесе басқа  да мекеменi көрсетпеген адамда  арнаулы даярлықтың немесе бiлiмнiң болмауы дәлелдемелерсiз анықталған мән-жайлар болып есептеледi.

Ұйғарылған (болжамды) деректерге, мысалы, көктем айларының басында қар еріп өзенде су деңгейі көтеріледі немесе қыста жол тайғақ болады деген деректерді жатқызуға болады.

Мұндай болжамдар жалпы  сотта іс қарау тәртібі бойынша  тараппен жоққа шығарылуы мүмкін.

Даусыз деректер –  заңмен танылған деректер. Заңға сәйкес анықталады деп ұйғарылған деректер азаматтық істі талқылау кезінде  дәлелденбейді.

Дәлелдемелерсіз анықталған мән-жайларға:

  • осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсіпшілікте жалпы қабылданған зерттеу әдістерінің дұрыстығы;
    • адамның заңды білуі;
    • адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі;

Информация о работе Соттық дәлелдеу және дәлелдеу құралдары