Саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 11:52, автореферат

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың жалпы теориялық негіздері, саяси институттар мен үрдістерде алатын орны теориялық-әдіснамалық тұрғыдан зерттеліп, саяси талдауға ұмтылыс жасалды. Әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру жағдайында әлеуметтік саясатты зерттеу қазіргі заман талаптарына сәйкес шетел тәжірибелерімен салыстырыла отырып жүргізілді. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың, саяси проблемалардың деңгейін айқындауға, оларды шешудің жолдары мен негізгі бағыттарын анықтауға салмақты мән берілді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

memlekettik sayasat.doc

— 269.50 Кб (Скачать документ)

Әлеуметтік саяси мәселеде мемлекеттің көңіл аударуын талап  ететін бірқатар жайттар бар. Олардың  ішінде мыналарды бөліп айтуға болады:

  • жұмысқа орналасу мәселелері бойынша әлеуметтік әріптестікті жетілдіру қажеттігі (дәл қазіргі таңда кәсіпкерлер, кәсіподақтар және өкімет арасындағы мүдделі келістірудің осынау маңызды тетігінің әлеуеті, нақ осы бағытта жеткіліксіз пайдаланылуда);
  • еңбек және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі күші бар заңдардың еңбекшілер құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету бөлігін жақсарту мәселесін ойластыра түсу қажеттігі.

Әлеуметтік саясатта соңдай-ақ білім беру, денсаулық  сақтау және зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін заманға сай жаңғыртудың маңызы ерекше. Бұл әлеуметтік саланы стратегиялық дамытудың сенімді базасын жасайды. Даму диалектикасы бүгінде ең алдымен мемлекет пен  бизнес арасындағы салиқалы серіктестікті кеңейту арқылы әлеуметтік жауапкершілік идеясын жүзеге асырудан туындап отыр.

Жұмыссыздыққа қарсы  күрес мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы маңызды басымдықтардың бірі болғандықтан, оны шешу жолдарын қарастыруда мемлекет жұмыс берушілер мен кәсіподақ  ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жүргізуде. Оған дәлел ретінде қоғам үшін әлеуметтік-саяси құндылығы бар мына ресми құжатты келтіруге болады. Ол Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2007 – 2008 жылдарға арналған Бас Келісімі [13]. Мұндай саяси - әлеуметтік құжаттардың қабылдануы Қазақстанда саяси билік пен қоғамдық институттар арасында, мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында өзара жауапкершілік қарым-қатынастары қалыптасып келе жатқандығын дәлелдесе керек. Сондай-ақ, бұл саяси мәні бар құжатқа назар аударатын болсақ, онда кәсіби-техникалық білім беру мен мамандарды қайта даярлау ісіне мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінген. Оның саяси заңдылығы да бар. Өйткені еліміздегі әлеуметтік саясаттағы басты басымдықтардың бірі жұмыссыздыққа қарсы іс-шаралар орта және арнайы кәсіби білім беру мәселесіне келіп тіреледі. Сондықтан да бұл өзекті мәселені шешу үшін, біздің ойымызша, Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және жұмыс берушілер бірлестігі арасында тығыз байланыстар орнатылып, осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуі қажет. Әлеуметтік саясаттағы негізгі қағидалардың бірі білім алуға деген қолжетімділікті қамтамасыз ету болса, кәсіби-техникалық білім беруді жандандыру арқылы жұмыссыздық мәселесін де кешенді түрде біртіндеп шешуге болады деп ойлаймыз.

«Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың саяси проблемалары» атты үшінші тараушада Қазақстандағы әлеуметтік саланы реформалау үрдістерін объективті түрде талдауға ұмтылыс жасалады.

Қазіргідей нормативтік  актілер мен тәртіптер өмірге жиі-жиі енгізіліп жатқанда әлеуметтік жүйенің қалыптасу ережелері, қоғамнан тұрақты арнасын таба алмай отырған  кезеңде мемлекеттің әлеуметтік саладағы икемді саясатының мәні зор. Әр түрлі деңгейдегі дау-дамайлар мен көзқарастар қайшылығын шешу тәжірибесі мен соған маманданған институттардың болмауы әлеуметтік шиеленісті саяси деңгейге көтеріп жіберуі де ықтимал. Мұндай жағдайда мемлекет пен елдің негізгі әлеуметтік топтары арасындағы өзара түсінікті де нәтижелі қарым-қатынастан мемлекеттік басқару құрылымдары өз қызметтері үшін үлкен кеңістік ашып, республикалық және аймақтық деңгейде әлеуметтік саланы басқаруды жетілдіре түсуге негіз қалары сөзсіз.

Жалпы мемлекет жүргізетін әлеуметтік саясаттың алға қойған мақсаттарына жетуі және проблемаларды шешуі үшін төмендегідей шарттарды сақтау қажет деп пайымдауға болады:

- әлеуметтік саясатты  әзірлеу кезінде күнделікті өмірдің  тұтастық сипатын, яғни бір  саладағы өзгеріс барлық басқа салаларды да қамтитынын ескеру;

- әлеуметтік саясат  енгізетін өзгерістердің кезең-кезеңдік  және тұтастық сипаты болуға  тиіс және ол халықтың жаңа жағдайға үйренуіне мүмкіндік беруі қажет;

- әлеуметтік саясат  арқа сүйейтін нормалар мен  талаптар қоғамда кең таралған болуы шарт;

- осыған сәйкес әлеуметтік  саланы мемлекеттік басқару органдарының  құрылымы, олардың қызметінің әдістері  мен тәсілдері жаңа жағдайға  орай жедел өзгеріп, қалыптасып  отыруы қажет.

Әлеуметтік саланы дамыту проблемаларына жете көңіл бөлмеу, оны жеткілікті дәрежеде қаржыландырмау экономиканың өсуі мен оны реформалауды тереңдету мүмкіндіктерін тежейді. Егер елімізде реформаның экономикалық өсуге деген біржақты басым бағдары сақталатын болса, ол проблема тереңдей түсуі мүмкін. Мұның өзі үкіметтің әлеуметтік саясатының түпкі мақсаты – ел Конституциясы жария еткен әлеуметтік мемлекет құруды ұзаққа созуы мүмкін.  Сондықтан Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуы әлеуметтік мемлекеттің қағидаларымен қиюласқан экономикалық тиімділік пен шаруашылықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталуы тиіс.

Қазақстан Республикасының  жаңа әлеуметтік саясатының стратегиялық мақсаты бүгінде мемлекет пен адам арасындағы өзара жауапкершілік арқылы тұрақты әлеуметтік дамуға өту негізінде анықталады. Республикамыздың тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен нарықтық экономиканың дамуы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеудің жаңа формаларының пайда болуына әсерін тигізді. Бүгінгі таңда бізде негізінен әлеуметтік әріптестік үлгісі құрылып отыр. 1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметі мен республикалық бірлестіктер, кәсіподақтар және жұмыс берушілер арасында Бас Келісімге қол қою тәжірибесі жұмыс жасап келеді. 2000 жылы алғаш қабылданған «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік серіктестік туралы» Заңда әлеуметтік салада болып жатқан объективті саяси-әлеуметтік үрдістер айқын көрінеді. Нақтырақ тоқталар болсақ, онда құқықтық негіздер, міндеттер мен қорытындылар реті, жалпыға ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсаттарға жету үшін, келісімдерді өзгерту және бұзу секілді бағыттар анықталады.

Қазіргі кезеңдегі Қазақстан  Республикасының әлеуметтік саясатындағы саяси мәселелердің өзектісі – кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін мемлекеттік тұрғыда негіздеу болып табылады. Бұл соңғы уақытта ғана пісіп жетілген мәселе емес. Ол бұрыннан бері көтеріліп жүрген саяси - әлеуметтік мәселе. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жете сезінген бірқатар ірі компаниялар мен орта бизнес өкілдері бар. Шетелдік компаниялар үшін әсіресе мұнай-газ саласындағы компаниялармен келісім-шарттарда жергілікті жерде әлеуметтік қолдауды жүзеге асыру міндеті талап етілуде.

Қазіргі кезеңдегі Қазақстан  Республикасының әлеуметтік саясатының көкейтесті саяси мәселелеріне орта  тапты қалыптастыру мен әлеуметтік бағдарлы экономика құру да жатады. Қазақстан қоғамында орта тапты қалыптастыру мәселесі саяси - әлеуметтік мәселе ретінде күн тәртібіне сонау тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда қойылған еді. Өйткені, шынайы нарықтық экономиканы қалыптастырудың алғышарттарының бірі –   әлеуметтік тұрғыда белсенді орта тапты орнықтыру болатын. Сондай ақ, орта тапты қалыптастыру бәсекеге қабілетті экономиканы құруға да, әлеуметтік бағдарлы экономиканы қалыптастыруға да негіз бола алады. Бұл мәселенің түйінін толық шешу бүгінгі күнге дейін мүмкін болмай келеді. Қорыта айтқанда, әлеуметтік саясаттың саяси мәселелерін шешу мен халқымыздың әл-ауқатының одан әрі артуы үшін, азаматтарымыздың денсаулығы мен білім беру сапасын жақсарту үшін үкімет қабылдаған кешенді мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар қажетті қаржымен, жауапты әрі білікті мамандармен қамтамасыз етілуі тиіс.

     Қазіргі  кезеңде Қазақстан Республикасында мемлекеттің әлеуметтік саясатының саяси мәселелеріне жете назар аударылуда. Өйткені әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру барысында әлеуметтік саясаттың әдістерін жетілдірудің саяси тетіктері іске қосылуы керек. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдірудің саяси мәселелері негізінде әлеуметтік әріптестік ұстанымы, әлеуметтік бағдарланған экономиканы қалыптастырудың тиімді жолдары қарастырылуда. Бұл шараларды жүзеге асырмайынша Қазақстанның әлеуметтік саясаты ішкі және сыртқы экономикалық дағдарыстарға тәуелділігінен құтыла алмайды. Ал егер мұндай тәуелділік жойылмаса немесе азаймайтын болса, мемлекеттік әлеуметтік саясат қоғамның орнықты дамуына кепілдік бере алмайды және әлемдік экономикалық дағдарыстар немесе басқа да күтілмеген жағдайларда сан түрлі өзгерістер енгізуге мәжбүр болады.  Әсіресе жұмыссыздыққа қарсы күрестің арнайы бағдарламасының тиімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған іс-шаралардың пәрменділігін арттыру қажет. Сонымен бірге, еңбек нарығын ұйымдастыруда халықаралық нормаларды басшылыққа ала отырып жұмысшылар мен қызметкерлерге жасалатын әлеуметтік қолдаудың жүйесін, нормаларын бекіту кезек күттірмейтін іс болып табылады. Сол жағдайда ғана мемлекетіміздің әлеуметтік қауіпсіздігіне кепілдік жасалмақ деп ойлаймыз.

Қорытындыда зерттеудің тұжырымдары жасалған, практикалық нақты ұсыныстар мен кеңестер берілген әлеуметтік саясат үлгілерін зерттеу әлеуметтік саладағы мемлекеттің алатын ролі мен мемлекет қызметінің ауқымы қаншалықты деңгейде болатыны маңызды өлшем болып табылатынын көрсетті. Осы өлшем деңгейі әлеуметтік саясаттың негізгі екі үлгісінің - белсенді және белсенді емес әлеуметтік саясат қалыптасатынын айқындап берді. Бұл мемлекеттің әлеуметтік саясат үлгілерінің әрқайсысының негізінде өзіндік басты ұстаным қалыптасады. Ал, әлеуметтік саясаттағы басты ұстаным оның негізгі субъектілері мемлекет, өндіріс және жеке адамның әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуы барысындағы өзара қатынасына орай айқындалады. Белсенді әлеуметтік саясат мемлекеттегі әлеуметтік себептерге байланысты қалыптасатын келеңсіз құбылыстардың алдын-алуға және болдырмауға бағытталса, белсенді емес әлеуметтік саясат негізінен әлеуметтік топтар үшін орын толтырушылық сипатқа ие болады.  

Қазіргі кезеңде әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру үшін адам ресурстарының  дамуына жауапкершілікпен қарайтын күшті мемлекет болуы керек және мемлекеттік билік органдарын бақылай  алатын, ұлттық байлықтың қоғам мүшелері арасында әділетті бөлінуін қадағалайтын азаматтық қоғамның дамыған институттары қалыптасқан болуы шарт. Қазақстан сияқты тәуелсіздікке жаңа қол жеткізген мемлекеттер үшін әлеуметтік саясаттың жаңа үлгісін қалыптастыру барысындағы аса күрделі проблема – мемлекет пен жеке адамның әлеуметтік саладағы жауапкершілігін үйлесімді етіп бөлу және сол арқылы бірін-бірі толықтырып тұратындай етіп құру болады. Нарықтық экономиканы енді қалыптастырып жатқан елдердің әлеуметтік саясат үлгісі негізінен мемлекеттің патерналистік қызметін біртіндеп төмендетуге бағытталып, керісінше жеке адамдар мен азаматтардың, шаруашылық субъектілерінің әлеуметтік шешімдер қабылдаудағы жауапкершілігін арттыруға көңіл бөлетіні байқалады. Ал, Қазақстан жағдайында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тек экономика ғана емес, әлеуметтік сала да нарық заңдылықтары  бойынша реттеледі деген түсінік орнаған. Алайда, өмір шындығы нарық тетіктерін әлеуметтік саясатта жаппай қолдануға болмайтынын көрсетіп берді.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды  қорытындылай келе Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының стратегиялық міндеттеріне мына мәселелерді енгізіп, олардың орындалуы қатаң жүзеге асырылуы тиіс деп ойлаймыз. Олар:

- әлеуметтік саланы  мемлекеттік реттеу мен басқарудың  мақсатты бағдарламалық әдістерін одан әрі жетілдіру қажет;

- қоғамдағы мүліктік  тұрғыдағы жіктелісті тереңдетпеу  үшін және оны тежеу үшін  салық жүйесін жетілдіру қажет;

- саяси билік органдары  мемлекеттік әлеуметтік саясаттың  үздіксіз жүргізілуін және сабақтастығын қамтамасыз ететін саяси тетіктерді қалыптастыруы керек;

- денсаулық сақтау  саласында ақылы және ақысыз  медициналық қызметтердің ара  жігін ашу жөнінде шаралар қолданылып, халыққа тегін медициналық көмек берудің кепілді көлемі толығымен жүзеге асырылуы тиіс және ол билік органдары тарапынан қатаң бақылауға алынуы қажет. Сол арқылы мемлекеттік тапсырыс шегінде халыққа медициналық көмек көрсетудің барлық түріне қол жеткізу қамтамасыз етілуі керек;

- елімізде ана мен  баланы қорғау мәселесіне ерекше  көңіл бөліне бастағаны белгілі. Дегенмен ана мен баланы мемлекеттің ерекше әлеуметтік қамқорлығына алып, оны демографиялық өсудің кепілі ретінде қарап ұлттық қауіпсіздік мәселесінің деңгейінде оған саяси мән берілуі қажет;

- мемлекеттің жастар  саясатында әлеуметтік саясатты  толықтырып тұрған басым бағыттардың бірі ретінде жастардың еңбек етуге деген, білім алуға деген ұмтылысына әлеуметтік стимул жасау аса маңызды болмақ (баспанамен қамтамасыз ету, ғылыммен айналысуға ынталандыру, студенттерге жасалатын әлеуметтік көмектің қомақтылығын арттыру және т.б.)

 Қазақстанның әлеуметтік  саясатындағы келеңсіз құбылыстар  еңбек нарығында белең алып  келеді. Ол әсіресе аймақтарда  жаппай сипат алып отыр. Кейбір  аймақтардағы жұмыс күшінің жеткіліксіздігін  мамандар тапшылығымен түсіндіреді.  Бұл факторды жоққа шығаруға болмас, дегенмен жергілікті жерлердегі билік органдары мен бизнес құрылымдары сол аймақта әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салудың орнына, жұмыс күшін басқа аймақтардан немесе сырттан шақырып, вахталық әдістерді кеңінен қолданады. Оның себебі жергілікті билік органдарының әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда қолданатын әдістерді жетілдірмеуінде немесе оған құлықсыздығында болып отыр. Сондықтанда, әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуының сапасын арттырудың бір жолы – жергілікті билік органдарындағы әкімшілік мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше назар аударылуы керек.

Соған байланысты:

 - билік органдарындағы әкімшілік мамандардың кәсіби біліктілігін арттыратын мекемелер іске қосылуы тиіс;

 -  халықтың әл- ауқаты мен тұрмыс деңгейі жөнініде оның әлеуметтік саясат тұрғысынан шешімін тауып немесе таппай жатқандығы жөнінде нақтылы ақпарат беретін теле – радио бағдарламалар ашылып, тұрақты түрде мәліметтер берілуі керек;

- қоғамымыздағы жұмыссыздық пен кедейшіліктің деңгейін төмендету үшін, жасырын жұмыссыздықты азайту үшін жұмыссыздарды заңды түрде тіркеуге алатын кең ауқымды мемлекеттік орталық құру қажет.

Информация о работе Саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның