Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2015 в 14:32, курсовая работа
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың даму жағдайында, ұйымдарды тиімді басқару үшін дамыған мемлекеттер өндіріс немесе қызмет көрсетудің барлық процестерін ғылыми тұрғыда және дұрыс басқарудың арқасында инновация және жаңа технологияларды енгізуде алдыңғы қатарлардан көрінуде. Сондықтан да, шетел мемлекеттерінде, сондай-ақ Қазақстанда басқару проблемалары мемлекеттік деңгейде және жеке әр ұйымдарда қоғам назарындағы жалпыұлттық идея болып қалыптасты
КІРІСПЕ................................................................................................................... 3
I ЕҢБЕК МОТИВАЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мотивация ұғымы, түсінігі, маңызы...................................................................... 7
1.2 Кәсіпорындағыкеңбекомотивациясын қалыптастыру.......................................... 13
II НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУЫ
2.1 Еңбек өнімділігі және оның мәні.......................................................................... 16
2.2«СамұрықЭнерго» АҚ еңбек өнімділігін көтеру саясаты................. ..................
19
III КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЕҢБЕК МОТИВАЦИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Еңбек мотивациясын арттырудағы шетелдік тәжірибе........................................... 21
3.2.Кәсіпорында пайданы арттыру мақсатында еңбек мотивациясын жетілдіру жолдары.................................................................................................................
24
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................
27
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
«Экономика, басқару және құқық» факультеті
«Экономика» кафедрасы
Курстық жұмыс
Пәні: Кәсіпорын экономикасы
Тақырыбы: Кәсіпорынның еңбек мотивациясын жетілдіру
Орындаған: ЕҚ-302 тоб, студ. Нурдилдаева А.А
Тексерген: Абдильдина Н.Е
Астана 2014
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ....................... |
3 |
I ЕҢБЕК МОТИВАЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ |
|
1.1 Мотивация ұғымы, түсінігі, маңызы........................ |
7 |
1.2 Кәсіпорындағыкеңбекомотивацияс |
13 |
II НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУЫ |
|
2.1 Еңбек өнімділігі және оның мәні.......................... |
16 |
2.2«СамұрықЭнерго» АҚ еңбек өнімділігін көтеру саясаты................. .................. |
19 |
III КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЕҢБЕК МОТИВАЦИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ |
|
3.1 Еңбек мотивациясын арттырудағы шетелдік тәжірибе...................... |
21 |
3.2.Кәсіпорында пайданы арттыру мақсатында
еңбек мотивациясын жетілдіру жолдары....................... |
24 |
ҚОРЫТЫНДЫ..................... |
26 |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................ |
27 |
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың даму жағдайында, ұйымдарды тиімді басқару үшін дамыған мемлекеттер өндіріс немесе қызмет көрсетудің барлық процестерін ғылыми тұрғыда және дұрыс басқарудың арқасында инновация және жаңа технологияларды енгізуде алдыңғы қатарлардан көрінуде. Сондықтан да, шетел мемлекеттерінде, сондай-ақ Қазақстанда басқару проблемалары мемлекеттік деңгейде және жеке әр ұйымдарда қоғам назарындағы жалпыұлттық идея болып қалыптасты. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы экономикалық қатынастардың жаңа шыңдарына шығу үстінде, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келуде. Қазақстан Республикасын бүгiнгi таңда әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикадағы мемлекет ретiнде мойындап отырғанын атап өту керек, ол ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып инвестициялық ел рейтингiне ие болды .
Республикамыздың экономикасының өңдеуші салаларындағы экономикалық тиімділіктің төмен болуы бізді елең еткізбей қоймайды. Бұл мәселені шешу барысында түрлі амал-тәсілдерді қолдануға болады. Соның бірі – еңбекті мотивациялау шаралары. Экономикалық тиімділікті жұмыстың жоғары нәтижелілігіне қызыққан жұмысшының өзін немесе өзгелерді қызметке тартуы арқылы көтеруге болады. Олардың істелген еңбектері сәйкесінше бағалануы да тиіс. Мәселен, қосымша төлемдер, сый ақылар және өзге де марапаттау шаралары жұмысшылардың көңілін жай қалдырмайтыны даусыз. Басқаша айтқанда, еңбек мотивациясының жеткілікті деңгейде жүзеге асырылуы, дербес алғанда - кәсіпорынның қызметіне, ал жалпы алғанда – ел экономикасына оңтайлы ықпал етеді. Сайып келгенде, бұл еңбек мотивациясы тақырыбының өзектілігін дәлелдейді. Нарықтық экономика жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін персоналды басқарудың қазіргі кездегі түрлері мен әдістерін тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорындардағы еңбек мотивациясын ғылыми тұрғыда зерттеу және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Курстық жұмыстың міндеті: Белгіленген максатқа жету үшін зертеу жұмысының келесі міндеттер алға қойылады:
I ЕҢБЕК МОТИВАЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мотивация ұғымы, түсінігі, маңызы
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы экономикалық қатынастардың жаңа шыңдарына шығу үстінде, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді.
Қазақстан Республикасын бүгiнгi таңда әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикадағы мемлекет ретiнде мойындап отырғанын атап өту керек, ол ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып инвестициялық ел рейтингiне ие болды. Еліміздегі еңбек қатынастарының арасында туындайтын мәселелер өзекті мәселелер қатарына жатады десек те болады. Бұл орайда Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында көптеген өзгерістер мен толықтырулар жүргізілген. Атап айтатын болсақ, олар төмендегі мәліметтерде көрініс табады.
Есептік кезеңде еңбек қатынастарын жетілдіруге ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің тұжырымдамасы - “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” , “Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”, Қазақстан Республикасы Заңының жобасы - “Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы” әзірленді. Жетілдірудің негізгі бағыттары: еңбек қатынастарының икемділігін арттыру, жеке еңбек шарттарының рөлін арттыру, мерзімді еңбек шарттарын қолдануға шектеулерді орынды жұмсарту, еңбек қауіпсіздігін күшейту және әлеуметтік сұхбатты дамыту, сонымен қатарт еңбек мотивциясын жетілдіру. Қоғам мүшелерінің əр түрлі ішкі еңбек тəртібі жəне сыртқы қарым- қатынасы анықталады. Ішкі мұқтаждық жəне қызығушылық, талаптану жəне тілек, бағалық заттар жəне бағалық жөн табу мұрат жəне себеп бұлардың бəрі күрделі əлеуметтік еңбек қызметінің мотивациясының қырылымын көрсетеді.
Мотивация – бұл жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалнан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұыймның мақсатына жету процессі. Мотивацияның негізгі міндеттері:
Бұл міндеттерді шешу үшін анализ қажет:
Бұл міндеттерді шешу үшін мотивацияның әр түрлі әдістері қолданылады. Адамдық фактордың көтерліуімен психологиялық мотивация әдістері пайда болған. Психологияның көз қарасы бойынша, мотивация –Адамды белгілі бір мақсатқа тарту күші немесе қажеттілік. Негізінен алғанда, адамның қызметке, еңбекке деген мотивациясы - адамды белгілі бір мақсаттарға итермелейтін қозғаушы күштердің жиынтығы деп түсіндіріледі. Бұл күштер адамның іші мен сыртында болады және адамды кейбір істерді жасауға мәжбүр етеді. Сонда да басқа күштер мен адамның істерінің арасындағы байланыс өте күрделі әрекеттестіктермен орталықтандырылған, ақырында әр түрлі адамдар бірдей күштердің бірдей әрекеттерін әр қалай сезінеді. Көбінесе оның, адамның тәртібі, олардың жасайтын әрекеттері кейбір әсерлерге деген реакциясына зиян келтіреді, кейін сонда оның әсер ықпалын жасау дәрежесі өзгеріп, тіпті ол әсер ететін тәртіп бағыты да өзгереді.
Жоғарыда айтылғандарға қарай отырып, мотивацияға толықтырылған анықтама бере аламыз. Мотивация – бұл сыртқы және ішкі қозғаушы күштердің жиынтығы, олар адамды белгілі бір қызметке итермелейді, шекараларға және қызмет формаларына сұрау қояды және осы қызметке белгілі бір мақсаттарға жетуде бағыт береді. Мотивацияның адам тәртібіне әсері бірнеше факторлардан тұрады, көбінесе индивидуалды және адам қызметімен кері байланыста өзгеріп кетуі мүмкін
Мотивация іздеу обьектісіне байланысты 2 негізгі түрге бөлуге болады. Бірінші түр: Адамның сыртқы ортадағы әрекетінен туылатын мотив. Бүл түрде мотивацияны жақсы білу ғана емес адамға бұл мотив қалай ықпал ететіне байланысты болады. Бұл мотивация сауда келісіне ұқсайды: « мен саған керегінді беремін, ал сен маған қалағанымды бересін».Егерде екі жақ келіспей қалса онда мотивациялау жүрмей қалады. Екінші түр: мотивациялық құрылымды қалыптастыру. Мотивацияның бұл түрі тәрбиелік және оқулық жұмыстар арқылы жүзеге асады. Мотивацияның екінші түрін жүзеге асыру үшін көп жігерлік және ақыл керек. Себебі мотивациялаудың екінші түрі біріншісіне қарағанда нәтижесі жақсы болады.
Мотивацияның жасайтын әрекеттері:
Адам бір жұмысқа әр түрлі жігерлік танытуы мүмкін. Ол жұмысты бүкіл күшімен немесе жарты күшімен орындауы мүкін. Ол онай жұмысты тандауы мүмкін немесе қиын жұмысты, ол жұмысты шешу үшін қиын әдісті тандуы мүмкін немесе онай әдісті. Осының бәрі адамның қанша жігерлік танытатының айқындатады. Ұйымда жұмыс істеу үшін адам әр-түрлі талпынуы мүмкін.Біреуге жұмыс сапасы жаман болса да бәрібір болса, ал екінші ол жұмысты жақсы істеп, жұмыстан ерінбей, ұйымдағы қарым-қатынасты жақсартқысы келеді .
Еңбек мотивациясы – бұл жұмыскерлердің еңбектік іс - әрекет арқылы қажеттіліктерді қанағаттандыруға деген ұмтылысы. Еңбек мотивінің құрамына мыналар кіреді:
Қызметкерлерді ынталандыру (мотивация) – бұл қызметкерлердің жұмыс істеуге ниеті болу үшін не істеу керек екендігі туралы ғылым. Қалайша мəжбүрлеп емес, қалайша ынталандырып отыру туралы. Ынталандырылған қызметкер – бұл өз жұмысын сапалы жəне барған сайын бұрынғыдан да жақсы орындауға тырысып отыратын қызметкер.
Материалдық мотивация негіздері - еңбек ақы жұмысшының айлық еңбек ақы мөлшеріне, жұмысшының біліктігіне, орындайтын жұмысының күрделілігіне, саны мен сапасына, сондай ақ еңбек жағдайына саралау арқылы тағайындалады. Жұмысшыларға еңбек ақы айына бір рет төленеді, келесі айдың бірінші он күндігінен кешікітірілмей. Еңбек ақыны төлеу күні Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 134 бабына сəйкес еңбек, ұжымдық келісім-шартта қарастырылады. Еңбек ақыны төлеу күні мереке күніне сəйкес келген жағдайда, жалақы мерекеден кейін емес, соның қарсаңында төленуі тиіс. Жұмыс берушінің кінəсінен жалақы уақытында төленбесе, жұмысберуші жұмысшыға қарызын жəне өсімін төлейді. Өсім мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайтадан есептеу мөлшеріне сəйкес жалақыны төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күні мен жалақы төлену керек болған күннің келесі күнінен бастап жалақыны төлеген күнге дейін əрбір мерзімі өткен күнтізбелік күнге есептелінеді. Жалақы мөлшерін жұмысберуші реттейді. Еңбекті төлеу жүйесі негізгі жалақы мөлшерінің жұмысшылардың орташа айлық жалақысының, мезгілді ынталандыру төлемін есепке алмағанда, 75 пайызынан кем болмауы тиіс. Мереке жəне демалыс күндері еңбекақы мөлшері, жұмысшының күндізгі (сағаттық) ставкасына сəйкес, екі есе мөлшерден кем емес төленеді, ал түнгі уақытта - жұмысшының күндізгі ставкасына сəйкес, біржарым еседен кем емес төленеді.
Информация о работе Кәсіпорынның еңбек мотивациясын жетілдіру