Мемлекеттік басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 08:40, реферат

Краткое описание

Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы №620 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын және 2006 жылғы 26 сәуірдегі №169 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 – 2008 жылдарға арналған Бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы

Содержание

.
Бағдарламаның паспорты 3
2.
Кіріспе 4
3.
Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік активтерді басқарудың қазіргі жай-күйін талдау 4-6
3.1.
Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік активтерді есепке алу 6-7
3.2.
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды басқару 7-9
3.3.
Коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың акцияларын
және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу
үлестерін басқару 9-10
3.4.
Мемлекеттік мекемелерді басқару 10-12
3.5.
Коммуналдық меншік объектілерінің кешенді мониторингін қамтамасыз ету 12
3.6.
Қаржы активтерін сату 12-13
3.7.
Жекешелендіруден кейінгі бақылау 13-14
4.
Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері 14
5.
Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі 14-15
5.1.
Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мүлікті есепке алу жүйесін жетілдіру 16
5.2.
Мемлекеттік активтерді басқару саласындағы қағидаттар мен басымдықтар 16-17
5.3.
Мемлекеттік жеке меншік әріптестік 17
5.4.
Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациялар 18-19
5.5.
Мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін бағалау жүйесін айқындау 19-20
5.6.
Мемлекеттік жекешелендіру саясатын іске асыру жөніндегі негізгі қағидаттар мен шаралар 20
5.7.
Жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүзеге асыру 21
5.8.
Мемлекеттік кәсіпорындардың басқару органдарында мемлекет мүддесін білдіретін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру 21-22
5.9.
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері), облыстың коммуналдық меншігіндегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін бақылау тетігін жетілдіру 22-23
6.
Қажетті ресурстар және олардың қаржыландыру көздері 23
7.
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже 23-24
8.
2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 25

Прикрепленные файлы: 1 файл

Оңтүстік Қазақстан облысы маслихатының.docx

— 48.48 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік кәсіпорынды мемлекеттік басқару  органы өкілеттіктерінің  ауқымы кең, атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің  басым бағыттарын айқындау, мемлекеттік кәсіпорындар мүлкінің мақсатты пайдаланылуын және сақталуын  бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік  кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық жоспарларын, оның ішінде жоспарлары қаржылық көрсеткіштерді қарау және бекіту, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау  және талдау.

Бұл ретте, заңнамада  мемлекеттік кәсіпорын  басшысының меншік иесі  мен мемлекеттік  басқару органы алдындағы кәсіпорындағы  істердің жай күйі үшін  дербес жауапкершілігі айқындалған, дегенмен, мемлекеттік  басқару органдарының лауазымды  адамдарының мемлекеттік кәсіпорындарды  тиімсіз басқарғаны үшін жауапкершілігі  айқындалмаған.

Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін  басқаруды жүзеге асыру кезінде  заңнамада оның органдарының жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тиісті дәрежеде басқаруды бірлесіп жүзеге асырмағанынан туындаған шығындар не оның үшінші тұлғаларға келтірген шығындары үшін жауапкершілігі көзделген.

Осыған  байланысты Үкіметтің 2006-2208 жылдарға арналған мемлекеттік активтерді басқару  Бағдарламасында  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлесін тиімді басқару және басқару органын  айқындау мақсатында заңнамаға үлестері мемлекеттік меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқару  ерекшеліктерін реттейтін норма  енгізу қажеттілігі белгіленген.

 

5.9. Мемлекеттік кәсіпорындардың,  акцияларының бақылау пакеті (қатысу  үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік  қоғамдардың (серіктестіктердің)  қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін  бақылау тетігін жетілдіру

Кәзіргі уақытта Қазақстан алдында неғұрлым бәсекеге қабілетті экономикасы  бар елдердің қатарына шығу міндеті  тұр. Осыған байланысты  мемлекеттік  кәсіпорындарды, акцияларының бақылау  пакеті (қатысу үлестері) республикалық  мемлекетке, сондай-ақ коммуналдық  меншікке тиесілі  акционерлік қоғамдарды  (серіктестіктерді) басқару жүйесін  жетілдіру  мемлекеттің басым  міндеттеріне  айналады.

Үкімет  Бағдарламасында  мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік  қоғамдардың (серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін бақылау  тетігін жетілдіру жекелеген  нормативтік құқықтық кесімдерді қайта  қарау жолымен жүзеге асырылатын болады  және мемлекеттік ұйыдар қызметінің басым бағыттарын айқындауға бағытталғаны көрсетілген.

Осыған  байланысты  акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулігі серіктестіктерде ішкі аудит институтын құру көзделеді.

Бұл ретте  Облыстық қаржы департаменті, қала және аудан әкімдері акцияларының бақылау  пакеті (қатысу үлестері) коммуналдық  меншікке тиесілі акционерлік қоғамдарда (ЖШС) алдағыда:

қаржы-шаруашылық қызмет жоспарын орындау бойынша қаржы шаруашылық қызметке талдау өткізу;

шаруашылық  субъектілердің  мемлекетке тиесілі  акциялар пакетіне (үлестеріне) есептеулер және  уақытылы дивидендтерді төлеу;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің анықтау тәртібімен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың  әкімшілік шығындарын  оңтайландыру  мақсатында  мониторинг  жүргізу.

Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың мемлекеттік  басқару органдарына  келесі міндеттер  жүктеледі:

 мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорындардың басымдылық  қызмет  бағытын анықтау;

мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың ағымдағы және алдағы  жоспарларын, соның  ішінде қаржылық жаспарлау көрсеткішінің  мезгілін  және тапсыру тәртібін қарау және бекіту; 

мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің жоспардағы көрсеткіш есептерін   уәкілетті органдарға уақытылы тапсырумен  орындалуын  талдау  және бақылау;

шаруашылық  жүргізудегі  мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорындардың  таза табыстарын үлестіруді бақылау;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің анықтау тәртібімен  басшыларды тағайындау және  оларға аттестация жүргізу;

 мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорындардың мүліктерінің  сақталуын  және белгілі мақсатта  пайдалануын бақылау;  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің анықтау тәртібімен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың  әкімшілік шығындарын  оңтайландыру  мақсатында  мониторинг  жүргізу.

 

 

 

 

 

 

 

6. Қажетті ресурстар  және оларды қаржыландыру көздері

Осы Бағдарламаны қаржыландыру негізі - облыстық бюджет болып табылады.

Оңтүстік  Қазақстан облысының коммуналдық  меншігіндегі мемлекеттік  кәсіпорындар және мекемелер, мемлекеттік қатысу үлесімен акционерлік қоғамдар және шаруашылық серіктестіктердің тізімін  жүргізуге және ақпарат жүйесіне ену мүмкіндігі қызметін көрсету  үшін «Ақпарат есептеу орталығы»  АҚ-мен жыл сайын келісім шарт түзіледі, осыған коммуналдық меншік объектілерінің мемлекеттік тізімін  жүргізуге жыл сайын облыстық бюджеттен қаражат шығынын қарастыру  қажет.

Жылдар  бойынша болжамды шығындар:

 

 

№ р/с

 

 

Іс-шаралар

Бағдарламамен болжанған шығындар (мың. теңге)

 

барлығы

Соның ішінде жылдар бойынша 

2007

2008

1

Коммуналдық меншік объектілерінің тізіліміне қол жеткізуді қамтамасыз ету  бойынша тізілім ұстаушымен келісім  шарт жасасу

 

4332

 

2000

 

2332

2

Коммуналдық меншiктi жекешелендiрудi 
ұйымдастыру

4140

2000

2140

3

Коммуналдық меншiкке түскен мүлiкті есепке алу, сақтау, бағалау және сату

1070

-

1070

 

Барлығы

9542

4000

5542


 

7. Бағдарламаны іске  асырудан күтілетін нәтиже

Қабылданатын  шаралар нәтижесінде мемлекет активтерін басқарудың ашық жүйесі, мемлекеттік  меншіктің бірыңғай дерекқоры құрылады, мемлекеттік кәсіпорындар мен акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі ұйымдардың оңтайлы саны айқындалады. Рентабельді емес мемлекеттік  кәсіпорындарды оңалту немесе олардың  банкроттығы  туралы шешім қабылдау бойынша тетіктер әзірленеді.

Мемлекеттік активтерді тиімді басқару жөнінде  жаңа институттар құру мемлекеттік  активтерді басқару тиімділігін  арттыру мен қор нарығының  дамуына ықпалын тигізеді.


Информация о работе Мемлекеттік басқару