Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 16:41, реферат
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – жеке кәсіпорынның нарықтың белгілі бір моделіндегі, яғни жетілген бәсекелестік жағдайындағы іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Бұл модель зерттеуді жеңілдететін алғышарттардан туындайтын, нақты экономикада толық күйінде кездесе бермейтін таза нарықтық құрылым болып саналады. Алайда, ол шешім қабылдау барысында өндірушілерге көптеген негізгі жорамалдау кезеңдерге түсінік береді, атап айтқанда, өнім өндіру көлемі мен тауардың бағасы және жеке сатушылардың ұсынысына әсер ететін факторларды анықтауға көмек береді. Нақты нарық құрылымдардағы кәсіпорындардың тауар өндіру және қызмет көрсету процесін толық түсіну үшін аталған модельді қарастырудың маңызы зор.
КІРІСПЕ………………………
1 БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК…………
2 БӘСЕКЕНІҢ ТҮРЛЕРІ……………..
2.1 Жетілген бәсеке……………..
2.2 Монополистік, жетілмеген бәсеке……..
3 ТАУАРЛАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ЖАРАМДЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ………
4 КӘСІПОРЫННЫҢ ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ……………….
ҚОРЫТЫНДЫ…………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……..
Ed = %Q / %P = 4% / 2% = 2 ;
Ed = %Q / % P = 2 % / 4 % = 0.5 ;
Ed = %Q / % P = 0 / 4% =0 ;
Ed = % Q / % P = 4 % / 0 = ¥ .
Келтірілген формулалар мынаны көрсетеді:
Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады:
Бағаның төмендеуімен байланысты тауарға сұраныс өссе, бірақ тауар өндірушінің жалпы табысы өзгермесе, онда осындай сұраныстың икемділігі бірге тең болады; егер бағаның төмендеуінің нәтижесінде тауарға сұраныс өсуімен қатар тауар өндірушінің жалпы табысы өссе, онда бағаға байланысты сұраныс икемді болады; егер бағаның төмендеуі тауарға сұранысты өсірсе, тауар өндірушінің жалпы табысы төмендесе, онда тауарға осындай сұраныс икемді емес болғаны.
Икемділік өзара алмасатын тауарларды пайдаланумен байланысты болады. Егер тауардың алмастырушылары көп болса, онда баға бойынша сұраныс икемді болады. Егер тауардың алмастырушылары жоқ болса, онда сұраныс икемді болмағаны. Егер белгілі тауардың бағасы төмендеп, ал алмастырушылардың бағасы тұрақты болса, онда бұл тауарға сұраныс өсе түседі, осындай сұраныс икемді болады
2.2 Монополистік, жетілмеген бәсеке
Монополистік, жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал 19 ғасыр басында монополиялардың пайда болуымен байланысты, ол шиеленісе түскен. Осы мерзімде капиталдың шоғырлануы басталған, акционерлік қоғамдар пайда болған, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған. Жарнаманың көмегімен монополиялар сұраныстың қалыптасуына қаржылық байланыстар бағыттары арқылы тапсырыс берушілер контрагентерге әсер етеді.
Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманың монополиялық болмысы жасанды болады. 20 ғасырға дейін монополиялар шектелген сферада болған. Кейін монополиялау процестері заңдылыққа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің, ұйымдастырушылық бастаманың күшеюімен байланысты болды. Монополияланудың бірнеше формалары болады – картельдік келісімдер, синдикаттау, біріктіру мен жұтып қою, «парасаттылық» келісімдер, т.б. Осылардың негізінде монополистік бәсекенің бірнеше түрлері туады: монопсония, олигополия, олигопсония, дуополия, билатералдық монополия.
Монопсония – белгілі тауарды сатып алуға жалғыз сатып алушының монополиясы болуымен сипатталатын нарық құрылымының типі. Өзінің сатып алуын шектей отырып, сатып алушы сатушы табыстарының есебінен монополдық пайдаға ие болады. Монопсония жетілмеген бәсекенің құрамды бөлігі болып табылады.
Олигопсония – белгілі тауарларды сатып алушы топтары болатын нарық құрылымының типі. Осылар сатып алуын шектей отырып, сатушы табыстарының есебінен өздеріне монополдық пайда түсіреді.
Олигополия – бұл да нарық құрылымының типі. Бұнда бірнеше, ірі фирмалар өнімнің басым көп бөлігінің өндірісі мен сатуын монополиялап алады және бір-бірімен көбінесе бағалық емес бәсекеде болады. Олигополия жағдайында нарықтың үш түрі болуы мүмкін.
Дуополия – белгілі тауарлардың тек екі жеткізушісі болатын нарықтық құрылым. Бұлардың арасында баға туралы, тауарды өткізетін нарық туралы, өндірістік квота туралы келісім мұлде болмайды. Дуополия – бұл олигополияның ең жабайы түрі.
Билатералдық монополия (екі жақты монополия) – тауардың жалғыз жеткізушісі мен жалғыз (бірлескен) тұтынушысы сайыста болатын нарықтық құрылым. Бұлар бір-бірімен қарама қарсылық сайыста болады. Мұндай нарық электр қуатын, су мен газды қолданғанда пайда болады.
3-кесте
Нарықтың негізгі түрлері
Сатып алушылар |
Сатушылар | ||
Көп |
Бірнеше |
Бір | |
Көп |
Полиполия (толық бәсеке) |
Олигополия (сатушылар-бірнеше, сатып алушылар көп) |
Монополия (сатушы-біреу, сатып алушы-көп) |
Бірнеше |
Олигопсония (сұраныс олигополиясы) |
Билатералдық олигополия (сатушылар мен сатып алушылар бірнеше) |
Шектелген монополия (бір сатушы, бірнеше сатып алушылар) |
Бір |
Монопсония (сұраныс монопсониясы) |
Шектелген монопсония (бірнеше сатушылар, бір сатып алушы) |
Билатералдық монопсония (бір сатушы және бір сатып алуш |
Нарықтың осы түрлері 3-кестеде көрсетілген.
Шаруашылық жүргізудің монополистік формасы жағдайында бәсекенің сипаты өте күрделі болады.Біріншіден, бүгінгі жағдайда, монополияның тұтынушылар мен потенциалдық бәсекелестері туралы толық ақпараты болады. Екіншіден, монополия жарнама арқылы тұтынушылардың сұранысының қалыптасуына елеулі әсер тигізеді, өйткені ірі монополиялар үшін жарнаманы пайдалану жеңілірек түседі. Үшіншіден, монополия өзінің саяси және қаржылық салаларындағы байланыстарын пайдаланып, тапсырма берушілерге (мемлекеттік мекемелерге немесе контрагенттердің компанияларына) елеулі ықпал етеді. Осы жағдайлар, әдетте, бәсеке процесіндегі қауіпті төмендетеді және монополиялық пайда түсуін қамтамасыз етеді.
Монополистік бәсекенің бірнеше формалары болады, оның негізгілері мыналар: ғылыми-техникалық тіресу, өнеркәсіптік-өндірістік тіресу, сауда-саттық тіресу (сайысу).
Ғылыми-техникалық тіресу. Бұнда фирмалардың бәсекелестік сайысы мына жолдармен жүреді:
- жаңа өнім дайындау; осы замандағы жаңа технологиялық процестерді қолдану;
- ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтап пайдалану; патенттерді сатып алып пайдалану.
Ғылыми-техникалық сайыста әдетте екі үлгі қолданылады:
Өнеркәсіптік-өндірістік сайыстың көрінісі: өндірістік мүмкіндіктің күшеюі, өнімнің жаңа түрлерінің шығарылуы, өндіріс шығындарының төмендеуі. Жетілген бәсеке жағдайында фирмалар нарыққа еркін кіріп, еркін шыға алатын болғанда, фирмалар өндірудің оптималдық нормасын көздеп әрекеттенеді — өндіріс тиімді болу үшін, үлес шығындарының барынша төмен болуы үшін, өнімдердің бағасы төменгі дәрежеде белгіленіп, орташа жалпы шығындармен үйлесімді түрде болады. Таза монополия жағдайында фирма өнім шығару көлемін азайтып, бағаны жоғарылатып, осының нәтижесінде ресурстар шығынын төмендетіп, пайдасын барынша жоғарылата алады. Бірақ бәсекелестік кезінде шығындар біресе өсіп, біресе кеміп ауытқып тұрғанда, жағдай шиелінесе түседі.
Бұнда екі жағдай қолданылады – ауқым нәтижесі және «х — тиімсіздік» түсінігі.
Ауқым нәтижесі. Көп фирмалардың өндіріс көлемі, олардың әрқайсысына масштабтың өсуінен болып тұрған нәтижені жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал технология және өндіріс шығындары берілген болғанда көп бәсекелес фирмаларды қолдауға тұтынушылық сұраныс жетімсіз болуы мүмкін. Бұндай жағдайда нарыққа қатынасы жағынан фирма ірі монополистік болуға тиісті, шығарылатын өнімнің бірлігіне келетін өндіріс шығындары төмен болғанда өнімді тиімді өндіруге қабілетті болуы керек.
«Х -тиімсізідік» Әдетте, өндіріс шығындарын зерттегенде, мына жағдай болады деп есептеледі: барлық технологиялардан фирма ең тиімдісін, шығарылымның әр дәрежесінде оған орташа шығындардың барынша төмен шамасын жұмсауын қамтамасыз ететінін таңдап алады деп. Ал нақты өмірде, фирманың қандайы болмасын, шығындарды төмендетудің бар мүмкіндігін толық қолданбайды. Шығындарды орташа шығындардың ең төмен дәрежесіне жеткізудің потенциалдық мүмкіндігін бағалау үшін «Х-тиімсіздігі» түсінігі енгізілген. Бұл мына жағдайда орын алады — өндірістің көлемі қандай болмасын, фирманың нақты шығындары минималдық мүмкін шығындардан артық болғанда. Осындай артықшылық фирма кәсіпкерлік тәуекелдіктен бас тартқанда, қабілетті төмен жолдас-жораларды, туыстарды жұмыспен қамтамасыз еткенде, фирма жұмыскерлерін орынсыз қолдап ынталандырғанда орын алады.
Сауда-саттық сайысы. Бұл сайыс бағаны қолдану арқылы жүреді. Ал бағаның өзі үш жақты сайыстың нәтижесінде белгіленеді: біріншіден, жоғары бағамен сату үшін сатушылар арасындағы; екіншіден, тауарларды төмен бағамен алу үшін сатып алушылар арасында; үшіншіден, тауарларды қымбат бағамен сату үшін сатушылар және оларды арзан бағамен сатып алу туралы сатып алушылар арасындағы сайысу нәтижесінде.
Осыған байланысты бәсеке бағаға қатысты және бағаға қатыссыз болып бөлінеді. Әдетте, бағаға қатысты бәсеке белгілі өнімнің бағасын әдейі, жасанда түрде төмендетуді көздейді: мұнда бағалық алалаушылық кең қолданылады – шығындардың дәрежесінің әр түрлі болуымен дәлелденбесе де, тауарлар әр түрлі бағамен сатылады. Бағалық алалаушылық үш шарт болуын тілейді:
- сатушының монополист болуын;
- сатушының сатып алушыларды төлем қабілеттерін топтарға бөле алатын мүмкіндігінің болуын;
- алғашқы сатып алушы осы тауарды немесе қызметтерді сата алмауы керек.
Бағалық алалаушылық мынадай жағдайларда кең қолданылады: қызмет көрсетуде (дәрігерлердің, адвокаттардың, қонақ үйлерін басқарушылардың), өнімді көлікпен тасу қызметін көрсетуде; тауарды сатуда, егер оны нарықтың біреуінен екіншісіне жеткізу мүмкіндігі болмағанда (тез бүлінетін өнімдерді бір нарықтан екіншіге көлікпен жеткізуде).
Бағаға қатыссыз бәсеке көбінесе өнім сапасын көтеру, сату жағдайларын жақсарту, сервистік қызметтерді көбейту арқылы жүреді. Сапаны екі бағытта көтеруге болады: бірінші – тауардың техникалық сипаттамаларын жетілдіру; екінші – тұтынушылар қажеттігіне қолайлы қызмет көрсету. Өнімнің сапасын жоғарылату арқылы жүретін бағаға қатыссыз бәсеке өнім бәсекесі деп аталады. Бәсекенің бұл түрі немесе ескі үлгіден елеулі айырмашылығы бар немесе соның модернизацияланған баламасы болып табылатын жаңа тауар шығару арқылы, салалық нарықтың бір бөлігіне ие болуды көздейді. Сапаны жақсартуға негізделген бәсекенің қайшылықтары аз емес. Бір жақтан, сапаның жоғарылауы бағаны бүркемелі түрде төмендетудің және өткізуді көбейтудің әдісі; екіншіден – сапа деген субъективтік бағалау, сондықтан жарнама және көз тартатын буып-оралуы арқылы оны бұрмалауға және көзбояушылыққа мүмкіндік тудырады.
Өнімді өткізуді жетілдіру туралы жүретін бағаға қатыссыз бәсеке сату шарттары туралы бәсеке деп аталады. Бұл бәсекенің негізінде сатып алушыға жақсарған сервистік қызметтерді көрсету жатады: жарнама арқылы тұтынушыға әсер ету, сауданы жетілдіру, сатып алушыларға тауарды олар алғаннан кейін сол тауарды қолдануына, яғни пайдалану процесінде қызмет көрсету.
3 ТАУАРЛАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ЖАРАМДЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Нарықтық жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің ерекшелігінің жиынтығы сатып алу-сату актісінде көрінеді. Мұндай ерекшеліктің үйлесуі, өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы негізінде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын, сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылығы деп атайды.
Өнімнің бәсекеге жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруына мүмкіндік беретін тұтыну кешенінің (сапалық және сандық) сипаттамасын анықтайды. Бәсекеге жарамдылығы өнім рынокта жеңіл және тез сатылады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке мұқтаждығын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтаждығына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген қанағаттанушылық деңгейінде жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды, оның тағы да нарықтың пайда болу қарсаңында қалыптасады.