Соттық дәлелдеу және дәлелдеу құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 18:49, курсовая работа

Краткое описание

Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының адамның ең жоғарғы құндылық екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль атқарғаны даусыз.
Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен бостандықтары идеяларының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітіліп, онда адамның мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше назар аударылуы өте орынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая по гражд пп.doc

— 192.00 Кб (Скачать документ)


Кіріспе

 

 

Қазіргі кезде адамның ең жоғарғы  құндылық екені, оның құқықтары мен  бостандықтарының ажырамастығы туралы идеяның өзіне лайықты баламасы жоқ. Адамзат тарихы қоғамдық басқа басымдылықтарын шектеуге, тоталитарлық режимдердің орнауына алып кететінін дәлелдеді.

Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының  адамның ең жоғарғы құндылық екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль атқарғаны  даусыз.

Бұл тұрғыдан алғанда  адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен бостандықтары  идеяларының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітіліп, онда адамның мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше назар аударылуы өте орынды.

Конституцияда адамның  құқықтары мен бостандықтарының үлкен тізімі бекітілген. Бұл арада  Қазақстан Республикасы Конституциясында адам құқықтары мен бостандықтарының адам құқықтарының халықаралық стандарттарынан бастау алып, бекітілуінің аса маңызды факт екенін талап еткен жөн. Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген адамның құқықтары мен бостандықтары заңдардың, мемлекетті билік органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының қызметтерінің мәнін, мазмұны мен қолданылуын белгілейді.

Конституция құрамындағы  бұл маңызды ережелер мемлекеттік  органдардың қызметін реттейтін  бөлімдердің алдында келтірілген, бұл мемлекеттің адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп санап, қоғамның оның мүдделерін мемлекеттікінен жоғары қоятынын білдіреді.

Қазақстан Республикасы Конституциясында адам мен азаматтың азаматтық және саяси құқықтары мен бостандықтарының бекітілуінің арқасында бұл құжат адамның дербестігін, жеке-дара мүдделердің әрекет кеңістігін қорғаудың құқықтық кепіліне айналды. Мемлекет барлығын бақылаушы және барлығына қол сұғушы ұйымының ролін атқаруға ұмтылмайды.

Бұл Қазақстанда азаматтық қоғам орнатудың маңызды алғышарты болып табылады. Нақ осы тұлғаның белгіленген дербестігі оның қорғалғандығы, оның белсенді әрекеті және қоғам мен мемлекеттің проблемаларын шешуге қатысу үшін жағдайлар жасау егеменді Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастырудың негізі болмақшы.

Қазіргі заманда адамның  бостандығы басқаша түсініледі. Адамның  бостандығы тек белгілі бір әрекеттер  жасау және оларды іске асыруда кездесетін кез-келген кедергілерді жоюдан ғана құралмайды.

Адамның бостандығы көрініс табатын маңызды тұстардың бірі-жауапты шешімдерді қабылдау екендігі. Бұл адамның санасы мен мәдениеттің даму деңгейінің аса жоғары болуын қажет етеді.

Осылайша, қазіргі адам құқықтарының тұжырымдамасы мына қағидаларға  негізделеді: адамның өзінің дербес дүниесі бар, оған ешқандай биліктің қол сұғуына болмайды; өзінің құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке өзінің талаптарын қоя алады; адамға оның құқықтары мен бостандықтарын құдай да, мемлекетте сыйлаған емес, сондықтан да оларды адамнаң табиғи құқықтары деп атайды.

Адам өзінің құқықтары  үшін ешқандай құдай немесе зайырлы  билікке қарыздар емес. Ол еш уақытта да мені жарылқап, маған құқықтар мен бостандықтар дерді деп бас июге, ешкімнің алдында өзін мәңгілік борышкермін деп сезінбеуге тиіс.

Адамның қадір-қасиеті оған, адамға, өзінің құқықтары мен бостандықтарының түйірлерімен пайдаланғандығы үшін кімге де, неге де болса да құлшылық етіп, бас ұрумен сыйымсыз. Олар оған оның тек адам болғаны үшін ғана тиесілі.

Егер кісі өзінің қандай да болмасын моральдық құқығының бұзылғаны туралы талап-арыз қоярда өзінің ондай құқықтарға иелік етуін дәлелдеуге тиіс болса, адам құқықтарына байланысты мұндай дәлелдеудің қажеттілігі жоқ, өйткені олар оған тумысынан тиесілі. Оның үстіне адам құқықтарының өзі оларға негізделетін талаптар қою үшін жеткілікті негіз болып табылады.Талап ету қабілеті-адам құқықтарының маңызды тұстарының бірі.

Құқықсыз адам өзінің өмірі, бостандығы мен әл-ауқаты тәуелді  адамдарға жалынып-жалбарына алады. Өтініш пен жалбарыну жағдайының тең еместігін білдіреді. Құл не қызметші өтінеді, ерікті адам талап етеді. Талап ету-адамның қадір-қасиетінің маңызды элементі. Қадір-қасиетін қорғау, өз кезегінде адам құқықтарын қорғаудың негізгі қызметінің бірі болып табылады.Адамның абсолюттік құқықтарының доктринасы батыстың табиғи-құқықтық теориясы шеңберінде қалыптасты.

Табиғи-құқықтық көзқарастардың шеңберінде адам құқығының ажырамас, алып қоюға болмайтын абсолюттік сипаты сияқты сипаттамалары өзара  тығыз байланысты және бір-бірін  қажет етеді. Бірақ алған сипаттамалардың әрқайсысы адам құқықтарының түрліше тұстарына назар аудартады.

Қазіргі кезде азаматтық іс жүргізудегі делелдемені зерделеу                   аспектісі менің курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма елеулі әсерін тигізді. Осы курстық жұмыстың тақырыбын ашу үшін оны бес бөлім шеңберінде қарастырылды, яғни бұл жұмыстың құрылымы кіріспеден,                    бес бөлімнен, қорытындыдан және де қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде соттық дәлелдеу түсінігі және оның құрылымы жөнінде айтылады.

Екінші бөлімде дәлелдемелер ұғымы және оның жіктелуі жайлы баяндалады.

Үшінші бөлімде дәлелдеу пәні және оның жалпы тәртібі жөнінде  айтылады.

Ал төртінші бөлімде  дәлелдеменің қамтамасыз етілуі және де соңғы бөлімде сот тапсырмалары және оның орындалу ережелері туралы баяндалады.

Курстық жұмыстың мақсаты – азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеменің түсінігі және оның құрылымын, дәлелдеменің қамтамасыз етілуі мен сот тапсырмалары және оның орындалу ережелерін зерттеу. 

Курстық жұмысының міндеттері болып қойған мақсаттарды толығымен зерделеу және қорытынды жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Соттық дәлелдеу және дәлелдеу құралдары

 

 

Соттық дәлелдеу –  бұл істің мән-жайларын соттық дәлелдемелер арқылы анықтау боынша процестке  қатысушылардың қызметі. Өзгеше айтар болсақ – бұл тараптардың және өзге де қатысушылардың дәлелдемелерді табыс етуге, жинауға және оларды зерттеуге әрекеті [1, 124 б].

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу Кодексінің 65-бабына сәйкес, әр тарап (талап қоюшы және жауапкер) өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайды дәлелдеуі тиіс.

Осы мән-жайларды ҚР азаматтық іс жүргізу заңында белгіленген нақты деректер арқылы дәлелдеуі қажет.

Бұл нақты деректер:

-тараптардың және  үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен;

-куәлардың айғақтарымен;

-заттай дәлелдемелермен;

-сарапшылардың қорытындыларымен;

-іс жүргізу әрекеттерәнің  хаттамаларымен және өзге де  құжаттармен аңықталады [2, 15 б].

Жоғарыда аталған деректерді басқаша –дәлелдеу құралдары деп атайды. Дәлелдеу құралдары- бұл сотта істің мән-жайларын аңықтау үшін қолданылуы мүмкін құралдар.

Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерінің ерекшеліктері  бар- олар іс бойынша мүдделі тұлғалар, сондықтан олардың белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелерінде қателіктер болуы мүмкін.

Мұндай қателіктер үшін тараптар және үшінші тұлғалар жауаптылыққа тартылмайды.

Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін маңызы бар, өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері  іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тексеруге және бағалауға жатады.

Осы түсініктемелерді мынадай  түрлерге бөліп қарастырады:

-жазбаша;

-ауызша;

-талап;

-мойындау.

Жазбаша түсініктемелер талап арызында немесе талапқа қарсылық білдіруде көрінеді.

Ауызша түсініктемелерді төрағалық етуші қандай азаматтық іс қаралуға тиіс екенін жария етіп, процеске қатысушылардың келуін тексерген соң тараптар мен үшінші тұлғалар береді.  

Талап- деректер туралы тараптардың  баяндамасы және олар осы деректерді аңықтауға мүдделі болады.

Мойындау- басқа тарап  дәлелдеуге тиіс деректерді екінші тараптың тануы.

Тапартың талабын немесе қарсылығын негіздейтін деректерді екінші тараптың мойындауы ол тарапты  осы деректерді одан әрі дәлелдеу қажеттілігінен босатады. Тарап мойындаған дерек сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оған деректі мойындаған тарап қол қояды.

Егер деректілерді тану шындығында болмаған мән-жайды жасыру мақсатымен не алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың немесе жаңылудың әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса  ол тануды қабылдамай, ол туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы деректер жалпы негізде дәлелденуге тиіс.

Деректі тану бұл түсініктемелердің  бір түрі, сондықтан оны талаптануменшатастыруға болмайды [1, 125 б].

Куә - іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған түлға. Сотта куә берген мәліметтер куәнің айғақтары деп аталады. Белгілі бір адамдар куә ретінде (оның тегін, атын, әкесінің атын және тұратын жерін немесе жұмыс орның белгілеп, сондай-ақ бұл адамнан жауап алу қажеттілігін негіздей отырып) сотқа шақырту туралы іске қатысушылар өздерінің өтінімдері арқылы, ал талап қоюшы – талап арызында көрсетеді.

Куә ретiнде:

1) балаларды тәрбиелеу  туралы даулар бойынша iстердi  қоспағанда өзiнiң жастығына, дене  немесе психикалық кемiстiгiне орай фактiлердi дұрыс қабылдауға және олар туралы дұрыс айғақ беруге қабiлетсiз адамдар;

2) өкiлдiң немесе қорғаушының  мiндетiн атқаруына байланысты  өздерiне белгiлi болған мән-жайлар  туралы - азаматтық iс бойынша  өкiлдер немесе қылмыстық iс бойынша қорғаушылар;

3) шешiм немесе үкiм  шығару кезiнде мәселелердi iстiң  мән-жайын кеңесу бөлмесiнде талқылау  кезiнде туындаған мәселелер туралы - судья;

3-1) аралық судьяның  немесе төрешiнiң мiндеттерiн атқаруға  байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы - аралық судья немесе төрешi;

4) оларға тәубаға келу  кезiнде сенiм бiлдiрген адамдардан  белгiлi болған мән-жайлар туралы - дiн қызметшiлерi;

5) заңда көрсетiлген  басқа адамдар жауап алуға  жатпайды.  
        Адам өз-өзiне, зайыбына (жұбайына) және шеңберi  заңмен белгiленетiн жақын туыстарына қарсы сотта куәлiк айғақ беруден бас тартуға құқылы.

Куәнi шақыру туралы өтiнiм  жасаған адам оның тегiн, атын, әкесiнiң  атын және тұратын жерiн немесе жұмыс  орнын хабарлауға, бұл куәдан жауап  алу қажеттiлiгiн негiздеуге мiндеттi.

Сот баланың өсу деңгейін ескере оны сотқа куә ретінде  қатыстыруы мүмкін. Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ол соттың қалауы бойынша он төрт жас пен он алты жас аралығындағы куәдан жауап алу  да сотқа шақырылытын педагогтың қатысуымен жасалады.

Қажет болған жағдайда кәмелетке толмаған куәнің заңды өкілдері (ата-аналары, асырап алушылар, қамқоршылар немесе қорғаншылар) де шақырылады.

Куә ретінде шақырылған адам сотқа ұйғарыммен тағайындалған  уақытта келуге және шыңайы айғақ беруге міндетті. Көрінеу жалған айғақ бергені және заңда көзделмеген негіздер бойынша айғақ беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін куә ҚР-ның қылмыстық кодексінің 352, 353- баптарында көзделген қылмыстық жауаптарға тартылады. Бірақ куә өз-өзіне, зайбына (жұбайына) және жақын туыстарына қарсы куәлік етуге міндетті емес.

Әдетте сот отырысында куә айғақтарын ауызша береді, бірақ  ерекше жағдайда (науқастығынын, қарттығынын, мүгедектігінін немесе басқа да дәлелді  себептерінің салдарынан) сот куәдан өзі барған жерінде жауап алуы мүмкін. [2, 25 б].

ҚР АІЖК-і бойынша  куә бірқатар құқықтарға ие:

-сотта ана тілінде  немесе өзі білетін басқа тілде  мәлімдеме жасау;

-сотқа келуге байланысты  жолақысы, бөлме жалдау жөніндегі  шығындар өтеледі, іс-сапарға  шыққан тұлғаларға тиісті тәулікақы төленуге тиіс;

-куә ретінде сотқа  шақырылған жұмыс істейтін адамдарға  сотқа келуге байланысты олардың  болмаған уақыты үшін жұмыс  істейтін жері бойынша орташа  жалақысы сақталады,

-еңбек қатынастарында  тұрмаған куәлар өздерін әдеттегі айналысып жүрген істерінен алаңдатқаны .үшін іс жүзіндегі уақыт шығындары ескеріліп және заңда белгіленген бір айлық жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып өтемақы алады;

-сотқа шақырылуына байланысты шығындарды өтеттіруге және уақытын жоғалтуына байланысты ақшалай өтемақы алуға;

-қажет болған жағдайда  сотта осы немесе келесі отырыста  екінші рет жауап беруге;

Әрбiр куәдан жауап  жеке-жеке алынады. Әлi айғақ бермеген куәлар iстi қарау кезiнде сот отырысы  залында бола алмайды.

 Төрағалық етушi куәнiң iске қатысушы адамдарға қатысын анықтайды және iс бойынша оған өзiне мәлiм нәрсенiң бәрiн сотқа хабарлауды ұсынады.

Бұдан кейiн куәға сұрақтар қойылуы мүмкiн. Бiрiншi болып арызы  бойынша куә мен оның өкiлi шақырылған адам, содан соң iске қатысушы басқа адамдар мен өкiлдер сұрақ қояды. Судья куәдан жауап алудың кез келген сәтiнде оған сұрақ қоюға құқылы.

Информация о работе Соттық дәлелдеу және дәлелдеу құралдары