Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2015 в 15:21, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі - меншік — қоғамдық құрылыстық экономикалық негізі — қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы зандар кабылдап, оны корғайды. Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер жеке адамдар, әлеуметтік, топтар, таптар, мемлекет арасында калай иемделінетіні және бөлінетіні ақықталады Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады. Және ол мүліктерді: иемдену, пайдалану және оған иелік жасау өкілетілігін алады.
Кіріспе..............................................................................................................2
1. Меншік қатынастары...................................................................................4
1.1. Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының орны.............................4
1.2 Меншіктің экономикалық мазмұны................................................................................6
1.3 Меншік объектілері және субъектілері......................................................12
2. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі........................18
2.1. Меншік құқықтарының теориясы...........................................................20
2.2. Меншіктің құрылымы мен формалары...................................................20
2.3.Қазақстан Республикасындағы меншік қатынастарының даму тетіктері.................................................................................................................23
Қорытынды.....................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................28
Егер меншік құқы айқын белгіленбесе, бірқатар жағымсыз салдар пайда болуы мүмкін. Біріншіден, жалға алу туралы келісім-шартқа қол қойылмай қалуы мүмкін, өйткені оған қол қойылса, екі әріптес үшін де аса зор кауіп болмақ. Екіншіден, мәміле жасасу жалға беру шарттарын талқылауға қымбат уақыт пен ақшаны бекер шығындатып, жалға берушінің де, жалға алушының да орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етуі мүмкін. Тиімді мүліктік құқық жүйесі болған жағдайда бұл проблемалар ішінара шешімін табады немесе, тіпті, мүлдем жоққа шығарылады. Занда жалға алу келісім-шартының нұсқалары тәптіштелуі және әрбір нақты жағдайда қай тараптың (жалға беруші немесе жалға алушы) жауапкершілікте болатыны көрсетілуі мүмкін. Құқықтық жүйе сонымен бірге тәуелсіз соттардың болуын да қарастыруы және олар келісім-шарттар жөніндегі даулар мен шағымдарды ақылға сыйымды жылдамдықпен, жалтақсыз және артық шығынсыз шешетін жағдайда болуы тиіс.
Бұл мысал бірнеше ережелерді ашып көрсстсді. Біріншіден, меншік құқығы жүйесінің күші қарапайым экономикалық логикаға сүйенуі тиіс (біздің мысалымызда бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынның жоғары тиімділікпен қолдануы мүмкін зауытқа ие болып отыр). Екіншіден, көп ретте меншік Құқығы, мысалы, жалға алу келісім-шарты жағдайындағыдай аса күрделі болуы ықтимал. Үшіншіден, пәрменді құқықтық жүйе меншік құқығын нақты айқындайды, бұл мүліктік құқықтың нақты айқындалмаған кезінде келіссөз жүргізуден немесе пайда болуы мүмкін дауларды реттеуге кететін қосымша шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді. Төртіншіден, сот жүйесі меншік құқын меншік иелері арасындағы келісім оны жазған қағаздан қымбат болып шықпайтындай ақылға сыйыиды шығындармен қамтамасыз етуі тиіс.
Мүліктік құқық жөніндегі мәселе бойынша дау туындағанда, оның ұтымды шешілуі әдетте дауласушы тараптардың біріне меншік құқының нақты бекітілгенін білдіреді. Бұл мәселенің экономикалық аспектісінде негізінен айтарлықтай із қалдырмайды. Дегенмен де мүліктік даудың аяғы қайсы бір тараптың игілігіне кері әсер етуі мүмкін. Мынадай мысал қарастырайық. Өнделетін жер төлімінде мұнай табылды делік. Оны өндіру алқаптың жойылуына әкеп соғады, бірақ сонымен бір мезгілде мұнай егістікке қарағанда аса бағалы болып табылады. Бұл мұнайдың кімге тиесілі екені белгісіз. Бір жағынан оған фермер таласса, екінші жағынан осы кенішті тапқан мұнай компаниясы таласады.
Егер меншік құқы айқын болмаса, мұнай сол күйінде жер астында қала беруі мүмкін. Егер мұнай компаниясы фермердің еркінен тыс кенішті игеруді бастауға ниеттенсе, фермер мұнай компаниясын сотқа шағымданумен қорқытады. Дәл осылайша мұнай компаниясы да мұнайды алуды бастамақ болған кез келген басқа компанияны да сотқа шағым берумен қорқытады. Егер заң меншік құқын фермерге бекітіп берсе, ол жерін мұнай компаниясына жалға беріп, мұнай өндіруді бастауы мүмкін. Егер құқықтар мұнай компаниясына берілсе, кенішті игеруді өзі бастай береді. Мұнай кеніші фермерге немесе мұнай компаниясына тиісті екеніне қарамастан мұнай өндіріле береді. Меншік пен коммерциялық құқық.
Заң жүйесі мүліктік құқықты түсіндіруге қызмет етеді және жеке меншікті едәуір ұтымды пайдалану негізін қамтамасыз етеді. Егер меншік құқы иелену, пайдалану және мүлікке иелік ету құқын білдіретін болса, онда нақ осы зандық жүйе сол құқықтардың іске асырылуы үшін тиісті жағдайларды жасайды. Көптеген елдерде меншік құқын пайдаланудың құқықтық негіздерін айқындайтын коммерциялық кодекс қолданылады. Бұл бөлімде біз оның көптеген маңызды элементтерінің тек кейбірін ғана тілге тиек етеміз. Коммерциялық кодекс келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз етудің мазмүнын, орындалу тәртібі мен тәсілін қарастырады. Келісім-шарт дегеніміз — екі немесе одан да көп жеке меншік адамдардың немесе ұйымдардың арасында болатын келісім, ол қандай да бір әрекетті орындауға, мысалы белгілі бір көлемдегі тауарлардың жеткізілуін іске асыруға немесе белгілі бір қызметтерді көрсетуге зандық тұрғыда міндеттемелер туындатады. Заң мұндай міндеттемелер мен оның орындалуын қамтамасыз етудің заңдық жолдармен бекітілуін қарастырады. Келісімдегі шарттар қай кезде орындалды деп санауға болады? Егер тараптардың біріне келісімді (мысалы, банкроттық немесе табиғи апат нәтижесінде) бұзуға тура келсе не болады? Егер келісім-шартты орындау (мысалы, келісім-шартқа отырушы тараптың бірі болып табылатын адамның қайтыс болуына байланысты) мүмкін болмаса не болады? Келісім-шартты жазбаша түрде жасау міндетті ме немесе оны ауызша да жасауға бола ма? Бұл мәселені қарастыруға қандай инстанциялар уәкілетті?
Коммерциялық кодекстің екінші саласы қамтамасыз етілген операцияларға немесе кепілдік қойылған мәмілелерге қатысты. Көп жағдайларда сату немесе басқа да мәмілелер тараптардың бірінің мүддесін көздей отырып, қандай да бір кепілдікпен қамтамасыз етіледі. Егер сатып алушы сатып алған затының құнын төлей алмайтындай жағдайда болса, сатушы белгілі бір жағдайларда оның мүлкінің бір бөлігіне таласа алады. Коммерциялық кодекс "кепілдік" (немесе кепілге қойылған зат) қандай жағдайларда мәміленің бөлігіне айналатынын нақты айқындап көрсетеді. Мінеки, заңдық тұрғыда реттеуге жататын мәселелердің кейбірі мыналар. Ықтимал кепілдік меншік сатып алушыға шынымен тиесілі ме? Сатушы қандай жағдайларда меншікті тәркілеуге құқылы? бұл егер сатып алушының салақтығынан кепілге қойылған мүлік өзінің құндылығын жоғалтса не болады? Неме мынадай мысалды алайық, X мырза У мырзаның мүлкін арест қойғысы келеді делік, бірақ У мырза 3 мырзаға да ақшаға қарыз болып шыққан. 3 мырза меншікке арест қоя ала ма?
Коммерциялық кодекстің үшінші саласы тауарды сатушыдан сатып алушыға жеткізу мәселесіне қатысты. Қай сәттен бастап сатып алушы мүліктің иесі болады? Мәміленің келісілген шарттары сақталған кезде тауардың сатып алушы иелігіне түсуі үшін қандай құжаттар қажет? Тасымалдау немесе сақтау кезінде тауар зақымдалған жағдайда сатып алушының және сатушының жауапкершілігі қандай?
Коммерциялық кодекстің төртінші саласы аталып өткен жалға алу міндеттемелерімен байланысты. Заң жалға алудың түрлі формаларын белгілейді және жалға алушының немесе жалға берушінің келісім-шарттарын бұзуынан туындайтын салдарды қарастырады. Мысалы, жалға алушы зауытты жалға алған, алайда жалға беруші басқа бір кәсіпорынға елеулі сома қарыз болып шығып, ол қарызды ішінара жабу үшін сол жылжымайтын мүлікті тәркілегісі келеді делік. Жалға алу мерзімі аяқталғанға дейін жалға алушыдан мүлікті тәркілеуге бола ма? Немесе жалға алушы жалға алған меншікке салақ қарайды делік. Ол жалға берушіге ақшалай айып төлеуі немесе сол меншікті оның өзіне қайтаруы тиіс пе? Коммерциялық құқықтың тағы да бір күрделі бөлігі жеке меншіктің маңызды нысаны — банк шоттарына қатысты. Салымшылардың алдындағы банктің міндеттері қандай?
Салымшы талап етуі бойынша өз қаражатын шоттан шығарып ала ала ма? Егер клиентке басқа банкте шоты бар адамға төлем жасау қажет болса, ал оның өз банкі ақшаны аударуға асықпаса не болады? Банктің аударатын ақшаны кешеуілдетуі нәтижесінде болған шығындар үшін жауап-кершілік кімнің мойнында?
Осы мәселелердің бәрі жеке меншіктік операциялардын құқықтық негізіне үстірт көзқарасты білдіреді. Біздін байқағанымыздай, практикада мүліктік құқықтар мүлдем күрделі болып шыққан және олардың пәрменді қамтамасьіз етілуі мүлікпен жасалатын мәмілелердің жүргізілуін женілдететін бара-бар құқықтық жүйенің болуымен байланысты. Қазақстан қазірше рыноктық жүйенің әрекеттерін реттеуге тур келетін коммерциялық заң негіздерін енді ғана жасай бастаған. Бар заңдар өзгеріп жататын қажеттіліктерді қуып жетіп үлгермейді, ал соттар заңнамадағы соңғы өзгерістермен танысып та үлгермейді. Құкықтық инфрақұрылым жылдам өзгерістерді бастан өткеріп, оны көпшілік нашар түсініп отыр, ал көп ретте бұл сот жүйесімен де қамтамасыз етілмеген.Бұл үрдістер Қазақстанның экономикалық сауығуына кедергі келтіріп отыр және сондықтан да Қазақстан үкіметі заңгерлерінің тарапынан аса зор көңіл бөлуді кажет етеді.
2.Меншік
қатынастары және олардың
2.1 Меншік құқықтарының теориясы.
Меншіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдіктермен сипатталады. Меншік құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты қалыптасатын билік ету құқықтарының санкцияланған тәртіп қатынастарының жиынтығы.
Меншік құқықтарының жүзеге асуы үшін меншік құқықтарының айрықшалануы өте маңызды.
Меншік құқықтарының айрықшалануы - бұл меншіктің объектісін, субъектісін және меншікке өкілдіктерін анықтау.
Толық "құқықтар шоғыры" 11 элементтен тұрады (А. Оноре):
10)өндіріп алу түріндегі жауапкершілік құқығы, яғни иплікті қарызды өтеу үшін өндіріп алу мүмкіндігі;
11)Қалдықтық сипат құқығы, яғни бұзылған құқықтылықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ететін тәртіптер мән институттардың болу құқығы.
Меншік қатынастары - материалдық және метериалдық емес ресурстарға қол жеткізуден шеттетулер жүйесі. Егер ресурстарға қол жеткізуден шеттетулер жоқ болса, олар - ешкімдікі емес ешкімге тиесілі емес, немесе бәрінр тиесілі, өйткені оларға еркін қол жеткізуге болады, ал бұлар - бір нәрсе деп айтуға болады.
Меншік объектілері әрқашанда шектеулі болатьій экономикалық ресурстар болып табылады. Басқаларды ресурстарға еркін қол жеткізуден шеттету, оларға иелену құқықтарын айрықшалауды білдіреді.
Айрықшалаудың мәні мен мақсаты - ресурстарға меншік құқықтарын олардан неғұрлым көп пайда табуға қабілетті, оларды жоғары бағалайтын адамдардың алуына жағдай жасау.
Меншік - тарихи категория. Нақты бір өндіріс тәсілін тән өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылы жүр.
Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының түрлі сатыларын дағы қандай да бір меншік типінің шеңберінде иемдену тәсілдерінің айырмашылықтары бар болатындықтан, түрі иемдену нысандарын немесе меншік нысандарын ажы ратады. Оларға:
Қандай да бір тип аясында қандай бір түрлер болуы мүмкін.Осылайша:
1.Жеке меншік
а)жеке;
ә) жеке еңбектік;
б) жеке капиталистік болып бөлінеді.
а)серіктестіктер;
ә) кооперативтік;
б) акционерлік;
в) ортақ өндіріс болып бөлінеді.
3.Қоғамдық меншік:
а) жалпы мемлекеттік;
ә) муниципалдық болып бөлінеді.
Шаруашылық практика меншік типтерінің, нысандарының және түрлерінің мәнін ажыратуға құрылады. Бұнда меншік қатынастары шаруашылық қызметті ұйымдастырудың қандай да бір нысандарының негізі болып табылады. Олардың арасында диалектикалық байланыс бар. Бір жағынан, экономика қурылымы меншік құрылымына әсер етеді, оның түрлерінің көптігін жүзеге асырады. Екінші жағынан, шаруашылық жүргізу нысандары меншік объектілерін пайдаланумен, сондай-ақ өндірістің техникалық даму деңгейімен анықталады. Меншіктің бір түрінің немесе нысанының негізінде шаруашылық жүргізудің түрлі нысандары қалыптасуы мүмкін, ал бұл бәсекенің негізі болып табылады.
Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып, меншіксіз әрекет ете алмайды. Меншік - ол иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақтағы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады.
Меншік, маңайындағы барлық тұрақты қоғамдық қатынастарды қалыптастырып және дамытып отыратын қоғамдық ұмтылыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруашылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді.
Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтар (заңдық) меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді.
Меншік қатынастарының мазмұны өндіріс, оны бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды құрау. Бұл экономикалық теория пәнінің меншіктік қатынастарды реттеп, оған анықтама беріп, жасаған негізгі түсінігі.
Экономикалық теория меншіктік қатынастарда барлық өндірістің өсу ауқымдарын, олардың қайталану-шылық, ұдайы өндірушілік негізі екенін көрсетеді.
Сонымен, меншіктік қатынастар - бұл өндіріс құралдары, олардың күшімен өндірілетін тұтыну заттары ретіндегі иелену, бөлу, басқару, пайдалану және осылардан туатын меншіктену құқықтарымен тығыз байланысты, адамдар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын, ұдайы өндірістік қатынастар.
Информация о работе Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі