Сапаның әлеуметтік және экономикалық маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 21:16, курсовая работа

Краткое описание

Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы өнім сапасын арттыру мәселесін отандық өнім өндірушілердің үйреншікті ыңғайларын толығымен өзгертті. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы, нарықтық экономикаға кіру болашағы республика экономикасының бәсекеге қабілеттілікке жетуінің обьективті қажеттілігін негіздейді. Әкімшілдік әміршілдік экономикада бәсекеге қабілеттілік мәселесі ішкі нарықта туындамады, себебі өнімді өткізу сұрақтарын әкімшілдік шаруашылықты бұзып, өндірістік звенолар санының өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасына төніп тұрған қауіп нығайып өсіп бара жатқан халықаралық экономикалық бәсекелестік.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

Тарау І. Қазіргі таңдағы сапаның әлеуметтік және экономикалық маңыздылығы........................................................................................................5
1.1 Қазіргі таңдағы сапаның арттырудағы рөлі ...................................................5
1.2 Сапаны қамтамасыз ету ...................................................................................9

Тарау ІІ. Сапаның әлеуметтік және экономикалық маңызы ...................17
2.1 Әлеуметтік маңызы........................................................................................ 17
2.2 Сапаның экономикалық маңызы....................................................................20

Қорытынды .........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................................................29

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазіргі таңдағы сапаның әлеуметтік және экономикалық маңыздылығы333.doc

— 177.50 Кб (Скачать документ)

Сапаны арттырудың мәні Жапония мысалында жақсы  көрінеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өнеркәсіптері артта қалған, техникасы тозған, өндірген өнімнің сапасы өте төмен Жапония еліне ұлт ретінде жойылып кету қауіпі туды. Өнеркәсіпшілер өнім сапасы мен өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын іздестірумен белсенді айналысып, Жапондық басқарушылар бүкіл әлем бойынша тәжірбиелерді зерттеген. Сондай-ақ АҚШ және Еуропа елдеріндегі жетекші өнеркәсіптік фирмалардың жетекшілерімен кездесіп, тиімді жақтарын қарастырған. Жапондық басқарушылар сапаны статистикалық бақылау және сапаны кешенді басқару ұғымдарына көп көңіл аударған сонымен қатар әр түрлі елдердің тәжірбиесін зерттей оырып, өнім сапасы мен өз жұмыскерлеріне жоғарғы талаптар қойылған.

Қорытындысында, Жапон елінде сапаның жапондық стандарттары және «Сапа мәдниеті» деп аталатын түсінік пайда болған. «Сапа мәдениеті» - өндірістік операциялардың орындалу сапасынан және қызмет көрсету сапасынан тұратын кешенді түсінік. Осылайша Жапония кәсіпорынның іс - әрекетінің жаңа әдістемесінің бастамасы болып, сапаны жалпылай басқаруға көшті. Бұл жаңа жүйе микродеңгейден басқа өнім өткізу нарығын бақылау, нарықтық коньюктураны талдау, сатудан кейінгі қызмет көрсетуден тұрады. Сапаны жалпы басқару тұтынушылар сұранысының өнім сапасына ықыласын күшейтті және сапа меннджер жұмысын бағалау критерилерінің санына кірді. Сондықтан компания менеджерлері сапаға басқарудың бір кезеңі ретінде қарамай, үлкен мән берді.

1950 жылыдың соңында,  АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде  сапаны бақылаудың әр түрлі  формалары пайда болды. Солардың  бірі нөлдік дефекті немесе  дефектісіз еңбек аталған болатын.  Мұндай қолданылған шаралар, материалды және моральды ынталандырулар қызметкерлердің өз жұмысын ақаусыз, сапалы орындауына алып келеді.

1950 жылдары Жапонияда  сапа үйірмелері белсенді қызмет  етті. Сапа үйірмелері сапаны  және қызметкерлерді басқарудың  жапондық тәжірбиесі мен тұжырымдамасынан пайда болды. Сапа үйірмесі іс әрекетінің маңызды формасы шеберлер мен жұмыскерлерді оқыту болды. «Шебер үшін сапаны бақылау» деп аталатын журнал шығарыла бастады. Бұл үйімелердің негізгі мақсаттары:

● Кәсіпорынның дамуына және өндірісті жетілдіруге  үлес қосу;

● Адамға құрмет көрсету кезінде, жұмыс орнында  қуанышты жағдай құру;

● Адам қабілетін  оятуға және оның шексіз мүмкіндіктерін анықтауға қолайлы жағдай жасау. Мұндай сапа үйірмелерінің саны Жапонияда 1965 жылы 3700-ге жетті. Жапондық сапаны басқару жүйесіндегі функцоналдаудың ерекше сипаттамасы дефектісіз еңбек әдісімен кәсіпорын қызметкерлерін жан жақты оқыту, технологияны сақтауды қатаң тексеру, өнім сапасын басқарудағы жұмысшыларды сапаны жақсату іс – шараларына тарту болып табылады. Соңғы жиырма жыл ішінде өнімнің сапасын жақсарту бойынша Жапонияны тәжірбиесіне көңіл ауғаны белгілі. Олардың тауарлары жоғары сапалығымен, американдық және батыс еуропалық тауарларынан анағұрлым төмен бағасымен ерекшеленеді. Сонымен Жапонияда сапаға деген көз қарас келесідей:

● Басқару және технология облысындағы ғылыми өңдеулердің 

   кең қолданысы;

● Өз фирмасына  деген патриоттық тәрбие;

● Барлық басқару  операцияларында өндірісті талдау мен 

   бақылауда  компьютеризацияның жоғарғы дәрежесі;

● Кооперативті рухтың дамуы.

Батыс Еуропа, Жапония, АҚШ фирмаларында өнім сапасын жалпы  бақылау үш міндетті шартты ұсынады:

1. Сапа іс-әрекетінің  негізгі стратегиялық мақсаты  ретінде, фирманың жоғары жетекшілігімен  мойындалуы. Сондықтан нақты міндеттер  қойылып, оны шешуге белгілі  бір қор бөлінеді. себебі сапаға қойылатын талапты тұтынушы аяқтайды. Өнім сапасы тұрақты өсіп отыруы қажет және бұл үздіксіз өзгеріп отыратын мақсат.

2. Өнім сапасын  арттыру бойынша шаралар кәсіпорынның  барлық бөлімшелеріне тиісті  болуы қажет. Көбінесе өнім сапасын арттыруға, жаңа бұйымды дайындау кезеңінде көп көңіл бөлінеді.

3. Белгілі бір  жұмыс орнында үздіксіз оқу  процесінің жүруі және жұмыскерлерді  ынталандыру.

Американдық экономист  А.Фейгенбауманның пікірінше қатаң  бәсекелестік шартында, (АҚШ-та өндірілетін өнімнің 70% импорт өнімі тарапынан қатаң бәсекелестікте) фирма жетістікпен дамуы, келесідей қағидалармен жетекшілік етуінде:

● сапа фирма  қызметінің бағыттарының бірі емес, ол

   кәсіпорынның  барлық функцияларына қатысты  үздіксіз 

   процесс;

● сапаның артуы оның қалыптасуына әрбір фирма

   қызметкерлерінің  қатысу деңгейінен тәуелді;

● сапа өнімнің  өзіндік құнын төмендетуде кедергі  жасамайды,

   керісінше  жағдай жасайды;

● сапа жаңа техниканы  және технологияны пайдалануды 

   білдіреді;

● сапаны тікелей және тиімді басқару қажет.

Бұйым сапасын  арттыруға  қойылатын талап, жыл  сайы өсіп отырады, қазіргі уақытта  әлемдік нарықтың сипаттамаларының бірі. Жаңа бұйымды талқылау жүйесі келесі шарттарды қанағаттандыруы  тиіс:

● бұйымды талқылау кезінен бастап, барлық техникалық

   жаңалықтармен  қатар сапа қарастырылуы қажет;

● ғылыми зерттеу және тәжірбиелі – конструкторлық жұмысты 

   жоспарлау, сипаттамалары  жоғары бұйым варианттарын 

   жобалауды шектемей  ұйымдастырылуы қажет;

● бұйымды талқылауды жеделдету талқылау жүйесінің

    тиіділігінің  негізгі белгісі болуы қажет.

1980 жылдың соңында  нарықтық экономикасы дамыған  елдер сапа менеждментін сертификациялау  және ендіру, талқылаумен айналысты.  Сапа менеджментіне жүйелі ыңғай  қалыптасты. Өнім сапасына ғана емес көрсетілетін қызмет сапасына көңіл аударылды. АҚШ пен Жапония модельдерін жүзеге асырудың басты ерекшелігі олардың тұтынушыға бағытталуы. Американдық компанияларда өнім сапасының қалыптасуындағы негізгі элементі – тұтынушының талаптарын талдау болып табылады. Сапаны реттеу процесінің соңғы элементі де тұтынушының талабы болады, осылайша кері байланыс жүйесі құрылады. таңдап алынған сапа көрсеткіштері жоспарланған өз мәніне өндіріс процесінде жетеді. Эксплуатация, техникалық қызмет көрсету, жөндеуге кепілдік беру, сол өнім түріне қажеттілікті қанағаттандыру деңгейі жөнінде қосымша ақпараттар береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тарау ІІ. Сапаның әлеуметтік және  экономикалық маңызы

2.1 Әлеуметтік  маңызы 

 

 

 Әлеуметтік жұмыскердің  рухани-адамгершілік сапалары. Мұнда  әлеуметтік жұмыстың құндылықтары, мақсаты  мен құндылықтарын деңгейлерге  бөлу, әлеуметттік қызметкердің рухани-адамгершілік сапалары, әлеуметтік жұмыстың этикалық кодексі, этикалық дилемма секілді түсініктер қарастыруға тырысады.

 Ғаламшардың  кез-келген нүктесіндегі қоғамның  күйі, ол әлеуметтік қызметтің  – әлеуметтік жұмыстың, сонымен  бірге, кәсіби-тұлғалық дайындығымен қоса дамуы мен жетілуін қажтсінеді. 
Курстық жұмыстың мақсаты. Болашақ әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіби іс-әрекетке дайындығы. Бұл дайындық теориялық, тәжірибелік және моральды-психологиялық аспектілерді қамтиды. Егер теориялық аспектінің мазмұны – білім, тәжірибеліктікі – қабілеттілік пен икемділік және оны қолдану болса, айтылған аспектілердің соңғысының мазмұны – таңдаған мамандықты бітірушінің кәсіпке тұлғалық сәйкестігі болып табылады. Ол жоғары деңгейлі этикалық стандарттарға сай келуі керек және гумандық мән, әлеуметтік жұмыстың кәсіби іс-әрекет облысы ретіндегі сипаты мен мазмұнына теңбе-тең келуі қажет. Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт- аш жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан- жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой- пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенофонт, Платон, Аристотель т.б) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылады. Мәселен Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас қатынасынан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниелерде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды- заттай жүргізілді.

Экономикалық  ой- пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының  дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI- XVII ғасырларды қамтиды. Қазақстан елінде XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында сауда капиталы, тауар- ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған.  
Алғашқы рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты – меркантелистер мектебі. Ол (мерканте-итальян сөзі сауда, пайда табу) қоғамдық байлықтың негізі ақша алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы таурды шет елдерге мүмкіндігінше көп сату, олардан мейілінше аз сатып алу, сөйтіп ақша қорын молайту жолдарын іздеуі. Меркантелистер рынок экономикасы теориясы мен практикасының негізін қалаушылар қатарына жатады. Олар ақша неғұрлым көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Әрине сауда капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та шығар. Себебі саудагерлр, көпестер ақшасы көбейген сайын, мал-мүлікі көп байлардың қатарына қосылып, қоғамға қажетті тауарларды тасмалдау, сату ісі жанданады. Демек меркантелистер теориясы ғылыми дәлелденбеген, ол халық шаруашылығын толық қамтитын ілім болған жоқ. Меркантелистердің осы осалдығын физиократтар байқады да қоғамдық байлық, аудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ физиократтар Ф. Кенэ, А. Тюрго т.б өндіріс қатарына тек ауыл шаруашылығын жатқызды. Олардың пікірінше, қоғам байлығының бірден бір көзі ауыл шаруашылығы өнімдері, сондықтан өсімтал тап қатарына тек қана шаруалар жатады деген ұғымды дәріптеп Ф. Кенэ тұңғыш рет өндіріс теориясына қатысты «Экономикалық кесте» жасады. Ф.Кеннің «Экономикалық кестесі» қоғамдық өндірістің ұдайы даму процесін зерттеуге арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған ғылыми тұжырымдамалар қатарына жатады. Физиократтардың өндіріске көңіл аударуы экономикалық ой –пікірдегі күрделі жаңалық алға басу. Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі дұрыс болмады. 

Классикалық саяси  экономия жаңа дамып келе жатқан капталистік  өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын  экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады. 

Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Маркстік саяси экономия- еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Марксшілер капиталистік қоғамды дәріптеуші экономикалық теорияларға сын көзбен қарады. Оның себептері капиталистік экономикалық қатынастарда негізінен екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтын буржуазия болса, екіншісі пролетариат-қаналушы тап өмір сүреді. Олардың арасында антогонистік бітіспес қайшылық бар. Бір топ дамыған елдер (АҚШ, Жапония, ФГР, Англия, Канада, Италия) соңғы жылдары Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг сияқты елдер қазіргі заманғы ғылыми-техникалық революцияға бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді. Бұл елдерде еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру, олардың кәсіпорындарды басқаруға демократияны дамытуға қатысуы сиияқты жаңалықтар.

Қазақ халқының көшпелі тұрмыс салты, экономикалық укладтары жетілмеді, соның салдарынан дүниежүзілік мәдениет пен ғылымнан шектеліп қалды. Әр халықтың егемен ел болғысы келетіні табиғи талап деп қарасақ соңғы уақытта басқа республикалар тәрізді Қазақстанның өз алдына мемлекет болып әлемдік кеңістіктен, Біріккен Ұлттар Ұйымынан орын алуы тарихи маңызы зор оқиға. Экономикалық тәуелсіздік болмайынша саяси тәуелсіздіктің де баянды болуы қиын. Қоғамдық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын неғұрлым тиімді пайдалану, өз экономикасының құрылымын жетілдіру , сыртқы сауда айырбас қатынастарының заңдылықтарын меңгеру қажет. Қазақта «Сауда сақал сипағанша» деген мақал бар, сондықтан халықаралық сауда саттықтың , дүние жүзілік рыноктың тәртібін мұқият зерттеудің , бәсекелік күрестің ұмтылмас жолын меңгерудің маңызы арта бермек. Ежелден саудаға шорқақ қазақтың алдында рынок теориясы мен тәжірибесін жедел және жан-жақты игеру міндеті тұр.  
Қазіргі жоғары оқу орындарында барлық мамандыққа оқып жүрген студент жастардың экономикалық теория негіздерін үйрену арқылы практикалық мәселелерді тезірек дұрыс шешуіне болады. Республикамызда дарынды , шет тілдерді білетін жастар аз емес , олардың бір тобы АҚШ-та, Англияда , Францияда, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия сияқты елдерде бизнес, маркетинг, менеджмент, банк жүйесі, финанс-валюта , басқа да қалыптасқан қазіргі заманғы рыноктық инфрақұрылымның заңдылықтарын үйренуде. Бұл прогрессивті бағыт одан әрі дами бермек.  
Қазір экономикалық ғылым ерекше дағдарысқа ұшырап отыр. Бұл дағдарыс себептері көп, оның негізін экономика, саясат идеология т.б қоғамдық өмір саласында байқаймыз. Қазіргі таңдағы көкейтесті проблемалар еңбекші қауымның еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуда адамдардың күнделікті қажеттерін өтеуге керек тауар қорларын молайтуға әсіресе азық-түлік мәселесін шешуге келіп тіреледі. Экономикалық ғылым адамдар қажетін өтеу жолдарының заңдылықтарын зерттейді. Осы ғылымның объективті заңдары еңбекшілердің бүкіл халықтың мүдделеріне қызмет ететіні белгілі. 
Экономикалық ілім қоғамдық өндірісті адамдар арасында әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттейтіндіктен ол қоғамдағы барлық өмірге күнделікті тұрмысқа, адамдардың еңбек ету жағдайына байланысты сан алуан мәселелерге көңіл аударуға тиіс. Ал қоғамдық қатынастардың негізі- өндірістік қатынастар. Оның құрамына жалпы алғанда тікелей өндіріс, айырбас, бөлу, тұтыну қатынастары кіреді, оларды қайталап үздіксіз өңдіру немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі кезеңде ерекше шешімін күтіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған кеңестік экономикаға саяси экономикалық талдау жасау сол арқылы бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік- экономикалық қатынастарды зерттеу. 

Информация о работе Сапаның әлеуметтік және экономикалық маңызы