Монополистік, жетілмеген бәсеке

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 16:41, реферат

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың мақсаты – жеке кәсіпорынның нарықтың белгілі бір моделіндегі, яғни жетілген бәсекелестік жағдайындағы іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Бұл модель зерттеуді жеңілдететін алғышарттардан туындайтын, нақты экономикада толық күйінде кездесе бермейтін таза нарықтық құрылым болып саналады. Алайда, ол шешім қабылдау барысында өндірушілерге көптеген негізгі жорамалдау кезеңдерге түсінік береді, атап айтқанда, өнім өндіру көлемі мен тауардың бағасы және жеке сатушылардың ұсынысына әсер ететін факторларды анықтауға көмек береді. Нақты нарық құрылымдардағы кәсіпорындардың тауар өндіру және қызмет көрсету процесін толық түсіну үшін аталған модельді қарастырудың маңызы зор.

Содержание

КІРІСПЕ………………………
1 БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК…………
2 БӘСЕКЕНІҢ ТҮРЛЕРІ……………..
2.1 Жетілген бәсеке……………..
2.2 Монополистік, жетілмеген бәсеке……..
3 ТАУАРЛАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ЖАРАМДЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ………
4 КӘСІПОРЫННЫҢ ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ……………….
ҚОРЫТЫНДЫ…………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……..

Прикрепленные файлы: 1 файл

экономика.docx

— 64.77 Кб (Скачать документ)

Сонымен, тауарға бәсекенің жарамдылығын, оның сапалық және құндық сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. ол сатып алушының нақтылы мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы үшін тиімділігі ұқсас тауар – бәсекелестер ерекшеленеді.

Бұл маңызды көрсеткішті анықтаудың бірнеше тәсілдері белгілі. Олардың көп таралғандарына қысқаша тоқталайық.  

 

Бірінші тәсіл. Техникаға бәсекенің жарамдылығын анықтайтын белгісі – бұл тауарды тұтыну бағасы болып табылады. Ол мынадай формуламен анықталады: 

 

Бт  = Бс + Шт,

мұнда, Бт  - тұтыну бағасы;            

 Бс -  сатылу бағасы;            

 Шт – бұл өнімді тұтынушылардың шығындары (оның барлық    нормативтік мерзім ішіндегі қызметі)

Екінші тәсіл. Тауардың бәсекелестік жарамдылығын анықтағанда бұл тәсіл екі  өлшемді еске алуы мүмкін; өнімнің өзіндік құны, тауарды сату және оның сапалық деңгейі. Сөзсіз бәсекеге жарамдылығы артығырақ болатын тауар оны өндіруге, сатуға кеткен шығындар ең төмен, ал сапа деңгейі бәсекелес тауарға қарағанда жоғарылау болатын болса. 

 

Үшінші тәсіл. Бұл тәсіл техникалық деңгейін және сату бағасын есепке ала отырып, бәсекелестік тауарларды салыстыруға негізделген. Бұл тәсілге сәйкес басында салыстырмалы сапаның сандық көрсеткіштерінің деңгейі және базалық үлгілер (тауар) мына формуламен анықталады:

КК = ККэ * ККт * ККс,

мұнда, КК – тауар деңгейінің кешенді көрсеткіші;

ККэ – эстетико- эргономикалық деңгейінің кешенді көрсеткіші;

ККт – техникалық деңгейдің кешенді көрсеткіші;

ККс – көрсеткіш кешенінің сенімділігі.

Төртінші тәсіл. Бұл тәсілде бәсекеге жарамдылықтың деңгейі қалай техникалық, солай экономикалық параметрге салыстыру негізінде анықталады. Сонымен, техникалық параметрден тек сатып алушылар осындай ең жоғары деңгейде қызықтыратындарды таңдайды.

Қорыта айтқанда, біздің республикада өткізіліп жатқан нарыққа көшу сапа және өнімнің бәсекеге жарамдылығы жөніндегі мәселеге жаңадан қарауға мәжбүр етеді. Егер бүгін емес, ол ертең бәсекелестік нарығының дамуы өнімнің сапалық даму серпін және деңгейін арттыруға еріксіз көндіретін болады.

4   КӘСІПОРЫННЫҢ ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ

Кәсіпорын теориясы негізін барынша көп пайдаға ие болу принципі құрайды, яғни табыстар мен шығындар айырымының көп болуы. Кәсіпорынның қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі іс-әрекеттерінің критериі – барынша көп пайда табу болады.

Қысқа мерзімге кәсіпорынның өндірісте пайдаланатын құрылыстарының жалпы көлемін және машиналар мен жабдықтардың көлемін өзгертуге жетімсіз болатын уақыт мерзімі жатады. Осы мерзімде олар өндіріс көлемінің өзгерісінің ізімен өзгеріп отырмайды, тұрақты болып қала береді. Өндірістің басқа факторлары (еңбек, капитал) өзгеруі мүмкін, сондықтан олар өзгермелі деп аталады.

Айталық, аяқ киім өндірісін көбейту үшін, бір жұмада жаңа ғимарат салып алу мүмкін емес, бірақ қосымша материалдар сатып алуға немесе жаңа жұмыскерлер жалдауға мүмкіндік болады.

Қысқа мерзім шамасының көлемі өндіріс саласына, технологияға, басқа жағдайларға байланысты болады. Мысалы, домна өндірісінде қысқа мерзім өзінше ұзақ болса, балмұздақ өндірісінде ол өте аз болады.

Ұзақ мерзімге үнемі өзгеріп тұратын өндіріс дәрежесіне байланысты, кәсіпорынның өздерінің құрылыстары мен жабдықтарының қуатын өзгертуге мүмкіндік беретін уақыт мерзімі жатады.

Ұзақ мерзімде кәсіпорын барлық өндіріс факторларының көлемін  өзгерте алады. Бұлардың барлығы өзгермелі болады. Бұл мерзімде кәсіпорын факторларды келісімді түрде қиыстыруға тырысады, шығарылған өнімнің берілген көлеміне жұмсалатын шығындардың барынша аз болуын көздеп, еңбекті капиталмен немесе керісінше алмастырып отырады.

Кәсіпорын әрекеттеріне тек уақыт әсер етіп қоймайды, оларға бәсеке формасы ықпал жасайды. Енді кәсіпорынның жетілген бәсеке жағдайындағы рационалды іс-қимылына назар аударайық. Кәсіпорынның мақсатын – баға мен шығындардың ара алшақтығын барынша көтеруді естен шығармайық. Жетілген бәсеке нарығында ешбір кәсіпорын өздері өндіретін өнімдер бағасына әсер ете алмайды. Баға тек жалпы нарықтық сұраныс пен барлық кәсіпорындар ұсыныстарының бір-біріне әсер ету нәтижесінде белгіленеді. Егер кәсіпорын өз өнімдерінің бағасын көтерген болса, ол сатып алушыларынан айырылады, олар бұның бәсекелесінің өнімін сатып алады. Сөйтіп, сату нөлге дейін төмендейді. Кәсіпорын бағаға үстемдік ете алмайды. Оның шығындарының көлемі, осы кәсіпорынның технологияларымен болжамдалады. Барынша мол пайда алу үшін кәсіпкер не істеу керек? Ол тек өндіріс көлемін өзгерте алады. Енді келесі сұрақ туады: барынша мол пайда алу үшін кәсіпорын қанша өнім өндіріп сату керек? Бұған жауап алу үшін өнімнің нарықтық бағасы мен кәсіпорынның шекті шығындарын салыстыру қажет.

Егер кәсіпорын өз өнімін бір, екі, үш, т.б. бірлікке өзгеріп отырса, онда келесі бірліктің әрбіреуі (айтайық, жаңа орындықтың әр біреуі) жалпы табысқа да және жалпы шығындарға да «бірдеме» қосып отырады. Осы «бірдеме» — шекті табыс және шекті шығындар. Шекті табыс шекті шығындардан артық болса, өндірілген бірліктің әрқайсысының жалпы табысқа қосқаны, оның жалпы шығындарға қосқанынан артық болады.

Осыған байланысты шекті табыстармен (MR-marginal revenue) шекті шығындардың (MC-marginal costs) айырымы, яғни пайда, (P2-provit) өседі:

P2 = MR – MC

Шекті шығындар шекті табыстардан жоғары болғанда, керісінше болады.

Қорытынды: баға (P) және шекті шығындар (MC) тең болғанда, жалпы пайда барынша көп болады:

P = MC

Егер P>MC болса, өндірісті кеңейту қажет. Егер P<MC болса, өндірісті азайту қажет.

Нәтижесінде жетілген бәсеке нарығында, кәсіпорын өзінің өндірісін, шекті шығындары бағамен теңескен нүктеге дейін кеңейтеді. Осы нүктеде кәсіпорын өндірістің оптималдық дәрежесіне жетеді және тепе-теңдік жағдайға ие болады.

Өндіріс көлемі оптималдықтан жоғары немесе төмен болса, пайда барынша көп болудан төмен болады.

Сөйтіп, кәсіпорынға барынша көп пайда әкелетін өндіріс көлемінің жалғыз ғана мағынасы бар. Осы ереженің – пайданың барынша көп болуының – тек кәсіпорын үшін ғана емес, барлық экономика үшін ақиқаттығы күмәнсіз.

Қорытынды: тауар өндірудегі шекті шығындар мен солардың бағалары теңескенде, ресурстарды пайдалануда экономика барынша жоғары тиімділікке жетеді.

Ұзақ мерзімдегі кәсіпорынның және саланың тепе-теңдік мәселелері, қысқа мерзімдегіден өзгеше болады. Егер кәсіпорын өнімнің белгілі көлемін ұзақ мерзімде барынша төмен орташа шығындар жұмсап өндірсе, онда осындай болмыста (нүктеде) баға шекті шығындарға тең болғандықтан, тепе-теңдік пайда болады.

Мәселе мынада: кәсіпорынның барынша төмен орта шығындары, нарықта қалыптасқан бағалардан жоғары болса, кейбір кәсіпорындар нарықтан шығады, саладағы ұсыныс азаяды. Бұл жағдай бағаны көтереді.

Егер кәсіпорынның орташа шығындарының барынша азы нарықтық бағадан төмен болса, онда саладағы барлық кәсіпорындар үстеме пайда алады. Бұл басқа кәсіпорындардың осы салаға келуіне стимул болады. нәтижесінде салалық ұсыныс көбейеді, ал баға төмендейді.

Жетілмеген бәсеке жағдайындағы кәсіпорынның рационалдық іс-қимылында кейбір ерекшеліктер болады.

Жетілмеген бәсеке нарығындағы өндіруші (кәсіпорын) өзінің өнімдерінің бағасына ықпал ете алады. Егер жетілген бәсеке нарығында өнімнің бірінен кейін бірі сатылған бірліктерден түсетін қосымша табыс тұрақты болып өзгермей, нарықтық бағаға тең болса, жетілмеген бәсеке нарығында сатудың көбеюі бағаны төмендетеді, ал бұл қосымша немесе шекті табыстың төмендегені болады (MR).

Кәсіпорынға барынша көп пайда әкелетін өндіріс көлемін анықтайтын екі әдіс болады.

Бірінші әдісте өндірістің әр көлеміндегі жалпы табыстар мен жалпы шығындар салыстырады.

Екінші әдісте өндірістің оптималдық көлемін табу үшін шекті табыстар мен шекті шығындарды салыстыру керек.

Қорытынды: жетілмеген бәсеке жағдайында барынша көп пайда алу үшін өнімнің әрбір қосымша бірлігін өндіруге байланысты шекті шығындар осы өнім бірлігін сатудан түскен шекті табыстан төмен болғанша, MR>MC өндірісті кеңейте беру керек, егер MR<MC болса, өндірісті қысқарту керек, егер  MR=MC болса, кәсіпорын барынша көп пайда табады.

Батыс экономикалық әдебиетіндегі кәсіпорын теориясы пайданы барынша көбейту принципіне негізделген. Бірақ кәсіпорын әрекеттеріне басқа да мотивация беру аз кездеспейді:

  • кейбіреулер кәсіпорынның мақсаты пайданы барынша көбейту   емес, сату көлемін көбейту дейді;
  • басқа концепция бойынша американдық профессор Г.Саймонның «қанағаттандыру» теориясы бойынша, кәсіпорын тек пайданың белгілі дәрежесін көздейді, ал бұған жеткен соң, оны одан әрі қарай барынша жоғарылату үшін әрекет етпейді.

С.Винтердің «эволюциялық теориясының» дәлелдеуі бойынша, кәсіпорындар барынша көп пайда табуға тек талаптанады, бірақ оны таба алмайды, тапқан болуы тек кездейсоқ жағдайда мүмкін болады.

Уақытқа (қысқа немесе ұзақ мерзімге сәйкес) және бәсеке жағдайларына байланысты кәсіпорын өзінің стратегиясын тұжырымдайды.

Стратегия – бұл кәсіпорынның негізгі ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттерін таңдау, іс-әрекеттер бағыттарын анықтап бекіту және мақсаттарға жетуге қажет ресурстарды бөліп орналастыру.

Стратегия екі типке бөлінеді:

  • қорғаныстық;
  • шабуылдық.

Қорғаныстық стратегиясының екі бағыты болады:

  1. Имитациялық (еліктеу) стратегиясында бәсекелестердің ғылыми-техникалық жетістіктерін пайдалану арқылы жаңалықтар енгізуден туатын қауіп-қатерліктерді азайтуға назар аударылады. Кәсіпорын нарықты үнемі байқап отырады, жаңа өнім пайда болуын күтіп отырады және ресурстарын ұқсас өнім немесе оның прототипін (түп тұлға) өндіруге жұмылдырады.
  2. 2.     Күту стратегиясы..Кәсіпорындар осы стратегияны өзінің ұйғарымы бойынша осы нарықтан кетуді жоспарлағанда немесе басқа бәсекелес осы нарықта қолайлырақ орналасқанда, өз өндірісін жүргізу арқылы қолданады.

Шабуылдық стратегияның төрт бағыты болады:

  1. Рационализациялау стратегиясы. Бұл жаңалықтар енгізу үшін ресурстардың өсуін талап етеді. Жаңа технологияға сынақ жүргізуге пайдаланатын бағалық және венчурлік компанияларға қаржымен қолдау көрсетіледі.
  2. Квотаны (шығаратын өнімнің санын) дифференциациялау стратегиясы. Бұның мақсаты – жоғары пайданы сақтап, кәсіпорын үшін нарықтың елеулі бөлігін қамту. Жоғары пайданың негізін тұрақты инвестициялар құрайды. Осының көмегімен кәсіпорын өз өнімінің бағасын төмендетіп, оған тұтынушылық сұранысты өсіруді көздейді.
  3. Инновациялық стратегия  өнім мен қызметтердің жаңалануын және инновацияларды жаңа өнімдер және технологияға енгізуді тілейді. Инновациялар өнімдік және технологиялық болып бөлінеді.

Өнімдік инновация жаңа өнім бағасын көтеру арқылы кәсіпорынға өз пайдасын барынша көбейтуге мүмкіндік береді.

Технологиялық инновациялар өндірілген өнімнің өзіндік құнын төмендету арқылы және өнімнің сапасы өскенде, оның өзіндік құнының артық өсуіне жол бермей, пайданы барынша көбейтуге көмектеседі.

  1. Нарықтық қуыстарды меңгеріп оларды толтыру стратегиясы. Бұл бағытты жүзеге асыру ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен, елеулі шығындар жасаумен және іскерлік тәуекелдікпен байланысты. Тәуекелдік – болжаумен және жоспармен қарастырылған шығындардың немесе табыс түспеуінің ықтималдығы. Тәуекелдіктің маңызды түрлері:
  • өндірістік;
  • коммерциялық;
  • қаржылық;
  • несиелік;
  • проценттік.

Коммерциялық қатер – кәсіпкер сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізумен байланысты процестерде туады.

Қаржылық қауіп-қатер – қарызға алынған қаражаттар мен кәсіпорынның барлық қаржыларының арасындағы өзара  байланыстан пайда болады.

Несиелік қауіп – қарыз алушының қайтара алмайтын мүмкіндіктің болуымен байланысты.

Проценттік қауіп-қатер –процент нормасының өсуіне байланысты құнды қағаздың бағасының төмендеп кетуінің мүмкіндігімен байланысты болады.

Әдетте, мынадай пікір қалыптасқан: қауіп-қатер болу мүмкіндігінің дәрежесі, осы әрекетке қатынасатын адамдар санына керісінше пропорционалды болады.

Қауіп-қатерден сақтандыру келісімін жасағанда, сақтандыру компаниясы кәсіпкерге тәуекелге бел байлағаны үшін сыйлық төлейді. Мұның көлемі мүмкін болатын шығындар көлеміне тең бола алады. Сондықтан осындай тәуекелдіктің жөні бар деуге болады. Сақтандырылмаған қауіп-қатер (тәуекелдік) – фьючерстік келісім жасау арқылы, хеджирлендірумен (жеткізуші немесе сатып алушы бағалардың ұнамсыз өзгерістерге ұшырау мүмкіндігінен сақтандырылады) және нарықтық операциялардың басқа да түрлерімен сақтандырылуға жатады.

Фьючерстік контракт деп тауарды кейін (болашақта) жеткізу туралы келісімді айтады. Келісімді жасаған мерзімде екі жақ жеткізілетін тауар бағасы туралы келіседі. Фьючерстік келісімдер көбінесе хеджирленуді мақсат етеді – жеткізуші немесе сатып алушы, бағаның ұнамсыз өзгеруі мүмкін болуынан сақтандырылады.

Информация о работе Монополистік, жетілмеген бәсеке