Мемлекеттің ақша-несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 18:07, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттің ақша-несие саясатынының түрлері мен типтерін талдап, ақша-несие саясатының негізгі бағыттары мен салдарын қарастыру.Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудің дамыту жолдарын іздестіру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой Эля.docx

— 79.10 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттің ақша-несие саясатынының түрлері мен типтерін талдап, ақша-несие саясатының негізгі бағыттары мен салдарын қарастыру.Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудің дамыту жолдарын іздестіру.

         Қазақстан тәуелсіз ел болып қалыптасқаннан бері бірқалыпты экономикаға қол жеткізді. Алайда отандық экономиканың ақсаңдайтын әлсіз  жерлері экономикалық тұрақтылықтың орнауына жол бермей отыр. Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарына кіру – ел экономикасының міндеті екенін айтып келеді. Әлемдік экономикадағы қолайсыз ахуалды ескере отырып,  инфляциядан әрбір қазақстандықтың кірістерін қорғауды қамтамасыз ететін және экономикалық өсім үшін лайықты деңгейін ұстап тұратыны анық. Бұл жай ғана макроэкономикалық мәселе емес, бұл елдің әлеуметтік қауіпсіздігінің мәселесі. Және де бұл – 2013 жылдың өзінен бастап Ұлттық Банктің басты мәселесі.

    Қазақстандық  банктер өз кезегінде өзінің  мақсатын орындауға және нақты  экономика секторының кредиттік  ресурстарға деген қажеттілігін  қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте  қаржылық жүйеге бақылауды әлсіретуге  болмайды, банктерді проблемалық  несиелерден тазарту және қорландыру  мәселелерімен тығыз айналысу  қажет.

Бұл үшін Ұлттық Банк пен  Үкіметке Президент Әкімшілігінің  үйлестіруімен экономиканы қажетті  ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге  бағытталған түбегейлі ақша-несие саясатының жаңа жүйесін әзірлеу қажет болатыны жөнінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауда айтып өткен болатын.                                                                         

Ақша-несие саясатының мақсаты - елдегі қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай  дамуына және банк жүйесінің нығая  түсуіне, экономикалық нақты секторды банктердің несиелеуінің әрі қарай  өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады және ұлттық валюта тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі  мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді  көздейді.

Ақша-несие реттеудің  негізгі объектісі – жалпы  төлемқабілетті сұраныстың әртүрлі  компонеттерінің өзгеру динамикасына әсер ететін, экономикадағы жалпы  ақшалай және ақшалай емес ақша массасы  болып табылады.

Өз мәніндегі ақша-несие  саясатын жүргізу ғана Ұлттық банкке және оның жүргізіп отырған ақша-несие  саясатына деген нарық қатысушыларының  және жалпы халықтың сенімін қамтамасыз ететін болады.

     Ақша-несие  саясаты мемлекеттің экономикалық  саясатының аса маңызды  құрамдасының  бірі болып табылады. Қазақстан  Республикасында оны ҚР Ұлттық  банкі экономикалық өсудің тұрақтылығын, жұмыссыздық пен  инфляцияның  төмен деңгейін қамтамасыз ету   мақсатында пайыздық ставканы, валюта  бағамын,өтімділікті, төлем қабілеттілігін  және т.б белгілей отырып, банктердің  қызметіне ықпал ету арқылы  жүзеге асырады.                                               Ақша-несие саясаты-нарықтық экономиканың  тірегі ретінде экономикалық  дамудың ажырамас элементін білдіреді .                                                                                                                              

    Ақша-несие саясаты  дегеніміз – бұл айналыстағы  ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы  мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы  банк жүйесінің қызметін реттеуге  бағытталған шаралар жиынтығы.                                                                                                                 

    Ақша – несие  саясатының келесі міндеті –  қаржы нарығының тұрақтылығын  қамтамасыз ету, инфляция өсімінің  залалды зардаптарын төмендету,  сонымен бір мезгілде экономикалық  өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы  айырбас бағамының икемділігін  сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық  қор маңызды роль атқаруға  тиіс , Үкімет қор қаражатының  ашықтығын және ұтымды құралуы  мен пайдаланылуын қамтамасыз  етуі тиіс деп санаймын.

           Ақша-несие    саясаты    бүгінгі    таңда    несиелеуге    болатын   экономика    секторын    дұрыс    таңдай   білуге,    сондай-ақ    несие    беру    мүмкіндігі    туралы,   төлем   балансы   сұрақтарын    шешуде    банк    үшін   бірінші    реттік   маңызы   бар    басқа   факторлар   мен    қарыз    алушының    несиелік    қабілетіне    қарап   өз   клиентін   таңдаудағы   біліктілігіне    негізделеді .                                                                                                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттің ақша-несие  саясатын жүргізудегі негізі және оның экономиканы реттеудегі ролі

 1.1 Ақша-несие саясатының мәні мен мақсаттары                                                                     

        Ақша- несие  саясатының  негізінде  ақша мен ақша несие саясатының       экономикаға әсер ету процесін зерттейтін ақша теориясы жатыр. Мемлекеттің      ақша-несие саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде қарастырылады. Мемлекеттің ақша-несие саясатының ең басты   мақсаты - баға тұрақтылығын, тиімді еңбекпен қамтамасыз ету мен жалпы ұлттық өнімнің нақты көлемінің өсуін қамтамасыз ету. Бұл мақсат ұзақ уақытта жүзеге асатын жылдарға созылатын және нарықтық конъюнктураның өзгерісін тез сезіне бермейтін ақша-несие саясаты шеңберінде жүзеге асырылатын шаралар арқылы жүргізіледі. Осыған байланысты ағымды ақша-несие саясаты ірі тапсырмаларға қарағанда нақты және мүмкін мақсаттарға бағытталады.                           Кез-келген жағдайда да мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізуші болып, өзіне тән қызметтеріне сәйкес орталық банк есептелінеді, ал саясаттың объектілері ақша нарығындағы ұсыныс пен сұраныс болады.                                                                              «Саясат» — бұл мемлекетке қатысты іс, мемелекеттік қызмет. Сондықтан да ақша-несие саясаты — бұл мемлекеттің ерекше қызметі. Ол оның көмегімен елдің ақша-несие процестері реттелетін жүйесіне шаралар жасап, жүзеге асыруда көрінеді. Ақша-несие саясаты елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша-несие саясаты – бұл макроэкономикалық процестердің мемлекетке қажетті бағытта дамуы үшін Орталық банктің ақша айналымы мен несие қатынастар саласында жүргізетін іс-әрекеттер жиынтығы. Несие саясатының мақсаты, егер оны жалпы экономикалық саясат мақсатының нақты көрінісі ретінде алғанда,     ел шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету[5].                                                                                                                                                                          

        Қазіргі замандағы қоғанда ақша өте үлкен және алуан түрлі рөлді атқарады. Ақшаның рөлі жалпы балама түріндегі маңызымен анықталыды, өйткені бұл рөлге айрықша арнайы тауарларды бөліп шығару тауар өндірісі мен айналысының заңы болып табылады. Ақша тауарларды айырбастау құралы ретінде әрекет етпейді, ол өндіріспен үздіксіз байланыста болады. Ақша тауарлар мен қызметінің үлкен массасының қозғалысын, сонымен бірге қаржы – несие жүйесі арқылы жеткізушілер мен тұтынушылар арасында ақша құралдарының қозғалысын туындатады[11].

       Ақша нарықтық экономикадағы рөлі ақша жинақтарын қалыптастырудың механизмдерін құру және кеңейтуде, барлық қаржылық ресурстарды жұмылдыруда және оларды ұдайы өндірісте тиімді қолдану үшін инвесторларға беруде жатыр. Ақшаның экономикалық жүйедегі қоғамдық рөлі мынада, яғни олар нарықтық экономикадығы тәуелсіз субъектілер арасында байланыстырушы буын болып табылады.

         Ақша – несиелік реттеудің мақсаты – ақша массасының өсуін тежеу, инфляцияны болдырмау, елдегі Жалпы Ішкі Өнімнің өсуін ынталандыру.

        Несиелеу процесі кезінде ақша массасының құрылымына, төлем айналысына және ақша айналымының жылдамдығына әсер ететін сол ақша айналымы үшін түрліше төлем қаржылары құрылады. Айналымда ең қарапайым қарыздық міндеттемелер – вексельдерден бастап қазіргі электрондық ақшаларға дейінгі несие ақшаның түрліше формалары пайда болады.

       Ақша экономикада өте маңызды рөлді атқарады: ол трансакциялық шығындарды төмендету есебінен экономиканың жеңіл қозғлысы жүзеге асады, ол еңбектің мамандануы мен бөлінісін ынталандырады.

      Ақша-несие саясатын пайдалана отырып, мемлекет инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі дәрежесі тән экономиканы құруға ұмтылады. Бұл міндетті орындау үшін ол ақша ұсынысына бақылау орнатуы керек. Ақша айналымын реттеу үшін монетарлық реттеудің классикалық құралдары – ашық рыноктағы операциялар, міндетті резервтер нормасының өзгеруі пайдаланады.

         Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін  реттеу мақсатында мемлекеттің ақша-несие саласында қолданатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.  Мемлекет өндірістік салаға тікелей әсер ете алмайды, ол кәсіпкерлік шешімдерге тек жанама реттеу арқылы әсер етеді. Сондықтан ақша-несие саясаты мемлекеттің өндіріске әсер етуінің тиімді әрі икемді әдісі болып табылады. Ақша-несие саясатының мақсаты – ұлттық шаруашылықтың тұрақты дамуы мен тепе-теңдікте болуын қамтамасыз ету.    Ақша-несие саясатының негізгі субъектісі – Орталық банк (Ұлттық Банк). Ол үкіметтік институт болмағанымен оның нұсқауларын орындайды. Алайда, Ұлттық Банктің мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы рөлі мен маңызына көңіл аударатын болсақ, ол өз алдына дербес ұйым болып табылады. Сондықтан оның өздігінен шешім қабылдауға толық құқы бар.Ұлттық банктің міндеттері екі бағытта атқарылады.

-   Валюта жүйесінің бірқалыпты тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

-  Мемлекеттің мүддесін  қамтамасыз ету үшін жеке коммерциялық  банктердің несие қызметіне әсер  ету[7].

    Мемлекеттің ақша-несие  саясатына жалпы сипаттама бере  отырып, оның мазмұнын былайша  нақтылауға болады. Ақша-несие саясаты  – Ұлттық Банктің ақша айналымы  мен несие қатынастары саласында  жүргізетін макроэкономикалық үрдістерді  мемлекеттік деңгейде реттеу  мен дамытуға бағытталған шаралар  жиынтығы.

Мемлекеттің ақша – несие  саясаты мемлекеттің белгілі  мақсаттарына жету үшін қолданылады. Ақша-несие  саясатының мақсаттарын ақырғы және аралық  деп топтастыруға болады.

    Мемлекет ең  алдымен ақырғы (негізгі) мақсатты: яғни, экономиканың тұрақты өсуін, толық жұмысбастылық, бағаның тұрақтылығы мен төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету жағдайларын көздейді. Ақырғы мақсатқа ұзақ уақыт, ақша-несие саясатының шараларын бірнеше жылдар бойы жүргізу арқылы қол жеткізуге болады. Соған байланысты ағымдық ақша-несие саясаты неғұрлым нақтырақ, ауқымы жағынан шағын аралық мақсаттарға бағытталады: айналымдағы ақша жиынының оңтайлы көлемі, пайыз мөлшерлемесін өзгерту, тұрақты айырбас бағамы, міндетті резерв деңгейін анықтау т.б.

Ақша-несие саясатының мақсаттары


                                 


                          


                    





 

1 – сызба. Несие – ақша саясаты                             

 Несие – ақша саясатын пайдалана отырып, мемлекет инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі дәрежесі тән экономиканы құруға ұмтылады. Бұл міндетті орындау үшін ол ақша ұсынысына бақылау орнатуы керек. Ақша айналымын реттеу үшін монетарлық реттеудің классикалық құралдары – ашық рыноктағы операциялар, міндетті резервтер нормасының өзгеруі пайдаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Мемлекеттік   ақша-несие саясатының құралдары.

         Ұлттық Банк мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асыруда құралдар жиынтығын қолданады. Ол құралдар ақша-несие саласына жанама әсер ету әдістерінен құралады. Бірақ кейбір операцияларды жүргізгенде Ұлттық банк ақша- несие саласына тікелей араласуы да мүмкін. Ұлттық банк тікелей әдісті қолданғанда коммерциялық банктердің банктік емес секторға несие беруіне шектеу қояды. Нақтырақ айтқанда, белгілі уақыт аралығында коммерциялық банктердің несие операциялары арқылы өтетін ақша сомасына пайыздық норма белгіленеді. Ол норма сақталмаған жағдайда айып-пұл салынады. Оның көлемі несие көлеміне өскен сомаға тең болады. Бұл әдістің жағымды жақтары мен қатар кемшіліктері де бар. Ол өте икемсіз, өйткені Ұлттық Банк белгілеген норма экономиканың қысқа мерзім кезіндегі несие ресурстарына сұранысын қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп ол рыноктық экономика заңдарына қайшы бола тұра бір мәселені шешу нәтижесінде басқа проблемаларды тудырады Тікелей әдіс тек жанама әдістер нәтиже бермегенде немесе ол әдістерді қолдану нәтижелерін ұзақ уақыт күтуге мемлекеттің мүмкіндігі болмаған жағдайда қолданады.                              Ақша-несие саясатының жанама әдісінің құралдарына мыналар жатады:                                                                                                                      -       есептік мөлшерлемені өзгерту (дисконттау);                                                 -       ашық рыноктағы операциялар;           

 -       міндетті резерв нормасын өзгерту;                                                                -       еркін келісімдер.                                                                                                             

    Есептік мөлшерлемені өзгерту (дисконттау). Бұл әдіс ақша-несие саласында жақсы зерттелген әдіс. Мұнда Ұлттық Банк басқа коммерциялық банктерге негізгі несие беруші ретінде қаралады. Ұлттық Банк белгілеген  есептік мөлшерлемені ресми есептік мөлшерлеме деп атайды. Ұлттық Банк есептік мөлшерлемені кез- келген уақытта өзгерте алады. Ұлттық Банк  есептік мөлшерлемені өзгерту арқылы капитал нарығындағы сұраныс пен ұсынысты реттей алады. Есептік мөлшерлемені өсіру арқылы несие «бағасын» көтереді, сөйтіп коммерциялық банктер тарапынан сұранысты қысқартады және керісінше, есептік мөлшерлемені төмендету арқылы несиеге сұранысты ұлғайтады. Осыған сәйкес экономикадағы инвестиция көлемі де өзгеріп отырады.                                                                        

    Ашық рыноктағы операциялар – Ұлттық Банк құнды қағаздарды сату және сатып алу арқылы ақша несие қатынастарының дамуына әсер етеді. Мұндай операциялар Ұлттық Банктің ақша-несие саласына белсенді араласуына мүмкіндік тудырады. Есептік мөлшерлеме саясатын жүргізгенде Ұлттық банктің рөлі енжарлы (пассивті), өйткені онда несие алу туралы шешімді коммерциялық банктер қабылдайды, ал Ұлттық Банк олардың шешімдерін күтуге мәжбүр болады Ал ашық рынокта Ұлттық Банк рыноктың басқа да агенттіктері сияқты саудаға қатысады. Сондықтан ашық рыноктағы операциялар әдісі ақш-несие саясатының ең тиімді құралы болып табылады.  Бұл әдістің артықшылығы – Ұлттық Банктен экономиканың қаржылық емес секторларына қызмет ете алады. Қаржылық емес құрылымдар ҰБ құнды қағаздарын сатып алу арқылы өздерінің коммерциялық банктердегі депозиттерін қысқартады. Сөйтіп Ұлттық Банк коммерциялық банктердің рөлін төмендете отырып, қаржылық емес құрылымдардың іс-әрекеттеріне әсер ету мүмкіндігіне ие болады. Ал аталмыш әдістің кемшілігі - уақыттың шектеулілігі. Оның ұзақтығы шығарылған құнды қағаздың мерзіміне байланысты. Егер құнды қағаздар ұзақ мерзімге шығарылса, бұл құралды қолдану мерзімі де ұзақ болады.                                                                                 Міндетті резерв нормасын өзгерту.  Міндетті резерв - бұл коммерциялық банктердің Ұлттық Банкте арнайы шотта сақтайтын ақша қоры. Ол негізгі екі қызмет атқарады: 1) коммерциялық банктердің өз салымшылары алдында міндеттерін орындау кепілдігін беру; 2) ақша массасын реттеу құралы. Міндетті резерв нормасы туралы  тәртіп ең алғаш рет АҚШ-та 1933-ж. енгізілді. Қазақстанда 1993 жылы 1- қаңтарда енгізіліп «Қазақстан Республикасының коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18 – 20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 10,5% - ды құрайды. Міндетті резерв нормасы коммерциялық бактің ҰБ-гі міндетті салымының сол банктің мерзімдік міндеттемесіне қатынасы арқылы анықталады. 

Информация о работе Мемлекеттің ақша-несие саясаты