Мемелекеттік бюджеттің нарық жағдайыеда атқаратын рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2014 в 15:53, курсовая работа

Краткое описание

Бюджет ақша айналымы – ол мемлекет айнасы, экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайының өлшемі. Қоғамның әлеуметтік, экономикалық құрылымында өте үлкен рөлді мемлекеттік басқару атқарады.Мемлекеттегі экономикалық және әлеуметтік саясатты жүргізудің бірден-бір механизмі қоғамдық қаржы жүйесі және оған кіретін мемелекеттік бюджет болып табылады.Тек осы мемлекеттік бюджет арқылы ғана мемлекет орталықтандырылған және қаржыларды қолдануға және білім беруге жұмсауға қолдана алады.

Содержание

Кіріспе

I Тарау: Мемелекеттік бюджеттің экономикалық мәні және атқаратын қызметтері.
1.1. Мемелекетттік бюджеттің мәні және оған жалпылама сипаттама.
1.2. Бюджет құрылымы мен бюджет жүйесі.

II Тарау:Қазақстан Республикасының мемелекеттік бюджетінің нарықтық экономика жағдайындағы негізгі ерекшелігі.
2.1. Мемлекеттік бюджетінің кіріс бөлігі және оның құрал кздері
2.2. Мемлекеттік бюджетінің шығыс бөлігі және оның мақсатты жұмсалу бағыттары
2.3.Бюджет тапшылығы және оны шешудің жолдары.

III Тарау: Мемелекеттік бюджеттің нарық жағдайыеда атқаратын рөлі
3.1. Мемелекеттік бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары.
3.2. Мемлекеттік қарыз және оны жабу мақсатында қолданылатын экономикалық әдістер.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттердің тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс раб Бюджет.doc

— 330.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Мемлекетгік қарыз және оны жабу мақсатында қолданылатын экономикалық әдістер.

 

Мемлекетік қарыз дегеніміз, белгілі бір кезеңде, елде жиналған бюджеттік тапшылықтар. Бұлардан жиналған бюджеттік профицит алынады, оларда артықшылық болады. Сөйтіп, «мемлекеттік қарыз» деген үғыммен мемлекеттік бюджеттегі тапшылық тығыз байланысты. Мемлекеттің қарызы ішкі және сыртқы болады,

Ішкі қарыз дегеніміз, ел ішінде мемлекеттік бюджеттегі тапшылықты қаржыландыру мақсатында, мемлекеттің қарызға алғаны. Басқаша айтқанда, мемлекеттік ішкі қарыз - резинттерге берешегі.

Сыртқы қарыз дегеніміз, мемлекеттің шетелдік азаматтар мен ұйымдардан алған қарыздары. Басқаша айтқанда, мемлекеттік сыртқы қарыз - резинтгер еместерге берешегі.

Осыған орай, Заңның 22-бабында былай делінген: «Жергілікті атқарушы органдардың заңды және жеке тұлғалардан, шет мемлекеттерден Қазақстан Республикасының Укіметімен қарызға қаражат алуға құқығы бар. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы заем алу немесе жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарын шығару шарттары нысанында жүзеге асырылады. Қарыз алу туралы шешім қабылдау, заем шарттарын жасасудың және жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарын шығарудың тәртібі Қазақстан Республикасының Заң актілерімен белгіленеді».

Қарыздың қосымша қаржыландыруы - жаңа мемлекеттік қүнды құжаттардың жаңа серияларын шығаруы, олардан түскен табыстар, бүдан бүрын шығарылған сериялар бойынша пайыздарды өндіруге жүмсалады. Дәл солай, Ресейдің 1998 ж. 17 тамыз күні қираған «қаражат пирамидасын» салған болатын. Ол кезде Ресей ішкі қарыз бойынша төлемдер тоқтатылатыны және өзінің сыртқы несие берушілеріне коммерциялық банктердің қарыздарды төлеуіне 30 күндік мораторийде жарияланған.

Экономист-теоретиктер арасында келесі пікір жиі кездеседі: көбінесе мемлекеттік қарыздың мәселелері жалған болады дейді, себебі мемлекет банкротқа үшырамайды дейді. Мемлекет бакротқа үшырау қаупі бар деген пікірдің негізі жоқ деп, макроэкономиканың стандарттық басым көшшлік курстарында бірқатар себептерге байланысты көрсетіледі.

Біріншіден, мемлекеттің банкротқа үшырауы мүмкін емес. Ал үшырайтын болса, өзінің мемлекеттік қарызын қайта қаржыландыра алады.

Екіншіден, Ата Заң бойынша түрғындар мен бизнеске салық салуға тек мемлекет қана қүқылы. Салықтарды қарызды өтеу көзі ретінде пайдалану мақсатында салады, ал меншікті фирманың ондай өкілеттілігі жоқ.

Үшіншіден, тек мемлекеттің ғана эмиссияға монополиялық қүқығы бар. Сондықтан, әр уақытта ақша басып шығаратын станокты қажет болған жағдайда қоса алатын экономикалық субъекттің банкротқа үшырағаны мүмкін емес.

Әлбетте, сыртқы және ішкі қарыз бойынша қызмет көрсету үшін қайта қаржыландыруды қолдануға болады. Алайда, мемлекет бүл тәсілді белгіленген шекарадан асырмай қолдана алады. Егер мемлекеттік облигациялардың жаңа түрлері шығарыла беріп, бірақ экономиканың қүрылымдық мәселелерін шешуге, сондай-ақ ғылыми-техникалық процесті жақсартуға, жаңа жүмыс орындарын ашуды көздемесе, яғни салық салу базасын кеңейтетін жайды туғызып, мемлекеттік заемдар бойынша пайыздарды ендіретін көз тапса, онда ерте ме, кеш пе «қаражат пирамидасы» қирап қалады. Салық нащар жиналатын болса, экономика «көлеңкелі» болып кетсе, мемлекеттік бюджеттегі шығындардың басым бөлігін амалсыздан пайыздарды өндіруге жүмсалатын болады, әлеуметтік бағдарламаларға, айқын секторды қолдауға және тағы басқаларға жүмсайды. Бүл жағдай неғүрлым ішкі қарызға болса да, соғүрлым сыртқы қарызға да қатысы бар.

Бюджеттегі ақша қаражаты жетіспеген жағдайда, мемлекет пайыздарды төлеуден және ішкі инвесторлар алдындағы міндеттемелерді өтеуден бас тартатынын жариялай алады. Бұл жай - мемлекеттің банкротқа ұшырауы. Қарыз төлем ақыларды қаржыландыру мақсатындағы салықтардың көлемін көтеруге қағаз жүзінде болады. Бүл мемлекеттік бюджетке түсірілетін салық алымдарының жоғарғы шекарасы. Қазіргі уақыттағы өндірісі жетілген елдердеғі оның көлемі ЖІӨ - 30 пайызға жуық. Ақырында мемлекеттік қарызды ақша басатын станок арқылы қаржыландыру - гиперинфляцияға тікелей әкелетін жол, оған жол берген үкіметтің күйрегені түсінікті болады. Мемлекеттік қарыз - аса қауіпті қүбылыс емес, оны дәлелдейтін мән-жай төмендегідей: біздің ішкі қарызымыз - өз-өзімізге берешегіміз ғой. Сондықтан, болашақта бүл қарыз үрпақтың мойнына ілінеді деғен пікір дүрыс емес. Бүл пікірді үстанатындардың айтуынша жеке меншікті және мемлекеттік қарыздардың үқсастығы жоқ дейді. Мемлекеттік қарыздың айырмашылығы бар.

Мемлекеттік облигация дегеніміз бір жақтан мемлекеттің пассивті, яғни оны міндетті түрде төлеу керек. Екінші жағынан қараса, облигация, оны сатып алған инвестордың қолында, бүл актив бойынша, ол кірісті өтейді. Соңында облигацияның төлемі өтеледі. Сондықтан, үрпақтарымыз, олардың ата-аналары сатып алған мемлекеттік облигациялар бойынша төлем ақыларды алатын болады. Айтып кететін бір жайт: мемлекеттік қарызды, өзіміздің алдымыздағы қарызымыз десе де, келер үрпақтарға, оның ауыртпалығы түсуі де ықтиарлы. Тыс шығару эффект жөнінде үмытпаған жөн болар. Өйткені шындыққа келсек, Мемлекеттік заемдар арқылы жеке меншікті инвестицияларды тыс шығарудың салдарынан, үзақ мерзімді перспективада үлттық өндірістік потенциалының қысқаруына әкеліп соғады.

Демек, 1990-шы жылдардың аяқ түсында көп елдердегі мемлекеттік қарыздар бойынша мемлекеттік мәселелер көбейіп кеткені соншалықты болғандықтан, үкіметтің жалған банкротқа үшырауы жөніндегі мәселені көтеретіндей болған жоқ.

Мемлекеттік қарыздың екі маңызды мәселесі экономистер тарапынан шын мәнінде күрделі деп табылады: тыс шығарылу мен сыртқы қарыз бойынша қызмет көрсету. Соңғы мәселе бойынша, «үлт» өз-өзіне і^арыздар деп айтуға болмайды. Сыртқы қарыз, қарыздар елден ресурстары басқа жаққа кетіп жатқанын білдіреді. Сондықтан да, экспортты. үлғайтып, импортты азайту керек. Сонда сыртқы қарыз бойынша қызмет көрсету үшін төлем ақы жасайтын көзді табуға болады. Сыртқы қарыздың абсолюттік көлемі «ішкі түтынуға қауіп төндіретіні жөнінде» шетел несие беруші, мемлекетпен тәуелді болғанымызды білдірмейді. Елдің өндірістік потенциалын қүлдырататын ресурстар басқа жаққа кетіп жатыр деп айтуға негіз тудырмайды. Сыртқы қарыздың халықаралық салыстырмалы түрдегі қарыздың көрсеткіштерін білу қажет. Олар: ЖІӨ қатысты қарыз, экспортқа қатысты қарыз және экспортқа қарай қарыз бойынша қызмет көрсету.

Сөйтіп, мемлекеттік қарыз бойынша туындайтын мәселелер, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективадағы ішкі және сыртқы қарызданудың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы салдарының кең мөлшердегі спекторымен сабақтасады.

1999 жылы Қазақстанның сомасы 900 млн. доллар мөлшеріндегі сыртқы  қарызы бойынша мемлекеттің тікелей  және кепілді қызмет көрсетуі, болжамдалған болатын. Бұл соманың  кең көлемін сезіну үшін Үлттық банктің жиынтық алтын валюта қорларының жартысынан астамы немесе ЖІӨ 5 пайызға жуық, я болмаса, елдің жылдық экспортының 20 пайыздай көлеміндегі қаражат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Бұл жұмыста түпдеректерге сүйеніп, бюджеттің мәні, оның құрылымы, түрлері, мемлекеттік бюджеттің міндеттері сияқты сүрақтар қарастырылған. Бюджет тапшылығы оларды, шешу жолдары, сонымен қатар мемлекеттік қарыз мәселелері қарастырылған. Мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесінің негізгі түйіні - мемлекет басшылығының қолындағы ең үлкен орталықтандырылған ақшалай қоры болып табылады. Оның көмегімен мемлекет басшылары өз қолдарында ұлттық табыстың үлкен бөлігін бақылайды. Ал бұл бөлігі әлеуметтік-экономикалық міндеттерді атқырудағы негізгі қаржы базасына айналдырады. Қаржы жүйесінің бұл түйінінде ең үлкен табыстар мен саяси және экономикалық қатынастардағы ең негізгі жалпы мемлекеттік шығындар шоғырланған. Мүнда экономиканы реттеудің негізгі қаржылы қүралдары бар. Олар: мемлекеттік шығындар, салық және несие.

Нарықтық экономикаға өту жағдайы, Қазақстан Республикасының бюджеті мемлекетпен экономикалық өмірге араласуы үшін қолданылады. Бюджеттің табысы мен шығыны механизмі арқылы қоғамдық өзгеріске әсер етеді Оның мақсаты - экономикалық өсуді ыйталандыру, жүмысбастылықты өндіру мен тұтынуды керекті деңгейде үстап түру.

Нарық экономикасы жағдайында мемлекеттік бюджет Республиканың барлық ұлттық қаржы жүйесінің қүрылымдық орталығы болуы керек. Ол нарық экономикасының сұрапыл мінезі жағдайында нарық қатынастарының барлық субъектілеріне қажетті қаржылық көмек көрсетеді. Ал бұл ақырында, барлық қаржы жүйесінің бір қалыпты, түрақты жүмыс істеуіне әкеледі. Бюджет - мемлекеттік қаржылы саясатты жүргізудегі мемлекеттің негізгі құралы. Қаржылық реттеудің барлық қүралдары - салық жеңілдіктері, несие жеңілдіктері, мемлекеттік бағаны реттеу және т. б. Осының барлығы мемлекеттік бюджет арқылы өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданьшған әдебиетгердің тізімі

             

1.Ильясова К., Саткалиева В., Зейнельгабдин  А., Сапарбаев П.,

Искакова П.  Государственный бюджет      Алматы:  Республиканский

издательский кабинет, І998ж;

2.  Нұрғалиев Ө. «Экономикалық теория», Қарағанды - 2004

3. Чепурина М.Н., Киселева Е.А. - Курс экономической теорий - Киров:

АГА 2000ж;

4. Әубәкіров   Я.,   Нәрібаев   К,        Экономикалық   теория   негіздері   -

Алматы:Санат, І998ж;

5. Сейткасымов  Г.С.       Ақша,  несие,  қаражат      Алматы:  Экономика,

2001ж;

6.Ч. Мамыров Н.К., Есенгалиев Қ.С. - Микроэкономика- Алматы: 2000ж;

7. Бағдарламалар - алдағы іс-кимыл  жоспары    Орталык Қазақстан,

4сәуір, 200 Іж;

8. Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпытаев. «Қаржы». Алматы  – 2005ж 

9.Қазақстан Республикасындағы  бюджет жүйесі туралы Заң - Заң  газеті,

1 сәуір, 2004ж;

10. Вестник налоговой службы  РК. Журнал  2005ж

11.2004 жылы   және  2005   жылдың   1   тоқсанында  облыс  бюджетінің

орындалу нәтижелері - Орталық Қазакстан, 28 сәуір, 200 5ж; ,

12.Көшенова   Б.А.        Ақша, несие,   қаражат,   валюта   қатынастары  -

Алматы: Экономика, 2000ж;

13. Каренов Р.С. - Осыовы государственного регулирования экономики -Алматы: 1999ж;

14.  Қаржы-қаражат - журналы, 1998-2002-2003жж;

15.  Асфандиярова   М.А.   -  Әлеуметтік  проблемалар  және   мемлекеттік бюджет Алматы: Қазақстан, 1983ж;

16. Белгібаева Қ.Қ-, Мұханбетов С.М.     Қаржы және банк статистикасы бойынша есептер жинағы -Алматы: 1999ж;

17. Бюджет жүйесі туралы - Қазакстан Республикасының Заңы - Алматы: ЮРИСТ, 1 наурыз, 2002ж.

 

 

 


 



Информация о работе Мемелекеттік бюджеттің нарық жағдайыеда атқаратын рөлі