Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 21:16, курсовая работа
Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы өнім сапасын арттыру мәселесін отандық өнім өндірушілердің үйреншікті ыңғайларын толығымен өзгертті. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы, нарықтық экономикаға кіру болашағы республика экономикасының бәсекеге қабілеттілікке жетуінің обьективті қажеттілігін негіздейді. Әкімшілдік әміршілдік экономикада бәсекеге қабілеттілік мәселесі ішкі нарықта туындамады, себебі өнімді өткізу сұрақтарын әкімшілдік шаруашылықты бұзып, өндірістік звенолар санының өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасына төніп тұрған қауіп нығайып өсіп бара жатқан халықаралық экономикалық бәсекелестік.
Кіріспе......................................................................................................................3
Тарау І. Қазіргі таңдағы сапаның әлеуметтік және экономикалық маңыздылығы........................................................................................................5
1.1 Қазіргі таңдағы сапаның арттырудағы рөлі ...................................................5
1.2 Сапаны қамтамасыз ету ...................................................................................9
Тарау ІІ. Сапаның әлеуметтік және экономикалық маңызы ...................17
2.1 Әлеуметтік маңызы........................................................................................ 17
2.2 Сапаның экономикалық маңызы....................................................................20
Қорытынды .........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................................................29
Экономикалық
теория пәні және оның зерттеу әдістері.
Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық
бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы
жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер
қолданылады. Бірақ ғылымға да оқу пәніне
де методология дегеніміз-ғылыми танудың
нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері
туралы ілім.
Экономикалық процестерді танып-білу
әдістерінің жартылыстану ғылымдарындағы
зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ
барлық жағдайда да зерттеу мен білім
беруде диалектикалық тәсілді қолданады.
Шын мәнісінде ғылым адам барлық процестерді
даму үстінде ойлап, қарайды, яғни диалектикалық
тұрғыдан ойлады деген сөз. Ғылыми дамудың
нысаналары мен әдістері көп. Олар объетивті
жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған
материалдарды анализ және синтез, индукция,
жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар
жасау және оны тексеру эксперименттер
жүргізу, логикалық және математикалық
модельдер жасау.
Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі
–ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық,
жаратылыстану, техникалық ғылымдарда
қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз
зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді,
дара құбылыстардан біздің түсінігімізді
оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын
мәнін маңызын ашу.
Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінің дарындылығы белгілейді. бстракциялау процесінде категориялар, ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталған жағын білдіреді.
2.2 Сапаның экономикалық маңызы
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты артыру қызметті жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткені, өнімнің барлық өмір шендік кезеңін қамтиды- жобалаудан бастап жұмысшыларға және кәдеге жаратуға дейін.
Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді. Ол ұлттық шаруашылықтың, халықтың қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі талаптарды анықтайтын нормативті- техникалық негізі болып табылады.
Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі.
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке –баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.
Өнімнің сапасы- бұл белгінімұқтаждылықты қанағаттындыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады.
Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты.Егерде тұтыну құны- бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы
Болса,ал өнімнің сапалылығы –бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.
Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін оның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Сапаның көрсеткішін анықтау оның сандық маңызын өзін өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады:
Өлшеуші әдіс (аспаптар, приборлардың көмегімен);
Тіркеу әдісі- бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық, стандарттау, сәйкендесдірумен анықталуы мүмкін;
Есептеу әдісі- өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдануға негізделеді;
Органолептік әдіс- адам мүшесін сезу-көру, есту ,дәм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың біліктілігі, даңдылығына және қабілеттілігіне байланысты;
Социологиялық әдіс- өнім, оның нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады;
Сарапшылық әдіс – мамандар тобы арқылы іске асырылады. Мысалы; дизайнерлер, дәм айырушылар.
Практикада
өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін
көрсеткіштер жүйесін пайдаланады.
Онда өзіне қортындылау және өнімнің
сапасы жөніндегі жеке көрсеткіштер
қосылады. Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың
бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық
өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан
өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі.
Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің
ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің
нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ
мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары
– халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық
өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың
жоғарлауы болып табылады, осының құрамына
кіретіндер:
- Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық
табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық
табыстың жан басына шаққанда келетін
өсу шапшандығы көрсетеді.
- Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты
жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс
көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан,
осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда,
байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы
мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар
мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің
жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
- Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның
арасында бөлінуін жақсарту.
- Шығарылған тауарлар мен қызметтердің
сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.
Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін
екі топқа бөлуге болады:
1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі.
Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің
молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға
шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының
дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы
тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.
1. Интенсивті типі - техника
мен технологияның
- қолданылатын ресурстар сапасының өсуі
(жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық
капиталдың сапасын жақсарту);
- ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны
жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру
мен басқаруды жетілдіру).
2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс
факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің
өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік
факторлары:
- жұмыс күшінің санының өсуі;
капиталдың көлемі өсуі.
3. Аралас типі - факторлардың
өсуімен қатар техникамен
Экономикалық теорияда
экономикалық өсудің сапасы деген ұғым
әлеуметтік бағытталуының күшеюімен
байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:
1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
2. адамның бос уақытының көбеюі;
3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
4. адам капиталына инвестицияны өсіру;
5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету;
6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды
әлеуметтік қорғау;
7. еңбек нарығында
ұсыныс көлемінің өсуі
Экономикалық өсудің
факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі
мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына
мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай
экономикалық өсудің факторлары жанама
және тікелей факторларға бөлінеді.
Экономикалық өсудің факторлары:
Тікелей факторлар: Жанама факторлар:
-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының
өсуі.
- Негізгі капитал көлемінің
өсуі және сапалық құрамының
жақсаруы.
- Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның
жетілдірілуі.
- Пайдаланатын табиғи
ресурстардың саны мен
- Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.
- Сұраныс факторлары – тұтыну,
нвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.
- Ұсыныс факторлары
– бәсекенің дамуы,
- Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.
Қазақстан үшін
экономикалық өсудің тиімділігі мен
сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім
бойы еліміздің экономикалық дамуының
нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің
сан жағынан өсу қарқындылығы
арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың
болуы мен дамуы іс жүзінде олардың
өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар
есебінен шығындарын өтеу қабілетімен
байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың
іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз,
қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен
капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған
табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді.
Қазақстан республикасының жүргізіп отырған
экономикалық саясатының негізгі мақсаты
– шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың
жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы
негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған
елдердегі экономикалық өсудің стандартты
деңгейі негізінен орта есеппен жылына
2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге
басқа да бір мақсат – жұмыспен толық
қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық
деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы
деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш
басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы
мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына
мынадай жағдайда жеттік деуге болады,
егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын
болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).
Қазақстан экономикасының өсу динамикасы.
Еліміздің экономикасының қазіргі кезеңде
тұрақты ұзақ мерзімдік өсуді қамтамасыз
ету мәселесі Стратегиялық басымдықтардың
маңыздысы болып табылады. Бұл мәселені
қарастыру үшін, ең алдымен ағымдық жағдайды
дұрыс бағалау қажет. Қазақстан 90-шы жылдардың
басынан экономикалық өсудің дағдарысы
мен экономикада құрылымдық ілгерілеушілікті
бастан өткерді. Отандық экономиканың
реформалану үрдісінің өтуіне айтарлықтай
ықпал көрсеткен дағдарыстың басқа түрлері
бойынша да мәліметтер келтірілуде.
Қазіргі таңда өнім сапасын басқаруды
жетілдіру бағытында отандық өндірушілер
алдындағы негізгі мәселелер: өнім сапасын
басқару жүйесіне маркетингтік қызмет
механизмін ендіру, сапаны басқаруға жүйені
бағыттау, тұтынушыға бағыттау және сапаны
басқару жүйесіне әсер ететін механизмді
өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде
күшейтуді көздеп отыр.
Тәжірибе көрсеткендей халқаралық стандарқа ендіру материалды – техникалық жабдықтау, қаржыландырау бағдарлама мен қамтамасыз ету мен ғана шектелмейді. Ол сондай – ақ ескі көз қарастар мен байланысты әлеуметтік психологиялық сипаттағы кедергілерді де қарастырады. Үлкен қиындық маркетингітк іс әрекеттті ұйымдастырумен және бұйымның сапасының қажетті деңгейін жүзеге асырумен байланысты. Сондықтан ішкі нарыққа ұсынылған тұтынушы талаптарын тұрақты қанағаттандыруды қамтамасыз ететін өнім сапасын өз деңгейінде ұстау міндетін шешу қажет.
Сапаны басқаруға қажетті сапа деңгейін қамтамасыз ету мақсатында өнімді тұтыну, пайдалану немесе құру кезінде жүзеге асырылатын іс әрекеттердің барлығын қарастырған жөн. Кез келген басқарудың мәні басқарушылық шешімдерді жөндей және бірден бірі бақару объектісіне қарастырылған шешімдермен ықпал ету. Өнім сапасын басқару кезінде тікелей басқару объектісіне өнім сапасы тәуелді болатын процестер болғандықтан, олар өндіріске дейінгі кезеңде өндірістік және өндірістен кейінгі өнімнің өмірлік цикліне ұйымдастырылуы қажет. Басқарушылық шешімдерді өңдеу басқару процесінің нақты жағдайы мен оны басқару бағдарламасы мен берілген сипаттамаларын салыстыру кезінде жүргізілуі қажет. Өнім сапасының көрсеткіштерін реттеу параметрлері мен нормативті құжаттарды (стандарттар, технологиялық жағдай, сызбалар, тех.шарт) өнімнің сапасын басқару бағдарламасының маңызды бөлігі ретінде қарастыру қажет.
Әрбір кәіпорынның негізгі міндеті өндірген өнімі мен ұсынылған қызметінің сапасы болғандықтан, кәсіпорынның кейінгі іс әрекеті өндірілген өнімінің нақты қажеттілігіне жауап беру, тұтынушының талабын қанағаттандыруында қоғамның талаптарына және заңдылығына сәйкес бәсекеге қабілетті бағамен тұтынушыға ұсынғанда және пайда алуға бағытталған да қамтамасыз етілуі тиіс.
Өнімнің сапасын басқару жүйелі түрде жүзеге асырылуы керек, яғни кәсіпорында сапаны басқару үшін қажетті ресурстармен процестерді, процедураларды нақты бөлетін ұйымдық құрылымын көрсететін өнім сапасын басқару жүйесі қызмет ету керек.
Өнім сапасын басқаруда сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде жобалау конструкторлық және өзара шарттық талаптарға сай келуі үшін пайдаланатын әдеттер мен қызметтер жиынтығы болуы шарт.
Сапаны басқару жүйесін сапаны басқаруға қажетті процестермен өнімдер әрбір жұмыскердің өз жұмысына жауапты қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылым ретінде қарастырылуы қажет. Сапа саласындағы саясатқа келесілерді жатқызуға болады:
1. Кәсіпорынның
экономикалық жағдайын
2. Өнімді сату нарығын нығайту және жаңа нарықтарға шығу:
3. Негізгі кәсіпорындармен
фирмалардың деңгейіне асып
4. Сапаның басты көрсеткіштерін нығайту:
5. Өндірілген өнімнің кемшіліктерін азайту:
6. Өнімге берілетін кепілдік мерзімін ұзарту және әртүрлі қызметті дамыту.
Өнім сапасын басқаруды жетілдірудің бағыттары бойынша отандық кәсіпкерлер алдында мынадай негізгі мәселелерді қарастыру қажет:
Информация о работе Сапаның әлеуметтік және экономикалық маңызы