Мемлекеттің ақша-несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 18:07, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттің ақша-несие саясатынының түрлері мен типтерін талдап, ақша-несие саясатының негізгі бағыттары мен салдарын қарастыру.Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудің дамыту жолдарын іздестіру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой Эля.docx

— 79.10 Кб (Скачать документ)

Банктерге берілетін карыздарды беру мен өтеу тәртібін, талаптарын, түрлерін, мерзімдерін және лимиттерін Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайды.

Қазақстан Ұлттық Банкі қарыздарды өтімділігі жоғары және кауіпсіз бағалы қағаздармен және басқа активтермен  қамтамасыз ете отырып та, қамтамасыз етпей де бір жылдан аспайтын мерзімге береді. Бұл мерзімді Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы ұзартуы мүмкін. Бұл орайда Қазақстан Ұлттық Банкі соңғы инстанциядағы қарыз беруші ретінде банктерге қарыздарды Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттарда және мерзімдерде беруге құқылы.

Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік қүқыктык актілерінде  көзделген мүлік Қазақстан Ұлттық Банкінің қарыздары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепіл  заты бола алады.

Депозиттерді тарту мен  өтеу тәртібін, талаптарын, мерзімдерін  және тарту лимиттерін Қазақстан  Ұлттық Банкі айкын-дайды. Қазақстан  Ұлттық Банкі Ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депөзиттер тартуға құқылы.

Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие  саясаты мақсатында қысқа мерзімді ноталарды ұлттық та, шетелдік те валюталарда шығаруға құқылы.

Қысқа мерзімді ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және отеу тәртібі мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкі айкындайды. Қазақстан Ұлттық банкінің қысқа мерзімді нотасы - Қазақстан Ұлтық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар.

Мемлекеттік және өзге де бағалы қағаздарды сатып алу және сатуды Қазақстан Ұлттық Банкі жалпы  ақша-несие саясаты шеңберінде жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкі коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу тәртібін және Қазақстан Ұлттық Банкінің коммерциялык вексельдерді қайта есепке алуға қабылдауы үшін койы-латын талаптарды белгілейді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталык интервенциясы жалпы ақша-несие шеңберінде жүргізіледі. Валюталық нарықта интервенцияны Қазақстан Ұлттық Банкі кез келген банктер мен валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелерді пайдаланумен дербес жүзеге асырады.

Валюталық реттеу саласындағы  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті «Қазақстан Республикасындағы  валюталык қатынастарды реттеу туралы»[14].

Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында банктерге несие беру тәрізді ақша-несие саясатының құралын да пайдалануға құқылы.

Банктерге несие берудің тәртібін, шартын, түрін, мерзімі мен лимитін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айкындайды. Қазақстан банкі несие берудің соңғы сатысының несие берушісі ретіңде банктерге несиені ұлттық және шетелдік валюталармен, Қазақстан Ұлттық Банктің Ережесімен белгіленген тәртіпте және мерзімде, қамтамасыз етіп те, қамтамасыз етпей де ұсынады. [3]                                                                                                                               

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының құралдары және оларды дамыту жолдары

        Әлемдік тәжірибеде Орталық банктің және коммерциялық банктердің несиелері арасында тұрақты өзара байланыс байқалады. Бұндай байланыстар әртүрлі елдер бойынша ерекшелінеді, мысалы Германияда Орталық Банктің ставкалары несиелер бойынша банктік ставкалардың ең жоғарғы шегін белгілейді, ал Франция мен Италияда ең төменгі шегі белгіленеді.

Орталық банктің несиелері  банктік ресурстар көзі болып  табылады, соған сәйкес пайыздық саясаттың  әсер етуі жалпы экономикаға таралады. Ақша-несиелік реттеудің осы құралы Қазақстандық банктік жүйені реформалау кезінде ереқше танымал болды, себебі ҚРҰБ-нын, резервтері сыртқы факторларға қарсы түру үшін жеткіліксіз болды, ал ашық нарықтағы операциялар дамымады.

Ал қазіргі кезде ақша-несие  саясатының жалпы бағыты ставка деңгейлерін бақылау сақталуда, бірақ осы құралдың мәні біртіндеп азайып келеді. Бірақ, пайыздық саясаттан толық бас тарту мүмкін емес, өйткені осы құралдың инфляцияға қарсы тиімділігінің маңыздылығы зор. Мысалы, АҚШ ресми ставкаларды белгілеуден бас тартқан елдердің бірі болып саналады. Германия, Жапония, Швеция елдерінде ресми пайыздық ставка инфляцияға қарсы реттеу құралы және ұлттық валюта бағамын реттеуші ретінде пайдаланылады[6].

Әлемдік тәжірибеде пайыздық саясатқа жанама әсер ету шараларына көшу тенденциясы байқалуда. Бірақ, көптеген жағдайларда пайыздық ставкаларда жанами реттеу банктік резервтер келеміне әсер ететін әдістер арқылы ставкаларды тікелей белгілеуді ауыстыруды болжайды.

    Нарықты экономикасы дамыған елдерде макроэкономикалық реттеу салаларында жеткілікті мөлшерде көп тәжірибе жинақталған. Бірақ осы салада басқа елдердің тәжірибесін толық пайдалану қажетті нәтижеге қол жеткізбейді. Сондықтан макроэкономикалық реттеудің мақсаттары мен әдістерін таңдау кезінде экономиканың дамуының нақты тарихи жағдайын ескеру қажет.

Ақша-несие саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:

1) қарыздар беру;

2) депозиттер қабылдау;

3) валюталық интервенциялар;

4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа  мерзiмдi ноталарын шығару;

5) мемлекеттiк және басқа да  бағалы қағаздарды сатып алу  және сату, оның iшiнде керi сатып  алу құқығымен;

6) коммерциялық вексельдердi қайта  есепке алу;

7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының  шешiмi бойынша басқа да операциялар.

    Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйiне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық болжалдарға қарай белгiлейдi.

      Мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүзеге асырады.     

     Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi.

      Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi.

    Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.

Қазақстандағы инфляцияға қарсы  саясатты экономикадағы диспропорцияны бірте-бірте жоймай елестету мүмкін емес[7].

      Инфляцияға қарсы саясаттың басты элементі - қаржыны сауықтыру мен халық шаруашылығы экономикасын тұрақтандыру, залалды және шамалы рентабелді шаруашылық субъектілерін қысқарту болып табылады. Бұған халық тұтынатын тауарлаға бағаны көтеру жолымен емес, интенсификация негізінде және өндірістің тиімділігін көтеру арқасында қол жеткізіледі.    Шетел несиелерін солай пайдаланған маңызды, оларды тезірек иесіне қайтарып, сөйтіп аса мол пайда табу. Шетел ғалымдарының пайымдауынша, Қазақстандағы аса пайдалы салаларға — түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, мұнай өндеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және туризм жатады. Сондықтанда осы салалар басымдылықлен дамуы қажет. Сырткы саудамен айналысатын кәсіпорындарға толық валюталық өзін-өзі өтейтін жолға көшіру керек. Бір сөзбен айтар болсақ, тұрғындардың өмір денгейіне әсер ететін инфляцияның келеңсіздігін төмендету үшін шаралар жүйесін іске қосқан жөн [5]                                                                                                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        2.3 Ұлттық  банктің ақша-несие саясатының  бағыттары

Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия  жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк  бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi жауап бередi және де  Қазақстан  Республикасының Үкiметiмен келiсiм  бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына  қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан  Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына  қызмет көрсетедi.

Сонымен қатар, банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының  шешiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды  тұлғаларға несие  беруге құқылы. Банктер  үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып  табылады;

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа  ұйымдардың алған кредиттерi бойынша  Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы  борыштарын қайта құрылымдауға құқылыжәне банк операцияларының мынадай түрлерiн  жүргiзу тәртiбiн айқындайды, нақтылап айта келсек банктердiң және банк операцияларының  жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу және жеке және заңды  тұлғалардың металл шоттарын ашу  және жүргiзу, оларда осы тұлғаға  тиесiлi тазартылған қымбат бағалы металдардың  нақты мөлшерi көрсетiледi, кассалық операциялар; аударымдық операциялар, есепке алу операциялары; жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент  банктердiң тапсыруы бойынша олардың  банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру, банкаралық клиринг, сейфтiк  операциялар, ломбардтық операциялар, төлем карточкаларын шығару, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды  инкассациялау және салып жiберу, шетел валютасымен айырбас операцияларын  ұйымдастыру, чек кiтапшаларын шығару, аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен  ол бойынша мiндеттемелердi орындау  және    Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға (бұдан әрi уәкiлеттi орган) банк операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкiлеттi органның лицензия беру мүмкiндiгi туралы қорытынды бередi де Қазақстан Республикасында кредиттер бойынша сыйақының (мүдденiң) ставкаларын реттеудi жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында  инфляциялық процестерге ақша-несие  әдiстерiмен реттеу арқылы бақылау  жасау мүмкiн болмаған жағдайларда, Қазақстан Ұлттық Банкi олар бойынша  кредиттер көлемiн және сыйақының (мүдденiң) банктiк ставкаларын шектеуге құқылы[4].

 Қазақстан Республикасында  ақша төлемдерi мен аударымдарын  жүзеге асыру тәртiбiн, жүйесi  мен нысанын белгiлейдi, банктер,  банк операцияларының жекелеген  түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар  арасында Қазақстан теңгесiмен  ақша аударымдарының уақтылы  және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз  ететiн төлем жүйелерiнiң жұмыс  істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерi пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенiмдi, қауiпсiз болуын қамтамасыз ету жөнiндегi ең төменгi талаптарын белгiлейдi және банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi.

Тұтастай алғанда экономика  болжамды шектерде дамуда, макроэкономикалық  дамудың 2012 жылдың қорытындылары бойынша  нәтижелері жоспарлы деңгейде қалып  отыр.

Үлестік белсенділіктің 2012 жылы өсу  факторларының бірі банк секторының несиелік белсенділігінің өсуімен  және халықтың ақшалай кірісінің  ұлғаюымен байланысты экономикадағы  жалпы сұраныстың кеңеюі болды. Мәселен, орташа айлық жалақы 2012 жылғы қазанда 2011 жылғы тиісті аймен салыстырғанда 3,0%-ға (2011 жылы 14,1%-ға) өсті. Бұл ретте  жұмыссыздық деңгейі аздап: 2012 жылғы  қаңтардағы 5,4%-дан 2012 жылғы қарашада 5,3%-ға дейін төмендеді[3].

   - Салық-бюджет саясаты. Мемлекеттік басқару органдарының ақырғы тұтынуға жұмсалған шығыстары 2012 жылғы қаңтар-қарашада 5965,4 млрд. теңге құрады. Мемлекеттік бюджеттің барлық шығыстарының шамамен 50%-ы білім беруге, әлеуметтік көмекке және денсаулық сақтауға жұмсалды. 2012 жылғы қаңтар-қарашада мемлекеттік бюджеттің түсімі 5432,3 млрд. теңгені құрады. Салық түсімдері мен ресми трансферттер мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымындағы негізгі баптар болып табылады. Ресми трансферттердің жоғары үлесі республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферттің түсуімен қамтамасыз етілді. Дағдарыстан кейінгі құбылыс жағдайында кепілдік берілген трансферт мөлшерін 15%-ға 1380 млрд. теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылданды, ол 2012 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша толық көлемде алынды.Шығыстардың кірістерден асып кетуі нәтижесінде 2012 жылғы қаңтар-қарашада мемлекеттік бюджет 533,1 млрд. теңге көлеміндегі дефицитпен қалыптасты.

    - Банк секторының үрдісі.Банк секторы 2012 жылы қалыпқа келудің баяу, бірақ тұрақты динамикасын көрсетті. 2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банктің активтері жыл басынан бері 0,9 трлн. теңгеге немесе 7% ұлғая отырып, 13,7 трлн. теңгені құрады. 2012 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша кредиттердің көлемі жыл басынан бері 10,5% ұлғая отырып, 9,7 трлн. теңгеге жетті. Бұл ретте ұлттық валютамен кредиттеу 6811,5 млрд. теңгеге 19,9% ұлғайды дейін, ал шетел валютасымен кредиттеу 2926,0 млрд. теңгеге дейін 6,5% төмендеді. Резиденттер депозиттерінің көлемі 2012 жылғы қаңтар-қарашада 9,1 трлн. теңгеге дейін 8,3% ұлғайды. Заңды тұлғалардың депозиттері 3,7%, жеке тұлғалардың депозиттері 17,9% өсті. 2012 жылғы қаңтар-қарашада шетел валютасындағы депозиттер 2833,4 млрд. теңгеге дейін 7,7%, ұлттық валютадағы депозиттер 6252,1 млрд. теңгеге дейін 8,6% ұлғайды. Халықтың мерзімі салымдары 2012 жылғы 11 айда 17,6%, оның ішінде ұлттық валютадағы салымдары 20,3% ұлғайды. Банктердің қорландыру базасын қалыптастыру кезінде ішкі көздердің орнықтылығын арттыру, қаржы жүйесінің тұрақтылығын және депозиторлардың мүдделерін қорғау мақсатында 2012 жылғы қыркүйекте Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қорының жарғылық капиталын 146,4 млрд. теңгеге дейін 13,31 млрд. теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылданды.  

Информация о работе Мемлекеттің ақша-несие саясаты