Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 18:07, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттің ақша-несие саясатынының түрлері мен типтерін талдап, ақша-несие саясатының негізгі бағыттары мен салдарын қарастыру.Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудің дамыту жолдарын іздестіру.
Қазақстан экономикалық жаңарту және оған серпінді сипат беру, өзара байланысты міндеттер кешенін шешуді көздейді[1].
Ақша-несие саясаты қаржы секторын дамыту саласында инфляция үрдістерін реттеу тиімділігін арттыру, валюталық реттеуді кезең-кезеңмен ырықтандыру, банктердің сыртқы қарыз алуын жанама реттеу құралын жетілдіру, сондай-ақ қаржы жүйесіндегі бәсекелестікті ырықтандыру мен артттыру негізгі міндеті болып табылады.
Банктердің сыртқы қарыз алуын шектеу жөніндегі жұмыс та жалғасады. Валюталық тәуекелді басқару мақсатында болашақта әрбір шетелдік валюта бойынша банктердің анық валюталық ұстанымның лимиттері төмендейді.
Европалық Одақ талаптарына сәйкес шетелдік банктердің тарапынан бәсекелестікті дамыту үшін отандық рынокқа олардың кіруі туралы шешім қабылдау кезінде бағалауы ескерілетін рейтингтік агенттердің тізбесі кеңейтілетін болады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
осы жылғы жолдауында атап айтқанда,
Қазақстанның таяудағы он жыл ішінде
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіруді көздейтін стратегиялық
бағыт оған негіз болуға тиіс. Сонымен
бірге соңғы екі жарым жыл
көлемінде қабылданған
Алғашқы кезекте салық, бюджет
және ақша-несие жүйелерін
Ақша-несие саясаты саласында инфляциялық үрдістерді реттеу тиімділігін, бағамдық саясаттың икемділігін арттыру, валюталық реттеуді сатылап ырықтандыру міндеттері алға қойылмақшы.
Валюталық реттеудің мақсаты – тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемелекет саясатына жәрдемдесу. Валюталық ретеудің міндеттері мынадай:
Қазақстан Республикада валюталық реттеудің негізгі органы Ұлттық банк болып табылады.
Валюталық бақылауды Ұлттық банк заңмен белгіленген заңдар шегінде өзге де мемлекеттік органдар (валюталық бақылау органдары) және валюталық бақылау агенттері жүзеге асырады[5].
Валюталық бақылаудың мақсаты экспорттық түсімнің толық және уақтылы түсуін, сондай-ақ шетел валютасымен және теңгемен қаражатты импорт мақсатына пайдаланудың заңдылығы және негізділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Валюталық бақылаудың негізгі бағыттары:
Резидент және резидент емес арасында мәмілелер паспорттары рәсімделетін шетел валютасымен және теңгемен жүргізілетін операциялар бойынша жасалаған төлемдер мен ақша аударымдары тек олардың банктік есепшоттары арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекет банк қызметтері нарығындағы монополияны жоюға тиіс, өйткені активтердің басым бөлігінің елдің үш ірі банкілерінде шоғырлануы сапалық төмендеуге қарамастан қызметтер құнының өсіп кетуіне жағдай жасап отыр. Банк секторын ырықтандыру капиталды басқаруда шетелдік озық тәжірбиелерді алмасуға, менеджменттің сапасын жақсартуға, соған сәйкес банк жүйесінің даму деңгейін арттыруға жол ашатын болады.
Инфляциямен күрес – ақша-несие саясатының басты мақсаты. Біз өзіміздің шетелдік әріптестеріміздің бұған дейінгі байқап көрілген ұсыныстары мен кеңестеріне арқа сүйей отырып, валюта саясатын басқарылатын ырықтандыру есебімен инфляция өсуінің келеңсіз салдарын барынша төмендету мақсатында нақты айырбас бағамының қажетті икемділігінің қамтамасыз етуге тиіспіз.
Елбасының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауында Ұлттық банктің алдына:
мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқарудың тиімді жүйесін құруға бағытталған міндеттер қойылды.
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бос органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады. Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Үшінші бөлімнен келіп шығатын түйін, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша барынша қабілетті 50 ел қатарына кіру стратегиясы таяудағы 10 жылда елдің ақша-несие саясатының қаржы секторын дамыту саласында инфляция үрдістерін реттеу тиімділігін арттыру, валюталық реттеуді кезең-кезеңмен ырықтандыру, банктердің сыртқы қарыз алуын жанама реттеу құралын жетілдіру, сондай-ақ қаржы жүйесіндегі бәсекелестікті ырықтандыру мен артттыру негізгі міндеті болып табылады[1].
Қорыта келгенде, қазіргі таңда Қазақстанда жүргізіліп отырған ақша-несие саясаты жайлы мынадай түйіндер шығаруға болады:
Жалпы алғанда, бүгінгі еліміздің экономикасвн сараптаушы әлемдік сарапшылар тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқан жағдайын жоғары бағалауы - әуел бастағы нарықтық экономиканы таңдауындағы дұрыс бағыт алғанын айғақтайды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда жүргізіліп отырған ақша-несие саясаты соңғы жылдар көлемінде қалыптасудың жолынан өтіп, тұрлаулы саясатқа айналалғанына куә болып отырмыз.Нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің даму жолында шетелдермен төлем балансы және оның ақша-несие және валюталық саясатын, олардың өзара байланысы мен даму ерекшеліктерін қалыптастыру мен нарық талаптарына түсіндіру міндеттерін жоспарға алып, бұл мәселені кезкк күттірмей шешілуі еліміздің экономикасы мен ертеңі үшін ауадай қажет екендігін айқындады.
Ақша-несие
саясатын пайдалана отырып, мемлекет
инфляция мен жұмыссыздықтың
төменгі дәрежесі мен
Экономикасы өркендеген басқа елдердегідей, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі экономиканы реттеуді тікелей өзі емес, ақша-несие жүйелері арқылы жүргізеді, Сонымен қатар, ақша-несиелік әсер етудің жолдары мен әдістерін таңдау Ұлттық банк жүйесінің ерекшелігінен, елдің экономикасының бағдарынан тәуелді.
Біз нарықтық экономиканың реттелетін жүйе екенін білеміз. Оның барлық элементтері үнемі сұраныс пен ұсыныстың әсеріне тәуелді болады, яғни сұраныс пен ұсыныс қатынастарымен реттеледі. Ондай болса неліктен мемлекет ақша-несие қатынасына араласуы керек. Ақша-несие қатынасы нарықтық қатынас жүйесінде ерекше орынға ие. Өйткені ақшамен несиесіз нарықтық экономиканың болуы мүмкін емес. Ақша-несие қатынасы —барлық нарыктық байланыстардың негізі, сондықтанда оның қызметін тек қана сұраныс пен ұсыныстың заңдарының талабына бере салу мүмкін емес.
Қорыта айтқанда,Ұлттық банктің ақша-несие саясаты инфляция деңгейінің төмен қарқының ұстауға бағытталған.бұл жұмыстарды жасау үшін ақша базасының деңгейін реттейді.
Орталық Банк “қалқып жүретін
айырбас бағамы’’ саясатын жалғастырады.Валюта
бағамының қысқа мерзімді және спекулятивті
тербелістерін женілдету
Орталық Банк интегралды қоғамдастықтар шегінде, ЕврАзЭС пен ТМД сияқты, төлем жүйесі мен басқа қаржылық интеграциялау бағытында жұмыстарын жалғастырады, сонымен қатар Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру мақсатында мемлекет және ведомствоаралық топтардың жұмысына араласуды ойлайды.
Ақша-несие саясатының басты мақсаты мен құралдарының көмегімен еліміздің экономикасын реттеуге болатынын айта кетуіміз керек. Неғұрлым таңдаған бағытымыз дұрыс болса, солғұрлым болашағымыз ашық болмақ.
Қолданылған әдебиеттер:
1. .«Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 29.01.2010.
2.Ілиясов А.Ә «Ақша-несие саясаты»: Алматы 2008 5-6б
3.http://www.nationalbank.kz/?
4.А.Доғалов, Н.С
5. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева К.С.,Тілеужанова М.Ә., Микроэкономика. «Экономика» 2000 ж.-57б
6. А.С.Мақыш. «Коммерциялық
банктер және банктік
7. А.С.Мақыш. «Ақша айналысы және несие». Алматы 2003 ж.-19б
8. Есіркепова А. Қазақстан
экономикасын басқару
9. Сейітқасымов Ғ.С. “Ақша, несие, банктер”. Алматы 2001 ж.-81б
10. Тұраров Н. С. Ақша-несие саясаты // Саясат. – 2006, №7.
11. Самрат Ж. Бәсекеге
қабілетті болу –
12.Кенжеғозин М. Қазақстан экономикасы: басымдықтар мен проблемалар // Егемен Қазақстан. – 2006, №20.
13. Мұхамбетова З. С. Аймақтың ақша-несие саясаты // Аль-Пари. – 2003, №1.-21-25б
14.Лаврушкина О. М. Деньги, кредиты, банки. Москва: «Финансы и статистика», 1999ж.-18б
15. «ҚР-дағы Ұлттық банк туралы» ҚР Заңы. 31.03. 1995ж.
16. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Заңы. 30.08. 1995ж.