Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 15:54, курсовая работа
Өндірістік құлдыраудан өтуге қаржылық лизинг жағдай жасайды. Лизингтің көмегімен Қазақстан экономикасының анағұрлым мұқтаж болатын бөлімдеріне қажет инвестициялар бағытталуы мүмкін.
Сонымен лизангтің дамуы өндіріске, ауыл шаруашылығына және коммуникацияларға инвнстицияларды үлкен көлемде тарту сияқты Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамуының қазіргі кездегі жағдайларының мәселелерінен туындайды. Снымен қатар лизинг орта және кіші кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік жасайтын құралдардың бірі ретінде қарастырылады. Ол өндіріс саласындағы кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін арттыруға негңзделген. Сонымен қатар лизинг өндірістердің қазіргі заманға сай техникалық қайта әзірленуін , ауыл шаруашылығында нарықтық қарым қатынастардың бекітілуін қамтамасыз етеді және фермерліктің дамуына жаңа импульс қалыптастырады деп есептелген.
Кіріспе................................................................................................................3
1Лизингтің экономикадағы мәні мен маңызы .....................8
1.1 Лизингтің пайда болу тарихы мен мазмұны............................................. 8
1.2 Лизингтің түрлері мен типтерінің сыныпталуы....................................... 20
1.3 Лизингтік қарым - қатынастардың негізі ..................................................28
2 Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңда лизингтік
операцияларды талдау ........................................................................31
2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтің
қалыптасуы ................................................................................................................31
2.2 Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің қазіргі таңда даму динамикасын талдау .................................................................................................37
2.3 Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуын
талдау..........................................................................................................................45
3 Лизингті басқару және оның Қазақстан Республикасындағы даму болашағы ................................................60
Қорытынды ……………………………………………………………...…63
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................
Лизинг инвестициялық қызметтің бір түрі болғандықтан, «Инвестициялар туралы» заң мен Салық кодексінің 138 – 140- баптарына сәйкес лизинг алушының корпоративті салығы және мүлікке салық бойынша инвестициялық салықтық преференциялар алу мүмкіндігі сақталады. Осылайша, республикада 2004 жылдың қаңтарынан лизинг бойынша заңдылық нақты әрекет ете бастады. Қазіргі кезде лизингтің негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесі 0,68 пайыз ғана болғандықтан, бұл заңдылықтың өзі Қазақстанға жаңа мүмкіндіктер ашады. Ресейде бұл көрсеткіш 4-5 пайыздан жоғары. Егер республикада лизинг жалпы инвестициялар көлемінде 4 пайыз деңгейіне жетсе , лизингтік нарық көлемі 320 млн АҚШ долларын құрайды. Егер Еуропалық даму және қайта құру банкі болжамдарына жүгінсек, бұл көрсеткіш 10 пайыз құраса, лизинг саланы 1,4 млрд. АҚШ доллары көлемімен дамытады. Елдегі лизинг дамуы үшін жағымды заңды базаны құру барлық өндіріс сектор дамуына серпін болады , ал қосымша жұмыс орындарын ашу мен бюджетке салықтың түсімдерінің жоғарылауы Қазақстан экономикасының шикізаттық экспортқа тәуелділігін төмендетуге жағдай жасайды.
Лизинг түрлерінің жіктелуі
қазіргі уақытта өте кең
Қазақстанның заңдық актілеріне сәйкес лизингтің ішкі және халықаралық деген негізгі екі түрі қарастырылуда.
Ішкі лизингті жүзеге асырғанда лизинг беруші және алушы, сатушы Қазақстан Республикасының резиденттері болуы керек. Ішкі лизинг ҚР заңымен реттеледі.
Халықаралық лизингті жүзеге асырғанда лизинг беруші немесе алушы ҚР- ның бирезиденті болуы мүм кін. Егер, лизинг беруші ҚР резиденті болса, онда лизинг заты ҚР резидентінің меншігі болып саналып, лизингтік келісім шарт ҚР заңнамасымен реттеледі. Ал керісінше жағдайда халықаралық келісім шарт сыртқы экономикалық қызмет аясында реттеледі.
Қазіргі уақытта дамыған
елдердің шаруашылық тәжірибесінде
лизингтің көптеген түрлері қолданылады.
Олардың әрқайсысы өзіндік
Аталған келісімдердің барлығы
лизингтің негізгі екі
Оперативті лизинг– бұл ағымдағы жал келісімі, әдетте мұндай келісім мерзімі алынған мүліктің амортизация мерзімінен аз болып келеді. Сондықтан келісім бойынша белгіленген жалдық төлем мүліктің толық құнын өтей алмайды, нәтижесінде мүлікті бірнеше рет лизингке беруге тура келеді. Оперативті лизингтің негізгі ерекшелігі – лизинг алушының келісімді мерзімінен бұрын тоқтатуға мүмкіндігі бар. Сонымен бірге мұндай келісім мен алынған мүліктің ағымдағы жөндеу жұмыстарын және орнату, тағы да басқа қызмет түрін көрсетуі мүмкін. Сондықтан лизингтің бұл түрін кейде «қызметтік» деп атайды. Оперативті лизинг объектілері болып тез ескіретін құрал – жабдықтар (көшірме құралдары, әр түрлі оргтехникалар) кіреді. Жалпы оперативті лизинг талаптары лизинг алушыға тиімді, өйткені лизинг алушының келісімді мерзімінен бұрын тоқтату құқығы оған ескірген, тозған негізгі құралдарын жаңа технологиялық құралдармен ауыстыруға мүмкіндік береді.
Кемшіліктері : басқа лизинг
түрлеріне қарағанда
Қаржылық лизинг – ұзақ мерзімді келісім, мұнда жалдау төлемінің есебінен мүліктің амортизациялық төлемдері толық төленеді. Мұнда келісімді мерзімінен бұрын тоқтатуға болмайды, сондай – ақ мерзімдік төлемдер – сатып алу, жеткізу шығындарын және пайданы қамтиды. Лизингтің бұл түрінде орнату, жалдаушыға техникалық қызмет көрсету жалдаушыға жүктеледі. Бұл келісімнің мерзімі біткенде, мүлікті жеңілдік бойынша немесе қалдық сомасы бойынша сатып алу қарастырылған.
Оперативті лизингке қарағанда қаржылық лизинг мүлік иесінің тәуекелін төмендетеді. Мәміле бойынша банктің ұзақ мерзімді келісімінің талаптарына ұқсас, яғни алынған мүліктің толық құнын төлеу, мерзімдік төлемдер (негізгі және пайыздық жағы, яғни мүлік құны мен пайда), келісімді орындай алмай жатса, жалдаушыны «банкрот» деп жариялау құнының болуы және т. б . Қаржы лизинг объктісіне тұрғын үй, өндірістің ұзақ мерзімді құралдары жатады. Қаржы лизингі қайтарымды және іскерлік лизинг түрлерінің негізі болып табылады.
Қайтарымды лизинг – екі келісімді білдіретін жүйеден тұрады. Мұнда құрал – жабдық иесі өз мүлкін екінші жақ меншігіне сатады, сонымен бір мезгілде сатып алушыдан ұзақ мерзімді жалға алу келісімін жасайды. Мұндағы сатып алушыларретінде коммерциялық банктер, инвестициялық, сақтандыру, лизингтік компаниялар болады. Мұндай операциялардың нәтижесінде құрал- жабдықтың иесі ғана өзгереді, ал оны пайдаланушы бұрынғысынша өзгермейді. Инвестор шын мәнінде оның бұрынғы иесін несиелендіреді, нәтижесінде мүлікке меншік құқығын алады. Мұндай операциялар көбінесе кәсіпорын қаржылық жағдайын тұрақтандыру мақсатында іскерлік құлдырау жағдайында қолданылады.
Іскерлік лизинг – лизингтік келісімде үшінші жақтың (инвестордың) қатысуын қарастырады. Әдетте үшінші жақ банк, сақтандыру, инвестициялық компаниялар болады. Бұл жағдайда лизингтік компания құрал – жабдықтарды жалға алу туралы келісім шартқа алдын - ала қол қоя отырып, қарыздың бір бөлігін төлеуді өз меншігіне алады. Алынған қарызды қамтамассыз етуші болып, алынған мүлік жүреді және болашақта жалгерлік төлемдер, сәйкесінше бір бөлігі жалгермен тікелей инвестицияға төленіп отырады. Сөйтіп лизингтік фирма салық артықшылықтарын пайдаланады, яғни құрал – жабдықтардың амортизациялық міндеттемелерін өтеу процесінде туындайтын қарыздар. Лизингтің бұл формасының негізгі объектілері- жоғары бағалы активтер, пайдалы қазба кен орындары, өндіруші салалардың құрал – жабдықтары және т.б.
Тікелей лизинг – мұнда жалгер, лизингтік фирма мен сатып алу жөнінде келісімге отырады, кейіннен жалға беру шартымен. Мұндай жалгерлік келісім шарт көбінесе тікелей өндіруші фирмамен жасалады. Өз өнімдерін лизинг арқылы ұсынатын ірі өндірушілер, яғни: IBM, XEROX, GATX, сондай ақ авиациялық, кеме жасаушы және автокөлік жасаушы ірі компаниялар жатады.
Сублизинг – бұл лизингтің түрі алынған құрал – жабдықты лизинг алушы (сублизинг беруші) үшінші жаққа береді (сублизинг алушыға) кәсіпкерлік мақсатта уақытша пайдалануға, яғни сублизинг келісім шартымен, әр айда төлеу міндетімен. ҚР «Қаржылық лизингі» туралы заңына сәйкес, құрал – жабдықты сублизингке беру үшін жазбаша түрде лизинг берушінің келісімі болуы қажет.
Халықаралық сублизинг, халықаралық лизингтің бір түрі болып табылады. Ол да ҚР «Қаржылық лизингі туралы» заңымен реттеледі. Халықаралық сублизингтің айрықша ерекшелігі болып, лизинг затының ҚР шекарасынан ары – бері лизинг келісім шарты мерзімінде өтіп жүруі. Сублизингтің негізгі артықшылығы, ол жалға беруші жалгерлік төлемдерді талап ету құқығына ие. Әдетте келісім шартта ескертіледі, үшінші жақтың банкроттық жағдайында жалгерлік төлемдер негізгі жалға берушіге жүктеледі.
Мазмұны мен әдіс түрлеріне байланысты халықаралық лизинг операциялары келесі түрлерге бөлінеді.
Оперативті лизингтің түрлері:
Лизингтік операциялардың ұйымдастыру түрлері:
Информация о работе Лизингті басқару және оның Қазақстан Республикасындағы даму болашағы