Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның жұмысын жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 11:14, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның мақсаты - кәсіпорынның (серіктестіктің) қызметін жоспарлауды тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат алып, оны зерделеп, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Кәсіпорынның (серіктестіктің) каржы-шаруашылык қызметінің нәтижелері мен қаржыны жоспарлаудағы стратегиясы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қорытынды беруге өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге, ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысуды қажет етеді.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3
I. Нарықтық экономтка жағдайында кәсіпорынның жұмысын жоспарлаудың қажеттілі мен ұйымдастырушылық - әдістемелік негіздері
1.1. Кәсіпорынның жұмысын жоспарлаудың мәні, әдістемелік негіздері жне қаржы көрсеткіштер ....................................................................................5
1.2. Кәсіпорын қызметінің ұйымдық - құрылымдық нысандары.................16
1.3. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы және бизнес-жоспар...............23
II. Кәсіпорындардың жоспарлау стратегиясын талдау
2.1. Кәсіпорынның қаржы және инвестициялық қызметін жоспарлау........28
2.2. Қаржы нарығындағы кәсіпорындардың стратегиясын дамыту жолдары…...............................................................................................................32
III. Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлауды ұйымдастыруды жетілдіру
3.1. Кәсіпорынның қызметіндегі қаржылық жоспарлау әдістемесін жетілдіру жолдар .................................................................................................34
3.2. Кәсіпорының даму стратегиясын жоспарлауды жетілдіру жолдары.................................................................................................................39
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................44
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................45

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кәсіпорын экономикасы. курстық жұмыс.doc

— 174.50 Кб (Скачать документ)

Салықтық орта: кәсіпорын төлейтін негізгі салық түрлері. Ақпараттық ортаға мыналар кіреді.

1. Сыртқы апараттарға  жататындар:

- салықтық ақпарат;

- әр түрлі  нарықтағы ресурстардың құны  туралы ақпарат;

- қаржы нарығында  қалыптасатын ақпарат;

- бәсеке туралы  ақпарат;

- кәсіпорынның  ішкі экономикалық қызметі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.

2. Ішкі ақпараттарға:

- қаржы есебі;

- статистикалық  есебі;

- ішкі есебі;

- алғашқы бухгалтерлік  есебінің мәліметтері.

3. Қаржы менеджментің  сфералары:

- қаржылық болжау  және жоспарлау, сонымен қатар  қаржылық жоспарлау;

- активтерді  жоспарлау мен бағалау және  оның көздерін қалыптастыру;

- компанияның  экономикалық шамасын ұстап тұру  үшін және оның қызметін ұлғайту,  ресурс құрамын және көлемін  бағалау қызменттерін көрсету;

- қаржының қосымша  көздерін бағалау;

- қаржы ресурстарын  тиімді пайдалану және қойылған  бақылау жүйесін қалыптастыру.

4. Кәсіпорынды  қаржы ресурстарымен қамтамасыз  ету:

- қаржы ресурстарының  көлемін бағалау;

- оның қолданылуын  таңдау;

- осы ресурстарды  уақытылы қолдануды және жеткізуді  бағалау жүйесі;

- нақты ресурс  түрлеріне салу құнын бағалау;

- нақты қаржы  көздерін ассоциациялау тәуекелін  бағалау.

5. Қаржы ресурстарын  пайдалану және бөлу:

- инвестицияның ұзақ және қысқы мерзімді шешімін бағалау және жоспарлау;

- қаржы ресурстарының  басқа ресурс түрлерін үйлесімді уақытты трансформаттау (материалдық, еңбектік, ақшалай);

- айналым қорларын  үйлесімді пайдалану;

- қаржы бөлу тиімділігін қамтамасыз ету.

Қаржылық есептің  маңызды элементі болып саналатын  активтерді, жоспарлау барысында, осы  активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және олада балған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын жоспарлау, оларды рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсу (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Алайда, кәсіпорын  мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляция есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.

Отандық есептік - аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалауы жүргізіледі. Сондықтан да олардың өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатын күмәнсіз.

Кәсіпорын сырттан  тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатын көруге болады. Тәуелсіздік  коэффицентін меншікті капиталдың барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:

КТС = МКК (3)

Мұндағы: Ктс- тәуелсіздік коэффиценті,

Мк - меншікті капитал,

Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы)

Бұл коэффиценттің  өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары деңгейде болған дұрыс деп санайды. Себебі, бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндетттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты текелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысалы.

Өз өнімдерін  экспортқа шығарып шет елдермен, республика аумағындағы көптеген кәсіпорындармен  тығыз байланыс жасайды. өндіріс  поцесі еңбек заттары және еңбек  құрал-жабдықтары болып бөлінетін  өндіріс құрал-жабдықтарының қатысуымен жүзеге асырылады. Еңбек құрал-жабдықтарының құрамына белгілі бір заттарды жатқызу олардың сыртқы белгілеріне қарап емес, өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап белгіленеді.

2.2. Қаржы нарығындағы кәсіпорындардың стратегиясын дамыту жолдары

Қазіргі кездегі инвестициялық жобаларды нақты активтерге топтастырудың түрлері көптеп кездесетіндігі белгілі. Инвистордың шешімдеріне байланысты инвестициялық жобалар келесі мақсаттарға бағытталуы мүмкін:

1. Тиімділікті  арттыру - бұл жағдайда олардың  тапсырмасына бәрінен бұрын, фирманың шығындарын төмендету үшін құрал-жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту немесе өндіріс қуаттарын өндіріске тиімді аймақтарға ауыстыру;

2. Өндірісті  кеңейту - бұл жағдайда инвестициялық  мақсаты бұрыннан жұмыс істеп  келе жатқан нарық пен өндірістегі тауарларды шығару және одан әрі көбейту;

3. Жаңа өндірісті  құру - бұл инвестициялық жобалар  бұрын шықпаған таурларды (көрсетілген  қызметтерді) шығаратын өндірістік  фирмалар құруға немесе бұрыннан  шығарып келе жатқан тауарларды  белгісіз жаңа нарыққа шығарылуына мүмкіндік береді;

4. Мемлекеттік  басқару органдары үшін негізделген  инвестициялық жобалар - бұларға  сұраныс, үкіметтің кейбір талаптарын  орындауға тиісті болған (бұл  эколргиялық стандарттарын орындау,  өнімнің қауіпсіздігі қажет болған  жағдайларда және т.б.).

Мұндай топтастыру инвестициялық жобалардың әртүрлі  деңгейдегі тәуекеліне байланысты. Жобаның  типі мен тәуекел деңгейінің арасындағы тәукелділікті келесі түрде көрсетуге  болады - олар жоғары деңгейлі тәуекелді  инвестициялық жобалардың типіне жаңа өндірістерді құру, өндірістерді кеңейтуі, ал төменгі тәуекелді инвестициялық жобалардың типіне өндірісті тиімді пайдалану және мемлекеттің топтарын орындауға бағытталған жобаларды жатқызамыз. Мұндай топтастыру инвестициялық жобаларды тек олардың бағыттарына бойланысты жүргізілген. Бірақ инвестициялау процесінің көп қырлығы және қиындығы инвестициялық жобаларды топтастырудың басқа да түрлерге бөлуге болады. Мысалы, көлемі бойынша, мұндай жағдайда жобалар ірі, орта және шағын болып бөлінеді. Ірі жобалар басым мақсаттағы жаңа объектілерге бағытталған және құны 1-2 млн. АҚШ долларына таяу тұрады. Орта жобалар құны 1-2 млн. АҚШ долларға дейін болса, ал шағын жобалар құны 100-300 мың доллар құрайды. Шағын және орта жобаларды іске асыруға қажетті инвестициялардың қайнар көздерінің бірі фирманың жарғылық қордан амортизациялық аударымдар жасау болып табылады. Бірақ, қазіргі жағдайдағы Қазақстан экономикасындағы амортизациялық аударымдар инвестициялық ресурстардың қайнар көзі болып табылмайды. Өйткені, соңғы жылдары дәстүрлі инвестициялық көздердің инфляцияға  байланысты іс жүзінде қолдана бастауы тоқтады. Амортизациялық бағытталу мақсатында қарай негізгі корлардың жаңарумен кеңейуіне жұмсамай, инвляцияға ұшыраған негізгі қорлар мен басқа да өндірістік мақсаттарда қолданылады. Инвестициялық қажеттіліктер үшін керекті пайданың бір бөлігі бағаның өсуіне байланысты тұтынуға жұмсалады.

III. Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлауды ұйымдастыруды жетілдіру

3.1. Кәсіпорынның қызметіндегі қаржылық жоспарлау әдістемесін жетілдіру жолдары

Кәсіпорынның  қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізумен өзінің қарыз міндеттемелерін  уақтылы өтеу үшін қаржы ресурстарымен  қамтамасыз етілуін көрсетеді. Қаржылық тұрақтылықтың мәні - бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі.

Ақша қаражаттары - бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша. Операциялық қызмет деп субъекттің табыс алу жөніндегі негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ, басқа бір қызметін түсінеміз.

Инвестициялық қызмет дегеніміз - бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелінетін несиелерді беру және алу.

Қаржылық қызмет бұл нәтижесінде меншікті капитал  мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын субъектінің қызметі болып табылатын.

Қаржылық жоспарлаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі  ережелерін қалыптастырады. Олардың  ішінен алты негізгі әдісті бөліп  қарастыруға болады:

• көлденең жоспарлау;

• тікелей жоспарлау;

• трендік жоспарлау;

• салыстырмалы жоспарлау;

• факторлық  жоспарлау;

• қаржылық коэффиценттер  әдісі:

Көлденең жоспарлау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңінен салыстыру.

Тікелей жоспарлау - әрбір есеп позициясының жалпы  нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау.

Трендік жоспарлау - барлық көрсеткіштер 100 алынатын базистік жыл деңгейінен бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделген. Трендік көмегімен болашақтағы көрсеткіштердң мүмкін балатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық жоспарлау жұргізіледі.

Салыстырмалы  жоспарлау - бұл фирмалардың, еншілес  фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың  жекелеген көрсеткіштері бойынша  есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі жоспарлау, сондай-ақ берілген кәсіпорынның көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар фирмалардың көрметкіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық болып табылады.

Факторлық жоспарлау - бұл жекелеген фактордың қорытынды  көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік немесе реттелмеген тәсілдері қіөмегімен жоспарлау: Сонымен қатар факторлары жоспарлау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол кері болуы мүмкін.

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын болжамдау кәсіпорында  туындауы мүмкін дағдарыстың алдын  алу және бақылауға мүмкіндік  береді. Кәсіпорын қызметін жоспарлау  бірнеше кезеңдерден тұрады:

• нарықтық қатнастардың даму бағытын болжау;

• дағдарыстың  себептері мен негізгі факторларын дер кезінде таба білу. Кәсіпорын қызметінің табыстары мен сәтсіздіктері:

• сыртқы, бұларға  кәсіпорын әсер ете алмайды;

• ішкі, бұлар  кәсіпорын қызметкерлерінің ұйымдастыру  жұмыстарын жүргізудегі тікелей  байланысты.

Сыртқы (әлеметтік) және ішкі (технологиялық) факторлардың өзгеруіне қарай бейімделу, оларды шеберлікпен ұштастыра жүргізіп отыру кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуінің, өргендеп өсуінің бірден бір кепілі болады.

Кәсіпорынның  қызметіне әсер ететін сыртқы факторларға  мыналар жатады:

• халықтың қажеттілігінің мөлшері мен құрылымы;

• халықтың табыстары  мен жинақтардың деңгейі, яғни оның сатып алу қаблілеттілігі;  

• саяси тұрақтылық және ішкі саясаттағы бағыттар;

• ғылым мен  техникалық тауар өндіру процесі  мен оның бәсекеге кабілеттілігін анықтайтын бағыттарын дамыту;

• мәдениет деңгейі, яғни тұтыну нормасы мен дағдылары;

• халықаралық  бәсеке, шетел фирмалары бір кездерде арзан еңбектің есебінен жнңіске  жетсе, ал басқалары - жетілген технология негізінде.

Кәсіпорын басшылары өз кәсіпорынның қаржылық жағдайына:

• ел экономикасының даму барысы;

• инфляция;

• кенеттен жаңа бәсекелестердің пайда болуы;

• мемлекеттік  реттеу жұмыстарындағы келеңсіздіктер;

• мемлекеттік  тапсырыстың күт төмендеп кетуінің де әсер ететінін үнемі ескеріліп отырулары қажет.

Кәсіпорынның  дамуын анықтайтын және оның қызметінің нәтижелі болуының ішкі факторлары мынандай:

• кәсіп орынның  негізгі мақсаты;

• оның қызметінің негізгі принциптері;

• ресурстар  және оны пайдалану;

• маркетинг  қызметін пайдаланудың деңгейі және мұның сапасы. Қаржылық жоспарлауда қаржы стратегиясы мен бөлек тактикасы болатындығы бізге мәлім. Жоспарлау барысындағы қаржы стратегиясы мен тактикасының негізгі бағыттарын суреттен көруге болады. Қаржы тактикасының екі түрі бар.

Қорғану тактикасы, яғни жиынтық шараларды ұқыпты жүргізу. Олай болса, оның тиісиі стратегиясы мен тактикасын қолдану кәсіпорынның бір қалыпты жұмыс істеп, тиімділігін арттырудың кепілі болып табылады. Өнім өндіру, дайын тауарларды сату процессіндегі барлық шығындарды мейлінше қысқартуға.

Бастырмалату  практикасы, яғни бірінші кезекте  стратегиялық мәні бар шараларды іске асыру.

• негізгі корларды жаңарту;

• жаңа технологиялардың есебінен шығындарды азайту;

• негізгі қорларды жаңарту;

• жаңа технологияны енгізу және т.б. жүргізіледі.

Кәсіпорын қызметіне  қаржылық жоспарлау жүргізу кезінде  кәсіпорын басшылығын қайта бекіту немесе алмастыру қалыптасқан жағдайда кешенді талдау және бағалау жұмыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Информация о работе Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның жұмысын жоспарлау