Сапаның әлеуметтік және экономикалық маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 21:16, курсовая работа

Краткое описание

Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы өнім сапасын арттыру мәселесін отандық өнім өндірушілердің үйреншікті ыңғайларын толығымен өзгертті. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы, нарықтық экономикаға кіру болашағы республика экономикасының бәсекеге қабілеттілікке жетуінің обьективті қажеттілігін негіздейді. Әкімшілдік әміршілдік экономикада бәсекеге қабілеттілік мәселесі ішкі нарықта туындамады, себебі өнімді өткізу сұрақтарын әкімшілдік шаруашылықты бұзып, өндірістік звенолар санының өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасына төніп тұрған қауіп нығайып өсіп бара жатқан халықаралық экономикалық бәсекелестік.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

Тарау І. Қазіргі таңдағы сапаның әлеуметтік және экономикалық маңыздылығы........................................................................................................5
1.1 Қазіргі таңдағы сапаның арттырудағы рөлі ...................................................5
1.2 Сапаны қамтамасыз ету ...................................................................................9

Тарау ІІ. Сапаның әлеуметтік және экономикалық маңызы ...................17
2.1 Әлеуметтік маңызы........................................................................................ 17
2.2 Сапаның экономикалық маңызы....................................................................20

Қорытынды .........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................................................29

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазіргі таңдағы сапаның әлеуметтік және экономикалық маңыздылығы333.doc

— 177.50 Кб (Скачать документ)

Тауардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы негізгі  шаралар келесідей:

■ ағымдағы статистика есептемесінің негізінде бәсекеге қабілеттілік облысында жүйелі зерттеулерді пайдалану және ұйымдастыру;

■ микродеңгейде  маркетинг пен менеджментті жақсарту;

■ ішкі нарыққа  бағытталған өндірісті несиелеуге мүмкіндік беретін деңгейге дейін  пайыз деңгейін төмендету;

■ тауар қозғалысын ақпараттық қолдау нарық, бәсеке және бәсекелестер жөнінде білім және өнімді өткізу, материалдар мен шикізаттарды өткізу, материалдар мен шикізаттарды жеткізу бойынша стратегиялық серіктестер мен инвесторларды іздестіру;

■ табиғи монопология  сферасында бағаны қатаң реттеу;

■ өндірістік технологиялық  және техникалық деңгейін арттыру мақсатында тауарлардың жекелеген өндірісіне шетел инфесторларын тарту.

Көптеген дамыған  елдерде ХХ-ғасырдың екінші жартысынан бастап, сапа кәсіпорындардың мәселесі емес, сондай – ақ жалпы мемлекеттік маштабтағы міндеттердің бірі болуда.Сапаны реттеу облысындағы мемлекеттің есте қаларлық қадамдарының бірі ретінде энергетика, индустрия және сауда министрлігінің бастамасымен қазіргі таңда ұйымдастырылған және өткізілетін ХХІ ғасырға республикалық байқауды атауға болады. Осы аталған байқаудың жеңімпаздары болып атанған отандық кәсіпорындар мемлекет тарапынан берілетін бірінші кезекті инфестицияға үміттіне алады. Сонымен қатар Республикалық сапа ассоцияциясы Қазақстандық кәсіпорындардың арасындағы сапаны басқарудағы ең үздік жүйесіне арналған байқауда жеңімпаз атанған отандық кәсіпорындар тауарларына «Халық маркасы» деген белгі бере алуына мүмкіндік алады. Мұндай шаралар кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Қазіргі таңда сапа мәселесі  - кешенді яғни  экономикалық заңдылық, техника, білім беру салаларында, сондай – ақ өндірушілер мен процестердің және қызмет көрсетулердің сапа мәселелерінде мемлекет пен тұтынушылардың ғылыми және инженерлік құрылымдар, заңды және атқарушы басқару органдар жұмыстарын үйлестіру негізінде жүргізіліп жатыр.Нарықтық экономика жағдайында сыртқы және ішкі нарықтағы тұтынушылар үшін күрес нағыз бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруды және өндіруді талап етеді. Осыған байланысты екі мәселе туады. Олар:

- тауардың бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық рационалды деңгейлерін іздеу;

- оларды жүзеге  асырудағы шығындарды анықтау;

Мұның  бәрі сапаға әсер етуге бағытталғанбасқарудың  рөлін жоғарылатады, осының нәтижесінде  өнімнің бәсекеге қабілеттілігі  көтеріледі. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі – бәсекелік нарықтағы дамудың, табысқа жетудің шешуші факторы болып табылады. Мұны көп аспектілі мағынада көрсетуге болады. мысалы, нарықтық жағдайға тауардың сай келуі, тұтынушылардың нақты талаптарына сапалық, техникалық, экономикалық, эстетикалық сипаттамалары ғана емес, сонымен қатар коммерциялық талаптарға сай келуі тиіс.Сондықтан да ішкі нарықтағы тұтынушылардың белгілі және ұсынылған талаптарын тұрақты қанағаттандыруды қамтамасыз ететін өнім сапасын тұрақты деңгейде ұстап тұру және жетілдіру мәселелерін шешу қазіргі кезде қиынға соғып отыр. Сондықтан ИСО-9000 стандартына сәйкес кәсіпорында сапа жүйесінің болуы бүгінгі күннің қажетті шарты.

 

 

1.2. Сапаны  қамтамасыз ету 

 

Отандық өнеркәсіп  өнімдерінің бәсекеге қабілетілігін  арттыруға қабілетті ететін кәсіпорындарда сапаны қамтамасыз ететін жүйені құруға халықаралық стандартты қолдану стандартизациялау жүйесін жетілдірудің маңызы зор. Бұл жағдайда сертификациялау-дың көмегімен қол жеткізуге болады.

Өнімді сертификациялау  тауардың стандарт талаптарына сәйкестігін тексеруге мүмкіндік береді. Сертификация тауардың сыналғандығын, объективті тексергендігін бекітеді.

Сертификация  – тауардың стандарт талаптарына  сәйкестігін растау мақсатындағы процедуралар мен іс әрекеттер жиынтығы. Қазіргі  жағдайда ол ИСО – 9000 және оған сәйкес мемлекеттік стандарттар бойынша жүзеге асырылады.

ИСО – 9000 халықаралық  стандарттар әлемдік экономиканың маңызды құралы. Әлемдік нарықта  бәсекеге қабілетті өнім шығаруды оның стандарт талаптарына сәйкестігінің  қажетті шарттарының бірі болып табылады.

ИСО – 9000 Халықаралық  стандарт сериясының негізгі мақсаттары:

● саудаға техникалық кедергілерді жою;

● сертификациялаудың көп реттілігін жою;

● сәйкестігін  бағалау нәтижесін өзара мойындау;

● «тұтынушы - жеткізуші» қатынасын реттеудің жалпы механизмін құру.

 ИСО –  9000 халықаралық стандартын ендіру  – бұл республиканың әлемдік  тұрақты өсуі. Сапаны басқару  облысындағы мемлекеттік стандарттарының  талаптарына сәйкес келетін сапа  жүйесін кәсіпорындарға ендіру  арқылы отандық тауар өндірушілерге көмектесуді қарастырады. Бұл орган мемлекеттік стандарттар талаптарының орындалуын мемлекеттік қадағалау және бақылауды жүзеге асырады.

Өнімнің сапасын  реттеуге «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» заңдардың  рөлі өте ерекше. Осы аталған заңдарға сәйкес стандарттау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, мемлекеттік  стандарттау жүйесінің құқықтық негіздерін және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды реттеу, әзірлеу мен қолдану арқылы өнімнің тұтынушылардың мүдделерін қорғау шараларын белгілейді.

Қазақстан Республикасының  заңдылығына сәйкес стандарттаудың мақсаттары болып:

● өнімдермен процестерге  және қызмет көрсетулерге мөлшер-лерді, ережелермен сипаттамаларды бекіту;

● адамдардың өмірі  мен денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін өнімдер, процестер, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

● саудадағы  техникалық кедергілерді болдырмау, ішкі және сыртқы нарықтарды бәсекеге қабілетті  өнімдермен қамтамасыз ету.

Халықаралық стандартты практикалық көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен қабылданған және өткізілген республикалық «Сапа» басқару жүйесі құрылды. Осыдан бастап белгілі бір шеңбер ішінде практикалық көмек көрсету кәсіпорындарға азық – түлік сертификациясынан өндірістегі сертификатты басқару жүйесіне өтуі негізделген. Бұл стандарттар халықаралық ИСО-9000 стандартына сәйкес.

Қазақстан Республикасының  Премьер министрінің тапсыруы бойынша 2001 жылдың 29 сәуір айынан № 9 Қазақстан  Республикасының өңдеу өнеркәсібінде  бәсекелестікті жоғарылату және импортты алмастыру концепсиясы дайындалды.

ИСО-9000 халықаралық  стандарттар жүйесіне ширақ енуі отандық өндіріспен тұтыну құрылымының  өзгеруіне жағдай жасайды. Машина жасау  өнеркәсіптерінің даму стратегиясы 2002-2010 жылғы болжамы бойынша көліктерді импорттау және құрылғыларды импорттау, өндірістік қуатты құру, өндіріс көлемін ұлғайту, әсіресе импорт алмастыру кезінде халықаралық стандарт ИСО-9000 жүйесіне сай өндірілуі, кәсіпорынның өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Жаңа цехтарды ашу, қосалқы бөлшектерді шығару, жаңа машиналарды жасау және өндірістің қарқынды дамуы онң өнім көлемінің ұлғаюы келесі өнеркәсіптерде байқалды: ААҚ «Карданвал» және «Экскаватор». Машина жасаудағы негізгі бағыт өндірістегі және машина жасау құрылғылармен қосалқы бөлшектер агроөнеркәсіптік кәсіпорындарда: «ЮКМЗ» ААҚ, «Механикалық завод» ААҚ, «Экскаватор» ААҚ, «Южмаш-К» ЖШС, «Түркістаннасос» ААҚ.

Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің дамуы өнім көлемінің  өсуі, кәсіпорынның өнімге бәсекеге қабілеттілігін, мақта түтігін жаңа кәсіпорындар арқылы өңдеу, кәсіпорындарды жұмысқа қою, модернизациялау, техникалық құрылғыларды ауыстыу егілетін жер көлемін ұлғайту және мақта шикізатын ұлғайтудың негізгі кәсіпорындары: «Ақ-алтын» ААҚ, «Мырзакент» ААҚ, «Мақтарал» ААҚ, Жетісайлық филиал «Нимэкс» ЖШС.

Халықаралық стандарттар  ИСО-9000 жоғарғы жұмыс процестер  көмегімен жүзеге асырылады. Бұл  стандарттың негізгі мақсаты  дүниежүзілік нарықтағы стандарттарға  сәйкес өнім шығару. 2001 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындарға сапа жүйесі ендірілді, ол халықаралық стандарт ИСО-9000 негізделген. Халықаралық стандартпен жұмыс істеу бойынша 2002-2006 жылдары кәсіпорындардың санын қарқынды түрде өсіру жоспарлануда. Жұмыс істеуші кәсіпорындарды техникалық қайта құру бойынша:

● «ИнтерКомШина» ААҚ – жаңа жоба жасап шығарды, онда жаңа доңғалақтарды шығару көзделген.

● «Электроаппарат» - жаңа импортты алмастыру жобасын  жасап шығарды онда итергіш элементтер, ваккумдық өлшегіштер жасап шығарады.

● ААҚ «Трансформаторлық  завод» - жаңа трансформаторлық өндірістік импортты алмастыру жобасын жасап шығарды.

Агроөнеркәсіптік  кешен – бұл ауыл шаруашылық және өндірістік кәсіпорындардың ортақ  жүйесі, олар өзара тұрақты өндірістік  және коммерциялық қатынастармен тығыз  байланысты жүйе болып табылады.

Елде қолданылатын агротехнологиялардың төмен деңгейі, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу технологиялардың және өндірістің машина механизмдердің төмен деңгейі айқын байқалады. Қазақстандық тұтынушылық тауарлар сапасы еуропалық деңгеймен бірдей, бірақ төменгі баға нарығы дамыған елдермен антидемпингтік шектеулер әсерінен бәсекеге төтеп бере алмайды. Қазіргі кезде ішкі нарықтың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату бірінші кезекке қойылып отыр. Бәсекеге қабілеттілікті жоғырылатудың ең бастысы – бұл тауардың бағасын төмендету. Қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттігін арттырудың негізгі бағыттары:

● статистикалық  берілгендерге қарай отырып бірлестіктер және

   тексерулер  жүйелердің бәсекеге қабілеттілігін  анықтау;

● менеджмент пен  маркетингті микродеңгейде жақсарту;

● пайыздық ставка деңгейін төмендету, ішкі нарыққа 

   бағытталуы;

● мемлекеттік  деңгейде ішкі нарықтағы тауар айналасына

   ақпараттық  қолдау көрсету, бәсекелестерді  білу,

   инвесторларды  табу және шикізат материалымен  қамтамасыз 

   ететін  стратегиялық серіктестерді  табу;

● монополия  сферасындағы қатаң бағаны реттеу;

● кейбір тұтыну тауарларын өндіруге және технологиялық,

   техникалық  деңгейде жоғарылату үшін шет  ел инвесторларын 

   тарту.  Кейбір өндірістік тұтынушылық  тауарлары шетел 

   инвесторларына тиімді болуы мүмкін, оларды экспорттау

   мүмкіндігі  туындайды;

● жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің құрылуы  немесе жылдам

   дамуы;

● сапасы мен  ассортиментін жоғарлата отырып бәсекеге

   қабілеттігін  анықтау;

● отандық экономиканың текстильді тоқыма және былғары аяқ

   киім  өнімдерінің тәуелділігі;

● шикізат және материалдар, дайын өнімді өндіру, ішкі нарықта 

   отандық  тауарларды тарату және т.б.

Алға қойған мақсаттар келесіні көрсетеді:

● өндірістің техникалық деңгейін жоғарылату, отандық тауар

   бағасын  бәсекеге қабілетті етіп елдегі  импорт тауарларын 

   ығыстыру;

● кәсіпорынның қаржылық – экономикалық жағдайының

   жақсаруы;

● кәсіпкерлермен бірлестіктерге техникалық, технологиялық 

   әдістемелік  қолдау жасау, бизнес жоспарын  дайындау;

● несиені кәсіпорнның  екінші деңгейлі банктермен

   инвестицияны  тартуға жағдай жасау.

Қорыта айтқанда ИСО – 9000 халықаралық стандарттар  Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарда енгізілген стандарттың негізгі  экономикалық тиімділігі – жоғарғы  стандарт.

ИСО – 9000 стандарты  елімізде отандық кәсіпорындардың  өндірген тауарларын шетелдерге шығаруға, бәсекеге қабілеттігін арттыруға жағдай жасауы, елімізге шетел тауарлар импортына  шек қоюы және отандық кәсіпкерлердің тауарына сұраныстың өсуі, тауар бағасының төмендеуі әсер етеді. Мысалыға, ЖШС «Шымкентпиво» 2004 жылы өнім өндіруді жаңа технологиямен, техникамен тауар сапасын жақсартып өндіруді көздеген болатын. Бұл тауар сапасы батыс елдерінің тауар сапасынан төмен емес. ААҚ «Шымкентмай» өндірісті модернизациялаумен қатар технологияларды дамыту арқылы бәсекеге қабілеттігін арттыруды 2006 жылға 29.8 мың тонна жоғарылатуды көздеп отыр, жоғарылау қарқыны 2004 жылы 11.5.5% құрады. Елде  қолданылатын агротехникалардың төмен деңгейі, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу технологиялардың және өндірістің машина механизмдерінің төмен деңгейі айқын байқалады. Әлемдік стандарттар деңгейінде өнім сапасын қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік кәсіпорындар сапаны бақылау жүйесін өндіруі қажет. Бірақ бұл жұмыс біздің облысымызда төмен қарқынмен жүргізілуде. Қазіргі кезде сапаның халықаралық жүйесімен облысымыздағы орта және ірі кәсіпорындардың 8-9 пайызы ғана айналысуда.

Қазақстандық  кәсіпорындар мен ұйымдардың әлемдік  нарықтағы отандық өнеркәсіптердің  бәсекеге қбілеттілігін арттыру мақсатында, нарықтық экономикасы дамыған шет елдердің тәжірбиесін қарастырған жөн.

Нарықтық экономикаға  өту жоғарғы сапаға жеткен әлемнің  жетекші фирмаларының тәжірбиесін  зерттеу қажеттілігін негіздейді. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің жетекші фирмалары сапаға жету үшін барлық қызмет алға қойылған белгілі бір мақсатқа  бағытталуы керек деп есептейді. Сапаны арттырудағы негізгі рөлді тұтынушылардың талаптары мен тұтынушының бағалауларындағы қателіктері ақпараттар алады.

Бірқатар елдерде  жүргізілген зерттеулер бойынша сапаға аз көңіл аударған компаниялар уақыттың 60 пайызын ақауларды жөндеуге кетендігін көрсеткен.

Информация о работе Сапаның әлеуметтік және экономикалық маңызы