Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 11:52, автореферат
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың жалпы теориялық негіздері, саяси институттар мен үрдістерде алатын орны теориялық-әдіснамалық тұрғыдан зерттеліп, саяси талдауға ұмтылыс жасалды. Әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру жағдайында әлеуметтік саясатты зерттеу қазіргі заман талаптарына сәйкес шетел тәжірибелерімен салыстырыла отырып жүргізілді. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың, саяси проблемалардың деңгейін айқындауға, оларды шешудің жолдары мен негізгі бағыттарын анықтауға салмақты мән берілді.
Бұл ретте қазіргі Қазақстан жағдайында әлеуметтік саясаттағы концептуалды өзгерістер тетігі, ең алдымен экономикалық дамудың көрсеткіштерімен өлшенетінін де атап өткен абзал. Дегенмен, бұл жерде экономикалық дамудың мемлекеттің әлеуметтік саясатын айқындаудағы ролін абсолюттендіруге болмайды деп ойлаймыз. Себебі, әлеуметтік саясат мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне ғана тәуелді емес, ол көп жағдайда елдің саяси дамуына, саяси күштердің арасалмағы мен өзара қарым-қатынасына да байланысты айқындалады. Олай дейтін себебіміз, әлеуметтік саясат қоғам мүшелерінің саяси белсенділігімен және саяси күштердің өз мүдделері үшін күресінің деңгейімен де айқындалып отырады. Сонымен бірге, мемлекеттің әлеуметтік саясатын қалыптастырып, оны жүзеге асыруда экономикалық ахуалмен бірге, психологиялық факторлардың да маңызды роль атқаратынын мемлекеттің даму стратегиясын тұжырымдаған Президент Н.Ә. Назарбаев ерекше атап көрсетеді: «Әлеуметтік стратегияны іске асыру мерзімі экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру мерзімімен сай келмейді, өйткені әлеуметтік стратегия қоғамның әлеуметтік құрамындағы құрылымдық өзгерістермен ғана емес, сондай ақ, қоғамдық сана-сезімді қазыналық тұрғыдан қайта бағдарлаумен де байланысты, ал ол экономикалық және әлеуметтік жағынан неғұрлым белсенді жаңа ұрпақ келмейінше мүмкін емес»[10]. Міне, сондықтан да әлеуметтік саясатты айқындағанда саяси биліктен жан-жақтылықтың, кешенділіктің талап етілуі заңды құбылыс. Әлеуметтік саясат тиімді жүзеге асырылуы үшін бірінші кезекте халықты масылдық психологиядан арылту аса күрделі іс-шара болып табылады.
Әлеуметтік мемлекеттің қайнар
көзі - әлеуметтік саясаттан
«Бисмарктық» әлеуметтік
саясат үлгісі бойынша
«Беверидждік» әлеуметтік саясат үлгісі бойынша кез келген қоғам мүшесі әл-ауқаты мен экономикалық белсенділігінің деңгейіне қарамастан денсаулық сақтау, зейнеткерлік т.б. белгілер бойынша мемлекеттен минималды әлеуметтік көмек алуға құқылы. Бұл үлгіні ұстанатын елдердегі (Ұлыбритания, Швеция т.б.) зейнетақы жүйесінде зейнетақы алатын жасқа жеткен әрбір азаматқа белгіленген зейнетақы төленеді, ал денсаулық сақтау саласы бойынша әрбір азамат медициналық сақтандыру жүйесіне автоматты түрде тіркеледі. Бұл үлгіде де ұлттық ынтымақтастық ұстанымы негізінде ұлттық байлықты әділетті бөлудің тұжырымдамасы қолданылады. Ал Қазақстанның өзіндік әлеуметтік саясатының үлгісі мен тұжырымдамасы қалыптасу үстінде екенін ескерсек, онда бұл екі үлгінің басты жетістіктері мен тиімді тетіктері нысанаға алынып отырғандығына көз жеткізуге болады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының нәтижелі көрсеткіштері халықтың өмір сүру деңгейін сипаттайды, яғни халықтың өмір сүру деңгейінен әлеуметтік саясаттың қандай деңгейде екенін байқауға болады. Халықтың қажеттіліктеріне көңіл аудармау, еңбек, тұрмыс, демалыс, денсаулық сақтау сияқты әлеуметтік аспектілеріне деген көзқарастың бәсеңдеуі, яғни халықтың әлеуметтік құқықтарын шектеу әлеуметтік әділеттілік қағидасына қарама-қайшы келіп, соңында өндірістің төмендеуіне және қоғамда әлеуметтік қақтығыстардың пайда болуына негіз болуы мүмкін.
Әрбір мемлекет әлеуметтік
саясатты жүзеге асыруы барысында әлеуметтік
әділеттілік принциптеріне
Әлеуметтік саясат –
мемлекет пен өзге де саяси-әлеуметтік
институттардың қоғамның әлеуметтік өмірін
прогрессивті дамытуға, азаматтардың
өмір сүру деңгейін, сапасын жетілдіруге,
олардың өмірлік қажеттіліктері
Кең мағынасында әлеуметтік саясат – мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың, ұйымдар мен мекемелердің өмір сүруге қажетті жағдай жасауға, халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қоғамдық ортада қолайлы әлеуметтік атмосфера туғызуға бағытталған теориялық ұстанымдар мен тәжірибелік шаралардың жиынтығы. Ал, тар мағынасындағы әлеуметтік саясат – мемлекет пен басқа да саяси және әлеуметтік институттардың қоғамның әлеуметтік саласының дамуына, адамдардың өмір сүру салты мен сапасын жетілдіруге, олардың өмірлік қажеттіліктерінің белгілі бір бөлігін қамтамасыз етуге, азаматтарға тиісті әлеуметтік қолдау, көмек көрсетуге және ол үшін қаржылық немесе өзге де қоғамдық әлеуетті қолдануға бағытталған іс-әрекеті.
Сол себепті әлеуметтік
саясат мемлекеттің әлеуметтік мақсаттарының
қызметі мен міндеттерінің
«Әлеуметтік саясаттың саяси институттар мен үрдістерде алатын орны: әдіснамалық талдау» деп аталатын екінші тараушада мемлекеттік саясатты жүргізу құрылымындағы өзгерістерге, материалдық және рухани қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына байланысты топтар арасындағы қоғам мен оның мүшелерінің өзара арақатынасына қатысты мемлекеттің жалпы саясатының ажырамас бөлігі ретінде әлеуметтік саясатқа әдіснамалық талдау жасалады.
Мемлекеттің әлеуметтік
саясаты – ынтымақтастық
Әлеуметтік салада мемлекет негізінен өзін-өзі реттейтін, өзара көмек көрсететін және ынтымақтастық танытатын институттарды - әлеуметтік сақтандыру серіктестігін, кәсіби қауіп-қатерден қорғау ұйымдарын, өзін-өзі басқарудың, өзара көмек көрсетудің және ынтымақтастықтың еңбек, аймақтық және басқа да жергілікті органдарын құру арқылы дамиды.
Мемлекеттік билік органдары әлеуметтік саясатты негіздегенде жеке адам өзі өмір сүріп отырған қоғам мүдделеріне, онда орын алатын кейбір проблемаларына немқұрайды қарай алмайтындай етіп жасауы қажет. Қазақстан жағдайында әлеуметтік саясат мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде өзара тығыз байланыста жүзеге асырылуы және әрбір билік органы мемлекет алдындағы әлеуметтік-саяси жауапкершілігін терең сезінуі шарт. Сонымен, мемлекеттік заң шығарушы билік әлеуметтік саясаттың басым бағыттары мен құқықтық негізін айқындап, тиімді әрі орнықты жұмыс істейтін заңдар қабылдауы керек. Сонымен бірге, экономикалық даму деңгейіне орай мемлекеттік әлеуметтік кепілдік базасын жасап, оны экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктеріне байланысты нормативтік құжаттар қабылдау арқылы жәрдемақылардың көлемін, тегін немесе жеңілдікпен берілетін әлеуметтік көмек түрлерін белгілеуі керек. Әсіресе, мемлекеттік бюджетті қабылдаған кезде оның әлеуметтік бағдарлануын ерекше қадағалауы тиіс. Өйткені, әлеуметтік саясаттың қаржылық бастауларын да негіздейтін осы заң шығарушы билік болып табылады. Ал, атқарушы билік мемлекеттік әлеуметтік саясат бойынша қабылданған заңдардың шеңберінде негізгі іс-шараларды жүзеге асырады, әлеуметтік саланың экономикалық тетіктерін реттеп отырады және әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырудың тәртібі мен тиімді жолдарын анықтайды. Сондай-ақ, мемлекеттік атқарушы биліктің аса жауапты қызметі ол институционалдық құрылымдардың жұмыс бағытын тиімді әрі оңтайлы ұйымдастыру болып табылады.
Келесі деңгейде жергілікті әкімшілік билік органдары мемлекеттік әлеуметтік саясаттың нақты іс-шараларын жергілікті жерлердің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырады. Сонымен бірге, аймақтың экономикалық мүмкіндіктері жоғары болған жағдайда халыққа берілетін әлеуметтік көмек түрлерін көбейтуге тиісті.
Жұмыс беруші ұйымдар мен өндіріс орындарынан мемлекеттік әлеуметтік саясатқа қатысты қабылданған заңдардың қатаң орындалуы, еңбек нарығының талаптарын орындау, еңбек ақысының деңгейінің төмен болмауы, сақтандыру шараларын жүзеге асыру талап етіледі.
Кәсіподақтар, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар халықтың белгілі бір әлеуметтік топтарының мүдделерін қорғайды, яғни олар идеологиялық қызмет атқарады. Үкімет пен жұмыс берушілер арасындағы диалогқа арқау болады. Бұл жерде үлкен саяси іс-шаралар алдында саяси партиялардың саяси-әлеуметтік ролі артатынын ерекше атап кеткен жөн. Мәселен, Президент немесе парламент сайлаулары қарсаңында саяси партиялардың бағдарламаларында әлеуметтік саясатқа қатысты ұстаным алдыңғы қатарға шығып, электоратты өз жағына тартудың саяси технологиялары іске қосылады.
Осы ретте өркениетті дамыған елдерде әлеуметтік мемлекеттік құрылыстағы жаңа қадам деген тұжырымдама қалыптасып келе жатқандығына көңіл аударған орынды деп білеміз. Әлеуметтік мемлекет жоғарыда айтқанымыздай өз азаматтарының өмір сүруін лайықты жағдаймен қамтамасыз етуге, әлеуметтік жағдайының қорғалуына, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өндірісті басқаруға, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара ықпалды күшейтуге ұмтылатын мемлекет. Бұл мәселе – әлеуметтік жағдайы төмен топтардың пайдасына, ұлттық табысты қайта бөлудің көмегімен, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, білім алу, денсаулық сақтауды, бүкіл қоғамның саяси мәдениетін тағы да басқаларын дамыту саясатын жүзеге асыру барысында қол жеткізіліп, орындалады. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, рухани теңсіздіктерді бәсеңдетуге және оны оңтайландыруға бар күш-жігерін жұмсайды.
Бұндай дамудың жалпы үлгісі әлеуметтік саяси институттарда, экономикалық заңнамаларда және мемлекеттің халықаралық келісім-шарттарында көрініс табуы қажет.
Мемлекеттің әлеуметтік
әрекеті оның құрамындағы үш бөлігі
– экономикалық тиімділік, әлеуметтік
саясат, биліктің құзыреттілігі және
қоғамдық институттар әрдайым бір-
Мемлекет өзінің әлеуметтік саясатында еңбек қатынастары салаларына араласпай, тек қоғамдық тәртіпті орнатумен шектеліп отыруы өзін-өзі ақтай алмады. Ал, индустриалды елдердегі саяси билік әлеуметтік мәселелердің өзектілігіне негізгі басымдықтар беріп отыр. Осыдан кейін алдыңғы қатарлы саяси партиялар көпшіліктің, қарапайым азаматтардың көңіл-күйлері мен мүдделеріне назар аудара бастады. Сөйтіп, көптеген елдердің қоғамдық саяси үрдістерінде және «үлкен саясатта» социал-демократиялық бағыттағы партиялардың белсенділігі арта бастады. Олар ең алдымен кәсіподақтардың көмегіне жүгінеді. Партиялар кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғауын қамтамасыз ететін, жаңадан әлеуметтік қатынастарды реттейтін заңнамалардың қабылдануына қол жеткізіп отырады. Ал, бұл мәселелерді Қазақстан жағдайында алып қарастыратын болсақ, әлеуметтік саясаттың ортақ мүддеге бағытталған қызметін жақсарту үшін саяси билік пен кәсіподақтар әлеуметтік серіктестік ұстанымына ерекше маңыз беруде. Бұл біздің ойымызша Қазақстандағы саяси институттардың әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелері бойынша шешімдер қабылдауда қоғамдық диалогқа басымдық беретінін көрсетеді.
Дамыған мемлекеттердің әлеуметтік саясатындағы маңызды өзгеріс табысты жоғалту қауіптеріне қарсы сақтандыру институттарын қалыптастыру кезеңімен басталады. Ал, Қазақстан жағдайында ХХ ғасырдың соңында өзіндік ерекшелікті белгілері бар қазіргі сақтандыру жүйесінің алғашқы үлгісі қалыптаса бастаған болатын. Жалпы, қоғамның әлсіз топтарына әлеуметтік көмек көрсету негізінен қоғамдық тәртіпті сақтаудан туған қажеттіліктер болса, ал әлеуметтік сақтандыру құқықтық кепілдікті талап ететін, жеке дара жақсы тұрмыс үшін жасалынады.
Жалпы теориялық-әдіснамалық тұрғыда негізделген әлеуметтік саясат - әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қайшылықтарды жоюға әсерін тигізді. Қазіргі кезде жеке адамның материалдық жағдайы, көп ретте ұжымдық келіссөздер мен саяси-әкімшілік шешімдердің нәтижесіне байланысты болып отыр. Осынау мәліметтер Қазақстан үкіметінің әлеуметтік саясатты белгілі бір дәрежеде тиімді жүргізгенін көрсетеді.
«Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары: теориялық мәселелері» атты үшінші тараушада әлеуметтік саясат пен әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын талдауға арналған.
Теориялық тұрғыдан еліміздің әлеуметтік мемлекет деп жариялануы, әлеуметтік-экономикалық даму мақсатына басымдық берілуі тұрғындарымыздың жоғары өмірлік стандарттармен қамтылуына баса мән берілгендігін айқындайды. Сонымен бірге, мемлекеттің әлеуметтік саясаты халықтың өмір сүру деңгейіне бағытталуы, негізінен әрбір азаматтың өзін-өзі көрсетуімен жүргізіледі деген пікірлер де аз емес еді. Яғни, әлеуметтік мемлекет (патернализмнің) пен әлеуметтік қызметтерді жекешелендірудің (радикалдық либерализмнің) орнына, қоғамның өзі жасалмайтын деңгейдегі әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ете алатын «жәрдемдік» мемлекеттер құрылады. Әлбетте, әлеуметтік реформалар бағдарламасы тежегіш ретінде емес, экономикалық өсім катализаторы ретінде болуы керек. «Жәрдемдік мемлекет» үлгісіне ауысу, яғни аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік трансферттердің азаюымен қатар, халықтың әлсіз топтарының үлесіне ресурстарды үлестіріп беруді қарастырады. Жалпы «жәрдемдік мемлекет», мемлекет пен қоғамдық (коммерциялық емес) сектордың және бизнестің арасында әлеуметтік міндеттемелерді бөлуді көздейді. Әлеуметтік қорғау саласында кедейшілік деңгейін төмендету мен жоқшылықты жоятын, халықты тиімді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі жасақталуы қажет. Ол үшін өзін-өзі қамтамасыз ету кезінде пайда болатын қауіп-қатерлердің әлеуметтік сақтандыру түрлерінің қолайлы механизмдері қарастырылуы керек. Сонымен бірге мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің басым бөлігінен, жеке азаматтардың өзіндік қамсыздандыру іс-әрекеттеріне көшуді жоспарлау қажет.