Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның жұмысын жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 11:14, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның мақсаты - кәсіпорынның (серіктестіктің) қызметін жоспарлауды тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат алып, оны зерделеп, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Кәсіпорынның (серіктестіктің) каржы-шаруашылык қызметінің нәтижелері мен қаржыны жоспарлаудағы стратегиясы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қорытынды беруге өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге, ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысуды қажет етеді.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3
I. Нарықтық экономтка жағдайында кәсіпорынның жұмысын жоспарлаудың қажеттілі мен ұйымдастырушылық - әдістемелік негіздері
1.1. Кәсіпорынның жұмысын жоспарлаудың мәні, әдістемелік негіздері жне қаржы көрсеткіштер ....................................................................................5
1.2. Кәсіпорын қызметінің ұйымдық - құрылымдық нысандары.................16
1.3. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы және бизнес-жоспар...............23
II. Кәсіпорындардың жоспарлау стратегиясын талдау
2.1. Кәсіпорынның қаржы және инвестициялық қызметін жоспарлау........28
2.2. Қаржы нарығындағы кәсіпорындардың стратегиясын дамыту жолдары…...............................................................................................................32
III. Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлауды ұйымдастыруды жетілдіру
3.1. Кәсіпорынның қызметіндегі қаржылық жоспарлау әдістемесін жетілдіру жолдар .................................................................................................34
3.2. Кәсіпорының даму стратегиясын жоспарлауды жетілдіру жолдары.................................................................................................................39
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................44
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................45

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кәсіпорын экономикасы. курстық жұмыс.doc

— 174.50 Кб (Скачать документ)

Үшінші кезеңде  сметадағы тапсырмалар және кірістердің  баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.

Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметірлері дәлелденіп, анықталады. Экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі.

Басқарудың  барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша сыныптаған орынды. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: орталықтандырылған (жалпы мемлекеттік) және ортал ықтандырылмаған.

Орталықтандырылмаған қаржы жоспарлары жалпы мемлекеттік қаржы ресурстарының қозғаласын негіздейді. Мемлекеттің қаржы жүйесін жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді. Нысаны бойынша олар әрқашан құрама жоспарлар болып табылады, бірақ бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сондай-ақ министірліктердің, ведомстволардың каржы жоспарларының құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомстваның шегінде ғана жобалайтындықтан олар орталықтандырылмаған жоспарларға жатады. Орталықтандырылмаған қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектісімен бірге сферасымен, жоспарлау әдістемесімен және арналымымен ерекшеленеді.

Орталықтандырылмаған  қаржы жоспарларының мынандай елеулі белгілері болады:

Объектісі - микро  деңгейде қалыптасып, бөлінетін жалпы мемлекеттік ресурстар;

Қамтуы - мемлекеттің қаржы қызметінің сферасы, тиісінше оның ұдайы өндіріс процесіне қатысушыларымен өзара қаржы қатынастары және сонымен бірге пайда болатын жалпы құндық ара қатынастар;

Негізгі мақсаты - жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді  қанағаттандырудағы мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерін анықтауға негізделетін нақтылы кезеңге арналған оның қаржы  жоспарын негіздеу.

Орталықтандырылған қаржы жоспарының нысандары, мазмұны көбінесе тиісті мемлекеттің қаржы жүйесінің құрылысына, қаржы жүйесінің жеке буындарына, сондай-ақ нақтылы кезеңге қаржы көмегімен жүзеге асырылатын қайта бөлу процестерінің ерекшеліктеріне байланысты болады. Орталықтандырылған қаржы жоспарлары экономикалық және әлеуметтік процестерді мемлекттік реттеуде маңызды роль атқарады. Қазіргі кезде құрама қаржы жоспары жалпы мемлекеттік, салық аумақтық жоспарларды қамтиды. Мыналар жалпы мемлекеттік болып табылады: мемлекттің құрама қаржы балансы, мемлекттік бюджет, республикалық бюджет. Құрама қаржы балансы деп орта мерзімді (бес жылдық) кезеңге арналған дамудың жалпы мемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады.Оны жасаумен Қаржы Министірлігінің Ұлттық Банктің белсенді қатысуымен экономика және Бюджеттік жоспарлау Министірлігі айналысады Аймақтарда баланстың есеп-қисаптарын аймақтық органдар жүргізілуі тиіс.

Баланстың кіріс бөлігі мыналарды қамтиды: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар (ҚҚС, акциздер, кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.

Шығыстар  бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар (құрделі жұмсалымдарды қаржыландыру, айналым қаражаттарының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік субвециялар), сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар, әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалынатын шығыстар, басқару мен қорғаныс шығыстары, қысқа мерзімді несие салымдарының және ұзақ мерзімді несиелер алуға арналған қаражаттардың өсімі.

Дүние жүзінің  барлық елдерінде таралған маңызды  орталықтандырылған қаржы жоспары - мемлекеттік бюджет болып табылады. Оны жасаудың керектігі мемлекеттің  ақша ресурстарының көздері мен ауқымын анықтаудың және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды ұтымды бөлудің қажеттілігінен туындайды.

Бюджет баланс нысанында жасалады. Онда ағымдағы кезеңге арналған елдің, оның аумақтарының экономикалық және әлеуметтік бағдарламасына сәйкес бүкіл түсім көздерінің толық жиналуына бюджет қаражаттарының ұғымды бөлінуіне және бюджеттің тапшылықсыз теңдестіруіне баса назар аударылады.  

Аса маңызды  оперативті қаржы жоспарының мемлекеттің  құрама қаржы балансынан бірқатар елеулі айырмашылықтары бар. Онда мемлекеттің барлық кірістері емес, тек орталықтандырылған бөлігі қамтылып көрсетіледі. Бюджетте түсетін төлемдердің нақты аттары мен олардың төлеушілірі, арналым және оларды алушылар көрсетіледі. Мемлекеттік сақтандырудың құрама каржы жоспары бұл ұйымның барлық ақша түсімдері мен стихиялық апаттарды ескертуімен және оның зардаптарын жоюмен байланысты ұйғарылған шығындарды анықтайды. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бюджеті әлеуметтік сақтандыру қаражаттарының жасау мен бөлуді жоспарлайды. Ол кәсіподақ ұйымдарының барлық кеңестерінің бюджеттерін, халықтың әлеуметтік қажеттерін, ВІДСПС-тің орталықтандырылған, қаражаттарын біріктірді.

Бюджеттен тыс  қорлар әдеттегідей жалпы мемлекеттік  қаржы жүйесінің дербес буыны болып табылады, айрықша көздер есебінен құрылады және өзінің ресурстарын функционалдық міндеттерді орнатуға жұмсайды. Орталықтандырылған қаржы жоспарлары теек қаржы ресурстарының қозғалысының деңгейі бойынша да: жалпы мемлекеттік немесе жеке аймақтардың (республикалық және жергілікті) жоспарлары болып ажыратылады. Салық қаржы жоспарларының жүйесі материалдық өндіріс салалары министірлігінің кірістері мен шығыстарының балансын, әндірістік емес салалар министірліктір шығындарының құрамы сметаларын, қоғамдық ұйымдардың және т.с.с. қаржы жоспарларын қамтиды.

Аймақтық қаржы  жоспарларына мыналар жатады: аймақтардың  құрама қаржы баланстары, жергілікті бюджеттер тиісті аумақтағы қоғамдық ұйымдар және тағы басқалары.

Мезгіліне қарай  қаржылық жоспарлау жылдық, орташа мерзімді (3 жылдық, 5 жылдық) және перспективалық болып бөлінеді. Қазіргі кезде жоспарлардың жоғарыда аталған барлық түрлері бір және бес жылдық мерзімде жасалынады. Арналымына байланысты бес жылға құрама қаржы балансы, бірқатар басқа құрамдық жоспарлары жасалуы тиіс, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстардың негізгі көрсеткіштері бойынша есеп-қисаптар жүргізулуі тиіс.

Бюджеттен қаржыландырылатын  мемлекеттік мекемелердің қаржы  жоспары смета деп аталады. Ұжымдар, коопертивтік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және сақтық компаниялар қаржы жоспарларын жасайды.

 Қаржы көрсеткіштері  сан және сапа түрінде белгілі  бір қаржы-экономикалық категорияны,  қаржы қатынастарының элементін  бейнелейді.

Кәсіпорын деңгейінде мыналар аса маңызды қаржы -экономикалық көрсеткіштер болып табылады:

- өнімді (жұмысты  немесе қызметті) өткізуден түсетін  табысы;

- бұл көрсеткіш  мақсатты арналымның қорлары  бойынша ақша қаражаттарын одан  әрі бөлу және пайдалану ауқымдары  мен мүмкіндіктерін алдын ала  анықтайды;

- шығындардың  көрсеткіштері (өткізілген өнімнің өзіндік құны, шығындардағы және элементтерінің үлес салмағы, кезең шығысы);

- жалпы табыс;

- таза табыс;

- реннтабельділіктің (табыстылықтың) деңгейі; 

- амортизациялық  аударымдардың мөлшері;

- өндірістік  және әлеуметтік дамуының шаруашылық есеп қорларының ауқымы (қорлану, тұтыну, резерв,валюта және ұқсас қорлар);

-жабдықтаушылармен,  тұтынушылармен, банкпен, бюджетпен,  басқа ұйымдармен (несиелік және  дебиторлық берешек, міндеттемелердің  ауқымы, бюджет бойынша берешектер  және басқалары) есеп айырысу аухалының көршеткіштері;

- айналым қаражаттарының  көлемі, сақталымдағы және олардың  жасау көздері;

- айналым қаражаттарына  деген қажеттіліктің оның қола  барымен сәйкестігі;

- негізгі және  айналым құралдарын пайдаланудың  көрсеткіштер (қор қайтарым, өнімнің қор сиымдылығы, айналым қаражаттары айналымдығының коэффициенті, айналым қаражаттарының ұзақтағы, айналымдылығының тездетудің көрсеткіші);

- акционерлік  капиталдың ауқымы және дивиденттердің  көлемі;

- жалдау ақысының  мөлшері және басқалары;

- кәсіпорын  қаражаттары тиімділігінің көрсеткіштері.

 

     1.2. Кәсіпорынның қызметінің ұйымдық-құрылымдық нысандары

Кәсіпорын - бұл кәсіпкерілік қызымtтті ұйымдастыру үшін құрылған шаруашылық субъект. Оның экономикалық мақсаты қоғамның кажеттіліктерін қамтамасыз ету және табыс табу т.б. өзінің мазмұнына қарай кәсіпкерлік қызмет ұйымдардың немесе кәсіпорындардың өндіру және өнімді өткізу, жұмысты орындау және қызмет көрсету, қор нарығындағы операцияларды қарастырады. Кәсіпорын қандай да бір қызмет түрімен айналысуы мүмкін немесе бір мезгілде барлық қызмет түрін жүзеге асыруы мүмкін.

Кәсіпорын экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшылар мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз - өндірістік-техникалық ұйымдастыру, яғни әкімшілік және шаруашылық еркіндігін бар өндіріс бірлігі.

Кәсіпорындар белгілі  бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, түрлі  қызметтер көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін және пайда табу мақсатында құрылады. Кәсіпкерлік қызмет экономиканы тұрақтандырудың маңызды факторы болып табылады.

Кәсіпкерлік қызмет процесінде ұйымдар немесе кәсіпорындар өздерінің  контрагенттерімен шаруашылық байланыста болады. Контрагенттер: жеткізіп берушілер және сатып алушылар, бірлескен қызмет серіктестері, ассоциациялар мен бірлестіктер қаржы және несие жүйелері т.с. осының нәтижесінде қаржы қатынастары пайда болады. Олар өндірісті ұйымдастыру мен өнімді өткізу, жұмысты орындау, қызмет көрсет, қаржы ресурстарын қалыптастыру, инвестициялық қызметті жүзеге асырумен байланысты.

Өндірістік жүйе ретінде  кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.

Сыртқы ортаға - экономикалық саясат, құқықтық орта, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.

Ішкі ортаға - еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетингтік орта және тағы басқалар жатады.

Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты - бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен ең жоғарғы пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару болып табылады.

Кәсіпорынның негізгі қызметтеріне мыналар жатады: - өндіріске қажетті және жеке тұтынуға арналған өнім түрлерін шығару;

- тұтынушыға өнімді жеткізу  және сату:

- өнімді сатып болғаннан  кейін қызмет көрсету;

- өнеркәсіптік кәсіпорындарды  материалдық-техникалық жабдықтау;

- кәсіпорын  жұмысшыларының еңбегін ұйымдастыру  және басқару;

- кәсіпорындағы  өндіріс көлемін жан-жақты дамытып,  ұлғайту;

- кәсіпкерлік  қызметті жүзеге асыру;

- салықтар мен  мемлекеттік бюджеттке төленетін  міндетті төлемдерді төлеу, басқа  да міндеттемелерді орындау;

- мемлекеттік  заңдарды, нормативтер иен стандартарды сақтау. Кәсіпкерлік қызметтің орны ең алдымен кәсіпорын. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және қолданылып жүрген заңдар мен заңдылықтарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық құқықтық нысандары бар:

- мемлекеттік  кәсіпорын;

- серіктестік  (толық жауапкершілігі, аралас жауапкершілігі және шектеулі жауапкершілігі бар);

- акционерлік  қоғамдар мен бірлестіктер.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаттарына қарай коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді. Кәсіпкерлік қызметке қатысушылар мен олардың әріптестерімен бірігуі «серіктестік» деп аталады. Серіктестіктер шаруашылықтардың қатысуы жазбаша шарттар мен келісімдер түрінде бекітіледі. Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрады. Серіктестік нысанында құрылған кәсіпорынның мүшелері:

- басқару ісіне қатысуға;

- серіктестік  қызметі жөнінде мағұлмат алуға;

- оның құжаттарымен танысуға;

- несие берушілер  мен мемлекет алдындағы міндеттемелерін  орындағаннан кейін қалған пайданы  бөлісуге;

- тиісті мүлік  құнының ақшалай баламасын алуға құқылы. Серіктестік нысанында құралған шаруашылықтың иелігіндегі мүліктерге:

- негізгі өндірістік  құрал-жабдықтар;

- айналым құралдары;

- ақшалай қаражаттары;

- басқа да  активтер мен құндылықтар кіреді. Серіктестік нысанында құрылған шаруашылықтың мүшелері:

- құрылтайшылар атынан талап етілген құжаттарды дайындап беруге;

- алдын ала  белгіленген жарналар мен салымдарды  толық және уақытында төлеулеріне; 

- коммерциялық  құпияларды сақтауға;

- құпия ақпараттарды жария етпеуге міндетті.

Толык серіктестік  төмендегі екі негізгі белгісімен ерекшеленеді:

- кәсіпкерлік  қызмет және оған қатысушы  серіктестіктің қызметтері олардың  өз қызметтері болып саналады, алуының міндеттері бойынша кез  келген қатысушы өзінің барлық  мүлкімен жауап береді.

- Серіктестік жеке сенімді қатынастарға негізделеді: егер бір қатысушы серіктестіктің атынан мәміле жасаса, мүліктік жауапкершілік басқа қатысушыға жүктеледі. Сондықтан толық серіктестік отбасылық кәсіпкерлік ретінде дамып келеді.

Егер толық  серіктестікке оны ұйымдастырушылардың бәрі жеке адам ретінде болса, белгілі бір жауапкершілікті жағдайда кезіккенде (мәселен банкроттыққа ұшырағанда, өмірге қажетті күнделікті заттарды қоспағанда, басқа да жеке мүліктерін, атап айтқанда: көлік, саяжай, жиһаз, қылқалам туындысы, зергерлік бұйымдар, басқа да құнды мүліктерді есепке алады.

Әдетте толық  серіктестікдерді заңды тұлғалар, ірі кәсіпорындар құрайды.

Информация о работе Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның жұмысын жоспарлау