Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 18:49, курсовая работа
Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының адамның ең жоғарғы құндылық екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль атқарғаны даусыз.
Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен бостандықтары идеяларының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітіліп, онда адамның мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше назар аударылуы өте орынды.
Қажет болған жағдайда сот осы немесе келесi отырыста куәдан екiншi рет жауап ала алады, сондай-ақ олардың айғақтарындағы қайшылықтарды айқындау үшiн куәлар арасында беттестiру жүргiзедi.
Егер сот оған ертерек кетуге рұқсат бермесе, жауап алынған куә iстi қарау аяқталғанға дейiн сот отырысы залында қалады.
-жазбаша материалдарды пайдалануға. Жауап әлдеқандай цифрлармен немесе есте сақтау қиын басқа деректермен байланысты болған жағдайларда, куә жауап беру кезiнде жазбаша материалдарды пайдалана алады. Бұл материалдар сотқа және iске қатысушы адамдарға көрсетiледi және соттың ұйғарымы бойынша iске қоса тiркелуi мүмкiн.
Куәға оның айғақтарына қатысты оның қолында бар құжаттарды оқуына рұқсат етiледi. Бұл құжаттар сотқа көрсетiледi және оның ұйғарымы бойынша iске қоса тiркелуi мүмкiн.
Жазбаша дәлелдемелер – бұл іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар.
Жазбаша дәлелдемелердi тараптар және iске қатысушы басқа да тұлғалар тапсыруы, сондай-ақ олардың өтiнiшi бойынша сот талап етуi мүмкiн [3, 163 б].
Егер құжаттарда ұйымдар, лауазымды адамдар баяндаған немесе куәландырған мәлiметтер азаматтық iс үшiн маңызы болса, дәлелдемелер болып танылады.
Құжаттарға, соның iшiнде осы Кодекстiң 66-бабында көзделген тәртiппен алынған, талап етiлген немесе табыс етiлген компьютерлiк хабарламаны қамтитын материалдар, фото және кино түсiрiлiмдер, дыбыс және бейне жазбалар да жатады.
Соттың алдында iске қатысатын немесе қатыспайтын тұлғалардан жазбаша дәлелдемелер талап ету туралы өтiнiм жасайтын тұлға осы дәлелдеменi көрсетуге, оларды өз бетiнше алуға кедергi болатын себептердi, өзi дәлелдемелердi сол тұлғаларда деп санайтын негiздерiн көрсетуге тиiс.
Соттың азаматтардан немесе заңды тұлғалардан талап ететiн жазбаша дәлелдемелерi тiкелей сотқа жiберiледi.
Сот жазбаша дәлелдеме талап ету туралы өтiнiм берген тұлғаға соңынан сотқа табыс ету үшiн алу құқығын беретiн сұрату бере алады.
Талап етiлген жазбаша дәлелдемелердi табыс ету немесе оны сот белгiлеген мерзiмде табыс ету мүмкiндiгi жоқ тұлғалар бұл туралы себептерiн көрсете отырып, сотқа хабарлауға мiндеттi.
Сот хабардар етiлмеген жағдайда, сондай-ақ соттың жазбаша дәлелдемелерiн табыс ету талабы сот дәлелсiз деп таныған себептер бойынша орындалмаса, iске қатысушы тұлғалар - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, ал соттың қайталама және одан кейiнгi талаптарын орындамаған жағдайда, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлейдi. Айыппұл салу өзiнде жазбаша дәлелдеменi ұстап отырған тұлғаны сот талап еткен затты беру мiндетiнен босатпайды.
Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, түпнұсқа күйiнде берiледi. Егер құжаттың көшiрмесi берiлсе, сот қажет болған жағдайда түпнұсқаның берiлуiн талап етуге құқылы.
Түпнұсқа жазбаша дәлелдемелер,
сондай-ақ істегі жеке хаттар оларды табыс
еткен тұлғалардың өтініші
Жазбаша дәлелдемелерді нысаны бойынша мына түрлерге бөліп қарастыруға болады:
Егер құжаттарда ұйымдар, лауазымды адамдар баяндаған немесе куәландырған мәліметтер азаматтық іс үшін маңызы болса, дәлелдемелер болып табылады. Құжаттарға талап етілген немесе табыс етілген компьютерлік хабарламаны қатитын материалдар, фото және кино түсірілімдер, дыбыс және бейнежазбалар да жатады.
Заттай дәлелдемелер - өзінің сыртқа түріме, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау құралы бола алады деп ұйғаруға негіз бола алатын заттар.
Сотқа заттай дәлелдемелер:
Заттай дәлелдемелердің жазбашадан негізгі айырмашылығы – заттай дәлелдемелерінде мәліметтер материалдық түрде, ал жазбашада олар сандар, әріптер, белгілер арқылы көрінеді.
Заттай дәлелдемелерге билік ету мәселелері бойынша сот ұйғарым шығарады.
Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді қарап шығу, оның нәтижелерін жазу Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 87-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүргізіледі. [2, 26 б].
Сарапшылардың қорытындылары. Сарапшы - арнайы ғылыми білімі бар іске мүдделі емес адам.
Сарапшының қорытындысы – бұл сарапшының алдына сот немесе тараптар қойған мәселелер бойынша іс материалдарын зерттеуге, оның ішінде арнайы ғылыми білімдерді пайдалана отырып жүргізілген заттай дәлелдемелер мен үлгілерге негізделген Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінде көзделген жазбаша нысанда ұсынылған қорытындылар.
Сараптама сарапшы арнайы
ғылыми білімдер негізінде жүргізетін
іс материалдарын зерттеу
Сарапшыға ұсынылған сұрақтар және бұл сұрақтар бойынша оның беретін қорытындысы сарапшының арнаулы білімінің шегінен шықпауы тиіс.
Сот сараптаманы:
Сараптаманың тағайындалуы туралы сот ұйғарым шығарады.
Сараптама зерттеу сипатына не сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкіндігі жоқтығына немесе қиындығына байланысты сотта немесе соттан тыс жүргізіледі.
Сарапшының құқықтары:
Сараптаманың міндеттері:
Төрағалық етушi сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi, сарапшыға көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауапкершiлiк туралы ескертедi, ол туралы сарапшыдан қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тiркеледi [6, 94 б].
Сараптаманы:
-сарапшы жеке;
-сарапшылар комиссиясы (мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп талдайды және ортақ пікірге келе отырып, қорытындыға қол қояды немесе қорытынды берудің мүмкні еместігі туралы хабарламаға қол қояды);
-кешенді (іс үшін маңызы бар
мән-жайларды аңықтау үшін әр
түрлі білім саласының
-қосымша (қорытынды
-қайталам (сарапшының алдыңғы қортындысы жеткілікті түрде негізделмеген немесе оның дұрыстығы күмән тудырған, немесе сараптама жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі бұзылған кезде дәл сол объектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін тағайындалатын) түрлерде өткізу Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі бойынша көзделген [6, 110 б].
Iстiң мән-жайларын
ескере отырып, iстi сотта қарауға
әзiрлеу тәртiбiмен судья
1) талап қоюшыдан ол
мәлiмдеген талаптардың мәнi
2) қажет болған жағдайларда жауапкердi шақырып алады, одан iстiң мән-жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенiн және бұл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкiн екенiн анықтайды; айрықша күрделi iстер жөнiнде жауапкерге iс бойынша жазбаша түсiнiк берудi ұсынады, жауапкерге оның iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;
3) iске тең талап
қоюшылардың, тең
4) тараптарға дауды
шешу үшiн олардың аралық
5) оның нәтижесiне мүдделi
азаматтар мен ұйымдарға iстi қараудың
уақыты мен орны туралы
6) куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселенi шешедi;
7) тараптардың өтiнiмi
бойынша және өз бастамасы
бойынша сараптама
8) тараптардың өтiнiмi
бойынша ұйымдардан немесе
9) кейiнге қалдыруға
болмайтын жағдайларда iске
10) сот тапсырмаларын жiбередi;
11) талап қоюды қамтамасыз ету туралы мәселенi шешедi;
12) талапкердiң өтiнiшi бойынша оның берген арызын қайтару туралы ұйғарым шығарады;
13) өзге де қажеттi iс жүргiзу әрекеттерiн жасайды [2, 27 б].
Сарапшының қорытындысы - бұл сарапшының алдына сот немесе тараптар қойған мәселелер бойынша iс материалдарын зерттеуге, оның iшiнде арнайы ғылыми бiлiмдердi пайдалана отырып жүргiзiлген заттай дәлелдемелер мен үлгiлерге негiзделген осы Кодексте көзделген жазбаша нысанда ұсынылған қорытындылар.
Қажеттi зерттеулер жүргiзiлгеннен кейiн оның нәтижелерiн ескере отырып сарапшы (сарапшылар) өз атынан қорытынды жасап, оны өз (олардың) қолын қоюы және жеке мөрi арқылы растап, сараптама тағайындаған сотқа жiбередi. Сараптаманы сот сараптамасы органы жүргiзген жағдайда сарапшының (сарапшылардың) қолы аталған органның мөрiмен куәландырылады [7, 136 б].
Сарапшының қорытындысында:
- қашан, қай жерде, кiм (тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы, атқаратын қызметi) қандай негiзде сараптама жүргiзiлгенi, көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы өзiне ескертiлгенi туралы сарапшының қол қоюы арқылы куәландырылған белгi;
- сарапшының алдына қойылған сұрақтар;
- сараптама жүргiзу кезiнде кiмнiң қатысқаны және қандай түсiнiктемелер берiлгенi;
- сарапшы iстiң қандай материалдарын пайдаланғаны;
- қандай объектiлердiң зерттелгенi;
- қандай зерттеулер жүргiзiлгенi, қандай әдiстер қолданылғаны және олардың қандай дәрежеде сенiмдi екенi;
- қойылған сұрақтарға негiздi жауаптар көрсетiлуге тиiс [8, 96 б].
Егер сараптама жүргiзу кезiнде сарапшы iс үшiн маңызы бар, олар туралы сұрақ қойылмаған мән-жайларды анықтаса, ол бұларды өз қорытындысында көрсетуге құқылы.