Мемелекеттік бюджеттің нарық жағдайыеда атқаратын рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2014 в 15:53, курсовая работа

Краткое описание

Бюджет ақша айналымы – ол мемлекет айнасы, экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайының өлшемі. Қоғамның әлеуметтік, экономикалық құрылымында өте үлкен рөлді мемлекеттік басқару атқарады.Мемлекеттегі экономикалық және әлеуметтік саясатты жүргізудің бірден-бір механизмі қоғамдық қаржы жүйесі және оған кіретін мемелекеттік бюджет болып табылады.Тек осы мемлекеттік бюджет арқылы ғана мемлекет орталықтандырылған және қаржыларды қолдануға және білім беруге жұмсауға қолдана алады.

Содержание

Кіріспе

I Тарау: Мемелекеттік бюджеттің экономикалық мәні және атқаратын қызметтері.
1.1. Мемелекетттік бюджеттің мәні және оған жалпылама сипаттама.
1.2. Бюджет құрылымы мен бюджет жүйесі.

II Тарау:Қазақстан Республикасының мемелекеттік бюджетінің нарықтық экономика жағдайындағы негізгі ерекшелігі.
2.1. Мемлекеттік бюджетінің кіріс бөлігі және оның құрал кздері
2.2. Мемлекеттік бюджетінің шығыс бөлігі және оның мақсатты жұмсалу бағыттары
2.3.Бюджет тапшылығы және оны шешудің жолдары.

III Тарау: Мемелекеттік бюджеттің нарық жағдайыеда атқаратын рөлі
3.1. Мемелекеттік бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары.
3.2. Мемлекеттік қарыз және оны жабу мақсатында қолданылатын экономикалық әдістер.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттердің тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс раб Бюджет.doc

— 330.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Бюджет құрылымы мен бюджет жүйесі.

 

                Мемлекеттік органдардың өздерінің  функцияларын орындауы үшін басқарудың  барлық  деңгейлерінде  тиісті  қаржы жүйесі болуы тиіс. Осы  мақсатпен әр елде аймақтардың  шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік- аумақтық бірліктерді аббаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппараттарын ұстауды және басқа шараларды қаржыландырудыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен  шығындарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар болады. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның  буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылымын құрайды. Мемлекеттік бюджеттің құрылымы екі бөліктен тұрады: мемлекеттік (Республикалық) және  жергілікті (муниципалдық) бюджет. Бюджет құрылымының бұл түрлері  кез-келген басқа мемлекеттегідей Қазақстан Республикасы  қаржы жүйесінің  орталық буыны болып табылады. Бірақ  Республикамыздың мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі  Республикалық бюджетте шоғырланған.       

  Мемлекеттік (Республикалық)  бюджет – бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік  органдардың, оларға ведомстволық  бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын  қаржылық қамтамасыз етуге  және мемлекеттік саясаттың  жалпы Республикалық  бағыттырын  жүзеге  асыруға  арналған   орталықтандырылған   ақша   қоры.

   Жергілікті    бюджет  (әкімшілік  - аймақтық бірліктердің бюджеттері) – облыстық  бюджет,  Республикалық   маңызы   бар  қаланың,  астананың  бюджеті, аудандардың  (облыстық маңызы  бар қаланың)  бюджеті.

                 Бюджеттің  құрылысында  басты  орынды  бюджет  жүйесі  алады,  ал  экономикалық қатынастарға   және  құқықтық  нормаларға  негізделген  түрлі   деңгейлер  бюджеттерінің,   сонымен   бірге    бюджет  процесі  мен  қатынастарының  жиынтығын білдіреді.  Әртүрлі   елдердің бюджет жүйесі   өзінің  құрылымы,   бюджеттердің жекелеген  түрленетін саны жағынан   түрліше   болып  келеді,  өйткені   олардың  аумақтық  құрылысы  мен  бөлінісіне байланысты болады.

                 Бюджет  жүйесінің  құрылымы   елдің  ұлттық – мемлекеттік   құрылымымен  анықталады. Мемлекеттің  федеративтік  және  унитарлық  құрылымы болуы мүмкін.

                 Федеративтік  мемлекеттерде  бюджет  жүйесі үш  буыннан  тұрады:

        1. Мемлекеттік  бюджет,  федералдық  бюджет,  орталық  мемлекеттік  бюджет;
        2. Федерация  мүшелерінің  бюджеттері ( АҚШ-та  штаттардың,  ГФР-де ландаттардың,  Ресейде – федерация  субъектілерінің );
        3. Жергілікті  бюджетер.

                  Унитарлық  (біркелкі)  мемлекеттерде  екі буынды  бюджет жүйесі құрылады: орталық  (Республикалық)  және  жергілікті  бюджеттер. Екі жағдайда  да  бюджеттің  оқшаулануы  деңгейіне  байланысты  төменгі  бюджеттерге  қатынасы  бойынша  белгілі  бір  реттеуші  рөл  орталық  бюджетте сақталады.

                   Қазақстан   Республикасының  бюджет  жүйесі  бюджет  құрылымының  унитарлық  типімен  анықталады. Өйткені,  Қазақстан – федералдық  емес, басқарудың Президенттік нысаны  және  сайланатын  парламенті  бар унитарлық мемлекет.

                   Қазақстан  Республикасында жиынтығында  мемлекеттік  бюджетті  құрайтын  бекітілетін,  атқарылатын  және  дербес болып табылатын мынандай  бюджеттер  жұмыс істейді.      

          Республикалық бюджеттің қаражаты: сот жүйесінің қызметін; сыртқы  саяси қызметті, қаржы және салық қызметін; қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету; әділет саласындағы қызметті; жоғары білімді; республикалық деңгейдегі жалпы орта, орта кәсіптік және қосымша білімді және т.б. көптеген бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалады. Сонымен қатар, мемлекеттің бюджеттік бағдарламаларды, олардьщ аумақтық бөлімшелерін және мемлекеттік бағыныштағы мекемелерді үстауға арналған шығындар да республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Республикалық бюджеттің сыртқы экономикалық қызметпен байланысты және ұлттық валютаның айырбас бағасының жоспарланған өзгерісіне сәйкес белгіленген қаражаты ұлттық валютаның бөлінген кезіндегі ресми айырбас бағамы бойынша жұмсалады. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тиісті кезеңге арналған жоспар негізінде және Қазақстан Республикасының Үкіметі өткен қаржы жылында бекіткен. Сонда, үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштері еркеріле отырып, жүзеге асырылады.

  Жергілікті бюджеттер түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру есебінен қалыптасатын, Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін, жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған әкімшілдік-аумақтық бөліністердің ақша қорлары болып табылады. Жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер республикалық бюджеттерге ұқсас болып келеді. Ал бүл бюджеттің қаражаты: жергілікті деңгейде мектепке дейінгі, жалпы бастауыш, жалпы негізгі білім беруді, орта кәсіптік қосымша білім беруді; лсергілікті деңгейде денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды; жергілікті деңгейді, спорт және ақпарат саласындағы қызметті; көлік, өнеркәсіп құрылысын; т.б. қаржыландыруға жүмсалады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылына шұғыл қаржыландыруды талап ететін шығыстарды қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің күрамында құрылады. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттерде көзделген сомалардың тегінде несие беруге құқылы жиынтығында облыстық бюджетті құрайтын жергілікті бюджеттер бір-біріне бюджеттік несиелер беруге құқылы.

Облыстардың әкімдері қалалар әкімдерінің және қалалардағы аудандарды қоспағанда, аудандар әкімдерінің ұсыныс бойынша облыстық бюджеттен аудандық, қалалық бюджеттерге тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген салық алшақтықты жабуға төменгі тұрған бюджеттерді несиелеу үшін арнайы резерв шегінде шарттардың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы заем алу немесе жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарын шығару шарттары нысанында жүзеге асырылады.

Қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқа) және қалалардағы аудандарды қоспағанда, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кассалық аймақтықты жабуға тек облыстық бюджеттен ғана қарыз алуға құқығы бар. Ал кассалық алшақтықты жабуға қарыз алу, қаржы жылының шегінде айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылуы мүмкін және жергілікті бюджетті нақтылауды қажет етпейді. Жергілікті бюджеттердің есебінен үсталатын мемлекеттік мекемелерді, егер, заң актілерінде өзгеше көзделмесе, онда республикалық бюджеттер үстауға жол берілмейді. Сол сияқты, республикалық бюджеттің есебінен үсталатын мемлекеттік мекемелерді жергілікті бюджеттерден үстауға жол берілмейді. Мемлекеттік мекемені жергілікті бюджеттердің әртүрлі деңгейлерінен үстауға жол берілмейді.

М Жергілікті атқарушы органдар есепті жылдан кейінгі 15 мамырынан кешіктірмей, жергілікті өкілді органдарға түсіндірме жазбамен және қосымшалар мен бірге есепті қаржы жылына арналған тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп табыс етеді. Есепті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп, жергілікті бюджеттің есепті жылға арналып бекітілген қүрылымы бойынша табыс етіледі.

Республикалық және жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуына ревизия және тексеру жүргізудің тәртібі мен мерзімділігін Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдарды белгілейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II Тарау

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің нарықтық  экономика

Жағдайындағы негізгі ерекшелігі.

 

2.1. Мемлекеттік бюджеттің  кіріс бөлігі  және оның құрылу  көздері.

 

    Мемлекеттік бюджеттің  құрылысы негізінен, кіріс және  шығыстың бет пердесі деп айтуға  болады. Осыған сәйкес, мемлекеттік бюджет бір –бірімен тығыз байланысты және бірін-бірі  толықтырып тұратын 2 бөлімнен тұрады: кіріс және шығыс. Мемлекеттік бюджеттің кірістері біріншіден, орталық және жергілікті органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік  заемдардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы  ірі қаржы ресурстарының  нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік – экономикалық сипаттағы мақсаттарға шоғырландыру қызметінен туады.

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптас-тырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жүмыс жасауы ерёкше экономикалық нысандар— бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар қүндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғам-дық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қара-жаттарымен қамтамасыз етеді, шыгыстар орталықтавдырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің тусімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді етеу, мемлекеттің қаржы акгивтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шыгыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бой-ынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

Кірістер мен шығыстардың қүрамы мен қүрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асы-рылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бүл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жүмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол бюджет йрістерінің жалпы сомасының 90% қүрады және негізінен екі төлемнен — айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден түрды. Бүл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түрівде пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпорындар қызметінің жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды.

Дағдыдағьщай, кірістердің қезі салықтар немесе оларға бара-бар телемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің қүрамы мен қүрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен жөне салыстырмалы түрақ-сыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.

 

Бюджет кодексіне сейкес бюджеттің қүрылымы мына бөлімдерден түрады:

1) кірістер:

салықтық түсімдер;

салықтық емес түсімдер;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;

ресми трансфертгер түсімдері;

2) шығындар;

3) операциялық сальдо;

4) таза бюджеттік кредит беру: бюджеттік кредиттер; бюджеттік  кредиттерді өтеу;

5)  қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:

қаржы активтерін сатып алу;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;

6) бюджет тапшьшығы (профициті);

7)  бюджет ташиылығын қаржыландыру (профицитін пайда-лану):

қарыздар түсімі;

қарыздарды өтеу;

бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.

Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген қүылым бойынша жүзеге асырылады.

 

 

Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлем-дер), ресми трансферттер, мемлекетке етеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер—бюджетке төленетін міндетті, қайтарьшмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капитадды сатудан түсетін түсівдерге мемлекеттік меке-мелерге бектіліп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік ма-териалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды түрақты не-месе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі ма-териалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері - бүл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне Үлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.

Мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің ны-саналы мақсаты болмайды.

Бюджеттің шығындары — қайтарылмайтын негізде бөлінетін

бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.

Мемлекет  басшысы  әкімдерге  бюджеттің  кіріс бөлігін асыра орындауға  және  шығыс бөлігін  үнемдеуге, сондай-ақ  бюджеттерді  нақтылау  кезіеде  қаржыны  білім беру  мен  денсаулық   сақтауға,  еңбекақыны  өсіруге,  объектілерді  жөндеу  мен  салуға  жұмсауды тапсырды.  Бюджет  қаржысын  үнемді  пайдалану  жөніндегі жүргізілген  шаралар  бюджеттің кіріс бөлігіндегі ахуалды  жақсартуға  мүмкіндік берді.  Бюджеттің  ай сайын бір  тұрғынға  шығаратын  шығыны  денсаулық  сақтау  саласында 1999 жылғы  181 теңгеден  2000 жылы  210 теңгеге,  білім  беру  саласында  294 теңгеден   357 теңгеге,  әлеуметтік  қамтамасыздандыру  мен  әлеуметтік  көмекте  -  96  теңгеден  109 теңгеге, мәдениет  пен  спортта  - 38  теңгеден  68 теңгеге өсті.

Информация о работе Мемелекеттік бюджеттің нарық жағдайыеда атқаратын рөлі