Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2015 в 15:21, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі - меншік — қоғамдық құрылыстық экономикалық негізі — қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы зандар кабылдап, оны корғайды. Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер жеке адамдар, әлеуметтік, топтар, таптар, мемлекет арасында калай иемделінетіні және бөлінетіні ақықталады Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады. Және ол мүліктерді: иемдену, пайдалану және оған иелік жасау өкілетілігін алады.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................2
1. Меншік қатынастары...................................................................................4
1.1. Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының орны.............................4
1.2 Меншіктің экономикалық мазмұны................................................................................6
1.3 Меншік объектілері және субъектілері......................................................12
2. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі........................18
2.1. Меншік құқықтарының теориясы...........................................................20
2.2. Меншіктің құрылымы мен формалары...................................................20
2.3.Қазақстан Республикасындағы меншік қатынастарының даму тетіктері.................................................................................................................23
Қорытынды.....................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................28

Прикрепленные файлы: 1 файл

kursovoy.docx

— 116.90 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе..............................................................................................................2

1. Меншік қатынастары...................................................................................4

1.1. Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының орны.............................4

1.2 Меншіктің экономикалық мазмұны................................................................................6

1.3 Меншік объектілері және субъектілері......................................................12

2. Меншік қатынастары және олардың  экономикадағы рөлі........................18

2.1. Меншік құқықтарының теориясы...........................................................20

2.2. Меншіктің құрылымы мен формалары...................................................20

2.3.Қазақстан Республикасындағы меншік қатынастарының даму тетіктері.................................................................................................................23

Қорытынды.....................................................................................................27

Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

 Курстық  жұмыстың өзектілігі - меншік — қоғамдық құрылыстық экономикалық негізі — қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы зандар кабылдап, оны корғайды. Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер жеке адамдар, әлеуметтік, топтар, таптар, мемлекет арасында калай иемделінетіні және бөлінетіні ақықталады Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады. Және ол  мүліктерді: иемдену, пайдалану және оған иелік жасау өкілетілігін алады.

Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль атқарған. «Меншік» белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен шыққан. Ол қоғамдық негізгі бастауларға жатады. Сондықтан кез келген үкімет меншік туралы заңдар шығарады.

Меншік құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесіне заңмен алдын ала белгіленген мүлік тән.

Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процессін қамтып,пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру,бөлу,айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.

Меншік – бұл зат емес,заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты құқығы көрінеді.Тұлға ретінде мемлекет,ұжым,жеке тұлға болуы мүмкін. Негізгі нысандары: жер,ғимараттар,материалдық және рухани – мәдениет заттары және т.б. жатады.

Басқаша айтсақ, меншік – бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты обьективті қатынастар жүйесі.Иемдену – әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. «Меншік» пен «Иемдену» түсініктерін теңестіруге болмайды.Меншік –анағұрлым абстрактілі,ал иемдену – нақты ұғым.

Меншік экономиканың және экономикалық теорияның ең маңызды әрі күрделі категориялары мен мәселелерінің қатарына жатқызылады. Меншік бұл қоғамдық қондырғыны қамтитын обьективті қатынас ретінде ойшылдарды бұрыннан қызықтырған. Түрлі өркениет өкілдері «Экономикалық билік кімге тиесілі және шешуші рөлге ие өндіріс құралдарын кім иеленеді?» деген сұрақтарға әрқашан ерекше көңіл бөлген. Адамдардың тіршілік жағдайларына деген меншік кез келген экономикалық құрылымның ,яғни бүкіл шаруашылықтағы өзара тәуелділіктердің тірегін қалыптастырады. Осы өзара тәуелділіктерді қолдау және нығайту үшін қоғам мүшелері белгілі бір тәртіп ережелеріне бағынуы тиіс.

          Бұрынғы Одақ қоғамдық ілімдер дамуының басты кемішлігі — объективтік процестердің нақты күрделілігін жеңілдетуте саяды. Бұл жағдай. 'меншік" ұғымын зерттеу процесінде де көрініс алды. Біріншіден, меншікті жігерлі катынастар ретінде,  деп түсіну. Егер саяси экономика объективті экономикалық процестерді қарастыратындығы және ол меншіктің мазмұнын бір жақты түсіндіретіндігіне көңіл аударсақ, онда бұл көзқарастық дұрыстығы күмән туғызбайды. Ал осындай бағытты жақтаушылар меншікті құқықтық жағынан карастыру — иемденудің экономикалық қатынастарыи , сол себепті де бұл, олардың түрлері екендігін де мойындайды. Әйтсе де олар экономикалық катынастарын меншік  ретінде қарастырудың орнына, мазмұнынан айырып алады.

Екіншіден, көп уақыттар бойы меншіктің экономикалық және құкықтық мазмұнына тереңдеп бармай, осыбетінен түсіндіру орын алып келді. Көптеген авторлар меншіктің экокомикалык, мазмұнынық салыстырмалы дербестігі оның мазмұнын   өндірістік    қарым-қатынастын анықтау мен оның құқықтық мазмұнының  мойындаумен бірге, олардың арасындағы өзара нақты жауап бермеді.

Әйтсе де бірқатар экономикалық әдебиеттерде бұл проблема туралы маңызды ой-пікірлер айтылып та жүрді.

Олар меншік туралы үғымдарды толықтырып отырғаны позитивті маңыздылығы сонда, меншік экономика мен біртұтастығы деп тұжырымдады. Демек, меншік қатынастарының ерекшелігі де дәл осында.

Курстық жұмыстың мақсаты- Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының орнын анықтап, Қазақстан республикасындағы меншікті дамыту тетіктеріне тоқталу.

   Осы мақсатқа байланысты келесідей міндеттер анықталады:

  • Меншік қатынастары
  • Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының орны
  • Меншіктің экономикалық мазмұны
  • Меншік объектілері және субъектілері
  • Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі
  • Меншік құқықтарының теориясы
  • Меншіктің құрылымы мен формалары
  • Қазақстан Республикасындағы меншік қатынастарының даму тетіктері

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        1.Меншік қатынастары

 

    1. Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының орны

 

Меншік - күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады. Меншікті қарастырудың екі тәсілдемесін ажырату керек.

 

                                1 сурет. Меншік тәсілдемелері

 

         Бірінші тәсілдеме меншікті нақты экономикалық кагория ретінде қарастырады. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін икем дену тұрғысындағы қатынастар.

Екінші тәсілдеме меншікті қоғамның бүкіл эконокалық жүйесін сараптау арқылы сипаттайды.

Бүкіл қоғамдық құрылыстың өзегі болып табылатын меншік қатынастарының жүйесі:1)иемдеу қатынастары;2)мүлікті шаруашылық пайдалану қатынастары;3)меншікті экономикалық өткізу қатынастары;

     Меншіктік қатынастардың келесідей түрлері болады:

а) иемдену қатынастары;

ә) мүлікті шаруашылық пайдалану қатынастары;

б) меншікті экономикалық өткізу қатынастары.

     Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:

а) екі жұп категорияларының өзара байланыстары: иемдеу-жатсыну;

ә) жекелену –қоғамдану сияқты категориялардың өзара байланысы;

б) өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;

в) табыстарды үйлестіру тәсілдері;

г) суъектілік-объектілік талдау.

Меншіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдікрермен сипатталады. Меншік құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты қалыптасқан санкцияланған тәртіп қатынастарының жиынтығы.

Меншік құқықтарын жүзеге асыру үшін меншік құқықтарының айрықшалануы өте маңызды.

Меншік құқықтарының айрықшалануы-бұл мншіктің объектісін, субъектісін және меншікке өкілдіктерін анықтау.

Меншік субъектісінің 3 негізгі құқықтары бар:

а) иелік ету

ә) пайдалану;

б) билік ету.

        Меншіктің экономикалық мазмұны тұтас шаруашылық процесін қамтиды да, товарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастарына араласады.Меншік өндіріс нәтижесін иемденумен байланысты адамдар арасындағы объективті қатынастар жүйесі.

        Меншік иемденуге қарағанда абстрактілі түсінік болып табылады. Иемдену затқа иелік етудің қоғамдық нақты тәсілі.

       Меншік пен иемденудің өзіндік ішкі заңдары бар, олар екеу: біріншісі өз еңбегінің өніміне иелік ету (қарапайым товар өндірісіне тән), екіншісі бөтен адамның еңбегінің өніміне иелік ету (капиталистік товар өндірісіне тән).

Тарихи негізгі меншіктің түрлері жалпы және жеке. Бастапқыда жалпы меншік орын алып, ортақ еңбек ету, нәтижесін ортақ иеменуге мүмкіндік берген. Кейінннен жеке меншік пайда болды да, екіге бөлінді: еңбектік және еңбектік емес. Еңбектік жеке меншік иелері қолөнершілер, шаруалар, т.б. өз еңбегімен өмір сүретіндер (фермерлер, жеке еңбекпен қамтылғандар).

Жеке меншіктің екінші түріне бөгде адам еңбегі есебінен баю тән. Мүліктік теңсіздікке әкеліп қоғам поляризациясы туындауы мүмкін.

Үшінші бір иемдену түрі болады, ол аралас меншік; онда қатысушылардың ақшалай жарнасы немесе басқадай үлесі негізінде құрылған.

Мемлекеттік меншік дегеніміз, меншік объектісін басқаруды және пайдалану шешімдерін мемлекеттік билік органдары қабылдайтын қатынастар жүйесі.

       Коллективтік меншік дегеніміз, өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелеріне иелік ететін коллектив болатын жағдай.

       Ұлттандыру – жеке меншіктегі шаруашылық объектілерінің (жер, өнеркәсіп, транспорт т.с.с.) мемлекет иелігіне өту процесі.

       Жекешелендіру – мемлекеттік немесе муниципалды меншік объектілерін тегін немесе ақылы жеке меншікке айналдыру. Жекешелендіру мемлекетсіздендіру деп аталатын кең мағыналы процестің бір бөлігі.

 

 

 

 

 

1.2.Меншіктің  экономикалық мазмұны

 

“Меншік” ұғымы әрбір экономикалық жүйесінің іргетасы болып табылады. Ол тарихи түрде адам және қоғаммен бірге пайда болды. Алғашқы кезде меншік деген ұғым тек жермен байланыстырылды. Сондықтан да меншік адамның дайын өнімдерге емес, жерге деген, яғни табиғи және өндіріс жағдайларына қатынастарын байқатады. Мұнда адам - өндіруші және өндіріс құрал-жабдығын иеленуші ретінде көрінеді (жер –қоғамдық өндірістің басты құралы). Өндіріс нәтижелерін иелену қоғамдық экономикалық қатынастар шеңберіне материалдық игіліктерді адамдар бірлесе игеру арқылы жүзеге асады.

Меншік мәнін жалпы алғанда кез келген ересек адамның түсінуі де, түсіңдіруі де мүмкін. Көпшілігінде бүл сұраққа жауап күнделікті түрмыс тіршілікпен, иелік етумен байланысты беріліп жүр. Мысалы, Еменшік — дәл жеке дара басыма тиесілінің бәрі, меншік —басқа жер иелігіндегі байлығьп т. б. Әрине меншіктің бұдан да басқа анықтамасы болғаны тарихтан белгілі. Ертеректегі француз социалисі Пьер Жозеф Прудоның (1809—1865 ж.ж.) меншік — ұрлау деген мағынаны береді дегені бар.

Жоғарыда келтірілген анықтамаларда белгілі бір ақиқаттың бары анық. Олай дейтініміз осы түсініктемелердің қай-қайсысында да бірінші кезекте адамның затқа қатынасы (материалдық игіліктерге) сипаттала-ды. Шын мәнінде дәл осылай ма екен? Меншік түсінігі адамның "тірі", не "өлі" материалға қатынасы ма? Бұған үзілді-кесілді бір жақты жауап беру дұрыс болмас еді. Олай дейтініміз экономикалық теорияда "робинзонада" әдісінің кеңінен орын алатыны белгілі. Міне осы әдісті меншіктің мәнін, мазмүньш толық түсіну үшін қолданып көрейік. Адам аяғы баспаған аралда Робинзон бір өзі өмір сүрді деп ұйғаралық. Ол табиғаттың жемісін, атап айтқанда, банан жеп, өзеннен балық ұстап, пальма жапырақтарынан киім киіп тіршілік етеді. Ал Робинзон өзі-өзіне осының бәрі менің меншігім деп айта алар ма еді? Өзін айнала қоршаған материалдық игіліктердің бәрі де менікі деген түсінік оның миына да кіріп шықпас еді. Қоршаған, көзге көрінгеннің бәрі де менікі деп айту үшін, ең болмағанда тағы бір адам болуы шарт. Онан болса бұдан мынадай қорытынды шығаруға болар еді:меншік — адамның затқа жай қатынасы ғана емес. Меншік осы затпен байланысты адамдар арасындағы қатынас. Меншік, әдетте (әрдайым емес) затпен байланысты, алайда күнделікті тұрмыстағы түсінігіміздей жай зат емес, осы заттарды иемденумен байланысты адамдар арасындағы қатынас.Дәстүрлі кеңестік, қайта құру кезеңіне дейінгі экономикалық әдебиеттерде меншік категориясының мәнін, оның адамдар арасындағы қатынасты сипаттайтынын тек К. Маркс ашқан түсінік берік орнағаны белгілі. Сөз жоқ, К. Маркс меншіктің әлеуметтік-экономикалық мән-мазмұнын ашуда елеулі үлес қосқаны даусыз мәселе. Алайда жоғарыда келтірілген П. Ж. Прудонның меншік туралы түсініктемесі де оның адамдар арасындағы қатынас екенін сипаттап түрған жоқ па? Өйткені бір адамның екінші бір адамнан ұрлай алатыны белгілі. Олай болса бұл арада қатынас туралы әңгіме болып отыр. Ал қазіргі батыстық экономикалық пікірлерге көңіл аударар болсақ, мысалы П. Хейненің "Экономикалық ойлау бейнесі" деген әйгілі кітабында меншіктенудің қайшылықты мәселелеріне арналған XIII тарауында,меншікті адамдар арасывдағы қатынас деп жазған. Мұңда П. Хейне 1991 жылы экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты американдық экономист — Рональд Коуздың (1910 жылы туған) меншік және рыноктық қатынастар мәселелеріне арналған терең де, ерекше идеяларын негізге ала отырып меншік адамдардың затқа жай қатынасы ғана емес, адамдардың деп сипаттайды.

Информация о работе Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі