Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2014 в 15:53, курсовая работа
Бюджет ақша айналымы – ол мемлекет айнасы, экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайының өлшемі. Қоғамның әлеуметтік, экономикалық құрылымында өте үлкен рөлді мемлекеттік басқару атқарады.Мемлекеттегі экономикалық және әлеуметтік саясатты жүргізудің бірден-бір механизмі қоғамдық қаржы жүйесі және оған кіретін мемелекеттік бюджет болып табылады.Тек осы мемлекеттік бюджет арқылы ғана мемлекет орталықтандырылған және қаржыларды қолдануға және білім беруге жұмсауға қолдана алады.
Кіріспе
I Тарау: Мемелекеттік бюджеттің экономикалық мәні және атқаратын қызметтері.
1.1. Мемелекетттік бюджеттің мәні және оған жалпылама сипаттама.
1.2. Бюджет құрылымы мен бюджет жүйесі.
II Тарау:Қазақстан Республикасының мемелекеттік бюджетінің нарықтық экономика жағдайындағы негізгі ерекшелігі.
2.1. Мемлекеттік бюджетінің кіріс бөлігі және оның құрал кздері
2.2. Мемлекеттік бюджетінің шығыс бөлігі және оның мақсатты жұмсалу бағыттары
2.3.Бюджет тапшылығы және оны шешудің жолдары.
III Тарау: Мемелекеттік бюджеттің нарық жағдайыеда атқаратын рөлі
3.1. Мемелекеттік бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары.
3.2. Мемлекеттік қарыз және оны жабу мақсатында қолданылатын экономикалық әдістер.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттердің тізімі.
Жалпы
нарықтағы экономика
Бюджеттің кіріс бөлімі Қазақстан
Республикасының «Бюджет туралы
заңына » сәйкес құрылады. Сол
сияқты келесі түсімдер
2.2. Мемлекеттік бюджеттің
шығыс бөлігі және оның
бағыттары.
Бюджеттің шығындары — қайтарылмайтын негізде бөлінетін
бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік мекемелердің
қызметін қамтамасыз ететін
2) түрақты сипаты жоқ. іс-шараларды
үйымдастыру мен өткізуге
3) мемлекеттіктапсырысқа арналған шығындар—мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің түтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жүмыс-тарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
4) жеке түлғаларға ақшалай төлемд
5) заңи түлғаларға субсидиялар—
6) ресми трансферттер—бюджеттің
бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ
Үлттық қорға трансферттер
Заңи түлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын өлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін іске асы-рудың басқа, неғүрлым тиімді тәсілі болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңи түлғаларға субсидия берудің басым бағыттары орта мерзімді фискалдық саясатпен айқывда-лады.
Ресми трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы мақ-саты да болуы мүмкін. Нысаналы сипаты бар ресми трансферт-тер нысаналы трансферттер болып табылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді болжауға бол-мағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететін шығыңцарды қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің қүрамында Үкімет пен жергілікті атқарушы орган-дардың резервтері қүрылады.
Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың резерві:
1) төтенше резервті;
2) шүғыл шығындарға арналған резервті;
3) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала-лар, астана бюджетгерінің, аудандар (облыстық маңызы бар қала-лар) бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға арналған резервті кіріктіреді.
Үкімет резервінің жөне жергілікгі атқарушы орган резервінің жалпы көлемі тиісті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс.
Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу тиісті қаржы жылына арналған респуб-ликалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген көлемдер шегінде тиісінше Үкіметтің және жергілікті атқарушы оргаңцар-дың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын шешімдері бойынша жүзеге асырылады.
Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда Үкімет немесе жергіліісті атқарушы орган қажет болған кезде Парламентке немесе тиісті мәслихатқа тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мөслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің мөлшерін үлғайту тура-лы үсыныстар енгізеді.
Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағ-дарламасының әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюд-жетке қайтаруды қамтамасыз етеді.
Үкіметтің және жергілікгі атқарушы оргавдардың резервтерін пайдалану тәртібін Үкімет белгілейді.
Шығыс бөлігінде бюджеттік қаржылардың бағыттары мен қызметтері көрінеді. Өзінің құрылымы жағынан, бюджеттің шығысы мынандай бөлімдерден тұрады: мемлекеті басқару шығындары, әскери шығындар, әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы шығындар, мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық қызметтердің шығындары.
Мемлекет қызметтерінің ұлғаюы, мемлекеттік шығындардың қарқынын Ж¥Ө-нің өсуі қарқынынан едәуір асырып жібереді. Мысалы, АҚШ-та XX ғ. мемлекеттік шығындар 350 есе өткен. Тек 1980 жылмен 1989 жылдың аралығында федералдық бюджеттің шығындары 2 еседен, яғни бюджеттің шығысы - 433,5 млрд. доллардан 877,2 млрд. долларға өскен. Әлеуметтік инфрақұрылымға, яғни білім беру мен денсаулық сақтауға және тағы басқа көптеген шығындарға жұмсалынады. Сонымен қатар, әскери шығындардың да үлесі қомақты. Әскери шығындарды айтқанда, тек тікелей шығындарды ғана көрсетіп қоймай, жанама шығындарды да ескеру керек. Оларға әскери қарыздар бойынша пайыздық төлемдер, зейнетақы, соғыс мүгедектеріне, ардагерлерге және тағы басқаларға көмек түрлері жатады. Мемлекет бюджетінің басты қүрамды бөлігі - жергілікті бюджеттер.
Сонымен, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі - мемлекеттің қаржылық қызметіне ақшалардың қайдан келгені көрсетіледі. Қоғамның қандай бөлігі мемлекетті үстауға көп кіріс шығарады, ал шығыс бөлігі - мемлекеттің қаржы бөлігі қандай мақсаттарға жүмсальіп жатқанын көрсетеді. Мемлекеттік бюджеттің кірістері, біріншіден орталық және жергілікті органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік заемдардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен қүралады. Мүндай қорлардың қүрылуы ірі қаржы ресурстарын нақты мақсаттарға шоғырландыру қызметінен туады. Бүлардың қатарына әлеуметтік қамсыздандыру, жол қүрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жүмыс күшін даярлау, қайта даярлау және тағы басқалары жатады. Бюджеттік процесс мемлекеттің кірістері мен шығыстарын баланстайды, теңестіреді. Бірақ, қазіргі кезде барлық елдерде дерлік мемлекеттің шығыстары, оның кірістері мен табыстарына қарағанда тез өсуде.
Бюджеттік процес, мемлекеттің кіріс және шығысының баланста болуын болжайды. Бірақ шындық көрсеткендей, шығыс жақ кірістен көп. Мұндай жағдай «бюджеттің тапшылығы » деп аталады. Оның шығу себептері келесі жағдайларда болады: қоғамдық өндірістің құлдырауы, қабылданған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда өте шығындардың болуы, қорғанысқа жұмсалған шығынның көбеюі, экономиканың көлеңкелі секторының өсуі. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары - өндірістің құлдырауы және экономиканың көлеңкелі секторы болып табылады.Осының салдарынан салық базасының азаюына әкеліп соқтырады.Бірінші жағдайда өндірістің қысқаруы басталады, түсетін пайданың азаюы, соның әсерінен бюджетте түсу мөлшері орындалмайды.Екінші жағдайда өндіріс салық төлеуді қояды. «Көлеңкелі экономиканың» жайдан айырмашылығы, яғни фирма немесе өндіріс, ешқай жерде тіркелмейді, сондықтан олар ешқандай салықтар төлемейді, мемлекеттік органдар оларды көрмейді. Олар «көлеңкеде» қалады және сәйкес дты да «көлеңкелі экономика» деп аталады. Егер шығыстар кірістен көп болса, үкімет бюджет тапшылығына тап болады. Бұған керісінше жағдай, яғни кірістің шығыстан көп болуы, бюджеттің профициті немесе нысапсыздыққа тап болады.
Тапшылықтың түрлері:
Бірінші тапшылық - бұл мемлекеттік бюджеттің барлық тапшылығы, мемлекеттің қарыздарының ең төменгі пайыздарының төленуі;
2. Құрылымдық тапшылық - мемлекеттік бюджеттегі кіріс пен
шығыстың әр түрлілігі, үлттық кіріске есептелініп теңделген,
шындыққа негізделген тапшылық. Бүл үкіметтің шын кірістер
мен шығыстардың арасындағы қайшылық;
3. Циклдық тапшылық - бүл мемлекеттік бюджеттегі қүрылымдық және шындық тапшылық арасындағы өзгешілік.
Бюджеттік тапшылық - макроэкономиканың ішкі және сыртқы Лекторларында өте күрделі тепе-теңдік тудырады. Өтпелі экономиканы басынан кешірген елдердің ешқайсысы, әртүрлі шаралар қолданғанына қарамастан, бюджеттік тапшылықты жоя алмады. Экономикалық әдебиеттерде, бюджеттік тапшылықты қаржыландыратын 4 қайнар көздер
бар:
1. Орталық банктен қаржы алу;
2. Банк секторынан ақша алу;
3. ¥лттық банктік емес сектордан алу;
4. Мемлекеттің валюталық резервтерінен іштен алу және пайдалану
іс жүзінде тапшылықты қаржыландыратын бүл жолдардың
әрқайсысы елдегі
макроэконоимикалық тепе-
Үлттық банктен қаржы алу, тапшылықты эмиссиондық жолмен қаржыландыру, яғни үкіметке бюджеттегі тапшылықты жоюға қосымша эмиссия ақша керек. Еліміз егемендік алып, өзіміздің үлттық валюта пайда болғанша, яғни 1991 жылдың желтоқсанынан бастап, 1993 жылға дейін, «несиелері» бойынша қаржыландырды. Қаржыландырудың бүл түрі, республикамыздың сыртқы қарыздарының көбеюіне әкеп соқтырды. Бүл кезде республикалық бюджеттің орындалуы қиын болды, халықтың алдындағы қарыздар көбейді. Бюджеттік мекемелер алдында да кеншілердің көтеріліс ашуы да көбейген. Ұлттық валютамызды енгізгеннен кейін де үкіметтің бүл жағдайларға қарсы лсасаған қадамдарынан соң да 1994 жылдың аяғында бюджет тапшылығына әкеп соқтырды. 1994 жылдың екінші жартысында қаржылық саясатты реттеуден соң, бюджет тапшылығын қаржыландыратын басқа қайнар көздер табылды. Бірақ та, үкімет 1998 жылға дейін басқа қайнар көздерімен бірге бюджет тапшылығын эмиссиондық қаржыландыруды пайдаланды. 1998 жылдан бастап, бюджеттік саясатқа сәйкес және жоспардың қимылы бойынша Қазақстан Республикасы 1996-1998 жылдары реформаның тереңдеу арқасында Үкімет бюджет тапшылығын қаржыландырудағы Үлттық банктің несиелерінен толығымен бас тартты. Бюджеттегі тапшылықты қаржыландырудың басқа түрлері, қарызды көбейту немесе қарызды қаржыландыру деп айтуға болады. Олар бюджеттік тапшылықты қаржыландырудағы инфляциялық көз болып табылады. Бірінші әдістен айырмашылығы, мұнда банк секторынан алынған ақшалар нәтижелі, тиімді емес. Егер, екінші деңгейдегі банктер сұранысты қанағаттандыру үшін Үлттық банктің көмегіне сүйенсе, бюджет тапшылығын инфляциондық жолмен жабу деп айтуға болады. Бірақ, Үлттық банк қосымша сүранысты қанағаттандыруға келіспесе, екінші деңгейдегі банктер меншік секторындағы несиелерді қысқартуға мәжбүр болды. Бүл әдетте, несиенің пайыздық үтысын көтерумен байланысты. Бүл елдің экономикасында сүраныс жиынтығынын,, түтынущьуіардың шығындарының, инвестициялық сүраныстардың негізін меншік инвестицияның азаюына әкеліп соғады:
АО=С+С+І+ХП
мұнда, АБ - сүраныс жиынтығы, С - мемлекеттік сатып алу, Хп - таза экспорт.
Ұлттық банктік емес сектордың қарыз алу, мемлекетке тапшылықты аз уақытқа ғана созылуына, ақша қорының көбеймеуіне, сыртқы қарыздардың көбеймеуіне әсер етеді, Бюджет тапшылығы қазіргі замандағы мемлекеттердің ең өзекті проблемаларына айналып отыр. Ең жақсы дамыған деген мемлекеттің өзі, бюджет тапшылығына тап болады. Бүл - мемлекеттің ақшалары қалай жүмсалатынына байланысты.
Шығыс кірістен көп болған жағдайда қаржылық ақшалар Экономиканың дамуына жүмсалса, онда болашақта өндірістік кірістер, шығындарды жауып, бүдан қоғам тек қана үшады. Үкіметтің экономикалық дамуында белгілі бір бағдарлама болмай, бюджет тапшылығын жою үшін орталық банктерден несие алу, қүнды қағаздар алу бүл проблеманы шешпейді. Есесіне мемлекеттің қарызы көбейе түседі, бүл мемлекеттің кедейшілікке үшырауына себеп болады. Мемлекеттің қарызының көбеюі, өзінің болашағын ойламауы, оларға қарызды қайтару керек екенін ойламағаны. Қай мемлекет болмасын, жыл басында бюджетте тапшылық болдырмау үшін еңбек етеді.
Әр бюджетте оның кіріс жөне шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дүрыс. Баланс — бұл тепе-теңдік,бюджетті жа-саған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шыгыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде белінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі.
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо қаржы активтерін сатып алу мен мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің арасындағы айырма ретінде айқын-далады.
Қаржы активтерін сатып алу және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсівдер Қазақстан Республикасы-ның заңнамалық актілеріне және әлеуметтік-экономикалық да-мудың орта мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджет тапшылыгы (профициті) таза бюджетгік кредит беруді жөне қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша саль-доны шегеріп тастағандағы операциялық сальдоға тең.
Теріс белгімен алынған шама бюджет тапшылығы, оң белгімен алынған шама бюджет профициті болып табылады.
Бюджет тапшылығының жол берілетін шекті мөлшері әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарымен белгіленеді.
Бюджет тапшылыгын қаржыландыру—қарыз алу және бюд-жет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылы-ғын жабуды қамтамасыз ету. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қаддықтары қозғалысының қарыз-дар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.
Информация о работе Мемелекеттік бюджеттің нарық жағдайыеда атқаратын рөлі