Мемлекеттің ақша-несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 18:07, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттің ақша-несие саясатынының түрлері мен типтерін талдап, ақша-несие саясатының негізгі бағыттары мен салдарын қарастыру.Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудің дамыту жолдарын іздестіру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой Эля.docx

— 79.10 Кб (Скачать документ)

- Инфляциялық үрдіс.2012 жылғы 1-жартыжылдықта елде инфляциялық үдерістердің бәсеңдеу үрдісі жалғасты, ол 2012 жылғы 2-жартыжылдықтан бастап байқалды. 2012 жылғы күзден бастап, ақылы қызмет көрсету, оның ішінде тұрғын үй коммуналдық, көлік қызметі тарифтерінің артуына, 2012 жылғы жазда қуаңшылық болуы салдарынан астық шығымдылығы болжамының төмен болуына, сондай-ақ маусымдық факторларға байланысты инфляцияның шамалы жеделдеуі байқалды. Сонымен қатар, Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің үдерістер ағымдағы кезеңде Қазақстан ішіндегі баға белгілеулерге қысым көрсетуін жалғастыруда. 2011 жылдағы сияқты, Беларусьтегі  тұтынушылық нарықтағы ахуал Қазақстандағы инфляцияға белгілі бір ықпалы бар Ресей тұтынушылық нарығына қарағанда, өзара сауданың көлемі шамалы болғандықтан Қазақстанға айтарлықтай ықпал етпейді.Сонымен бірге, 2012 жылы инфляция болжамдық өлшемдерден аспады, жылдық инфляция динамикасы 1999 жылғы мамырдан бергі ең төменгі деңгейді көрсетті. 2012 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 6,0%, орташа жылдық инфляция 5,1% деңгейді көрсетті. 2012 жылғы инфляцияның өсуінің негізгі факторларына бірқатар факторлар себепші болды, олардың ішінде әлемдік тауар нарықтарындағы тұрақсыз ахуал, шикізат пен азық-түліктің әлемдік бағалары деңгейінің жоғары болуы, Қазақстан ішіндегі баға белгілеу механизмінің тиімсіз болуы, тауарлар мен қызмет көрсетулердің жекелеген нарықтарындағы бәсекелестіктің төмен болуы ең маңыздылары болды. 2012 жылы Қазақстанда инфляциялық үдерістерді қалыптастыру монетарлық факторлар тарапынан төмен ықпал ету аясында өтті. 2012 жылы ақша агрегаттары қалыпты қарқынмен өсті. 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда ақша базасы 1,9% кеңейді, ақша массасы 2012 жылғы қаңтар-қарашада 7,3% ұлғайды, қолма-қол ақша көлемі 1,0% өсті. Экономикадағы ақша ұсынысы жалпы алғанда, экономиканың тиісті өсуі деңгейінде сақталып отыр. 

- Валюта нарығының үрдісі.Қазақстан экспортының негізгі баптарының әлемдік бағалары 2012 жылы барынша жоғары деңгейде қалыптасты. Нәтижесінде ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты болды. Теңге бағамы 2012 жылы бір АҚШ доллары үшін 147,50 – 150,86 теңге шегінде ауытқыды. 2012 жылы теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамы номиналды көрсетумен 1,6% бәсеңдеді[3].

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының  ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу шеңберінде 2013-2015 жылдарға арналған 3 сценарийлік болжамды қарады, олар Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013-2017 жылдарға арналған болжамдарын қалыптастыру кезіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағаларымен үйлестірілген және келісілген. мұнайдың әлемдік бағасының орташа жылдық деңгейі сценарийлік нұсқаларға бөлудің негізгі өлшемі болып айқындалды

Сонымен қатар, Ұлттық банк Қазақстан Республикасында валюталық  реттеу мен валюталық бақылауды  жүзеге асырады және валюта операцияларының  барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы және валюталық құндылықтарды пайдалануға  байланысты операцияларды жүргiзуге лицензиялар бередi және банк операцияларының  жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға шетел валютасымен  айырбас операцияларын жүзеге асыруға, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды  инкассациялау, салып жiберу, банкаралық клиринг жөнiндегi операцияларды  жүргiзуге лицензиялар бередi, банк қызметi, есепке алу, ақша төлемдерi мен  аударымдары, заң актілерімен белгiленген өкiлеттiк шегiнде валюталық операцияларды  жүзеге асыру мәселелерi бойынша  барлық банктердiң, банк операцияларының  жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң  мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтi құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады, бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жүйелерiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және ол арға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша бухгалтерлiк есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлейдi және бекiтедi.

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан  Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бiрден-бiр орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-несие  саясатын инфляцияның төмен деңгейiн  және ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

Ақша-несие саясаты  қайта  қаржыландырудың ресми ставкасын,  ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерiн, ең төменгi мiндеттi резервтердiң нормативтерiн (резервтiк талаптарды), ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерiнiң  деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулердi белгiлеу жолымен жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта қолданылатын келесі ақша-несие саясаты операцияларының  түрлерi бар. Ақша-несие саясатын iске  асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн  жүзеге асырады:

1) қарыздар беру;

2) депозиттер қабылдау;

3) валюталық интервенциялар;

4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын  шығару;

5) мемлекеттiк және басқа  да бағалы қағаздарды сатып  алу және сату, оның iшiнде керi  сатып алу құқығымен;

6) коммерциялық вексельдердi  қайта есепке алу;

7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша  басқа да операциялар.

Қазақстан Ұлттық Банкi қайта  қаржыландырудың ресми ставкасын  ақша рыногының жалпы жай-күйiне, қарыздар бойынша сұраныс пен  ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық  болжалдарға қарай белгiлейдi.

Қазақстан Ұлттық Банкi қайта  қаржыландырудың ресми ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдердi қайта  есепке алуды жүргiзедi.

Қайта қаржыландырудың ресми  ставкасы ақша-несие саясатының негiзгi операциялары үшiн сыйақы ставкалары бойынша бағдар болып табылады.

Банктер беретiн несиелер көлемiн реттеу мақсатында, банктердiң өз мiндеттемелерi бойынша төлемсiздiк қаупiн төмендету, сондай-ақ банктердiң салымшылары мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау үшiн Қазақстан Ұлттық Банкi резервтiк талаптар тетiгiн пайдаланады. Резервтiк талаптар нормативi банктер алдындағы мiндеттемелердi қоспағанда, мiндеттемелердiң жалпы сомасының процент ретiнде есептеледi және ол 40 проценттен аспайтындай мөлшерде белгiленедi[11].

Қазақстан Ұлттық Банкi ерекше жағдайларда мiндеттемелердiң өсiмiне резервтiк талаптарды енгiзуге құқылы. Ең төменгi мiндеттi резервтер нормативiн  өзгерту, мұндай шешiм қабылдаған күннен кемiнде бiр ай кейiн күшiне енгiзiледi.

Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгi мiндеттi резервтер нормативi бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының  заң актiлерiмен белгiлеген мөлшерде айыппұл салып, оны өндiрiп алады. Қазақстан Ұлттық Банкi банк қызметiн  тоқтатқан жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкiнде резервке салынған қаражатын  банкке бiр апта мерзiм iшiнде қайтарады.

Мемлекеттiк және басқа  да бағалы қағаздарды сатып алу мен  сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы  ақша-несие саясаты шеңберiнде  жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-несие саясаты шеңберiнде  қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-несие  саясатының негiзгi операциялары бойынша  сыйақы ставкаларын белгiлейдi.

Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-несие  саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының  жалпы көлемiн реттейдi.

Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн  Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.

Қазақстан Ұлттық Банкi қарыздарды өтiмдiлiгі жоғары және қауiпсiз бағалы қағаздармен және басқа активтермен  қамтамасыз ете отырып та, қамтамасыз етпей де бiр жылдан аспайтын мерзiмге  бередi. Бұл мерзiмдi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ұзартуы мүмкiн. Бұл орайда Қазақстан Ұлттық Банкi соңғы инстанциядағы қарыз берушi ретiнде банктерге қарыздарды Қазақстан  Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген  тәртiппен, шарттарда және мерзiмдерде беруге құқылы[13].

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  нормативтiк құқықтық актiлерiнде  көзделген мүлiк Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қарыздары бойынша мiндеттемелердiң  орындалуын қамтамасыз ету үшiн кепiл  заты бола алады.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  валюталық интервенциялары Қазақстан  теңгесiнiң бағамына әсер ету мақсатында банкаралық немесе биржалық рыноктарда шетел валютасын сатып алу-сату және валюталық мәмiлелердiң басқа  да түрлерiн жүргiзу жолымен дербес жүзеге асырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  валюталық интервенциялары жалпы  ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүргiзiледi.

Депозиттердi тарту мен  өтеу тәртiбiн, талаптарын, мерзiмдерiн  және тарту лимиттерiн Қазақстан  Ұлттық Банкi айқындайды.

Қазақстан Ұлттық Банкi ұлттық валютамен де, шетел валютасымен  де депозиттер тартуға құқылы.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  қысқа мерзiмдi ноталары - Қазақстан  Ұлттық Банкi  эмиссиялайтын мемлекеттiк  бағалы қағаздар.

Қысқа мерзiмдi ноталарды  шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу  тәртiбi  мен  талаптарын  Қазақстан  Ұлттық  Банкi  айқындайды.

Қазақстан  Ұлттық  Банкi  ақша-несие  саясатының  мақсаттарына сәйкес қысқа мерзiмдi ноталарды  ұлттық валютамен де, шетел валютасымен  де шығаруды жүзеге асыруға құқылы.

Қазақстан Ұлттық Банкi коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу тәртiбiн  және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуға  қабылдауы үшiн қойылатын талаптарды белгiлейдi.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  тiкелей сандық шектеулерi деп операциялардың жекелеген түрлерi және мәмiлелерi бойынша  ставкалардың ең жоғары деңгейлерi, несие  берудi тiкелей шектеу, сыйақы (мүдде) ставкаларын тұмшалау, жекелеген  салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу мақсатында несиенiң нақты  түрлерiн тiкелей реттеу ұғынылады.

Қазақстан Ұлттық Банкi инфляциялық  процестердi жанама ақша-несиелік реттеу әдiстерiмен тоқтату болмаған жағдайда тiкелей сандық шектеулер қолдануға  құқылы.

Негiзгi қызметi несие жағдаяттарын жүргiзу және несие  есептер беру болып табылатын кредиттік бюро құру мәселесi көкейкестi сипат алып отыр.

Ақша-несие саясатының мақсаттары болып нақты сектордың қаржы  ресурстарына қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын  және халықаралық стандарттарға  сай тиімді жұмыс iстейтiн қаржы  жүйесiн құру.

Ал оның шешу жолдары болып  қазiргi уақытта Ұлттық Банк Қазақстан  Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамалық ережесін әзiрледi.

Осы тұжырымдама шеңберінде:

  • инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшуге дайындалу;
  • валюта режимiн одан әрi ырықтандыру;
  • қаржы рыногын қадағалау жөнiнде дербес бiрыңғай реттеушi орган құру; банктерде, сақтандыру ұйымдарында, жинақтаушы зейнетақы қорларында ағымдағы қадағалау әдiстерiн жетілдiру және корпоративтiк басқару мен тәуекелдердi басқару жүйелер енгiзу;

     несиелік бюро құру;

  • сақтандыру рыногының инфрақұрылымын дамыту және оның кәсiби қатысушыларының (сақтандыру брокерлерiнiң, актуарийлердің және уәкiлеттi аудиторлардың) қызметiн жандандыру;
  • халықаралық стандарттарды ескере отырып, жеке тұлғалардың салымдарына мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiн жетілдiру;
  • төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн енгiзу; ипотекалық кредиттеу және тұрғын үй-құрылыс салымдары жүйесiн дамыту[12].

Қазақстан  Ұлттық  банкі  ақша-несие  саясатын  қалыптастырады  және  жүзеге  асырады,  коммерциялық  банктерінің  іс-әрекетін  қадағалайды  және  ұйымдастырады.  Ақша-несие  саясатын  анықтайтын  және  жүзеге  асыратын  орган  ретінде  ақша-несие  саясатын  келесі  құралдарының  көмегімен  реттейді:

- қайта  қаржыландыру  мөлшерлемесі:  ресми  мүдделендіру  мөлшерлемесі  деңгейін  белгілеу

- ҚҰБ-те  жинақталатын  ең  төменгі  міндетті  резервтер   нормасын  белгілеу,  оның  ішінде  сырттан  тартылған  қаражаттарды  мерзіміне,  көлеміне  және  түрлеріне   байланысты  жіктеу

- мемлекеттің  бағалы  қағаздарын  сатып  алу  және  сату  бойынша  ақша  нарығындағы   операцияларды  жүргізу

- банктерге  және үкіметке  несие  беру

- ресми  есепке  алу  (дисконттық)  мөлшерлемесі

- валюталық  нарықты   интервенциялау

- кейбір  жағдайларда   несиелік  операциялардың  жекелеген   түрлерінің  деңгейі  мен   көлеміне  тікелей  сандық  шектеулер  енгізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Ақша-несие  саясатының  стратегиялық  мақсаттары  мен  ақша-несие саясатын  жүргізу құралдарын  жетілдіру жолдары

 

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша  барынша  қабілетті  50  ел  қатарына кіру  стратегиясы.  Қазіргі  таңда  көп  нәрсеге  қол  жеткізіп,  біз  тағы  бір  стратегиялық  міндетті – таяудағы  10  жылда  Қазақстанды  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің  қатарына  шығару  міндетін  қойдық.  Ұсынылып  отырған  бағыт  Қазақстанды  2030  жылға  дейін  дамыту  қағидаттарына  негізделеді, оларды  бүгінгі  күннің  нақтылығын ескере  отырып,  тереңдетеді.  Жаңа  үкімет  үшін  басымдықтар  мен  міндеттер  мынадай.

Информация о работе Мемлекеттің ақша-несие саясаты