Сапаның әлеуметтік және экономикалық маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 21:16, курсовая работа

Краткое описание

Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы өнім сапасын арттыру мәселесін отандық өнім өндірушілердің үйреншікті ыңғайларын толығымен өзгертті. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы, нарықтық экономикаға кіру болашағы республика экономикасының бәсекеге қабілеттілікке жетуінің обьективті қажеттілігін негіздейді. Әкімшілдік әміршілдік экономикада бәсекеге қабілеттілік мәселесі ішкі нарықта туындамады, себебі өнімді өткізу сұрақтарын әкімшілдік шаруашылықты бұзып, өндірістік звенолар санының өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасына төніп тұрған қауіп нығайып өсіп бара жатқан халықаралық экономикалық бәсекелестік.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

Тарау І. Қазіргі таңдағы сапаның әлеуметтік және экономикалық маңыздылығы........................................................................................................5
1.1 Қазіргі таңдағы сапаның арттырудағы рөлі ...................................................5
1.2 Сапаны қамтамасыз ету ...................................................................................9

Тарау ІІ. Сапаның әлеуметтік және экономикалық маңызы ...................17
2.1 Әлеуметтік маңызы........................................................................................ 17
2.2 Сапаның экономикалық маңызы....................................................................20

Қорытынды .........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................................................29

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазіргі таңдағы сапаның әлеуметтік және экономикалық маңыздылығы333.doc

— 177.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

Тарау І. Қазіргі  таңдағы сапаның әлеуметтік  және  экономикалық маңыздылығы........................................................................................................5

1.1 Қазіргі таңдағы сапаның арттырудағы рөлі ...................................................5

1.2 Сапаны қамтамасыз ету ...................................................................................9

 

Тарау ІІ. Сапаның  әлеуметтік және  экономикалық маңызы ...................17

2.1 Әлеуметтік маңызы........................................................................................ 17

2.2 Сапаның экономикалық маңызы....................................................................20

 

Қорытынды .........................................................................................................27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................................................29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы өнім сапасын  арттыру мәселесін отандық өнім  өндірушілердің үйреншікті ыңғайларын толығымен өзгертті. Қазақстанның  тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы, нарықтық экономикаға кіру болашағы республика экономикасының бәсекеге қабілеттілікке жетуінің обьективті қажеттілігін негіздейді. Әкімшілдік әміршілдік экономикада бәсекеге қабілеттілік мәселесі ішкі нарықта туындамады, себебі өнімді өткізу сұрақтарын әкімшілдік шаруашылықты бұзып, өндірістік звенолар санының өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасына төніп тұрған қауіп нығайып өсіп бара жатқан халықаралық экономикалық бәсекелестік. Бұл қауіпті алдын алу ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы қол жеткізуге болады. жалпы менің бұл курстық жұмысымның мақсаты болып-өнеркәсіп салалардың қазіргі таңдағы жағдайын талдау. Сонымен қатар осы салалардың ішіндегі өңдеу өнеркәсібі бойынша сүт пен сүт өнімдерінің қазіргі жағдайы оның дамуын қамтамасыз ететін іс шараларды жән өнім сапасын басқаруды жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады. Биылғы жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауында «Біз жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтып, бірлесіп тағы да бір Қазақстан орнататындай межеге жақындадық» - онда 2008 жылы (жан басына шаққандағы) жалпы ішкі өнім Еуропа елдерінің терезесіне  тең келетініне сеніміміз мол екендігі және экономикаға 30 миллиярд $ тікелей шетел инвестициясы тартылғаны үлкен көрсеткіш. Бұл біздің Қазақстанды барша инвесторларға тұрақты, сенімді әріптес екенін мойындатқанымыз болып табылатындығы айтып өтіліп, отандық тауар өндірушілерді толығымен қолдауымыз қажет екендігін айтты. Міне осыған байланысты былтырғы жылдың 19 наурыз айындағы ел осыған байланысты былтырғы жылдығы 19 наурыз айындағы ел басымыздың Қазақстан бәсекеге қабілеттілігі туралы, біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі туралы және бұл міндетті шешу үшін біздің экономикалық, сондай–ақ әлеуметтік салаларда еуропалық стандарттарға жету стратегиясын әзірлеуге кірісу керек екендігі айтылған. Сондықтан қазіргі нарықтық экономикада өндірілетін өнімнің сапасына принципалды басқаша талаптар қойылады.

Өнеркәсіп дамуының тиімділігінен республика  халқы  мен табысы-ның хал – ахуалы тәуелді және өнеркәсіп салаларында  жалпы ұлттық өнімнің жартысына  жуығы жасалынды., сонымен бірге  өнеркәсіптің  материалдық өндіріс  саласы ретіндегі басыңқы рөлі – онің халық шаруашылығының басқа салаларын индустрияландыру-дың шешуші факторы екендігіне байланысты өнеркәсіп секторының дамуының маңызы жоғары. Бүгінгі күні өнеркәсіптің басты міндеті импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған өнім өндірісінің көлемін арттыру, толық қуатын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл қазіргі уақытта кез келген кәсіпорынның өмір сүруі мен оның нарықтығы тұрақтылығы бәсекеге қабілеттілік деңгейімен  байланысты. Бәсекеге қабілеттілік деңгейінің жоғары болуы бірінші кезекте өнім сапасымен анықталады. Бәсекелестік экономиканың қозғаушы күші, ол өндірушіні тұтыну үшін күресуге, өнім сапасын жақсартуға, өндіріс пен өткізуді арттыруға, өндіріс шығындарын қысқартуға алып келеді. Сондай–ақ бәсекелестік тек қана тұрақтандыру факторы ғана емес кәсіпорынның өмір сүру шарты болып табылады. Сондықтан сапаны басқару кәсіпорынды басқару жүйесінің негізгі міндеті болып табылады. Ол бәсекелестердің іс әрекетін жан жақты талдаудан, өнімнің бәсекеге қабілеттілік мінез құлқының стратегиясын талқылаудан өтуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тарау І. Қазіргі таңдағы сапаның әлеуметтік  және  экономикалық маңыздылығы

1.1 Қазіргі  таңдағы сапаның арттырудағы  рөлі 

 

Қазіргі таңдағы  сапаның артыру мәселелері өнеркәсіптік  салада – бұл  өнеркәсіптік және өндірістік бірлестік-тердің жиынтығы. Сапа құрамына жаңа өнімді дайындайтын ғылыми зерттеу, жобалық және жобалық конструкторлық ұйымдар да кіреді. Әрбір саланың өзінің экономикада және ұйымда көрінетін спецификалық ерекшеліктері болады. Өнеркәсіптің салалық құрылымы жекелеген салалардың  меншікті үлесінің арақатынасын көрсетеді және ол келесідей белгілері бойынша топталады:

1) Халық шаруашылығында  өнімді нақты пайдалану қағидасы  бойынша екі бөлімге бөлінеді:

а) өндіріс құралдарын өндіру;

б) тұтыну заттарын өндіру.

2) Еңбек заттарына әсер  ету қағидасы бойынша барлық  салалар екі топқа бөлінеді:

- минералды және табиғи  шикізатты, жылуды өндірумен айналысатын  өндіру өнеркәсібі;

- өндіру өнеркәсіп салаларында  және ауыл шаруашылығында өндірілетін  шикізаттар мен материалдарды қайта өңдеумен айналысатын өңдеу өнеркәсібі.

3) Өнімнің функционалды  бағытына сәйкес кешенді салалар  бөлінеді: жылу, машина құрастыру,  металлды өңдеу, қара металлургия,  түсті металлургия, химиялық және  мұнай химиялық және т.б.

Қазақстан Республикасының өнеркәсібі үш негізгі саладан тұрады, атап айтқанда:

● тау – кен өндіру өнеркәсібі;

● өңдеу өнеркәсібі;

● электр энергиясын, газ  бен су өндіру мен бөлу.

Өңдеу өнеркәсібі келесідей салалардан тұрады:

● ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу;

● тоқыма және тігін өнеркәсібі;

● былтырғы өндірісі, былтырғыдан  жасалынған бұйымдар мен 

   аяқ киім өндірісі;

● ағаш және ағаш бұйымдары  өндірісі;

● кокс өндірісі, мұнай айдау, ядролық материалдар өндірісі;

● химиялық өнеркәсіп;

● металлургия өнеркәсібі;

● машина жасау.

Бүгінгі күні еліміздің  глобализациялау процесіне белсенді қатынасуы, әлемдік экономикадағы  толық интеграцияның қажеттілігі  отандық өнім өндірушілер өнімнің  әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті  сапада болуын қажет етеді. Эконмикалық  әдебиеттерде сапа түсінігіне әр түрлі анықтамалар беріледі. Соның бірнешеуін қарастырайық:

1. Сапа –  бұл болжам жасалынған немесе  негізделген қажеттілікті қанағаттандыруға  қабілетті тауардың сипаты мен  қасиеттердің жиынтығы.

Тұтынушы тұтыну шартына жауап беретін өнімді сапалы деп есептейді. Шынында да өнім қасиеттердің жиынтығы бұрынғыдай болуы мүмкін, бірақ тұтынушы үшін бұл өнім пайдаланылмауы мүмкін.

Кез келген құжатта  немесе үлгіде белгілі бір қасиеттер  жиынтығы қандайда бір уақыт кезеңінде  қажеттілік үздіксіз өзгеріп отырады, сондықтан кәсіпорын өнімді дайындай отырып, нормативті – техникалық құжатпен сәйкестендіргенімен тұтынушыны қанағаттандырмайтын сапасыз өнімді өндіруге тәуелді болады. сондықтан өнім сапасын бағалаудағы негізгі орынды тұтынушы алады. Өндіруші мен тұтынушы сапасы - өзара байланысты түсінік. Әкімшіл әміршіл экономика шартында сапа өндірушінің ыңғайымен қарастырылса, ал нарықтық экономикада ол тұтыну ыңғайымен қарастырылады.

2. Сапа –  бұл фирманың беделі, пайданың  өсуі немесе фирмада сапаны  басқару бойынша жұмыстардың өсуі.

Өнім сапасы кәсіпорын іс әрекетінің негізгі  көрсеткіші болып табылатындықтан, өнім сапасын арттыру қандайда бір  деңгейді кәсіпорынның нарықтық жағдайда өмір сүруін ғылыми – техникалық прогрес  қарқынын, өндіріс тиімділігінің  өсімін, барлық ресурстар түрлерінің үнемделуін анықтайды.

Қорыта айтқанда, сапа – бұл экономикалық категория  ретінде тауарға салынған қасиеттер  жиынтығын тұтынудың нақты шартында, қажеттіліктің қанағаттану деңгейін сипаттайтын қоғамдық бағалау.

Өнім сапасының  өсуі - әлемдегі барлық жетекші жұмыстарының тенденциясына сипатты. Өндірілетін өнім сапасы – фирмалар арасындағы өндірілетін өнімнің сапасы бойынша болып отырғандығы туралы баршамызға мәлім. Міне соған байланысты стндарттар, заңдар және ережелер сапа облысындағы жинақталған тәжірбиені бекітеді.

Өндірілетін өнімнің  сапасы – бұл кәсіпорын экономикасының бүгінгі күнінің белгісі. Шетелдік менеджерлердің айтуы бойынша –  бұл лозунг емес, керісінше ол үлкен  философия, онда еңбек өнімділігінің  өсу шығындарының төмендеуі өнім сапасының нығаюына алып келетіндігі атап өтілген. Әр түрлі елдердегі фирмалар өнімнің әр түрлі ассортименттерін өндіре отырып, оның сапасымен жұмыс істейді. Өнім сапасын арттыру бойынша жұмысқа жұмсалынатын шығын мөлшерінің үлесі үлкен болады және тұрақты өсіп отырады. Өнім сапасы – еңбек заттары, еңбек құралдары, технология, басқару, өндірістік орта сапасының нәтижесі. Соңғы сапа әр кезеңдегі жұмыс сапасынан тәуелді болады. Өнім сапасының қалыптасуы оны жобалау кезеңінен басталады. Зерттеу фазасында техникалық және экономикалық қағидалар талқыланып, функционалды үлгілер жасалынады. Конструктивті – технологиялық жұмыстар кезеңінде өндіріске ендіру дайындалады. Нарықтық экономика шартында өндіру және тұтыну процесінде сапаны қадағалауға ұйымдастыруға ұмтылады. Аралық өнім сапасы өз кезегінде соңғы өнімнің сапасын қалыптастырады, ал соңғысы өмір сапасына шығады.

Қазақстан Республикасындағы  экономикалық реформаның даму шаралары бойынша сапаға үлкен көңіл бөлінуде. Ал өз кезегінде яғни сапалы өнім –  бұл төлемге қабілетті батыс нарығына экспорттық жол ашады.

Өнеркәсіп өнімнің  сапасын бағалау үшін екі топқа  бөлінетін көрсеткіштерді пайдалануға  болады: дара және кешенді. Сапаның  дара көрсеткіштері өнімнің бір  қасиетін сипаттайды, ал өнімнің сапасының  кешенді көрсеткіштері өнімнің бірнеше көрсеткішін сипаттайды.

Өнім сапасы тек қана бір көрсеткішпен шектеліп қана қоймайды, өнім қажетті өнім көрсеткіштерімен өрнектеледі. Көрсеткіштерге сәйкес қасиеттер  келесідей топтарға бөлінеді:

1. Тауардың пайдаланылу  көрсеткіштері, оның нақты нарықта бағыты бойынша пайдаланудың қайтымдылығын сипаттайды. Өнімнің пайдаланылу облысымен негізделеді.

2. Тауардың сенімділігі  – тауардың ұзақ мерзімге жарамдылығынан, қасиеттердің сақталуынан, жөндеуге  жарамды-лығынан тәуелді болатын  сапаның күрделі қасиеті.

Кейбір бұйымдар үшін жоғарыда аталған қасиеттердің біреуі ғана тән болуы мүмкін. Эклектроприборлардың, автомобильдердің кейбір механизмдердің қайтымсыздығы өте маңызды. Ұзақ мерзімге сақтау – бұл бұйымның өз көрсеткіштерін сақтау қасиеті, сақталуының орташа мерзімі, гамма – проценттік мерзімі. Сақталу- бұл тамақ өнімдерінде маңызды рөл ойнайды. Жөндеуге жарамдылық техникалық қызмет көрсетудің орташа құнын, берілген уақтта жөндеуді орындау ықтималдылығын анықтайтын көрсеткіш.

3. Тауарды пайдаланудың қауіпсіздігінің экологиялық тазалығы. Тауардың экологиялық көрсеткіштері – тауар сапасының деңгейін анықтайтын маңызды қасиеттердің бірі. Мұндай көрсеткішетрге жататындар: суға, адам денсаулығына, табиғатқа және жануарлар әлеміне әсерін тигізетін көрсеткіштер жатады.

4. Сапаның экономикалық  көрсеткіштері  обьектінің экономика-лық  талаптарына сәйкестігін анықтау  кезінде қолданылады.

5. Сапаның технологиялық  көрсеткіштері – бұл көрсеткіш,  бар технологияның талаптарының  қаншалықты көрілгендігін, өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді.

6. Стандарттау  және сәйкестендіру көрсеткішетері.

7. Тауардың эстетикалылығы.

8. Тасымалдауға  шыдамдылық көрсеткіштері  өнімнің  тасымал-дауға бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді.

9. Патенттік  – құқықтық көрсеткіштері..

Жоғарыда айтылғандарды  қорытындылай келіп, өнім сапасының  қалыптасуын келесі сурет арқылы көрсетуге болады.

 Экономикалық  өсімніңбарынша жоғарғы қарқынына  қол жеткізу еліміздің негізгі міндеті. Бұған өз экономикамымыздың бәсекеге қабілеттілік қабілетін арттыру арқылы қол жеткізуге болады. бәсекеге қабілеттілік  тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыра алатын тауардың құндық және сапалық ерекшеліктерінің  жиынтығымен анықталады. Сапа - өткізу нарығындағы күрестің маңызды құралы бола отырып, тауардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Егер сапаға көңіл аударылмаса, онда ақауларды жөндеуге көп қаржы жұмсалады.

Сыртқы нарықта  өнімнің бәсекеге қабілеттілігі  оның сапасынан және жоғарғы әлемдік стандартпен экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестігінен тәуелді болады.«Бәсекеге қабілеттілік»-бір нарықта ұқсас объектілерді салыстырғанда, оның біреуінің екіншіге қарағанда нақты қажеттілікті қанағаттандыру деңгейін сипаттайтынн объект қасиеті. Сонымен қатар бәсекеге қабілеттілік бұл нақты нарық жағдайында басқасымен қарсыласа алу мүмкіндігі.

Информация о работе Сапаның әлеуметтік және экономикалық маңызы