Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 16:41, реферат
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – жеке кәсіпорынның нарықтың белгілі бір моделіндегі, яғни жетілген бәсекелестік жағдайындағы іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Бұл модель зерттеуді жеңілдететін алғышарттардан туындайтын, нақты экономикада толық күйінде кездесе бермейтін таза нарықтық құрылым болып саналады. Алайда, ол шешім қабылдау барысында өндірушілерге көптеген негізгі жорамалдау кезеңдерге түсінік береді, атап айтқанда, өнім өндіру көлемі мен тауардың бағасы және жеке сатушылардың ұсынысына әсер ететін факторларды анықтауға көмек береді. Нақты нарық құрылымдардағы кәсіпорындардың тауар өндіру және қызмет көрсету процесін толық түсіну үшін аталған модельді қарастырудың маңызы зор.
КІРІСПЕ………………………
1 БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК…………
2 БӘСЕКЕНІҢ ТҮРЛЕРІ……………..
2.1 Жетілген бәсеке……………..
2.2 Монополистік, жетілмеген бәсеке……..
3 ТАУАРЛАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ЖАРАМДЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ………
4 КӘСІПОРЫННЫҢ ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ……………….
ҚОРЫТЫНДЫ…………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……..
Кәсіпорынның қаржылары мен ресурстарын үнемдеуде қауіп-қатер факторының болуы өте зор стимул болып табылады.
Қауіп-қатерді өлшеуге болады. Оны өлшеу үлгілерінің статистикалық, эксперттік, есептеу-аналитикалық түрлері болады.
Статистикалық әдісте кәсіпкерліктің осы түрінде бұрын болған шығындар статистикасы зерттеледі, шығындардың болып тұруының жиілігі есепке алынады, сөйтіп осы деректерге сүйене отырып, қауіп-қатердің ықтималдығы жорамалданады. Статистикалық әдіс мәліметтердің көп болуын талап етеді.
Эксперттік әдіс мамандар мен тәжірибелі бизнесмендердің ой-пікірлерін талдап есепке алуды тілейді.
Есептеу-аналитикалық әдіс математикалық тетіктер мен тәсілдерді кең пайдалануға негізделеді.
Кәсіпорындардың көбіне қауіп-қатерлік мәселелерімен айналасатын менеджер болады. Ол кәсіпорын қызметкерлерінің барысында қауіп-қатерлердің болып қалу мүмкіндігін зерттеп анықтайды, осы жағдайдағы оның салдарын бағалап, сақтандырудың және өзін-өзі сақтандырудың түрін таңдайды.
Өзін-өзі сақтандыру ерекше резервтік қордың құрылуын талап етеді. Сақтандырылатын барлық заттың құны кәсіпорынның барлық заттық және қаржылық көлемімен салыстырғанда, оның көлемі шағын болса, онда сақтандыру келісімін жасасудың жөні бар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсеке жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсеке жарамдылық екі көрсеткішке байланысты – баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне.
Біздің республикада өткізіліп жатқан нарыққа көшу сапа және өнімнің бәсекеге жарамдылығы жөніндегі мәселеге жаңадан қарауға мәжбүр етеді. Егер бүгін емес, ол ертең бәсекелестік нарығының дамуы өнімнің сапалық даму серпін және деңгейін арттыруға еріксіз көндіретін болады.
Кәсіпорын қызметін жүйелі және жан-жақты талдау мынадай мүмкіндік береді:
Әр уақытта мынаны естен шығармау керек, шаруашылық өызметінің мұндай көрсеткіші болған емес және өмірдің барлық жағын қамту да мүмкін емес. шиеленіскен бәсеке жағдайында өркендеу үшін басшы, кәсіпкер өзінің іс-әрекетінің барлық түрлерінің нәтижелілігін білуі, сезінуі тиіс, ал бұл мақсатқа жету деңгейін, мерзімін және ұйым тұрпайын бейнелейтін өзара байланысты жүйені қалыптастыруды қажет ететіндігін көрсетеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кәсіпорын экономикасы
Алматы, «Экономика»,2003.
2. С.Әкімбеков, А.С.Баймұхамбетова, У.А.Жанайдаров
Экономикалық теория
Астана,2002.
3. Экономикалық теория
Алматы, «Санат»,1998.
4. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов
Экономикалық теория
Алматы, «Экономика»,2003
Микроэкономика
Алматы, «Экономика»,2000.
Қазақстан
Алматы, «Қазақ университеті»,1999.