Мемлекеттік басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 08:40, реферат

Краткое описание

Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы №620 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын және 2006 жылғы 26 сәуірдегі №169 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 – 2008 жылдарға арналған Бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы

Содержание

.
Бағдарламаның паспорты 3
2.
Кіріспе 4
3.
Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік активтерді басқарудың қазіргі жай-күйін талдау 4-6
3.1.
Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік активтерді есепке алу 6-7
3.2.
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды басқару 7-9
3.3.
Коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың акцияларын
және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу
үлестерін басқару 9-10
3.4.
Мемлекеттік мекемелерді басқару 10-12
3.5.
Коммуналдық меншік объектілерінің кешенді мониторингін қамтамасыз ету 12
3.6.
Қаржы активтерін сату 12-13
3.7.
Жекешелендіруден кейінгі бақылау 13-14
4.
Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері 14
5.
Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі 14-15
5.1.
Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мүлікті есепке алу жүйесін жетілдіру 16
5.2.
Мемлекеттік активтерді басқару саласындағы қағидаттар мен басымдықтар 16-17
5.3.
Мемлекеттік жеке меншік әріптестік 17
5.4.
Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациялар 18-19
5.5.
Мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін бағалау жүйесін айқындау 19-20
5.6.
Мемлекеттік жекешелендіру саясатын іске асыру жөніндегі негізгі қағидаттар мен шаралар 20
5.7.
Жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүзеге асыру 21
5.8.
Мемлекеттік кәсіпорындардың басқару органдарында мемлекет мүддесін білдіретін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру 21-22
5.9.
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері), облыстың коммуналдық меншігіндегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін бақылау тетігін жетілдіру 22-23
6.
Қажетті ресурстар және олардың қаржыландыру көздері 23
7.
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже 23-24
8.
2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 25

Прикрепленные файлы: 1 файл

Оңтүстік Қазақстан облысы маслихатының.docx

— 48.48 Кб (Скачать документ)

Оңтүстік Қазақстан облысы маслихатының

2006 жылғы «29» қыркүйектегі

№ 25/284-Ш шешімімен

бекітілген

 

Оңтүстік  Қазақстан облысы маслихатының

2007 жылғы «13» желтоқсандағы

№ 3/32-IV шешімімен

өзгерістер енгізілді


 

 

Оңтүстік  Қазақстан облысының 

коммуналдық меншігіндегі

  мемлекеттік активтерді басқарудың 

2006 – 2008 жылдарға арналған 

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент қ. – 2007 жыл

 

МАЗМҰНЫ

 

 

1.

Бағдарламаның паспорты                                                                        3

2.

Кіріспе                                                                                                       4                  

3.

Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік  активтерді басқарудың қазіргі жай-күйін  талдау                                                                                    4-6

3.1.

Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік  активтерді есепке алу          6-7

3.2.

Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды басқару                        7-9

3.3.

Коммуналдық меншіктегі акционерлік  қоғамдардың акцияларын

және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу

 үлестерін басқару                                                                                 9-10

3.4.

Мемлекеттік мекемелерді басқару                                                    10-12

3.5.

Коммуналдық меншік объектілерінің кешенді  мониторингін қамтамасыз ету                                                                                         12

3.6.

Қаржы активтерін сату                                                                       12-13

3.7.

Жекешелендіруден кейінгі бақылау                                                 13-14

4.

Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері                                          14

5.

Бағдарламаны іске асырудың негізгі  бағыттары мен тетігі            14-15

5.1.

Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік  мүлікті есепке алу жүйесін жетілдіру                                                                                                   16

5.2.

Мемлекеттік активтерді басқару саласындағы  қағидаттар мен басымдықтар                                                                                        16-17

5.3.

Мемлекеттік жеке меншік әріптестік                                                  17

5.4.

Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациялар                                         18-19

5.5.

Мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың  қызметін бағалау жүйесін айқындау                          19-20 

5.6.

Мемлекеттік жекешелендіру саясатын іске асыру жөніндегі негізгі  қағидаттар мен шаралар                                                                          20

5.7.

Жекешелендіруден кейінгі бақылауды  жүзеге асыру                          21

5.8.

Мемлекеттік кәсіпорындардың басқару  органдарында мемлекет мүддесін білдіретін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін  арттыру                                                                                                 21-22   

5.9.

Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың  акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері), облыстың коммуналдық меншігіндегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін бақылау  тетігін жетілдіру                                                                  22-23

6.

Қажетті ресурстар және олардың қаржыландыру көздері                   23

7.

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін  нәтиже                               23-24

8.

2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламаны  іске асыру жөніндегі іс-шаралар  жоспары                                                                                25                                     


 

 

 

1. Бағдарламаның паспорты

 

Бағдарламаның атауы

Оңтүстік Қазақстан облысының  коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік  активтерді басқарудың 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасы

Бағдарламаны әзірлеу 

үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 620 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасы

Негізгі әзірлеуші

Оңтүстік Қазақстан облысының  қаржы департаменті

Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік  активтерді басқарудың тиімділігін  арттыру

Бағдарламаны іске

асыру мерзімі

2006 – 2008 жылдар

Бағдарламаны қаржыландырудың көлемі және көздері

Қаржыландыру облыстық бюджеттен  жүзеге асырылады. 2007-2008 жылдарға арналған жекешелендіру бойынша өткізілетін іс-шаралар 5210 мың теңге сомасында, соның ішінде:

2007 жылы – 2000 мың теңге

2008 жылы – 3210 мың теңге;

мемлекеттік кәсіпорындар мен  мекемелердің, жарғылық капиталында  мемлекеттің қатысу үлесі бар (Тізілім) заңды тұлғалардың тізіліміне қол  жеткізуді ұсыну бойынша жұмыстар және оларды «on-line»  режимінде қолдау 4332 мың теңге сомасында, соның ішінде:

2007 жылы – 2000 мың теңге

2008 жылы – 2332 мың теңге

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін  нәтиже

Қабылданатын шаралар нәтижесінде  мемлекет активтерін басқарудың ашық жүйесі, мемлекеттік меншіктің бірыңғай дерекқоры құрылады, мемлекеттік  кәсіпорындар мен акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі  ұйымдардың оңтайлы саны айқындалады.

Мемлекеттік активтерді тиімді басқару жөнінде жаңа институттардың құрылуы мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыруға  және қор нарығын дамытуға ықпалын  тигізеді.

Осы бағдарламаны орындауға  бағытталған шараларды іске асыру  барысында 2006 – 2008 жылдар ішінде мемлекеттік  мүлікті пайдаланудан мемлекеттік  бюджетке түсетін түсімдердің сомасы нақтыланатын болады.


 

2. Кіріспе

Республикада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы                                   30 маусымдағы № 620 қаулысымен Мемлекеттік  активтерді басқарудың 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасы  бекітілді, онда «Қазақстан 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының  артуы» атты Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын, Қазақстан  Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы  №735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға  дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыруда Қазақстан Республикасының  Үкіметі қабылдап жатқан шаралар  мемлекеттік мүлікті басқару  жүйесінің тиімділігін арттыруға  және жетілдіруге мүмкіндік берілді  деп атап көрсетілген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы экономикасының серпінді дамуы мемлекеттік активтерді басқару саясаты саласында айқындалған  басымдықтарды үнемі қайта қарауды  талап етеді.

Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы               30 маусымдағы №620 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын  және 2006 жылғы                  26 сәуірдегі №169 Оңтүстік Қазақстан  облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 – 2008 жылдарға арналған Бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы                          1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу  елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөнінде іс-шаралардың жалпыұлттық  жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіментінің 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасын Оңтүстік Қазақстан  облысы бойынша іске асыру жөніндегі  іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында әзірленді.

Қалыптастырылуы мемлекеттің функциялары мен  мүдделеріне негізделуге тиіс мемлекеттік  мүліктің құрамын нақтылау, мемлекеттік  меншікті басқарудың тиімділігін бағалау  өлшемдерін нақтылау және оны есепке алу жөнінде бірыңғай базаны қалыптастыру бүгінгі күні мемлекеттік мүлікті  басқару саласындағы неғұрлым өзекті міндеттер болып табылады.

Сондай-ақ, осы Бағдарламаның нысаны ретінде  мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекеттік  мекемелерді, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің  қатысу үлестерін (мемлекеттік активтер) басқару мәселелері болып қалады.

3. Коммуналдық меншіктегі  мемлекеттік активтерді басқарудың  қазіргі жай-күйін талдау

Оңтүстік Қазақстан облысының  коммуналдық меншігінде 2006 жылғы                  1 қыркүйектегі жағдай бойынша 1947 мемлекеттік  мекеме, 43 шаруашылық жүргізу құқығындағы  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, 307 қазыналық кәсіпорын, акциялардың мемлекеттік пакеттері, қатысу үлестері  коммуналдық меншіктегі 2 акционерлік қоғам және 72 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, жұмыс істейді.

Мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін  арттыру мақсатында                    2003 – 2005 жылдар аралығындағы кезеңде  мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша жұмыс  жүргізілді.

Облыс әкімдігінің қаулысымен коммуналдық  меншікті басқару жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер бекітілген:

«Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне коммуналдық меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз  беру құқығымен мүліктік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенімгерлік  басқаруға беру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 23 маусымдағы № 295 қаулысы.

«Коммуналдық мемлекеттік мекемелер  балансындағы және мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі  немесе жедел басқаруындағы объектілерді, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын  мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру шарттарын белгілеу туралы» облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 қарашадағы №394 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2004 жылғы 14 мамырдағы  №246 қаулысы.

 «Оңтүстік Қазақстан облысының  коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары  мен коммуналдық мемлекеттік  мекемелеріне бекітіп берілген  мүлікті есептен шығарудың тәртібі  туралы нұсқаулықты бекіту туралы»               2003 жылғы 25 тамыздағы № 408 қаулысы. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы №145 қаулысына  сәйкес оларды оңтайландыру мақсатында мемлекеттік кәсіпорындар мен акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі  акционерлік қоғамдардың әкімшілік  шығыстарына мониторинг жүргізілуде.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы №81 қаулысымен  бекітілген Мемлекеттік мүлікті  мемлекеттік меншіктің бір түрінен  екіншісіне беру тәртібіне байланысты  объектілерді коммуналдық меншіктен  республикалық меншікке және  республикалық меншіктен коммуналдық  меншікке беру жүзеге асырылуда.

«Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару  туралы» Заңына өзгерістер енгізілуіне  байланысты және коммуналдық меншікті басқарудың тиімділігін арттыру  мақсатында 101 мемлекеттік мекеме, 186 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, оның ішінде 30 шаруашылық жүргізу құқығындағы  және 156 қазыналық, 32 серіктестіктің мемлекеттік  қатысу үлестері аудандар мен қалалар  коммуналдық меншігіне берілді.

  Үкіметтің мемлекеттік активтерді  басқарудың 2006 – 2008 жылдарға арналған  бағдарламасында, мемлекеттік активтерді  басқарудың ағымдағы жағдайына  талдау жүргізу барысында тұтас  алғанда республика бойынша, сондай-ақ  облыстардағы коммуналдық меншікті  басқаруда бірқатар проблемалар  анықталғаны көрсетілген.

Мемлекеттік басқару органдарындағы мемлекеттік кәсіпорындардың, атқарушы органдарындағы акцияларының пакеттері  мемлекетке тиесілі акционерлік  қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тарапынан  мемлекеттік  активтерді басқару тиімділігінің  жеткіліксіздігі, облыстағы кәсіпорындардың  шамамен жартысы шығынды жұмыс  істеуіне, көп кәсіпорындардың қызмет атқармауына әкеп соқтырды.

Мемлекеттік кәсіпорындардың жекелеген  мемлекеттік басқару органдарында өздеріне ведомстволық бағыныстағы  ұйымдардың қызметі туралы ақпарат  жоқ, олармен байланыс жоғалған, атқарушы органдар жұмыс атқармайды.

Басқару органдарының ведомстволық бағыныстағы  кәсіпорындардағы әкімшілік шығындарға талдау жүргізуі әлі қалыптасқан  жоқ.

Мемлекеттік органдар жұмыс істемейтін ұйымдарды заңды тұлғалар тізілімінен  шығару жөнінде қажетті шараларды  қабылдамайды.

Тұтас алғанда республикада, сонымен  бірге біздің облысымызда  мемлекеттік  активтерді басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар тарапынан  бақылауды күшейтуді талап ететін проблемалар туындады, атап айтқанда:

- қаржы-шаруашылық қызметті жоспарлаудың  төмен деңгейі және ұйымдардың  жоспарланған көрсеткіштерді орындамауы;

- мемлекеттік органдар мен ұйымдардың  нормативтік құқықтық кесімдерде  белгіленген ақпаратты уақтылы,  сапалы және (немесе) толық  көлемде  бермеуі;

- тіркеуші органдарда жылжымайтын  мүлік объектілеріне мүліктік  құқықтарды уақтылы тіркемеу;

- ұйымдардың бухгалтерлік қызмет  қызметкерлері біліктілігінің төмен  деңгейі және олардың бухгалтерлік  есепке алу және қаржылық есеп  беру туралы заңнама талаптарын  орындамауы белгіленді.

Осылайша, мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыруға  бағытталған бірқатар нақты іс-шараларды  әзірлеу қажет.

 

3.1. Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік  активтерді есепке алу.

Үкіметтің бағдарламасында мемлекеттiк активтердi тиiмдi басқарудың аса маңызды шарттарының  бiрi оның жағдайы туралы толық ақпаратты  бiлу болып табылады деп атап көрсетілген.

Коммуналдық меншік мүлкін есепке алудың мақсаты  коммуналдық меншік объектілерінің жағдайына бақылау жасау және сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттің  қызығушылығын ескере отырып, оларды пайдалану бойынша негізделген  шешімдер қабылдау жолымен мүліктің мониторингін жасау болып табылады.

Тізілім мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың, мекемелердің және жарғылық капиталында  мемлекеттің қатысуы бар заңды  тұлғалардың  қайта құрылуын, қайта  ұйымдастырылуын, таратылуын және қайта  тіркелуін, сонымен қатар мемлекеттің  қатысу үлесінің ауыртпалығын (кепіл, басқаруға беру) және өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттiк  мүлiктi есепке алуды жүргiзу "Ақпарат  алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттiк  меншiк жөнiндегi деректердiң ақпараттық базасын жүргізу жөнiндегi шаралар  туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы N246 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тiзiлiмiн жүргізу арқылы жүзеге асырылады.  Мемлекеттік тізілімді ұстаушы ретінде «Ақпараттық-есептік орталық» РМК-сы анықталған.

Информация о работе Мемлекеттік басқару