Саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 11:52, автореферат

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың жалпы теориялық негіздері, саяси институттар мен үрдістерде алатын орны теориялық-әдіснамалық тұрғыдан зерттеліп, саяси талдауға ұмтылыс жасалды. Әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру жағдайында әлеуметтік саясатты зерттеу қазіргі заман талаптарына сәйкес шетел тәжірибелерімен салыстырыла отырып жүргізілді. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың, саяси проблемалардың деңгейін айқындауға, оларды шешудің жолдары мен негізгі бағыттарын анықтауға салмақты мән берілді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

memlekettik sayasat.doc

— 269.50 Кб (Скачать документ)

Жетекші идея. Әлеуметтік мемлекет құруды басым бағыт ретінде таңдап алған мемлекет үшін оны жүзеге асырудың ең басты кепілі тиімді әрі тұрақты даму жағдайында болатын мемлекеттік әлеуметтік саясат жүйесін жасау болып табылады. Сол себепті мемлекеттің ішкі мүмкіндіктері мен әлемдік тәжірибені оңтайлы пайдалану ең алдымен халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына негіз болады.  

Зерттеудің  негізгі нысаны: Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары және оны жүзеге асырудағы саяси институт ретіндегі мемлекеттің атқарып отырған қызметі болып табылады.  

Зерттеу жұмысының  пәні: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының қалыптасу және жүзеге асырылу тетіктері; саяси институттар мен азаматтық ұйымдардың әлеуметтік саясат үрдісіндегі іс-әрекеттері мен өзара байланысы.

         Зерттеудің теориялық - әдіснамалық  негізі. Диссертациялық зерттеудің теориялық негіздері ретінде ғылыми саяси ойды қалыптастырушы ойшылдар мен ғалымдардың, еуропалық, ресейлік және отандық саясаттанушы, философ, әлеуметтанушы, экономист, құқықтанушы ғалымдардың теориялық еңбектерімен қатар Президент Н.Ә. Назарбаевтың да еңбектері басшылыққа алынды.

Қазақстан Республикасының  әлеуметтік саясатының қалыптасу ерекшеліктерін зерттеуде тарихи-философиялық, институционалдық, жүйелік, пәнаралық, құрылымдық-функционалдық, статистикалық және салыстырмалы сараптау әдістері кеңінен қолданылды. Бұл әдістерді қолдану арқылы әлеуметтік мемлекет қалыптастыру жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясатты күрделі, кешенді әрі тұрақты даму үстінде болатын жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік алдық.   

         Тақырыптың  дерек көздері. Тақырыптың зерттеу көздеріне негіз болған теориялық және нақтылы фактілерге негізделген ғылыми зерттеулер. Диссертациялық жұмыста негізінен  төмендегідей нормативтік актілер мен басқа да ресми құжаттар пайдаланылды.

Тақырыпты зерттеуге  теориялық негіз болған әлеуметтік саясатты терең зерттеген қоғамдық ғылым салалары бойынша зерттеу  жүргізген  ғалымдардың еңбектері, соның ішінде әлемдік философиялық ой өкілдерінің осы мәселе бойынша жасаған ғылыми тұжырымдамалары. Сонымен қатар, қазіргі замандағы отандық және шетелдік, ресейлік зерттеушілердің әлеуметтік саясатты талдауға бағытталған ғылыми мақалалары мен монографиялары және зерттеушілік еңбектері.

Қазақстандағы әлеуметтік саясатты саяси талдауға негіз бола алатын  Қазақстан Республикасының осы бағыттағы қабылданған заңдары мен нормативтік актілері. 1991 жылы қабылданған «Халықты еңбекпен қамту туралы» алғашқы Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғыларына, Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулыларына ( мәселен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 886 қаулысымен мақұлданған), Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы сияқты нормативтік актілеріне сүйенеді. Аталған заңнамаларға енгізілген қосымшалар мен түзетулер де диссертациялық жұмыста қолданылды. Сонымен қатар зерттеуде елдің Стратегиялық даму бағдарламалары мен Қазақстан Республикасының Президентінің еңбектері мен халыққа жолдаған Жолдаулары жетекшілік қызмет атқарды.

Дүниежүзінде әлеуметтік саясаттың ортақ үлгісін құрастырудағы  Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуроодақ, Даму банкі, ЮНЕСКО сияқты халықаралық ұйымдардың ресми құжаттары кеңінен пайдаланылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары туралы Декларациясынан бастап, Бүкіләлемдік еңбек ұйымының, Сауда және Даму конференциясының басшылығымен қабылданған шешімдері, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құқықтық мәртебесін айқындайтын Жарғысы және сол сияқты халықаралық институттардың құжаттары да диссертацияда қолданылды.

Қазақстан Республикасының  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің, Білім және Ғылым  Министрлігінің, Қазақстан Республикасы статистикалық Агенттігінің ақпараттары  мен есептері, түрлі отырыстардың шешімдері және басқа да ресми құжаттар пайдаланылды. Сонымен қатар, мемлекеттік жергілікті билік органдарының әлеуметтік саясатқа байланысты ресми құжаттары және қаулылары пайдаланылды.

БАҚ аналитикалық материалдары, статистикалық жинақтар мен интернет-сайт материалдары да қолданылды.

Диссертациялық  зерттеудің ғылыми жаңалығы көтеріліп отырған мәселенің қазіргі кезең талаптарына сай өзектілігімен, жеткілікті зерттелмегендігімен, зерттеу нысанасына ілінбеген тың мәселелерді жүйелеуімен әрі саралап талдауымен, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне тікелей байланысты қажеттілік талабынан туындайды және әрбір тарауда көтеріліп отырған мәселелерге сай анықталады. Диссертацияда қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатына  теориялық тұрғыда жан-жақты саяси талдау жасала отырып, қоғамның саяси жаңғыруы жағдайында мемлекеттің әлеуметтік саясатының өзіндік үлгісі қалыптасып келе жатқандығы ғылыми тұрғыда негізделді. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясатқа саясаттанулық талдау жасау негізінде мынандай жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді:

  • әлеуметтік саясат мемлекеттің  тұрақты саяси дамуын қамтамасыз ететін ең тиімді саяси құрал екені нақтыланды;
  • Қазақстан Республикасында әлеуметтік саясат жалпы қоғамның әлеуметтік даму үлгісіне емес, көп жағдайда әлеуметтік көмекті қажет ететін қоғам мүшелеріне көмек көрсету үлгісі ретінде жүзеге асырылып отырғаны айқындалды;
  • әлеуметтік саясаттың негізгі қағидалары, бағыт-бағдарлары және даму жолдары нақтыланып, айқындалып көрсетілді;
  • әлеуметтік саясаттың мәні мен мағынасы, қоғам дамуындағы  орны мен рөлі теориялық-әдіснамалық тұрғыдан зерттелді;
  • алдыңғы қатарлы дамыған елдердің әлеуметтік саясатынан алынған тәжірибе мен еліміздегі аталған саясаттың ерекшеліктері салыстырмалы түрде зерделенді;
  • Қазақстанның әлеуметтік саясатты реттеуге бағытталған заңнамалық және құқықтық нормаларын саяси талдау арқылы саяси институттардың саяси үрдістерге қатысу жолдары нақтыланды;
  • мемлекеттік билік және қоғам субьектілерінің әлеуметтік саясатты іске асыру арқылы өздерінің жоспарлау және басқарушылық, реттеушілік қызметін орындауының дәрежесі анықталды;
  • елімізде әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттырудың кейбір бағыттары мен жолдары жөнінде қолданбалы маңызы бар өзіндік ұсыныстар жасалды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырымдар Қазақстан Республикасындағы қазіргі кезеңдегі әлеуметтік саясатты зерттеу проблемаларының қойылуымен айқындалады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарына саяси талдау жасаудың нәтижесінде ұсынылған негізгі тұжырымдар:   

  • қазіргі қоғамның саяси - әлеуметтік  дамуында әлеуметтік саясат маңызды роль атқарады және әлеуметтік саясаттың пәрменді жүргізілуі мемлекеттің тұрақты саяси дамуының кепілі болуымен қатар экономикалық дамудың сапалық деңгейінің көрсеткіші болып табылды;
  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты экономикалық реформалардың нәтижелеріне мейлінше тәуелді болып келетіндігі және әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік институттары сақталғандығы негізделді;
  • қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясаты енжарлық (пассивті) бағыттан белсенді (активті) бағытқа ауыса бастағандығы айқындалып, ашып көрсетілді;
  • Қазақстан Республикасында әлеуметтік саясаттың қоғамдық институттары - кәсіподақтардың, қайырымдылық көрсететін ұйымдардың т.б. белсенділігі артып келе жатқандығы анықталып, тұжырымдалды; 
  • жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту барысындағы билік субьектілерінің әлеуметтік саясатты іске асырудағы қызметінің ықпалы жетекші орын алатындығы айқындалды; 
  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының бағыт-бағдарын, ерекшеліктерін, ұстанымдарын, даму жолдарын және келешегін сараптау арқылы әлеуметтік саясаттың орны мен рөлі маңызды саяси ұстаным ретінде негізделді;
  • мемлекетіміздің әлеуметтік саясат тұжырымдамасының өлшемдері, әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік кепілдік, әлеуметтік әріптестік сияқты әлеуметтік мәнге ие болып отырған іс - шараларды  үйлесімді түрде жүзеге асыру жолдары қалыптасқандығы тұжырымдалды;
  • әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыру жолдары мен тетіктерін тауып, айқындап берді;
  • Қазақстан үкіметінің бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне үлкен талаптар қоюы әлеуметтік саясаттың проблемаларын шешу жолдарына қатысты мәселелерден туындады.

          Зерттеудің ғылыми және практикалық  маңызы. Диссертациялық зерттеу жұмысында берілген теориялық және практикалық тұжырымдар саясаттану ғылымындағы өзекті саяси-әлеуметтік мәселелерді зерттеп зерделеудің жаңа бағыттарын толықтыра түсуге мүмкіндіктер береді.  Жұмыстың ғылыми-теориялық маңыздылығы – Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың даму бағыттарының теориялық тұрғыдан дәйектелуіне ұмтылыс жасалуында. Диссертациядағы саяси талдау  нәтижелері мен қорытындыларын мемлекеттік әлеуметтік саясатты реттеуде, мемлекеттік билік органдарының рөлі мен орнын анықтауда саясаттану, әлеуметтану, заң ғылымдары мен экономика ғылымдарының қажетті салаларында пайдалануға болады.

Практикалық маңызы - диссертациядағы  ұсыныстарды, қорытындылар  мен тұжырымдарды Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың  басым бағыттарын айқындаудағы және қалыптасу үрдісіндегі әлеуметтік саясат үлгісін жетілдіруде үкіметтік құжаттар мен актілерді жасау үшін, үкіметтің әлеуметтік саясатты жетілдіру бағытындағы іс-шаралары мен бағдарламаларын іске асыру үшін, билік, саяси институттар, азаматтық ұйымдар арасындағы өзара ықпалдастық пен байланысты реттеуде кеңінен пайдалануға болады.

Диссертация материалдарын  Қазақстан Республикасы жоғары оқу  орындарында теориялық және қолданбалы саясаттану бойынша  дәріс материалдарына немесе арнаулы курстар жасау үшін қолдануға болады. 

Зерттеу жұмысының  сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі мазмұны, қағидалары мен қорытындылары автордың 10 ғылыми мақалаларына өзек болған, оның ішінде үш халықаралық ғылыми – практикалық конференцияларда (Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық мәселелері атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (30 қараша, 2006 жыл), Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсеткен «Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының маңызды бағыттарын жүзеге асыру міндеттері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (24 сәуір, 2007 жыл), Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсеткен «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енуінің негізгі басымдықтарын жүзеге асырудың жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (21 сәуір, 2006 жыл))  мақалалары жарық көрген. Диссертацияда қамтылған зерттеу материалдары теориялық-әдіснамалық және методикалық құралдар ретінде жоғарғы оқу орындарында қолданылады.

Диссертациялық жұмыс  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универститетінің саясаттану және әлеуметтану кафедрасының мәжілісінде (18 маусым, 2008 жыл) талқыланып қорғауға ұсынылды.

Зерттеу жұмысының  құрылымы.  Диссертация құрылымы оның тақырыбының, мақсаты мен міндеттерінің негізгі бағыттарына сәйкес құрылды. Қорғауға ұсынылып отырған диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, алты тараушадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертацияның  жалпы көлемі 148 бет.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

Диссертациялық зерттеудің кіріспе  бөлімінде зерттеу жұмысының  тақырыбын таңдап алуға негіз  болған алғы шарттар және оның бүгінгі  күн жағдайындағы көкейтесті мәселелері негізделіп қарастырылады. Диссертацияның ғылыми талдану дәрежесі, ғылыми жаңалығы, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, теориялық-әдіснамалық негіздері, диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі негізге алынады.

«Қазақстандағы  әлеуметтік саясатты зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: жүйелік талдау» деп аталатын бірінші бөлім үш тараушадан тұрады. «Әлеуметтік саясаттың мәні мен анықтамасы» атты бірінші тараушада әлеуметтік саясаттың мәні мен анықтамасын тарихи негізде саяси талдауға маңыз берілген. Әлеуметтанушы ғалымдардың тұжырымы бойынша ежелгі кезеңнен бері өмір сүрген мемлекеттердің барлығында сол кезеңдердің дамуына тән әлеуметтік саясат жүргізілген. Қазіргі кезде әлеуметтік саясат мәселелері халық үшін де, саясаткерлер мен ғалымдар үшін де аса өзекті проблемаға айналып отыр. Тәуелсіз Қазақстан жүзеге асырып отырған түбегейлі экономикалық реформалар бұл өзгерістерге жауап бере алатын және соған сәйкес келетін мемлекеттік әлеуметтік саясатты қалыптастыруды талап етеді. Өйткені, «елдің экономикасын сауықтыруға бағытталған экономикалық реформаның күшті әлеуметтік саясатпен қамтамасыз етілуі өте маңызды, ал олай болмаған жағдайда бір реформа екіншісіне қауіп төндіре бастайды» [9]. 

Қазақстан Республикасының  Конституциясында белгіленгендей, Қазақстан Республикасы – әлеуметтік мемлекет. Яғни, мемлекет өзінің бар мүмкіндігін, қамқорлығын өз қоғамының дамуы үшін, ондағы азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін бағыттауға міндетті. Әлеуметтік саясат мемлекеттің ішкі саясатының аса маңызды бағыты екені сөзсіз. Жалпы, әлеуметтік саясатты іске асыру экономиканың даму қарқыны мен әлеуметтік кепілдіктерді сақтау ісін шебер ұштастыруды талап етеді. Бұл орайда, бүгінде мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық рөлі өзгергенін есте сақтау керек. Халықтың мемлекет көмегіне шынында да мұқтаж, өз бетімен күн көре алмайтын топтарына басымдық беріледі. Ал қоғамның қалған бөлігі экономикалық еркіндік қағидалары, олардың құқықтық қорғалуы негізінде өзін-өзі қамтамасыз етуі керек. Қоғамдық дамудың негізгі көрсеткіштері – адамның даму жағдайлары, яғни еңбекке қолжетімділік және оған лайықты еңбекақы, ертеңгі күнге сенім, балаларды оқыту мен дамытудың кең мүмкіндіктері, медициналық қызметке қолжетімділік және салауатты өмір салты, еңбекке қабілетсіздерді қорғау, лайықты кәрілік болып табылады.   

Жалпы, әлеуметтік саясаттың  мәні әлеуметтік мемлекет ұғымымен астасып  жатқаны аян. Бұл екі ұғымды бір-бірінен  дербес қарастыруға болмайды. Ал, әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі -  әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Әлеуметтік мемлекет құру барысында саяси билік азаматтардың әлеуметтік құқықтарын талап ете алатын мәдениетке  дағдыландыру шараларын жүргізуге міндетті. Ал, мемлекеттің әлеуметтік саясаты құқықтық әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуының шарты болуы қажет. «Әлеуметтік мемлекет» деген ұғымның пайда болуы «полициялық» мемлекеттен, «қоғамдық келісім мемлекетінен» және «мемлекеттегі биліктің ең жоғарғы формасы ретіндегі» мемлекеттен нысаналы әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы мемлекетке өтуін көрсетеді.

Информация о работе Саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның