Мемлекеттің ақша-несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 18:07, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттің ақша-несие саясатынының түрлері мен типтерін талдап, ақша-несие саясатының негізгі бағыттары мен салдарын қарастыру.Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудің дамыту жолдарын іздестіру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой Эля.docx

— 79.10 Кб (Скачать документ)

            МRН =  міндетті салым көлемі /мерзімдік міндеттеме

Мысалы, МRН =20 %, коммерциялық банктің мерзімдік міндеттемесі 1 млн долл. болса, онда ол 200 мың доллар резерв сақталуы тиіс. Егер келесі айда мерзімдік міндеттемесі 1 млн. долл. көбейсе, онда резерв көлемі 400 мың долларға өсуі тиіс. Ұлттық Банк резервтік норма  көлемін көтеру арқылы коммерциялық банктердің қызметін шектейді, керісінше  төмендету арқылы ынталандырады. Міндетті резерв нормасының жиі өзгеруі мүмкін емес, өйткені бұл жағдайда банктер  мен басқа қаржылық құрылымдар арсындағы  тепе-теңдік бұзылады.  Сондықтан оны ҰБ сирек қолданады немесе есептік мөлшерлеме саясатымен бірге қолданады.

-  Еркін келісімдер әдісі жоғарыда берілген құралдар жиынтығын толықтырады. Мұндай келісімдер ҰБ пен коммерциялық банктің арасында жасалады. Еркін келісімдерге сақтандыру қоғамдары, зейнетақы қорлары және мемлекеттік институттар қатыса алады.  Коммерциялық банктер еркін келісімдер жасау арқылы өз еркімен өз қызметтеріне шектеулер қояды. Мысалы: олар өздерінің несие беру көлемін белгіленген шекте ғана кеңейте алады, ал ҰБ өз тарапынан банктерге кейбір қаржы операциялары (мыс.валюталық операциялар) мен олардың өзгерісі туралы алдын-ала мәліметтер беріп отыруға міндеттеме алады. Сөйтіп еркін келісімдер арқылы ҰБ коммерциялық банктерінің қызметіне бақылау орнатады.                               Әлемдік практикада еркін келісімдерден басқа «моральдық әсер» деп аталатын әдіс қолданылады. Бұл әдіс бойынша ОБ  тарапынан   коммерциялық банктер мен қаржылық емес құрылымдарға кеңестер, түсініктемелер, жолдаулар жіберіліп отырады. Осындай әдіс арқылы ОБ коммерциялық банктер мен басқа да қаржылық емес құрылымдарды түрлі күтпеген жағдайлардан қорғау мақсатында алдын ала ескертіп отырады. Қазақстанда және басқа да ТМД елдерінде бұл әдісті қолдану тәжірибесі әлі қалыптаспаған. Себебі еліміздің ҰБ жүйесінде кеңестер беру емес, нұсқаулар жасау әлі де басым[6].                                                                                                       

Ақша-несие саясатын жасағанда және оны іске асырғанда кездесетін қиыншылықтарды туындыратын себептер өте көп. Бірақ ең маңыздыларына екеуін жатқызуға болады:

1) Экономиканың жалпы  жағдайын ;                                                           

2) Ұлттық экономиканың  дамуына сыртқы экономикалық  факторлар әсерін;                                                                                                                         Бұдан  басқа, Орталық банк белгілі уақыт мерзімінде ақша-несие саласын реттеу бойынша нақты іс-әрекеттер жүргізе отырып, экономика буындарының барлық басқа да өзара байланыстылық қырларын есепке алуы қажет болады. Жеке алғанда, мысалы, оның есеп жүргізу саясаты коммерциялық банктерден тыс экономиканың көптеген басқа салаларына, оның ішінде қарыздары көп болатын мемлекет секторына, ауыл-шаруашылығына, тұрғын үй иелеріне әсер етеді.                                                        

     Ақша-несие саясатын іске асырғанда онда қолданған құралдардың өз кемшіліктері де ерекше қиыншылықтарды қосымша туындатады. Мысалға, ақша-несиені реттеудің ең бір кең тараған әдістерінің бірін есеп жүргізу (дисконттық) саясатын алайық. Дисконттық саясаттың ең бір елеулі кемшілігі – оның баға механизміне әсер етуі.

1) Экономика субъектілері  неие шығындарын өзінің клиенттеріне, түптеп келгенде, тұтынушыларға  ауыстыруға тырысады. Мұндай жанамалы  жағымсыз әсер кез келген экономикаға  қажет емес, әсіресе әлі тұрақтанбаған  экономика үшін қосымша ауыр  жүк болады.                                                              

2) процент деңгейін әкімшілік  шешіммен «жоғарыдан» белгілеу  нарықтық бағытта іс-әрекет бола  алмайды. Ал нарық механизімін  бұлай әлсірету, мысалы, астыртын  экономикалық қатынастарын нығайтуға  мүмкін.

3) орталық банктің процент  арқылы экономикаға ықпал жасау  мүмкіншілігі шектеулі.

     Коммерциялық банктер және ірі фирмалар көбінесе өз операцияларын шетелдерге, егер онда процент ставкасы төмен болса, аударады және де жалпы алғанда орталық банктің капитал нарығын процентпен реттеу-тіпті де абсолютті тұрақты құрал емес. Орталық банктің капитал нарығын реттеу деңгейі әртүрлі жағдайларға байланысты өзгереді. Олардың арасынан екі факторды ерекше бөліп қарастыру қажет.

1) экономикалық жағдайға  байланысты реттеу моделінің  өзгеруі;

2) шаруашылық өмірінің  интернациялануы. Соңғы жағдай  әртүрлі елдерде банк саясатын  өзара байланысты және бір-бірімен үйлесімді жүргізуді қажет[8].

 

 

        1. 3 Мемлекеттің ақша-несие саясатының түрлері мен аспектілері

        Қазақстан Республикасының осы заманғы әлеуметтік-экономикалық даму кезеңі  нарықтық қатынаспен сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша- несие жүйесі қалыптасып, қаржы институттарының жаңа түрлері пайда болып жатыр, нарықтық экономикаға тән жүйеге сәйкес банк жүйесінің құрылымы өзгерді.

      Еліміздің  ақша- несие саясаты халықаралық несиелік саясатпен жұмыс істеу принциптеріне көшу барысында Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы зор.

       Несиені  өтеу қабілетін бағалау үшін  рейтинг агенттіктері елдің несие  рейтингін әзірлейді, бұл орайда  мына аспектілерге назар аударады:

  1. Демократиялық саяси жүйені жасаудағы прогресс: мұны демократиялық саяси институттардың тиімділігі, шешімдер қабылдау процесінің ашықтығы, экономикалық реформаларды жүргізуге саяси жолды ұстаушылық және оларды тәжірибеде жүзеге асыруға қабілеттілік деп түсінеді.
  2. Қаржылық тұрақтылыққа және экономикалық өсуге жетудегі жетістіктер. Олар өзіне мыналарды біріктіреді: фискалдық және манетарлық саясаттың тиімділігі, ұлттық валютаның тұрақтылығы мен айырбасталымдағы кезінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұруы.
  3. Нарықтық экономикаға көшудегі прогресс: экономикадағы және меншік сектордың рөлі (мемлекеттік секторды жекешелендірудің дәрежесі, жеке меншік компаниялардың жетістіктері, кәсіпорындардың құрылымын өзгерту, корпарациялық басқарудың тиімділігі, қоғамның салық салуға қатысындағы өзгерістер және төлем тәртібі, экономикалық ырықтандыру, баға еркіндігі, жаңа отандық және шетелдік компаниялар үшін нарықтың ашықтығы, сыртқы сауда мен инвестициялық қызметтегі ақықтық), қаржы секторының ақуалы (банк секторының дамуы және оны реттеу, қаржы делдалдылығының дамуы, қор нарығының және банктік емес қаржы мекемелерінің дамуы), нарықтық институттардың дамулығы (тиімді инфрақұрылым мен заңнаманың болуы).
  4. Сауда ағындарын қайта бағдарлау. Экспорт пен импорттың өсу серпіні мен құрылымы, халықаралық экономикалық сауда ұйымдарына қатысу, қаржыландырудың көзі ретіндегі шетелдік тура инвестициялардың рөлі, менеджменттің деңгейі технологияларды беру арқылы бағаланады [9].

Соңғы жылдары Қазақстан  Республикасы шетелдерден едәуір несиелер алды. Сондықтан валюта қаражаттарын ұтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта түсуде. Олар бірінші кезекте тұтынуға арналған тауарды шығарған кәсңпорындарды құру және жаңғырту және басым өндірістерді, яғни экономиканы сауықтыру үшін белгіленген құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту үшін пайдаланылуы  тиіс [2].

     Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.

ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: Ұлттың валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Ақша-несие саясатының макроэкономикалық  деңгейдегі субъектісі Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Шаруашылық конъюктурасының  жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі түрі болады:

1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;

2. Экспанцондық ақша-несие саясаты.

Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші денгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатан шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің денгейін арттыруга бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша массасынын өсуіне бақылаудың, әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінін төмендеуімен байланысты шаралар[10].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын талдау

2.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүргізудегі негізгі қадамдарына сипаттама

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі өзі жүргізетін операциялар  бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа  да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін  ақша нарығының жалпы жағдайына  несие бойынша сұраныс пен  ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие  саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы  нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады[15].

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі пайыз саясатының басты  мақсаты — айналыстағы теңге  деңгейін көтере отырып, несиеге деген  сұранысты азайту, соның нәтижесінде  ақша жиыны және инфляцияның өсуін  төмендетуді қамтамасыз ету болып  табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт  аралығында өзінің нәтижелеріне қол  жеткізуге тиіс. 1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің оныншы сессиясында Қазақстан Республикасыньщ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы қабылданды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің міндеттерін, қызмет принципін, құқықтык мәртебесі мен өкілеттігін, оның банк жүйесіңдегі рөлі мен орнын, мемлекеттік билік органдарымен өзара қарым-қатынасын айкындап берді. Заң Қазақстан Республикасыньщ ақшалай және заемдык қаражаттарға деген сұранысын қамтамасыз етуде, салым салушылардың мүддесі мен мемлекеттік несие саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуде кепілдікті қарастырды. Заң Ұлттық Банктің негізгі міндеттерін айқындап берді: ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысуларды ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласында мемлекеттің саясатын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу; несие берушілер мен банктің салымшыларының, несиелік, есеп айырысу мекемелерінің, сондай-ақ валютаны сатып алу, сату және айырбастау бойынша операцияларды жүзеге асыратын мекемелердің клиенттерінің мүдделерін қорғау, банктік және басқа несие мекемелерінің қызметін реттейтін ережелерді жасау негізінде оны сақтауға бақылау жасау; Қазақстан     Республикасының ақша-несие саясатын жүзеге асыру саласында мүдделерін қорғау  [6] .                                                                                                                                                                                                                                                       

       1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасында ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Қазақстанның Ұлттық Банкіне ақша-несие жүйесінің жұмыс істеу жауапкершілігі, оның бюджетпен және банкілермен қарым-қатынастарында классикалык принциптерді енгізу, банктердің қызметін реттеудін жүйесін бекіту міндеттері жүктелді. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының — қазақстандық теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету — мемлекеттің орталык банкісі — Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттерінін біріне айналды.

Орталық банктердің тиімді қызметі ұлтгық дәстүр тұрғысынан оны  ұйымдастыру мен басқара білуге көп байланысты болады. 1995 жылғы 30 наурызда шыққан Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Жарлығы Кдзақстан Республикасы Ұлттық Банкінін міндеттерін, қызмет принципін, құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктерін, оның мемлекетгік банк жүйесіндегі рөлі мен орнын айқындап берді. 1995 жылы 30 тамызда еліміздін жаңа Конституциясының кабылануына байланысты заңнамаға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді[14].

      Ақшаның кұнсыздануын төменгі деңгейде ұстап, ұлттық валютанын тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-несие саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бірден-бір орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

Ақша-несие саясаты:

  • қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;
  • ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерін;
  • ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін;
  • ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулерді белгілеу жолымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі қайта  қаржыландырудың ресми ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта  есепке алуды жүргізеді.

Қайта қаржыландырудын ресми  ставкасы ақша-несие саясатының негізгі  операциялары үшін сыйақы ставкалары бойынша бағдар болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі қайта каржыландырудын ресми ставкасын ақша нарығының жалпы жай-күйіне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне және инфляциялык болжауларға қарай белгілейді.

Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие  саясатын жузеге асыратын шеңбердегі қаржы нарығында сыйақының нарықтык ставкаларына әсер ету максатында ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйакының ставкасын белгілейді[9].

Резервтік талаптар нормативі  банктер алдындағы міндеттемелерді  кеміту есебінен міндеттемелердің жалпы  сомасынан процент есебінде есептеледі және 40 проценттен артық емес мөлшерде белгіленеді.

Қазақстан Ұлттық Банкі айырықша жағдайларда міндеттемелердің есуіне резервтік талаптар енгізуге құқылы. Ең төменгі резервтік талаптардыц нормативтерін әзгерту осындай шешім қабылданған күннен бастап бір айдан ерте колданысқа енгізілмейді.

Ең төменгі резервтік  талаптардың нормативтері бұзылған кезде Қазақстан Республикасының  заң актілерімен Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген мөлшерде айыппұл  салынып, ендіріліп алынады.

Қазақстан Ұлттық Банкі банк кызметін тоқтатқан кезде бір апта мерзім ішінде банкке Қазақстан Ұлттық Банкінде резервтелген қаражатты қайтарып береді.

Қазақстан Ұлттық Банкі тікелей  сандық шектеуді айырықша жағдайларда  ғана белгілейді. Қазақстан Ұлттық Банкінің тіке сандык шектеулері дегеніміз  операциялар мен мәмілелердің жекелеген түрлері бойынша ставкалардың ең жоғарғы деңгейі, несиелендіруді тікелей шектеу, сыйақының (мүлденің) ставкасын ұстап тұру, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу максатында несиенін накты түрлерін реттеу болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі тікелей  сандық шектеуді ақша-несиемен реттеудің  жанама әдістерімен инфляциялык процестерді тоқтату мүмкін болмаған жағдайда қолдануға құқылы [4] .                                                                                                                             

Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі мынадай операция түрлерін жүзеге асырады:

1) қарыздар беру;

2) депозиттер қабылдау;

3) валюталық интервенциялар;

4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару;

5) Мемлекеттік және басқа да бағалы кағаздарды сатып алу және сату, оның ішінде кері сатып алу құқығымен;

6) коммерциялык вексельдерді қайта есепке алу;

7) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасынын шешімі бойынша басқа да операциялар.

Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие  саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердін карыз алуының  жалпы көлемін реттейді.

Информация о работе Мемлекеттің ақша-несие саясаты