Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2015 в 15:21, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі - меншік — қоғамдық құрылыстық экономикалық негізі — қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы зандар кабылдап, оны корғайды. Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер жеке адамдар, әлеуметтік, топтар, таптар, мемлекет арасында калай иемделінетіні және бөлінетіні ақықталады Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады. Және ол мүліктерді: иемдену, пайдалану және оған иелік жасау өкілетілігін алады.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................2
1. Меншік қатынастары...................................................................................4
1.1. Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының орны.............................4
1.2 Меншіктің экономикалық мазмұны................................................................................6
1.3 Меншік объектілері және субъектілері......................................................12
2. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі........................18
2.1. Меншік құқықтарының теориясы...........................................................20
2.2. Меншіктің құрылымы мен формалары...................................................20
2.3.Қазақстан Республикасындағы меншік қатынастарының даму тетіктері.................................................................................................................23
Қорытынды.....................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................28

Прикрепленные файлы: 1 файл

kursovoy.docx

— 116.90 Кб (Скачать документ)

Адам, тұлға — меншіктің бастапқы субъектісі болып табылады.Ол ең алдымен өз дене қуатын, қарым-қабілетінің жұмыс күшінің қожасы. Меншіктің бұл обьектілері адамның жеке өзіне тәуелді. Сонымен қатар, адамдар  өзінен  тыс басқада заттарға ие бола алады.

          Отбасы - бұл да меншіктің көп тараған субъектісі. Отбасы мүшелері үй-ішінің жиған мүлік-жиһаздарының иесі.

        Әлеуметтік топтар-өз еріктерімен пікірлес болған топ- 
тардың өз меншіктері болады. Олардың мүлде-мақсаттары 
мен ынта-жігері бір-бірімен сәйкес келеді бірлестіктер,корлар,партиялар,кәсіподақтар.

        Кәсіпорындардын, еңбек ұжымдары — бір кәсіпорында жұмыс істейтіндер көп жағдайда бір ғана ұжымдық иелер рөлін атқарады.

        Территория халықтары — қандай да бір болсын, аймақта қоныстанған халық сол ауқымды орналасқан кейбір  объектілердің иесі бола алады.

        Ел халқы-жалпы халықтың дәулеті болып санала- 
тын елдің ұлттық байлығының белгілі бір бөліктерін иемденеді.

      Басқару     бөлімдері        —     кәсіпорындардың басқарушыларынан бастап, ел үкіметіне дейін менші иелерінің кызметін атқарады. Олардың меншіктің біраз обьектілерін   пайдалану, билеу   туралы   шешім   кабылдауға құқықтары мен мүмкіндіктері бар.

      Меншік катынастары әр түрлі объектілерді иемденуге байланысты қалыптасады. Мұны потенциалды тұрғыдан алып қарағанда, типті жердегі құрлық атаулы, әрбірден соң бүкіл әлем де меншік объектісі бола алады. ІІІын мәнінде, адамның өзі, оның жеке өмірі, қабілеттілігі тек оның өзіне ғана жатады. Бұлай болмаған жағдайда біз құлдықтың өзін де заң тұрғыда белгілер едік.

      Көптеген меншік объектісінің құрамын және мазмұнын түсіну үшін одардың маңызды деген түрлерін атап өту керек.

      Жер, жер учаскелері, жер кеңәістіктері, пайдаланылатын жер — меншіктік көп тараған объектілері бойынша саналады Олардың ар түрлі субъектілер, құрылыс жүргізу ғимараттар салу, коммуникацилар жүргізу және әр түрлі өсімдіктерге дәнді-дақылдар егіп, мал өсіру малдарымен жайылым-шабындық ретінде, сонымен қатар, адамда қоғамға қажетті  шикізаттар алу үшін де пайдаланады.

Табиғат байлығы — меншіктің тағы да бір көпқырлы объектісі болып табылады. Ол пайдалы қазбаларды, жер су байлығы мен одан тағы да көптеген пайдалы заттарды, ауа орталығын қамтиды.

Әлеуметтік мәдиниет ғимараттарға — ең әуелі үй - құрылыс қорларымен қоса, адамдардың  өмір  тарихында қорлана  бергем  байлық  құрамындағы меншіктін қүрделі объектілері жатады.

Негізгі өндірістік қорлар — өндіріс процесне тікелей қатынасатын өндірістік ғимараттар, құрылыстар, құрал-саймандар мен әр түрлі жабдықтар, машина, агрегаттар, приборлар ретінде меншік обьектілернің едеуір бөлігін қамтады.

Өндірістік  материалдар, шикізаттар, энерия және өндірістік емес күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар мен киім-кешек, үйішілік заттар жане баска мүліктер сфералардағы пайдаланылатын бағалы материалдық мүктер. Бұар меншіктің алуан оьектілері болып табылады.

  Ақша, валюта және бағалы кағаздар. Бұлар да меншік объектілері олардың басты ерекшеліктері: материалдық-заттық бағасында емес — құндылығында дәлірек айтканда, құннан   көрініс  алатын  меншіктер екендігіне  байланысты.

Аса қымбат асыл заттар— алтын, қүміс, платина, алмас, бриллиант тағы да басқалары. Бағалық және заттық жағынан да меншіктің біртұтас обьектілері болып саналады.

Рухани-ойшылдық, акпараттық ресурстар мен өнімдер... Адамдардың ақыл-ойның, ойлашылдықтың әрекетіне нәтижесі болғандықтан, меншіктің ерекше объектілері болып табылатынн анық. Бұлар интеллектуалды меншіктің объектілері — ғылымның, әдебиеттің, көркемөнердің, жобалардың жане т.б. табыстары.

Жұмыс күші — адамдардың   еңбеге әрекетін қабілеттілігінің, еңбек потененциалының көрінісі. Бұлар ар адамның меншігіне жататын объектілері.

Сонымен, меншік қатынастарар түрлі обьектілер бойынша қалалыптасады. Өндіргіш күштердің дамуы барысында олардың құрамдары  мен   құрылымдары  кеңейіп, сапасы өзгереді Жоғарыда қарастырылғандай меншік обьектілерінің ішінде ортадан ойып орын алатын жане осыған байланысты. Қоғамда әлеуметтік күрес пайда болатын айырықша   объектілер де бар. Олар К. Маркстің методологиясы бойынша, өндіріс құрал-жабдықтары. Бірақ соңғы жылдара тап осы тұжырымдамаға қатысты әр түрлі пікірлер айтылып жүр. Дәлігірек айтсақ, өндіріс құрал-жабдықтарының атқаратын айырықша қызметі— тарихи өтпелі өндіріс тәсіліне тән деген   қағида басым.

Жеке меншіктің артықшылығы.

Жеке меншік — тиімді рыноктық экономиканың негізі. Меншікте нақты қожайын болғанда ол қожайындар да сол меншік барынша тиімді пайда әкелетіндей иелік етуге ынталы болады. Егер меншік ешкімнің иелігінде болмаса, оған деген немқұрайлы көзқарасқа жол ашылады: меншіктің талан-таражға ұшырауы немесе желге ұшуы, айдалада қалуы ғажап емес. "Жалпы мемлекеттік" меншік негізінен ешкімнің де иелігінде емес: басқарушылар мен жұмыскерлер өз кәсіпорнынан көбірек алғысы келіп, оның ұзақ уақыттық мүддесіне көңіл аудармайды. Нақ оның тиімділігін арттыруға ешкім мүдделі болмайтындықтан мемлекеттік кәсіпорындардың орасан зор шығынмен жұмыс істеуіне жол беріледі.

Іс жүзінде әрбір Қазақстан тұрғыны өз үйлерінде жеке меншікке және "жалпыхалықтық" меншікке деген әр түрлі көзқараспен бетпе-бет келеді. Пәтерлердің өзінде мүлікті жақсы күтеді. Ортақ пайдаланатын орындар — баспалдақ алаңдары, подъездер көп ретте әйнектері сынған, қабырғалары лас және шимайланған, баспалдақ тұтқалары сынық күйінде болады. Батыс Еуропа мен Құрама Штаттарға барып-келіп жүрген көптеген қазақстандықтар көп пәтерлі үйлердегі ортақ пайдаланатын орындардың мұнтаздай таза, жарық екеніне таңданады. Мұнда ортақ пайдаланудағы орындарды да өз меншігіндей мұқият күтіммен пайдаланады. Көп жағдайларда мұндай үйлер жеке меншік иелігінде: олар тәуелсіз компанияларға немесе ғимараттың қоғамдық жайларын қарау үшін қауымдастық құратын тұрғындардың өздеріне қарасты болады (әдетте олар үйді күту үшін барлық пәтер иелері төлейтін "ішкі салық" жүйесін құрады).

Қазақстандықтар үйлердегі ортақ пайдаланатын орындарға көзқарас мемлекеттік меншіктің басқа да түрлеріне: зауыттарға, ормандарға, мұнай қорлары немесе ауыл шаруашылығы жерлеріне деген көзқарасқа ұқсас келеді. Жалпы халықтық меншік барлық жерлерде де немқұрайды пайдалану нысанына айналады немесе жөнді күтімсіз қалып, жарамсыз болады. 

Зауыт әкімшілігі мен жұмыскерлер өз кәсіпорындарың ақ тал салуды іске асырмайды, өйткені кірістің бәрі мемлеке өтетінін жақсы біледі. Орман алқаптарының болашағы толғандырмайтындықтан ағаштар онды-солды кесіле береді. ұңғымаларының біліксіз пайдаланылуы табиғи қатпарлардан мұнайды жылдам шығаруға әкеп соғады, бұл әр үңғыма бере алатын шикізаттың жалпы көлемінің төмендеуіне жол береді. Мемлекеттік мұнай өндіру кәсіпорындарына бірер жылдардан кейін осы кеніштердің қандай болатынына бас ауыртудың қажеті қанша? Қарқынды жер өңдеу ауыл шаруашылығының күтімді жерлеріне аса зор зиян келтіреді, өйткені ұжымшарлар мен кеңшарларды жердің ұзақ мерзімдік пайдалылығы толғандырмайды.

Осы проблемалардың жиыны "қауымдық жер трагедиясы" ретінде белгілі. Салт бойынша қауымдық жер — ортақ иеліктегі және деревняның барлық түрғындары еркін пайдаланатын жер төлімі. Қауымдық жердің нақты қожайыны болмайтындықтан оны болашақ үшін есеппен, барынша тиімді пайдалану жөнінде ешкім ойланып жатпайды. Тым қарқынды пайдалану, ластану мен бүліну және капитал салымдарын жеткіліксіздігі салдарынан қауымдық жерге қайта түзелместей зиян келеді. Рыноктық экономикасы орнықты елдерде мүліктің басым бөлігі жеке меншіктің қолында болады, сондықтан "қауымдық жер трагедиясы" орын алмайды, ондай болған күннің өзінде ең кері кеткен түрінде байқалмайды. Алайда рыноктық экономика жағдайывда меншіктің кейбір түрлері, әсіресе ауа қабаты, көлдер мен өзендер — қоғам иелігінде қалады және мұнда экологиялық дағдарыс бәрінен де күштірек көрініс беретіні сондықтан.

Жеке меншіктің болуы "қауымдық жер трагедиясын" болғызбауды көздейтін құқықтар мен міндеттердің болуын білдіреді. Жеке меншік институты иенің (немесе иелердін) оған (оларға) тиесілі меншікке көзқарасын айқындайтын құқықтық жүйеге арқа сүйейді. Бұл саладағы заң айтарлықтай күрделі болуы мүмкін. Меншікке бір түрлер, мысалы бір гектар жерге иелік түріне анықтама беру оңай. Басқалары, мысалы, радио және телехабарлар таратуды жүзеге асыру үшін электрмагниттік спектр бөлігіне иелік ету құқығы немесе ғылыми жаңалық ашу негізінде белгілі бір дәрілік препаратты дайындау құқығы аса зор күрделілігімен белгілі. Тіпті рыноктық экономика жағдайында да меншіктің кейбір түрлерінін нақты анықтамасы жоқ: мысалы, биотехнологиялық зертханада әзірленген жаңа өмір түрінің ДНК тізбегіне кім ие.Компьютерлік к бағдарламаларды әзірлеу мен жетілдіруде  маңызы бар жаңа ғана ашылған математикалық теореманы пайдалану құқығы кімнің иелігінде? Осы салалардағы меншік туралы зандар жылдам өзгерістерге ұшырауда.

Жеке меншік  жүйесінің  Қазақстанда дамуы.

Жеке меншік тұжырымдамасының тамыры терең тарих ойнауьшда жатыр. Рим империясының өзінде қазіргі аманғы батысеуропалық қққыққа орасан зор ықпал еткен күрделі зандар жиыны болған. Қазіргі меншік құқының басқа көздеріне жүздеген жылдар бойы Британ аралдарында дамыған жалпы британ қүқығы және өз бойына Рим құқығының ережелерін сіңірген герман құқығы жатады. Ресей батысеуропалық меншік құқығының дәстүрінен тарихи түр-ғыдан алғанда сырт қалып отырды. Бұл — Еуропаның басқа елдерінде қолданылып келген жеке меншік тұжырымдамаларының Ресейде аса зор қиындықтармен сіңірілу себептерінің бірі. Тіпті монархия дәуірінің өзінде Ресей батыс-еуропалық өнеркәсіп төңкерісінде маңызды рөл ойнаған меншік құқының негізінде жатқан идеяларды да игере алмады. Мысалы, патшалық режим корпорациялар туралы заңнаманы да бүкіл Еуропада кеңінен тараған түрінде дер кезінде толық және аяғына дейін қабылдай алмады.

Рим құқының негіздері меншік құқының үш аспектісін: иелену құқын, пайдалану құқын және мүлікке иелік ету құқын бөліп қарастырады. Қазақстанда көп жағдайда меншік иелеріне осы құқықтардың біреуімен немесе екеуімен қанағат етуге тура келді, бірақ ешқашан осы үш құқыкқа бірдей иелік ете    алмаған. Өткен ғасырда жердің көп бөлігі қауымға қарасты болды, бірақ бұл жерлерді жеке шаруалар өңдеген. Отбасы қауымның келісімінсіз өз сыбағасын сата алмады. Оның үстіне қауым бір отбасының сыбағасын басқа бір отбасына алып бере алатын. Соңғы жылдары Қазақсьан заңы жеке меншік фермерлік шаруашылықтарға ауыл шаруашылық жерлерін иелену және пайдалану құқын берді, алайда олардың жерді сату құқығын әрі кеткенде иелік етудің алғашқы жылдары шегінде шектеп қойды. Дәл осылайша кәсіпорын ұжымының мүшелері де ұжымдық меншікті пайдалану құқығына ие, бірақ оны былайғыі инвесторға сатуға құқылы емес.

Жеке меншіктік жүйесі шектелген немесе нақты айқындалғаң жағдайларда ол орасан зор экономикалық тиімсіздіктер әкелуімен қауіпті. Егер фермердің өз  жерін сататын жа болмаса, ол қажетті капитал сальшдарын (мысалы, ирригация жүргізуді) құлықсыз іске асыру мүмкін. Қандай да бір себептермен ауыл шаруашылығы қызметінің ауқымын шекте тура келсе, өзінің артық жерін басқа бір фермерге сатып жұмсаған инвестициялық шығындардың орнын толтыруға оның мүмкіндігі болмайды. Ал ұжымдар мүшесі жерді бөліске салғанда оған бөлінген жер төлімі қайтадан сол ұжым- шардың басқа бір мүшесіне берілуі мүмкін екенін білетін болғандықтан жерді өңдеп-баптауға деген құлқы болмайды Дәл осындай проблемалар өнеркәсіптік меншікке де тән болып табылады. Егер зауыт жерді иелену құқығына ие болса бірақ оны сатуға құқы болмаса, ол жерлерге дүкен, тұрғын үй немесе басқа бір өнеркәсіптік кәсіпорын салу тиімдірек болғанымен, сол өнеркәсіпгік қызмет түрін жүзеге асыру үшін жалғастыра беруден басқа амалы болмайды.

Жеке меншік құқының қазіргі заманғы жүйесі иелік етушілерге олардың оз қалауларына сәйкес меншік құқығын бөлудің күрделі нұсқаларын ұсынады. Мұны бір кәсіпорынның басқа бір кәсіпорынға өз зауыттарының бірін жалға беру туралы шешім шығаруын мысалға ала отырып нақты көрсетіп көрейік. Жалға беру шарты бойынша бірінші кәсіпорын зауыттың иесі болып қала береді, екінші кәсіпорын келісілген мерзім ішінде, айталық бес жыл бойы өзінің шаруашылық қызметін іске асыру үшін оны пайдалану құқына ие болады. Жалға алушы (жылжымайтын мүлікті пайдалануға алған кәсіпорын) оның меншігін пайдалану құқығы үшін жалға берушіге (жылжымайтын мүлікті иеленуші кәсіпорынға) белгілі бір сомада ақша төлеп отырады, Егер жалға беру жніндегі келісім үзартылмаса, белгіленген Мерзім өткеннен кейін зауыт иесіне қайтарылады.

Жалға алу жүйесі айқын артықшылықтарға ие. Жалға алушы үзақ уақыт пайдаланып, өзіне артық жүктеме салмак көтергісі келмегсндіктсн жылжымайтын мүлікті қысқа мерзім_ ішінде пайдаланғысы келуі мүмкін, бүл орайда жалға беру өз меншігін сол мсрзім ішінде пайдаланғысы келмеуіде ықтимал. Алайда мүндай жүйенің икемділігі толық дәрежесінде байқалуы үшін тараптар өте күрделі бірқатар шартарының сақталуы жөнінде келісіміге келулері тиіс. Біріншіден,  беруші (меншік иесі) жалға алу мерзімі аяқталғаннан ке өз меншігін қайтарып алауыннына сенімді болуы тиіс.Біріншіден, жалға беру мерзімі өткеннен кейін ол зауыт аумағынан жалға алушыны аластата алатын занды құқыққа ие болуы қажет. Біріншіден, жылжымайтын мүлікті пайдалана отырып, жалға алушы оған орны толмас зиян келтірмейтініне сенімді болуы рек. Мысалы, шығындардан аулақ болу үшін жалға алушы келісім мерзімі өтісімен зауыт бұрынғы иесіне бәрібір өтеді деген желеумен істен шыққан жабдықты жөндеуден бас хартатын жағдай болады. Жалға алу келісім-шартына қол қоя отырып, жалға алушы әдетте жалға алатын мүлікті күтіп ұстау туралы шағымдық күші бар міндеттеме алады. Үшіншіден, егер жалға алушы қандай да бір қауіпті немесе кате әрекеттер жасайтын, мысалы жақын мандағы көлге ұлы химикаттар ағызып жіберетін жағдайда жалға беруші жауапкер болғысы келмеді делік. Егер зауыт қоршаған ортаға зиян келтірген жағдайда кім жауапкершілікте болатыны жалға беру женіндегі келісім-шартта нақты айқындалуы тиіс.

Информация о работе Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі