Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2015 в 15:21, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі - меншік — қоғамдық құрылыстық экономикалық негізі — қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы зандар кабылдап, оны корғайды. Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер жеке адамдар, әлеуметтік, топтар, таптар, мемлекет арасында калай иемделінетіні және бөлінетіні ақықталады Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады. Және ол мүліктерді: иемдену, пайдалану және оған иелік жасау өкілетілігін алады.
Кіріспе..............................................................................................................2
1. Меншік қатынастары...................................................................................4
1.1. Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының орны.............................4
1.2 Меншіктің экономикалық мазмұны................................................................................6
1.3 Меншік объектілері және субъектілері......................................................12
2. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі........................18
2.1. Меншік құқықтарының теориясы...........................................................20
2.2. Меншіктің құрылымы мен формалары...................................................20
2.3.Қазақстан Республикасындағы меншік қатынастарының даму тетіктері.................................................................................................................23
Қорытынды.....................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................28
Меншік ұғымын екі мағында түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал – жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
Оған бірден – бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасар отырған біздің экономикалық заңдарымыз
Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталуы қажет. Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтты реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті мағынада беллгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтың қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету құқықтары тиесілі. Меншік құығын толығырақ түсіну үшін жоғарыда көрсетілген қағидаларға жеке – жеке тоқталып, олардың мазмұнын ашып көрсеткеніміз жөн болар.
К. Маркстың тұжырымдауы бойынша, меншік экономикалық категория ретінде адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз өмір сүреді. Меншік – бұл өндіріс құрал-жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі. Маркстік теорияға сәйкес – құралдар, заттар және т.б. меншіктің заттық мазмұның құрайды. Алайда “меншік” ұғымы тек қана заттық мазмұнымен немесе адамның затқа қатынасымен шектеліп қана қоймайды. Адам басқа адамдармен өзара тығыз байланыста өмір сүреді, еңбек өнімін өндіреді және тұтынады. Ешкімге жатпайтын нәсені – қоғамнан тыс, басқа адамдармен байланыссыз иемдену мүмкін емес. Айталық, тіл бір ғана адамның өнімі болып табылады. Себебі, ондай жағдайда адам ешкіммен сөйлесе алмайды. Меншікте дәл солай: ешкіммен қатынаспайтын адамның меншігі – экономикалық категория ретінде мазмұнын жояды. Меншік табиғи емес, ол заттардың қоғамдық қасиеті.
Меншіктің экономикалық мазмұнына жүргізілген қысқаша талдау мынаны байқатады: меншік – бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну саласындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар
Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:
а)екі жұп категорияларының өзара байланысы: (меншіктеу) иемдеу-жатсыну; ә) жекелену-қоғамдану сияқты жұп категориялардың өзара байланысы
б)өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;
в)табыстарды үлестіру тәсілі;
г)субъектілік-объектілік талдау.
1.Ең алдымен, меншіктің экономикалық
мазмұнын екі
түсініктің сараптамасы негізінде алуға
болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың (индивид,
топ, қоғам) өндіріс құралдары мен қызмет
нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал
екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық
бірліктерден және тұтас қоғамнан сәйкес формалары.
Меншік — бұл адамдардың заттарға деген қатынасы ғана емес, бұл экономикалық ресурстар мен тұтынушылық игіліктерді иемдену жөніндегі экономикалық агенттер арасындағы қатынастар
Бір субъектінің өндіріс жағдайларын монополизациялауы, басқалардың олардан бас тартуы (жоғалтуы) немесе жұмысшылардың өндіріс жағдайларына деген бірдей құқықтары меншіктің әлеуметтік-экономикалық мазмұнын сипаттап, өндірістің негізгі факторларының бірігу сипаты мен нәтижелерді иемдену тұрғысын анықтайды.
Табыстардың формалары меншіктің экономикалық жүзеге асуын қалыптастырып, меншік қатынастарындағы субъектілердің орнымен анықталады.
Меншік қатынастарының мәнін ашуда иемдену қатынастары басты сипатқа ие.
Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету - қандай да бір объектіні субъектінің өзіндік қызметіне айналдырудың мүмкін еместігін білдіреді.
2.Оқшауландыру деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жүзеге асырылады., Қоғамдастыру деген еңбектің қоғамдық сипатының дамуын білдіреді.
Бір жағынан, қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құралдарына жеке меншіктің салдарынан кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде оқшауланған. Екінші жағынан, еңбектің қоғамдық сипатына байланысты, оларды бәрі біртұтас қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне тартылған.қшауланған тауар өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы - ақша айналымы арқылы жүретін тауар айырбасы болып табылады.
3.Меншік
қатынастарының ауқымды
4.Өндіріс
құралдарын материалдық
5.Табыстарды үлестіру өндіріс құралдарын меншіктеушілер мүддесі үшін жүзеге асырылады.
6.Меншік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күш болып табылады.
Азаматтық Кодекстің 188 – ші бабында анықталғандай, меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын және тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Меншіктің экономикалық мазмұнын заттың, материалдық игіліктің біреудің иелігіндегі деген түсінік арқылы жеткізу жеткіліксіз, мысалы, біз айтамыз: "мына жер аумағы — менің меншігінде". Міне, осы әңгіме меншіктің экономикалық мазмұнын түсіндіре ала ма? Меншік экономикалық тұрғыдан қалай түсіңдіріледі? Жер бетінде адам өз бетімен жұмыс істей ме? Әлде сол жерде, басқа бір адамды жұмыс істеуге мәжбүр ете ме? Немесе ақшалай, не натуралды жалдау орын ала ма? Мүмкін өз жерін ипотекалық банкке салып, содан тиісінше табыс алатьш шығар? Байқап отырсақ меншіктің экономикалық мән-мазмұнын бір сөзбен айтып түсіндіру қиын екен. Меншіктің экономикалық мазмұнын сол қоғамның бүкіл жиынтық өндірістік қатынастарьш талдау арқылы ашып түсіндіру мүмкін. Бұл қатынастар өндіріс, айырбас бөлу және тұтыну қатынастарын қамтиды. Меншіктің экономикалық тұрғыдан өсіп-өрбуін түсіндіруде тікелей өндірушілердің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі де аса маңызды. Меншіктің әр қилы тарихи типтерін осы әдіс(әлеуметтік-экономикалық дамуға формация шеңберінде талдау жасағанда):
Формациялық тұрғыдан қарау қосылудың басқа түрлерін классификациялау мүмкіндігін бермейді. Тікелей өндірушілерді мемлекет күш көрсету жолымен қосу, әдетте, меншіктің азиялық өндіріс әдісіне тән жағдайды сипаттайды (азиялық өндіріс әдісі түсінігін ғылыми айна-лымға К. Маркс енгізген), сонымен қатар "нақты социализм", немесе "феодалды социализм" немесе әміршілдік-әкімшілдік жүйесіндегі меншіктің типтері. Формациялық тұрғыдан меншік түрлерін түсіндірген, өндірушілердің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылуы ешкімнің көмегінсіз, сыртқы күш көрсету жолынсыз (жай тауар өндіруші — қолөнерші, фермер т. б.) орын алады деп түсіндіру де қисынсыз.Тағы да бір басып айтатын жағдай, меншікті экономикалық категория ретінде түсіну, оның мәнін ашу адамдар арасындағы өндірістік қатынастар жүйесі арқылы мүмкін болады К. Маркстің мына бір пікірімен келіспеске болмас (жерге меншіктің пайда болуы мен мазмұнын сипаттағанда):
Меншікті заңдылық құқылық тұрғыдан қарастыру да маңызды (Меншік заң категориясы ретінде құқық нормаларында белгіленгендей меншік объектілерін иемдену, пайдалану қатынасын көрсетедА Алайда мүліктік қатынас өндірістік қатынастарды правалар нормасы ғана емес, мораль нормалары, дәстүр формаларын қабылдау, жай әділеттілік ережелері т. б. арқылы да көрсетеді. Адамдардың бір-бірінің мүлігін бұрламауы тек бас жауапкершілігінен қорыққандықтан емес, сонымен қатар ол оның ар-ұжданына өмір сүріп отырған қоғамның салт-дәстүріне қайшы келетіндіктен де болуы ықтимал.
Жеке және қоғамдық меншік мәселелері өткір талас пікірлер туғызады. Осыған байланысты ғылыми пікірлер К. Маркстің еңбектерін мұқият қарауды ұсынады. Ол түсінікті. Өйткені жеке меншік мәселесіне К. Маркс еңбектерінде қатаң үкім шығарылып бағаланғаны да баршаға мәлім. Дегенмен, шындыққа жүгінетін болсақ, К.Маркс "Капиталында" бұл категорияға көп қырлы, көп мәнді пікірлер айтқанын ескерген абзал.
Алғашқы қауымдық меншік орнына келген жеке меншікті К. Маркс прогрессивті құбылыс ретінде бағаладыр Бұл қосымша өнімнің пайда болуымен байланысты объективті табиғи-тарихи процесс еді. Жеке меншік тауар өндірушілердің экономикалық жағынан оқшауланып кеңінен дамуына жол ашқан бірден-бір түрі.Олай болса, жеке меншік, онымен байланысты экономикалық оқшаулану (қоғамдық еңбек бөлінісін алғанда) тауарлы, рыноктық шаруашылықтың қалыптасуы мен дамуының қажетті шарты"адамның,жеке дара оқшаулануы белгілі тарихи процестщ нәтижесін айырбастың өзі осы жеке дара оқшауланудың басты тегі.
Сонымен, жеке меншік адамның адам ретінде жеке басының қалыптасуы мен алғашқы қауымдық жабайылық сипатынан ерекше бөлініп шығуына үлкен ықпал жасады солай бола тұрса да, "Капитал мен "Коммунистік партияның манифесі" жеке меншікке мүлдем қарсы. Буржуазиялық қоғамның бүкіл қайшылықтары мен қарама-қарсылықтары пролетариаттық қанауда болуы,қайыршылануы, оның тұрмыс жағдайының абсолютті және салыстырмалы нашарлануының барлық салдарын осы жеке меншікпен байланысты.
Экспроприаторларды экспроприациялау деген әйгілі ұраннан басқа, К.. Маркстің мына бір пікірін де еске түсірелік, яғни жеке меншікті жою әлеуметтік революция және пролетариат диктатурасының үстемдігін орнату жолымен шектелмейді. Экономикалық дамудың обьективті жолы жеке меншіктің жойылуына әкеліп тірейді К. Маркстің акционерлік қоғам туралы сипаттамасына көңіл аударатын болсақ, ол мұны капиталистік өндіріс әдісі шеңберінде капитализмнің ыдырауы деп көрсеткен. Әрине жеке меншіктің қанаушылықты жоққа шығармайтыны да белгілі (әсіресе капитализмнің қалыптасу кезеңінде).
Мемлекетік меншік мәселесі өз алдына талдауды қажет етеді. Кеңестік дәуірдегі саяси экономияда меншіктік бұл түрі жеке меншікке жатпағаны айдан анық. Шын мәнінде сол түстағы оқулық авторлары, мемлекеттік меншік "бюрократияның жеке меншігі" деген К. Маркс пікірін ешқашан ескерген емес. Ал мұның өзі мемлекеттік меншікті "қоғамдық" немесе "бүкілхалықтық" деген балама түсінікке қарағанда ақиқатқа анағұрлым жақын екені де көрініп тұрған жоқ па?Сонымен, марксизм-ленинизм классиктері жеке меншікті бүкіл әлеуметтік зілдің, әділетсіздіктің зардабы деп қарағаны белгілі.Солай дей отырып, коммунизм мен социализм бір жағынан, жеке меншікке негізделген рынок екінші жағынан, теориялық тұрғыдан бір-біріне қарама-қарсы, сиыспайды деп қорытындылады. Рынокты және жеке меншікті түп-тамырымен жою "әскери коммунизм" кезеңінде практикалық мәселе ретіңде күн тәртібіне қойылды, одан кейінгі ондаған жылдар бойы да дәл солай болғанын тарих дәлелдеп отыр (жаңа экономикалық саясаттың кезеңін есептегенде). Жеке меншік жұмысшының, қызметкердің еркін еңбек етуіне өзіндік құқы барын растайды, оған кепілдік береді. Жалданып еңбек етудің еркіңділік принципі әлеуметтік және шаруашылық өмірде анайы, экономикалық, физикалық тұрғыдан еңбекке зорлық зомбылықты жоққа шығарды. Жеке меншік өзіне тән жекешелену оқшаулану, пайда табуға ұмтылумен оны ыдыратады деген түсініктің берік орын алып келеді.
1.3 Меншік объектілері және субъектілері
Меншік катынастары көптеген ғасырларды қамтиды. Оның өз даму тарихы бар. Онымен адамдардық өте қуатты экономикалық кәсіпкерлері әрекеттері, мақсатты қозғалыс жүйесі, тағы да басқа әртүрлі экономикалық мүдделері, шаруашылық жүргізу формалары мен тәсілдері байланысты дүниежүзілік тәжірибенің дәлелдегені — меншіктік аса маңыздылығы — жалпы адамзаттық маңызды бағалылығына жатады,
Меншік қатынастарының ерекшелігі, ол, бір жағынан өте қарапайым, ал екінші жағынан, өте күрделі де. Қарапайымдылығы — әр адам онымен күнделікті кездеседі және оны жиі сезіне отырып ол туралы белгілі — бір деректер алып отырады. Күрделілігі — оның тасасында тұрған адамдар арасындан өзара қарым-қатынастарды бейнелейтін көп қырлы мазмұны. Бұл қарым-қатынастар — әлеуметтік-экономикалық жүйенің эволюциясында анықтаушы рөл атқаратын адамдардың меншікке қатысты қарым-қатынастары.
Меншік қатынастарына экономикалық мазмұнын, яғни меншік суьектісі мен обьектісін анықтай білу де қажет.
Меншік субъектісі меншік қатынастарының белсенді жағы. Олар меншік объектісін иемденетін оған билік ететін және пайдаланатын адамдар, Ол аз емей. Мекшік субъектілері.
Информация о работе Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі