Мемелекеттік бюджеттің нарық жағдайыеда атқаратын рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2014 в 15:53, курсовая работа

Краткое описание

Бюджет ақша айналымы – ол мемлекет айнасы, экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайының өлшемі. Қоғамның әлеуметтік, экономикалық құрылымында өте үлкен рөлді мемлекеттік басқару атқарады.Мемлекеттегі экономикалық және әлеуметтік саясатты жүргізудің бірден-бір механизмі қоғамдық қаржы жүйесі және оған кіретін мемелекеттік бюджет болып табылады.Тек осы мемлекеттік бюджет арқылы ғана мемлекет орталықтандырылған және қаржыларды қолдануға және білім беруге жұмсауға қолдана алады.

Содержание

Кіріспе

I Тарау: Мемелекеттік бюджеттің экономикалық мәні және атқаратын қызметтері.
1.1. Мемелекетттік бюджеттің мәні және оған жалпылама сипаттама.
1.2. Бюджет құрылымы мен бюджет жүйесі.

II Тарау:Қазақстан Республикасының мемелекеттік бюджетінің нарықтық экономика жағдайындағы негізгі ерекшелігі.
2.1. Мемлекеттік бюджетінің кіріс бөлігі және оның құрал кздері
2.2. Мемлекеттік бюджетінің шығыс бөлігі және оның мақсатты жұмсалу бағыттары
2.3.Бюджет тапшылығы және оны шешудің жолдары.

III Тарау: Мемелекеттік бюджеттің нарық жағдайыеда атқаратын рөлі
3.1. Мемелекеттік бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары.
3.2. Мемлекеттік қарыз және оны жабу мақсатында қолданылатын экономикалық әдістер.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттердің тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс раб Бюджет.doc

— 330.00 Кб (Скачать документ)

Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сай келеді.

Бюджет профицитін пайдалану—қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюд-жет қаражатының бос қалдықтарын жүмсау. Оның көлемі қарыз-дар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы сомасы-нан асып түсуі ретівде белгіленеді.

Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет прфицитінің шамасына сай келеді.

Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмүнына, кірістері мен шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе оның шығыстарының абсолютті және относителді тез өсуі оған тән сипат болып отыр. Бүл инфляция-лық процестерден және егеменді мемлекеттің функцияларының кеңеюінен, Қазақстанның ішкі жөне сыртқы қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету қажеттігінен туып отыр.

Бюджеттің кірістері — бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міңдетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпай-тын жөне өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі капріталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.

 

 

 

Ш Тарау

Мемлекепік бюджетгің нарық жағдайында атқаратъш рөлі.

3.1. Мемлекеттік бюджет  тапшылығын қаржыландырудың жолдары.

 

Бюджеттік тапшылықтарды қаржыландырудың басты шарты -мемлекеттік несие. Мемлекеттік несие дегеніміз, мемлекет қарауға алушы немесе несие беруші болған жағдайлардағы барлық қаржы-экономикалық қарым-қатынастарды айтамыз. Егер бюджеттегі тапшылықты өтеу қажет болса, мемлекет қаражатты қарызға алады.

Қаржылай ресурстарды мемлекет тарапынан қарызға алудың негізгі түрі - мемлекеттік заемдарды шығару. Оларды орналастыру барысында мемлекет тұрғындардың, банктердің, сақтандыру және өндірістік компаниялардың бос қаражаттарын уақытша пайдаланады. Мемлекет өзіне қажетті ресурстарды шоғырландыру жолдары жөніндегі мәселе, қаражаттың айналымы мен жалпы экономиканың тыныс-тіршілігі ушін маңызы зор, жеке меншік секторда қазыналық міндеттемелер рұқсат етілген жағдайда, қаражат иелерінен мемлекетке уақытша пайдалануға беріледі. Ол үшін қазына мекемесі өздерінің құжаттарын ұлғаймалы пайызбен шығару керек. Пайызды қаражаттың иесі, үшін қызығушылық тудыратындай болғаны шарт. Мемлекеттік қарыз бойынша төленетін пайыздар бюджеттің шығындарына арналған басты баптардың бірі болып табылады. Демек, мемлекеттік қарызды жеке меншік секторына орналастырылуы, бюджеттегі шығындардың ұлғаюына әкеліп соғады.

Алайда, қазына мекемесіне өз міндеттемелерін тек қана жеке меншік еекторына орналастырмай, оларды орталық банкте де есепке алуға болады. Қазынаның міндеттемелерін есепке алып, банк тауардың көбеюінё байланысты емес қосымша төлемақы қаражатын шығарады. Бүл жағдайда мемлекеттік бюджетті қаржыландыру, қаражаттың айналымына тікелей ақпараттық ықпалын тигізеді.

Ақша қаражатының көбеюі, қоғамның негізгі байлығының үлғайғаюына себепкер болмайды. Бүл жағдайдағы «мемлекеттік қарыздың тиынға айналуы» көц елге танымал жағдайға үқсас, себебі артық мемлекеттік шығындарды қаржыландыруды ақша қаражатының түрақты айналуына жол бермейді.

Маңызды мәселелердің бірі: үкімет капиталды қарызға беру нарығына қарызға алушы болып шыққанда, бүл жағдайда ақша қаржы ресурстарының сүранысы мен үсынысынң жағдайына терең әсерін тигізді. Пайыздық ставкалар жоғары көтеріліп кетеді. Соның салдарынан капиталдық салымдардың жалпы шарттары күрт төмендеп қалады да, «инвесторлардың бір бөлігі қаражат нарығынан» шығып қалады. Сол себептен несиенің есебін қаржыландырылатын түтынушылардың шығындарының бір бөлігінің азаюы

да, әбден мүмкін. Мемлекеттік заемның, осы тұрғыдағы салдар, экономика теориясында шығарып жіберу эффектісі деп аталады. Мемлекеттік несиенің жетілуі барысында, мемлекеттік қарызды басқарудың күрделі құрамасы құрылды және бүл салада жүргізілетін маңызды іс-шараларға жаңа заемдардың көлемін анықтау, оларды шығару мерзімдері, қазыналы міндеттемелер бойынша пайыздардың мөлшері, оларды орналастыру әдістері жатады. Мемлекеттік заемдар әртүрлі мерзімдерге шығарылады және әр қилы мерзімге бөлінеді, сондай-ақ нышанына байланысты қысқа мерзімді, орта мерзімді және үзақ мерзімді заем деп аталады. Араларындағы айырмашылықтары шартты деп айтуға болады. Қысқа мерзімді заемдарға әдеттегідей мерзімі бір жылдан астам заемдар (кейбір жағдайларда мерзімі үш жылға дейінгі заемдар), ал орта мерзімдерге мерзімі 5 жылдан асатын заемдар жатады.

Қарыздың алуан түрлерін мерзімдеріне сай бөлу мәселесі, мемлекеттік қарызды басқару үшін маңызды мәселе. Инфляцияның күшеюі және қаражаттың айналымы, жалпы түрақсыздануы, қысқа мерзімді қарыздың үлес салмағының үлғаюына әкеліп соғады. Ақша қаражаттары инфляция барысында тез қүнсызданады, бүл жағдайда инвесторлар үкіметтің үзақ мерзімді міндеттемелеріне өз қаражатын салудан бой тасалайды. Несие алушы түлғалар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелерді алғылары келеді, себебі олардың инфляциялық процестерінің салдарынан қүнсызданып қалу қаупінің мөлшері аз. Мемлекеттік қарыздың үнемі көбейгені, үлттық табысты пайыздық төлемақы ретінде орналастыруының үлғаюына себепкер болады.

Бюджеттегі ірі тапшылық пен мемлекеттік міндеттемелер бойынша, пайызды төлемақылардың мөлшері күрт өскен жағдайларда, қазына мекемелері қарызды өтеу уақытын барынша созуға тырысады.

Сол мақсатпен мемлекеттік заемдарды конверсиялау тәжірибесі кең қолдынылады. Осы шараны іске асыру барысында мақсаты - мемлекеттің қысқа мерзімді міндетгемелерінің өтелуін мүмкіндігінше созып, мемлекеттің қысқа мерзімді міндеттемелерін орта және үзақ мерзімді міндеттемелерге айналдыру. Осыған орай, алуан түрлі әдістер қолданылуы мүмкін. Қазына мекемесі өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орта және үзақ мерзімді қүжаттарға айырбастай алады. Сонымен қатар, оған жаңадан шығарылған үзақ мерзімді заемның есебінен жоғарылау, пайыз арқылы өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін сатып алуға болады. Бүл түрғыдағы шаралар, үзақ мерзімді эффектке тап болады және үкіметтің жағдайын уақытша жеңілдетеді. Алайда, бүл шаралар бюджеттің қандай болса да, түрақталуына себепкер болмайды. Өйткені, пайыздық ставкалар күрт өсе береді де, соңында қарыздың жалпы сомасы көбейіп кетеді.

Тапшылықты инфляциялық әдіс арқылы қаржыландыру мүмкін бе? Қойылған сұраққа жауап беру үшін несие нарығында қаражатты Халықтық банктен қарызға алмай, коммерциялық банктер мен жергілікті түрғындардан алу керек. Яғни, мемлекет өз облигацияларын орналастырғанда (оларды, түрғындар мен коммерциялық банктерге сату арқылы), несие нарығында жеке меншік секторымен бәсекеге түседі. Енді жеке меншік инвесторлардың тарапынан несие алу мақсатындағы сүранысқа, мемлекеттің сүранысы да қосылады. Сондықтан, ақша қаражатының үнемі үсына берген жағдайда, пайыздық ставкалар азаяды. Сонымен бірге үзақ қолданатын тауарларды сатып алуға байланысты, түтынуға арналған шығындар да қысқарады. Себебі, түтынушы несиесі қымбаттап кетеді. Сонда несие нарығында, мемлекет жеке меншікті қарызға алушыларға орын бермейді. Тапшылықты осындай тәсіл арқылы қаржыландырғанда, мемлекеттік шығындар үлғая түседі. Бірақ та, белгілі бір санның мөлшеріндегі жеке меншік инвестициялар қысқаратын болады.

Шығарып тастау, тыс қалдыру эффектісінің маңызы мынандай: іскерлік белсенділікті жақсартуға бағытталған салықтық-бюджеттік экспансйя пайиэдақ ставканың өсуіне, әрі жеке меншікті шығындарды (я болмаса, біріктірілген сүраныстың басқа компоненттерді) мемлекеттік шығындар арқылы тыс шығарылуына әкеліп соғады.

Осы тыс шығаруы қаншалықты толық болады екен? Бүл сүраққа берілетін жауап, экономика толық емес немесе толық еңбек ету жағдайда болғанына байланысты. Өзіне тән ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) деңгейінен төмен әрекет етуші, экономикада тыс шығарушы эффект бола алмайды. Несие нарығынан үкіметтің салықтық-бюджеттік экспансия мақсатымен алынған қарыздар пайыздық ставканың өсуіне әкеліп соғады. Алайда, мультипликатор эффектісінің салдарынан, мемлекеттік шығындар кірістің үлғаюына да себепкер болады. Демек, жалпы теңесу Кейнсиан моделі бойынша, кіріс функциясы болып табылатын, жиналған қаражаттарда көбейеді. Осыған орай, бюджеттегі үлғаймалы дефицитте жеке меншікті инвестицияларды толық тыс шығармай-ақ қаржыландырылуы әбден мүмкін.

Келесі жағдай, еңбекпен толық қамтамасыз етілгенде болады. Экономикада ресурстарды толық қолданғаннан, мемлекеттік шығындардың үлғайғаны, тауарлар нарығындағы бәсекені күшейтіп, бағалардың өсуіне әкеліп соғады. Бағалардың үлғаюы айқын ақша қаражаты мөлшерінің (м/р) азаюына әкеліп соғады. Соның салдарынан ақшаға спекулятивті сүранысқа жол беретін активтердің көлемі төмендейді. Содан соң, облигациялардың бағалары төмендеп, пайыздық ставка өседі. Пайыздық ставкасы тәуелді жеке меншікті инвесторлық және түтынуға арналғак шығындарға орын берілмейді. Жаңа классикалық пікірді үстанушылар, әсіресе монетористер, дәл осы толық тыс шығаруды жақтайды. Кірістің өсуіне жағдай туғызуға арналған мемлекеттік шығындардың өсуі, олардың пікірінше пайыздық ставкаға тәуелді жеке меншік инвестициялардың қысқартылуымен толық өтелінеді.

Мемлекеттік бюджеттегі тапшылықты жою мақсатындағы ішкі қарызға алудың ұзақ мерзімді салдары өте күрделі болуы мүмкін. Ең бастысы: олардың да инфляциялық салдары, ақшаның тиынға айналу салдарындай болуы мүмкін. Біріншіден, жиынтық үсыныстың қысқаруы (мемлекеттік қүнды қүжаттар бойынша пайыздық ставкалары жоғары болғанына байланысты жеке меншік инвестицияларды айқын сектордан қаржылай секторға айыстыру), үнемі жоғарылайтын жиынтық сүраныс болған жағдайда, бағалардың жалпы деңгейіне қысым жасаудың өсуіне әкеліп соғады. Екіншіден, жаңа заемдардың өсірілуі, мемлекеттік бюджеттегі шығындардың басым болып, мемлекеттік облигациялар бойынша, пайыздарды өтеуге жүмсалуына әкеліп соғуы мүмкін. Ал шығындардың басқа баптары бойынша, атап айтқанда, әлеуметтік төлемақылары, денсаулық сақтау және ағарту салалары бойынша қаражаттың мөлшері азайды. Сонда мемлекет, әлеуметтік шиеленістерден қүтылу мақсатында, ақша басып шығаратын станокты қосуға мәжбүр болады. Үшіншіден, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздан қүтылуға қабілеті болмағаны, үлттық валютаның девальвациясына әкеліп соғуы әбден мүмкін. Тұтынушылар нарығының басым бөлігі тауарлардан тұратын болса, девальвация елдегі бағалардаң жалпы деңгейін өсіруі мүмкін.

Сөйтіп, салықтық-бюджеттік және несие-қаражат саясаты тығыз байланысты. Бюджеттік тапшылық және оны жою тәсілдері салықтық-бюджеттік, әрі монетарлы шараларды ойластырып, үйлестіруді қажет етеді.

Бюджеттік процесс — бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептемені жүргізу, мемлекеттік қар-жылық бақылау, сонымен бірге байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі бюджет заңнамасымен регламенттелінген қызмет. Бюджеттік процестің барлық стадияла-ры өзара байланысты жөне қоғамның экономикалық процестерін ғана емес, сонымен бірге саяси өмірінің тікелей бейнеленуі болып табылады. Қазақстан Республикасыңца бюджеттік процесс Бюд-жет кодексіне, "Қазақстан Республикасының жергілікгі мемлекеттік басқару туралы", жыл сайынғы "Республикалық бюджет туралы" заңға және Қазақстан Республикасының басқа зандарына сәйкес жүргізіледі. Бүл заңцар өр түрлі деңгейдің бюджеттерін қалыптас-тыру процесівде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейді, рес-публикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және бақылау тәртібін белгілейді.

Бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеу мен бюджетті нақтылау және атқару жөніңце үсыныстар жасауды қам-тамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының Президенті бюджеттік комиссияны қүрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның қүрамын анықтайды.

Бюджеттік комиссиялардың қүзырына мыналар кіреді: аддағы үш жылдық кезеңге орта мезгілді фискалдық саясат жөнінде үсыныстар талдап-жасау;

    • тиісті қаржы жылына арналған бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау женінде үсыныстар талдап-жасау;
    • алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарланып отырған қаржы жылында қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарла-маларды іріктеу, орта мерзімді фискалдық саясатты негізге ала отырып, оларды іске асыру механизмін айқывдау жөнінде үсы-ныстар талдап-жасау;
    • республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыста-рын үлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін нормативтік қүқықтық актілердің жобалары бойынша үсыныс-тар талдап-жасау;
    • тиісгі қаржы жылына арналған бюджеттерді нақтылау жөнінде үсыныстар талдап-жасау;
    • бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нөтижелерін қарау және олар бойынша үсыныстар талдап-жасау жөне езге де өкілеттіктер.

Үкіметіміз бүгінгі таңда, сыртқы заемдарды қолданады. Әрине, бүл бюджеттің тапшылығының мәселесін шещетін жай. Дегенмен, жыл сайын республикалық жиынтық сыртқы қарызы өсе береді. Сыртқы қарыздардың уақытында қайтарылмай, қарыздың өсе беруі, еліміздің қаржыны өндіруге қабілеті келмей қалуына әкеліп соғуы мүмкін. Халықаралық қаржылай үйымдарға қарызды өтеу тәртібіне нүқсан келтірілуі ссудаға берілетін капиталдардың дүниежүзілік нарығында облигациялық заем ретінде инвестицияларды тартуға арналған несие рейтингіне залал келтіруі мүмкін. "Шегінен тыс ақшаны қарызға ала беру, республиканың қаржыландыру көздерін іздеуге мүмкіндіктерін шектеу мүмкін.

Үкіметтің осы мәселені шешу мақсатында қолданған шарасы - 1996ж. бастап, 1997ж. сәуірде қабылданған - «Сырттан қарызға ақша алу және сыртқы қарызды басқару жөніндегі» - Заң, сыртқы үкімет тарапынан іске асырылатын орта мерзімді перспективадағы басқару стратегиясын белгілейтін болады. 20-бапта былай делінген: «Қазақстан Республикасының Үкіметі заңды жеке түлғалардан және шет мемлекеттерден республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша қарыз алуға қүқылы». Үкіметтің қаражатты қарыз алуы заем алу немесе мемлекеттің бағалы қағаздар шарттары (келісімдері) нысанында жүзеге асырылады. Заем шарттарын жасаудың және мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың тәртібі мен ережелері Қазақстан Республикасының Заң актілерімен белгіленеді. Осы бапқа сәйкес Қаржы Министрлігіне және тиісті жылға арналған Республикалық бюджетте көрсетілген мемлекеттік қарыздың жылдық лимиттерінен асуға мемлекеттік кепілдіктерді ұсынуға тиым салынған.

Информация о работе Мемелекеттік бюджеттің нарық жағдайыеда атқаратын рөлі