Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 15:54, курсовая работа
Өндірістік құлдыраудан өтуге қаржылық лизинг жағдай жасайды. Лизингтің көмегімен Қазақстан экономикасының анағұрлым мұқтаж болатын бөлімдеріне қажет инвестициялар бағытталуы мүмкін.
Сонымен лизангтің дамуы өндіріске, ауыл шаруашылығына және коммуникацияларға инвнстицияларды үлкен көлемде тарту сияқты Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамуының қазіргі кездегі жағдайларының мәселелерінен туындайды. Снымен қатар лизинг орта және кіші кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік жасайтын құралдардың бірі ретінде қарастырылады. Ол өндіріс саласындағы кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін арттыруға негңзделген. Сонымен қатар лизинг өндірістердің қазіргі заманға сай техникалық қайта әзірленуін , ауыл шаруашылығында нарықтық қарым қатынастардың бекітілуін қамтамасыз етеді және фермерліктің дамуына жаңа импульс қалыптастырады деп есептелген.
Кіріспе................................................................................................................3
1Лизингтің экономикадағы мәні мен маңызы .....................8
1.1 Лизингтің пайда болу тарихы мен мазмұны............................................. 8
1.2 Лизингтің түрлері мен типтерінің сыныпталуы....................................... 20
1.3 Лизингтік қарым - қатынастардың негізі ..................................................28
2 Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңда лизингтік
операцияларды талдау ........................................................................31
2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтің
қалыптасуы ................................................................................................................31
2.2 Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің қазіргі таңда даму динамикасын талдау .................................................................................................37
2.3 Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуын
талдау..........................................................................................................................45
3 Лизингті басқару және оның Қазақстан Республикасындағы даму болашағы ................................................60
Қорытынды ……………………………………………………………...…63
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................
Мазмұны
Кіріспе.......................
1Лизингтің экономикадағы мәні мен маңызы .....................8
1.1 Лизингтің пайда болу тарихы
мен мазмұны.......................
1.2 Лизингтің түрлері мен типтерінің
сыныпталуы....................
1.3 Лизингтік қарым - қатынастардың
негізі .......................
2 Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңда лизингтік
операцияларды
талдау .......................
2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтің
қалыптасуы ..................
2.2 Қазақстан Республикасындағы
лизингтік бизнестің қазіргі
таңда даму динамикасын талдау
2.3 Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуын
талдау........................
3 Лизингті басқару және
оның Қазақстан
Қорытынды ……………………………………………………
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
КІРІСПЕ
Мемлекеттің қаржы жүйесінің
негізгі буыны Экономика
Айналым жіне өндіріс сферасының қайта өзгерілуі, шаруашылықтың экономикалық шарттардың терең өзгерісі біздің экономикамызға тән емес материалдық негіздерді қайта жаңарту тәсілдерді енгізу қажеттілігін туындатты.
Қазіргі кезде көптеген Қазақстандық корпорацияларда қаржылық жетіспеушілік тцындап отыр. Олар өздерінің өндірістік қуаттарын қайта жаңартуға, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуге мүмкіндіктері болмай, несиелер алуға мәжбүр. Несиелердің әртүрлі тәсілдері бар: ипотекалық, бағалы қағаздар кепілі бойынша несие, тауарлар партиялары кепілі бойынша несиелер, жылжымайтын мүлік кепілі бойынша несиелер. Бірақ өнеркісіпке өзінің негізгі құралдарын жаңарту қажеттілігі кезінде құрал-жабдықтарды лизингке алған тиімді. Бұл көбінесе, негізгі қорларды өндіріс үрдісі кезінде бірнеше рет қолдану, ұзақ мерзім кезеңі кезінде олардың сыртқы түрлерінің бастапқы қалпында сақталуы болып табылатын өзгеше ерекшелігіне байланысты болады. Өндіріс үрдісі мен сыртқы орта ықпалынан олар біртіндеп тозады және өзінің құндылығын шығарылатын өнімге біртіндеп тасымалдайды. Бірақ құрал-жабдықтардың озық өндірушілерінде негізгі құралдарды сатып алу кезінде бұл кезең ұзаққа созылады, және ол кәсіпкерге сапалы өнім шығаруға, сонымен қатар құрал-жабдықтардың құнын лизинг арқылы біртіндеп төлеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, негізгі құралдарды сатып алуға қарапайым несиеге қарағанда қаражаттарды үнемдеу лизингтің бір жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге дейін жететін, толық мерзімінде құрал- жабдықтардың құнының 10 пайызына дейін құрайды
Өндірістік құлдыраудан өтуге қаржылық лизинг жағдай жасайды. Лизингтің көмегімен Қазақстан экономикасының анағұрлым мұқтаж болатын бөлімдеріне қажет инвестициялар бағытталуы мүмкін.
Сонымен лизангтің дамуы
өндіріске, ауыл шаруашылығына және
коммуникацияларға
Лизингтің несиелендірудің басқа нысандарының алдындағы артықшылығы келесіде кқрінеді, лизинг қаржылық институттарға анағұрлым жоғары кепілдігі бар инвестициялық жобаларға артықшылық бере отырып, несиелендіру саясатын тиімді көрсетуге мүмкіндік береді. Негізі лизингке берілетін мүліктің өтімділіктің жоғарғы дәрежесі бар, және де лизинг берушінің меншігінде барлық толық қаржылық лизинг мерзімі бойы қалады.
Лизингтің Қазақстанда және ТМД-ның басқа елдерінде дамуы нарықтық шарттарға сай заң шығарушы базаның жок болғанынан тұрақталды. Қазіргі кездегі сарапшы мамандар ойы бойынша Қазақстан Республикасындағы экономикалық жағдай лизингке жол беріп тұр.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның әлемнің 50 бәсекелестік елдерінің қатарына кіруі Стратегиясы туралы ҚР Президентінің жолдауындағы негізгі міндеттердің бірі – Қазақстан экономикасын әрі қарай жаңарту және диверсификациялаудың тұрақты экономикалық өсудің негізгі ірге тасы ретінде көзделуі де жай емес. Бұл стратегия Қазақстан экономикасының тек шикізат бағытында дамуының жеткіліксіздігін, яғни шикізат емес сектордың дамуына көңіл бөлу қажеттігін айқындады.
Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытта дамып отырғандығын ескеріп, ҚР Үкіметі оның бағытын өзгерту жолында республикамыздың 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық стратегиясында еліміздің өндірістік секторындағы қызмет ететін негізгі құралдарды жаңарту міндетін белгілеген болатын.
Кеңес одағының тұсында қызмет етіп отырған кейбір құрал-жабдықтардың отандық өндіріс орындарында қолданылып келуі, бүгінгі қазақстандық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсеке қабілеттілігін арттыруға кері ықпал етіп отырғаны жасырын емес. Нақтырақ айтсақ бүгінгі отандық өндірістегі негізгі құралдардың 60-70 % ескі немесе тозған негізгі құралдар.
Өндірістік сектордағы құрал-жабдықтарды жаңартудың негізгі қаржыландыру түрі лизинг екендігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп берді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұлттық экономиканы көтерудің басымды шаралардың біріне инвестицияларды пайдалану жатады және бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде сонымен қатар көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналады деген болатын.
Осы жерде кәсіпорындарды орта және ұзақ мерзімді қаржыландырудың қазіргідей тиімді формасы лизинг бола алады. Лизинг қазіргі кезде қызмет жасайтын және жаңадан құрылатын лизинг алушылардың активтерін ұлғайтудың ең тиімді құралы болып саналады.
Әлемдік тәжірибеде бұл құрал шағын және орта бизнестің қолжетімді қаржыландыру көзіне айналған. Бастапқы кезде лизингтің дамуы үшін мемлекеттің қолдауы қажет екендігі белгілі. Мемлекет лизингтің дамуы үшін жасайтын қадамдарына салықтық жеңілдіктер және кеден бажынан босату сияқты шаралары бәсекеге қабілетті өндірісті дамытуға ықпал етері сөзсіз.
Лизингтің дамуы үшін қолайлы
макроэкономикалық және нормативтік
ахуалдың болуы қажет. Экономикалық
қатынастар тұрғысынан алғанда лизинг
бұл өндіріске капитал
Қазақстандағы лизингтік қызметтер нарығы 2000 жылдан бастап қана белсенді дами бастады. Бұл жерде лизингтік мәмілелердің басым бөлігі Қазақстандағы ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған агроазық-түлік бағдарламасы төңірегінде үкіметтің бастамасымен 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен құрылған лизингтік компанияларға тиесілі. Қазіргі кезде Қазақстанда қаржылық лизинг сияқты қаржы нарығының бір секторы қалыптасып дамып отыр десе болады.
Қазақстан мемлекеті бүгінгі күні лизингтің дамуына үлкен көңіл бөлуде. Ең бастысы лизингтік қатынастардың дамуына қажетті заңдылықтар базасы жетілдіріліп, салық салуға байланысты жеңілдіктер жасалды.
Коммерциялық банктерде бүгінгі күні өздерінің лизингтік компанияларын құру арқылы және лизингтік операцияларды жүзеге асыру арқылы мұндай үрдістің дамуына біршама өз үлестерін қосуда. Қазіргі кездегі Қазақстандағы жұмыс жасайтын 20-дан астам лизингтік компаниялардың 8-і отандық коммерциялық банктердің еншілес компаниялары болып саналады.
Лизинг бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында маңызы бар инвестициялық саясаттың құралы болып табылады. Лизингті дамытудың өзектілігі қазіргі кезде отандық кәсіпорындарды қаржыландырудың балама көзіне айналуымен сипатталады. Сондықтан да бұл қызмет түрі өзінің экономикалық табиғаты жағынан ұлттық экономикамыздың сауығуына және әрі қарай өркендеуіне үлкен үлес қосатын, ал екінші жағынан халықаралық деңгейде отандық өндірушілердің шетелдік серіктестермен жаңа байланыстар орнатуға, оны нығайтуға ықпал ететін қаржылық қызмет түріне жатады.
Лизинг – шетелден елімізге жоғарғы технологияларға ие құрал-жабдықтардың келуіне жол ашатын және кәсіпорынға қаржылық өтімділігін сақтай отырып, негізгі капиталға инвестиция жұмсаудың балама көзі.
Біздің ойымызша, отандық банктердің лизингтік компаниялары арқылы лизингті қаржыландырумен қатар банктер өздерінің де лизингтік операцияларын дамытуға көңіл аудару қажет.
Мұндай мәселелерді шешуде қазақстандық коммерциялық банктердің лизингтік қызметін дамыту және жетілдірудің маңыздылығы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан арта түседі.
Ендеше, коммерциялық банктердің лизингтік қызметін дамыту барысындағы жоғарыда аталған мәселелердің бүгінгі күнге дейін оң шешімін таппай отырғаны және олардың отандық ғылыми жұмыстарда терең де жете зерттелмей келуі, осы диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
Коммерциялық банктердің
лизингтік операцияларын дамыту
мәселелерін теориялық тұрғыдан
оқып-білу, оның Қазақстандағы лизингтік
қызмет көрсету нарығын дамытуға
байланысты талаптарына қаншалықты
жауап беретіндігі туралы өзекті
мәселелер, өз кезегінде диссертациялық
зерттеу жұмысының мақсаты
Диссертациялық зерттеу жұмысының мақсаты және басты міндеттері: Диссертациялық жұмыстың мақсаты – лизингтік қызмет көрсету нарығында нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамытудың қажеттігі мен маңыздылығын теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздей отырып, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік қызмет көрсету нарығындағы тәжірибелеріне талдау жасау, сондай-ақ коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамыту және жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.
Көзделген мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
Зерттеу пәні коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының аясында қалыптасатын экономикалық қатынастар.
Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік қызмет көрсету нарығындағы қызметі жатады.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамытудағы орын алатын мәселелері туралы және оның тиімді қызмет етуінің экономиканы модернизациялау мен диверсификациялаудағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.
Статистикалық және ақпараттар
базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің
ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық
және есептік деректері, нормативтік
құжаттары, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерінің
және ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің
жылдық есеп деректері, түрлі деңгейдегі
ғылыми-тәжірибелік
Коммерциялық банктердің
лизингтік операцияларының
Қазақстанның қазіргі
экономикалық дамуы банктердің лизингтік
операцияларының дамуының теориялық
және тәжірибелік аспектілері
Құқықтық негізіне ҚР Президентінің заңдары мен заң күші бар жарлықтары, ҚР Ұлттық банктің нормативтік құжаттары мен актілері және әр түрлі әдістемелік нұсқаулары жатады.
Коммерциялық банктердің лизингтік қызметін зерттеу белгілі экономистердің еңбектерінде әр жақты құбылысты байқатып отыр. Сондықтан да, банктердің лизингтік қызметінің түсініксіз мазмұны және оның қаржылық-несиелік аспектілері, сондай-ақ оның қызмет етуі барысындағы орын алатын өзекті мәселелері және оларды ғылыми тұрғыдан оқып білу, бұл диссертациялық жұмыстың тақырыбын анықтауға негіз болды.
Ғылыми жаңалығы:
Информация о работе Лизингті басқару және оның Қазақстан Республикасындағы даму болашағы