Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 11:14, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның мақсаты - кәсіпорынның (серіктестіктің) қызметін жоспарлауды тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат алып, оны зерделеп, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Кәсіпорынның (серіктестіктің) каржы-шаруашылык қызметінің нәтижелері мен қаржыны жоспарлаудағы стратегиясы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қорытынды беруге өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге, ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысуды қажет етеді.
КІРІСПЕ...............................................................................................................3
I. Нарықтық экономтка жағдайында кәсіпорынның жұмысын жоспарлаудың қажеттілі мен ұйымдастырушылық - әдістемелік негіздері
1.1. Кәсіпорынның жұмысын жоспарлаудың мәні, әдістемелік негіздері жне қаржы көрсеткіштер ....................................................................................5
1.2. Кәсіпорын қызметінің ұйымдық - құрылымдық нысандары.................16
1.3. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы және бизнес-жоспар...............23
II. Кәсіпорындардың жоспарлау стратегиясын талдау
2.1. Кәсіпорынның қаржы және инвестициялық қызметін жоспарлау........28
2.2. Қаржы нарығындағы кәсіпорындардың стратегиясын дамыту жолдары…...............................................................................................................32
III. Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлауды ұйымдастыруды жетілдіру
3.1. Кәсіпорынның қызметіндегі қаржылық жоспарлау әдістемесін жетілдіру жолдар .................................................................................................34
3.2. Кәсіпорының даму стратегиясын жоспарлауды жетілдіру жолдары.................................................................................................................39
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................44
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................45
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
I. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның жұмысын жоспарлаудың қажеттілі мен ұйымдастырушылық - әдістемелік негіздері
1.1. Кәсіпорынның жұмысын жоспарлаудың
мәні, әдістемелік негіздері және қаржы
көрсеткіштер ..............................
1.2. Кәсіпорын қызметінің ұйымдық - құрылымдық нысандары.................16
1.3. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы және бизнес-жоспар...............23
II. Кәсіпорындардың жоспарлау стратегиясын талдау
2.1. Кәсіпорынның қаржы және инвестициялық қызметін жоспарлау........28
2.2. Қаржы нарығындағы кәсіпорындардың
стратегиясын дамыту жолдары…......................
III. Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлауды ұйымдастыруды жетілдіру
3.1. Кәсіпорынның қызметіндегі
қаржылық жоспарлау әдістемесін жетілдіру
жолдар ..............................
3.2. Кәсіпорының даму стратегиясын
жоспарлауды жетілдіру жолдары.......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіндік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті әріптестерді тандауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Нарық жағдайында кәсіпорындардың өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін жайғастыра отырып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын анықтайды.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік әсірере қаржылық шешімдер кабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет, соның ішінде қаржы нарығындағы оның стратегиясы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына өз шарапатын тигізбей қоймайды. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Менің курстық жұмысымның мақсаты - кәсіпорынның (серіктестіктің) қызметін жоспарлауды тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат алып, оны зерделеп, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Кәсіпорынның (серіктестіктің) каржы-шаруашылык қызметінің нәтижелері мен қаржыны жоспарлаудағы стратегиясы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қорытынды беруге өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге, ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысуды қажет етеді.
Қойылған мақсат жұмыстың келесі міндеттерін анықтайды:
- серіктестік
нысанында құрылған кәсіпорын
қызметінің теориялық
- нарық экономикасындағы кәсіпорын қызметін жоспарлау барысында талдау жасап, оның себептері мен салдарын анықтау;
- талдау нәтижелері бойынша
қорытындыларды қалыптастыру
Жұмыстың пәні және объектісі. Жұмыстың пәні ретінде кәсіпорынның қаржысын жоспарлаудың құралдары және әдістерімен байланысты теориялык және практикалық сұрақтар саналады. Жұмыстың объектісі Қазақстан Республикасының кәсіпорындарының қызметі болып табылады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар келтірілген.
I. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынның жұмысын жоспарлаудың мәні, әдістемелік негіздері және қаржы көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының
«Кәсіпкерлік» термині және кәсіпкерліктің өзі қоғамдық өмірге тек 80-шы жылдардың екінші жартысында ғана енеді.Кәсіпкерлік ұғымы ең алдымен меншікке деген көзқарастың өзгеруіне байланыстырылады. Кәсіпкерлік қызметте басты назар пайда алу жағына қарай ауыса бастайды. Сонымен кәсіпкерлік қызметті меншік иесінің (толық немесе ішінара) тәуекел ете және мүліктік жауапкершілікте бола отырып пайда алуына бағытталған дербес қызметі деп түсінуге болады.Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкер тауар өңдіру үшін нақты іс-әрекет жоспарын (бизнес-жоспар) жасайды.
Қаржылық жоспарлау мен болжау - бұл қаржы механизімінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлінуді алдын-ала үлгіленуге байланысты болады.
Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін, жұмыстардың прогресивті нысандарын қолдануды қажет етеді.
Қаржы көрсеткіштерін,
белгіленетін қаржы операцияларын
негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық
шешімдердің қажеттілігі
Қаржылық жоспарлау - бұл белгілі бір кезеңге арналған қаржы ресурстарының және тиісті қаржы қатынастарының қозғалысын негіздеудің ғылыми процесі. Бұл процесте жоспарлаудың шешімдерін бағалаудың прогресивті әдістерін ғылыми пайдалануды, техникалық дамуымен, тиісті ақпараттың жоғары біліктілігімен қамтамасыз етілетін өте жаңа техниканың негізінде жасалынатын есеп-қисаптардың көп нұсқалығының үлкен маңызы бар. Қаржылық жоспарлаудың тікелей объектісі - табыстар мен қорланымдарды жасау және бөлу, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жоспарлаудыц мазмұны ақшалай табыстар мен қорларды жасау, бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржыны жоспарлаудың міндеті жұмылдырылатын және пайдаланылатын қаржы ресурстарын ұдайы өндірістің материялдық заттық элементеріне оңайтыла сәйкестігі негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді, жүйелердің дамуының үйлесімдігі мен теңгерілімдігіне жету.
Қаржылық жоспарлаудың мақсаттары мыналар:
- қаржы ресурстарын
қалыптастырудың көздерін және
олардың жалпы мөлшерін
- орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында, ұлттық шаруашылық салалары мен әкімшілік-аймақтық бөлімшелер арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлар үйлестерін (пропорцияларын) белгілеу;
- қаржы ресурстарын
пайдаланудың нақтылы
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқару органдары, мекемелері және олардың жоғары құрылымдары жүзеге асырады. Нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.
Болжам - арнайы ғылыми зерттеудің негізінде болашақтағы қандай болса да бір құбылыстың жай-күйін ықтималды пайдалану. Болжау - қандай болса да бір құбылыстың, объектінің, процестің дамуының нақтылы келешектері туралы болжамдарын әзірлеу. Қаржыларға сәйкес болжаудағы құбылыстың дамуы - бұл қаржы қатынастарының мүмкіндігінше жетілдіру, объектісі - қаржы ресурстары, процесі - ақша қорларының қозғалысы.
Жоспар - іс-қымылдарды немесе шараларды жүзеге асырудың тәртібін, мерзімін, дәйектілігін анықтайтын тапсырмалардың біртұтас мақсатына жетуге бағытталған өзара байланысты жүйе. Жоспарлау - жоспарлаудың өзін әзірлеуді, оның орындалуын ұйымдастыруды және атқарылуын бақылауды қамтитын процесс.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалы) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық -үйлестіруші рольді атқарады және қаржы қызметінің субъектіліріне экономикалық зерттеушіліер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері енгізіледі. Оны жасау барысында Батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізінде алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативтік (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті құру жұмыстары қалыптасты.
Индикативтік жоспарлаудың ажырамас бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты - болжанған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын атқару.
Индикативтік
қаржы жоспарларының
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаларға негізделген: орталықтандырылған көзқарастардың үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) - орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық жоспарлау мемлекетке біріңғай қаржы саясатын жургізуге мемлекет ауқымында қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысыналы басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бірліктер мен биліктің жергілікті орындарының нақтылы жоспарлау жасап, оларды орындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелігін арттырудың резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.
Биіліктің жергілікті
органдары бюджеттерінің
Бірлік қағидасы қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен тығыз өзара байланысты. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметірлері дәлелденіп, анықталады. Экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерімен тығыз өзара байланысты білдіреді. Жоғары ұйымдардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері оған қарасты субъектілердің жоспарлы жобаларын қамтиды. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспарлары (мемлекттік бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді.
Жоспарлаудың үздіксіз қағидасы перспективалық және жылдық (ағымдағы) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін қажет бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидасы ағымда жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толык тиімді дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылық резервтерді табуға мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістері мен шығыстардың негізгі топтары бойынша жоспарланатын жылға арналған кірістер мен шығыстардың нақты түрлерінің есеп-қисаптары жасалады.
Информация о работе Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның жұмысын жоспарлау