Лизингті басқару және оның Қазақстан Республикасындағы даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 15:54, курсовая работа

Краткое описание

Өндірістік құлдыраудан өтуге қаржылық лизинг жағдай жасайды. Лизингтің көмегімен Қазақстан экономикасының анағұрлым мұқтаж болатын бөлімдеріне қажет инвестициялар бағытталуы мүмкін.
Сонымен лизангтің дамуы өндіріске, ауыл шаруашылығына және коммуникацияларға инвнстицияларды үлкен көлемде тарту сияқты Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамуының қазіргі кездегі жағдайларының мәселелерінен туындайды. Снымен қатар лизинг орта және кіші кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік жасайтын құралдардың бірі ретінде қарастырылады. Ол өндіріс саласындағы кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін арттыруға негңзделген. Сонымен қатар лизинг өндірістердің қазіргі заманға сай техникалық қайта әзірленуін , ауыл шаруашылығында нарықтық қарым қатынастардың бекітілуін қамтамасыз етеді және фермерліктің дамуына жаңа импульс қалыптастырады деп есептелген.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
1Лизингтің экономикадағы мәні мен маңызы .....................8
1.1 Лизингтің пайда болу тарихы мен мазмұны............................................. 8
1.2 Лизингтің түрлері мен типтерінің сыныпталуы....................................... 20
1.3 Лизингтік қарым - қатынастардың негізі ..................................................28
2 Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңда лизингтік
операцияларды талдау ........................................................................31
2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтің
қалыптасуы ................................................................................................................31
2.2 Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің қазіргі таңда даму динамикасын талдау .................................................................................................37
2.3 Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуын
талдау..........................................................................................................................45
3 Лизингті басқару және оның Қазақстан Республикасындағы даму болашағы ................................................60
Қорытынды ……………………………………………………………...…63
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дисер работа.docx

— 279.63 Кб (Скачать документ)

Осы уақыттан шамамен 300-400 жыл  бұрын АҚШ-да мүлікті жалдау операциялары , техникалар мен құрылғылардың әртүрлі түрлерін жалдау операцияларын қаржыландыру белсенді түрде қолданылған. Мысалы, мүлікті жалдау туралы алғашқы келісім – шарт Солтүстік Америкада ХVIII ғасырдың басында тіркелген. Көптеген зерттеушілер лизингті ХХ ғасырдың 40 – жылдарының басында американдық кәсіпкерлер мұхит арқылы Еуропаға әкелінген американдық өнертабыс деп есептейді. Ал, кейбір ағылшын авторлары бұл пікірге қарама – қайшы пікірлер айтады: яғни олар лизинг алғаш Англияда пайда болған және содан кейін ХХ ғасырдың 2-ші жартысында кейбір өзгерістермен тағы да Еуропаға келген деген көзқарасты қолдайды. Шынында да, мүліктердің әртурлі түрлерін лизингке беру операциялары орта ғасырларда Еуропада кеңінен пайдаланылған. Лизинг туралы алғашқы Заңдардың бірі ретінде 1284 жылғы Уэльс Заңын айтуға болады. Сол уақытта лизингтік операциялардың нысаны ретінде негізінен фермерлік құрылғылар мен аттар болған. Бірақ, лизингке ұқсас операциялардың орта ғасырларда Англияда жүргізілгендігіне қарамастан, көптеген зерттеушілер қазіргі түсініктегі лизингтің отаны ретінде АҚШ – ын санайды. Менде осы пікірге толығымен қосыламын. Осы зерттеушілердің пікірі бойынша «лизинг» түсінігінің қазіргі мәні ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде, яғни, 1877 жылы Бэлл телефон компаниясы өзінің шығарған телефон аппараттарын сатпай , оларды уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдауымен байланысты пайдалануға енген. Осыған байланысты лизингтің көмегімен ХІХ ғасырдың соңынан бастап сату көлемін кеңейту және «ноу – хау» қорғау сұрақтары өз шешімін таба бастады. Сонымен, әлемдік лизингтік нарықтың дамуының 1- кезеңінде лизинг әлі де болса өзіндік сала ретінде бөлініп қарастырылмағанын атап өткен жөн. Лизинг тек айналыста артық тауарлар болған уақытта ғана тұтынушыларды тарту және кейбір маңызды міндеттерді шешу үшін пайдаланылған.

1950 жылдың басында АҚШ  - да лизингтік қатынастардың  нағыз төңкерісі басталды. Сондықтанда  осы кезеңді – американдық  кезең және әлемдік лизингтік  нарықтың дамуының ІІ-кезеңі деп атауға болады.

1950-жылдары АҚШ-та технологиялық  құрылғылар, машиналар, механизмдер, ұшақтар және т.б. өндіріс көлемдері көп көлемде жаппай лизингке беріле бастады. Осы жағдайда АҚШ-тың өкіметі өте жоғары деңгейде бағалады, яғни АҚШ-да лизингті ынталандыру бойынша мемлекеттік бағдарламалар жасалынып, олар өте тез қарқынмен іске асырыла бастады.

United States Leasing Corporation - бұл АҚШ  – ғы қызметінің негізгі түрі  лизингтік операциялар болып  табылатын ең бірінші лизингтік  компания болды. Бұл компания  Сан – Франциско қаласында  1952 жылы құрылған Компанияның  негізін құрушы Генри Шонфельд  болды. Ол ең алғашында осы  компанияны нақты бір келісімді  жүргізу үшін ғана құрған. Содан  кейін кәсіпкер лизингтік бизнестің  болашағы бар қызмет түрі екенін  түсініп, осы бизнесті дамыта  түсті. Әлемдегі ең біріңші  құрылған мамандандырылған осы  лизингтік компания лизингтік  бизнестің әлемдік деңгейде дамуына  күшті серпіліс берді, яғни  лизингтік келісімдермен айналысатын  жүздеген фирмалардың ашылуына  септігін тигізді. Осы кезеңде,  әлемдік лизингтік нарықтың дамуының  ІІ-кезеңінде лизингті қаржылық – делдалдық операциялардың мамандандырылған институты ретінде қалыптастыру жүзеге асты. 1950- жылдардың соңында АҚШ-да және т.б. елдерде де лизингтік операцияларды жүргізуді іске асыра бастаған лизингтік фирмалардың тұрақты құрылымы қызмет жасады.

Лизингтік қатынастардың  дамуының ІІІ – кезеңі АҚШ – ң көмегімен Батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінде мүлікті жалдау құрылымын қайта қаржыландыру процесімен сипатталады. Мүлікті жалдау қатынастарын қайта қаржыландыру сапалық жағынан басқа деңгейде жүзеге аса бастады, яғни, өнеркәсіптік және саудалық компаниялардың лизингтік операцияларын мамандандырылған лизингтік қызмет алмастырды. 1960-жылдары лизингтік операциялар АҚШ-тың шекарасын тез асып өтіп, бүкіл әлемге тарай бастады. Соған байланысты осы кезеңде «халықаралық лизинг» деген лизингтік бизнестің дамуы үшін өте маңызды түсінік пайда болды.

1960 жылы « United States Leasing International » ( қазір «ЮС Лизинг  Интэнэшнл Инкваер» деп аталады  ) компаниясының әсерімен Англияда  «Мекентайл лизинг деген бірінші  британдық лизингтік компания  құрылды». Осы компанияның капиталының 80 % «Мекентайл кредит» деген ағылшын компаниясының үлесінде болды. Осыдан кейін лизингтік компаниялар әлемнің т.б. елдерінде пайда бола бастады.

Сонымен, ХХ ғасырдың 60- жылдарындағы лизингтің танымалдылығы 100% қаржыландырудың  қамтамасыз етілуімен, лизинг мерзімін таңдау және лизингтік төлемдер сапасының  икемділігімен түсіндіріледі. Ең бастысы  көптеген клиенттер несие алу  үшін банк мекемелеріне қарағанда лизингтік  компаниялармен іскерлік қатынаста  болу тез және қолайлы екендігін  түсінді. Сонымен бірге, клиенттерге  берілген салықтық жеңілдіктер АҚШ-да лизингтік қатынастардың даму жетістігін дәлелдеді. Бірақ салықтық жеңілдіктерге  келісім – шарт тек АҚШ-тың  Қаржы Министрлігінің ішкі табыстар Басқармасының мүліктерді жалдау үшін белгіленген Ережелерге сәйкес келгенде ғана ие болады. Ондай ережелерге төмендегілер жатқызылды:

  • Лизинг мерзімінің ұзақтығы 30 жылдан төмен болу қажет;
  • Лизинг мүлікті сатып алу мүмкіндігін нарықтық бағадан төменгі деңгейде қарастырмау қажет;
  • Лизинг төлем графигін алғашқы жылдарда жоғары, содан кейін төмен сомада қарастырмау керек. Бұл талап лизингті салықтан жалтару құралы ретінде пайдалануды куәландырмау үшін негізілген;
  • Лизинг лизинг берушіге қалыпты нарықтық деңегйде пайда алуды қамтамасыз етуі қажет;
  • Мерзім соңында лизинг объектісінің қалдық құны оның алғашқы құнының 20% - нен аз болмауы керек;
  • Лизинг мерзімін ұзарту мүмкіндігі құрылғының нарықтық құнын ескеруі керек;

Осындай жеңілдіктерге байланысты 60-жылдары лизинг АҚШ-да өте жылдам қарқынмен дамыды.

1970-жылдар мен 1980 мамандандырылған  лизингтік компаниялар мен лизингтік ассоцияциялар пайда бола бастады.

Лизингтік қатынастардың  дамуының осы IV-кезеңінің тағы бір  сипаттық белгісі – лизингтік  қызметтің диверсификациялануы  болып табылады , яғни , лизингтік  операциялардың жаңа түрлері мен  формалары көптеп пайда бола бастады. ( мысалы, левередж-лизинг, вендер-лизинг, лизинг-бэк, бөлінетін лизинг және т.б. ).

Сонымен, әлемдік лизинктік  қатынастардың дамуының IV-кезеңінің  маңыздылығы – ол лизингтік байланыстардың интернациализациялануы болып табылады , яғни көптеген лизингтік фирмалар шет елдерде сол елдердің жергілікті фирмаларымен бірлесе отырып өздерінің  филиалдарын аша бастады. Олар бірлесе  отырып лизингтік қаржыландыру бойынша  әртүрлі келісімдерге қатысып отырды. Осы кезеңнің тағы бір ерекше сипаты – ұлттық лизингтік ассоцияциялардың , яғни 1971 жылы Ұлыбританияда «Эквипмент лизинг ассосиэйшэн», 1971 жылы Германияда «Неміс лизингтік одағы», 1972 жылы Жапонияда  «Джапан лизинг ассосиэйшэн» және «Халықаралық лизингтік клубтар» деп аталған  лизингтік ассоцияциялардың құрылуы  болып табылады. Сонымен бірге, осы  кезеңдегі маңызды оқиғалардың  бірі ретінде 1972 жылы мамыр айында «Евролиз»  лизингтік компаниялар ассоцияциясының  Еуропалық Федерациясының Кеңесінің  құрылуын атауға болады. Осы лизингтік  ассоцияция әлемдегі неғұрлым ірі ассоцияциялардың бірі болып табылады және еворпалық  лизингтік нарықтың 90% көбі осында жинақталған.

1980 жылдан бастап әлемдік  лизингтік нарықтың дамуының  жаңа кезеңі V-кезеңі басталды және ол бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Бұл кезең өзіне ғана тән ерекше белгілермен ерекшеленеді. Ең алдымен , лизингтік операциялар өте жақсы дамыған көптеген мемлекеттерде оның даму қарақынының бірден төмендеуі байқалды. Оның негізгі себептеріне мыналар жатады:

  • Лизингтік келісімдерге деген сұраныстардың көбеюі лизингтік фирмалардың қызметтерін диверсификациялауға әкеледі;
  • Лизинг тәжірибесінде неғұрлым ірі объектілердің көбеюі;
  • Жергілікті лизингтік компаниялар капиталының шетелдік филиалдарға аударылуы;
  • Лизингтік компаниялардың халықаралық қызметтерінің ұлғаюы.

Сонымен бірге, лизингтік  келісімдерге көптеген салықтық және амортизациялық жеңілдіктер беріп келген елдерде лизингтік операцияларға салық салуға байланысты жаңа заңды актілердің қабылдануы лизингтік қатынастардың даму қарқынын төмендетті.

Әлемдік инвестициялық процестегі лизингтік қатынастардың ролін  бағалай отырып , көптеген зерттеуішілер 2000 жылы лизингтің көмегімен әлемде 400 млрд. АҚШ долларынан көп сомада жаңа құрылғылар мен машиналарды  қаржыландыру келісімдері жасалынған және бұл сома тікелей шетелдік инвестиция көлеміне тең келетінін айтады.

Қазіргі уақытта экономикасы  дамыған елдердегі негізгі капиталға  жұмсалған инвестициядағы лизингтің  үлесі 25-30, болса ал, дамушы елдер  экономикасындағы оның үлесі 10-20 құрайды.

Лизинг ағылшын тілінен  аударғанда «жалға беру» деген мағынаға ие. Экономикалық категория ретінде  лизинг машиналарды , құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, өндірістік сипаттағы  құрылғылардың ұзақ мерзімге жалға  берілу негізіндегі қатынастарды білдіреді. Лизинг қажетті құрал-жабдықты көп  ақшалай қаражат шығындарынсыз-ақ белгілі бір мерзімге жалға алуға  мүмкіндік береді. Машиналарды, құрал-жабдықтарды, ЭЕМ-ді жалға алу өндіріс құралдарының моральдық тозуымен байланысты жоғалтуларды болдырмайды.

Лизингтік компания құрал-жабдықты сатып алып, жалға алушы фирмаға 5-8 жыл мерзімге жалға береді. Ал ол өз кезегінде мүлікті қолдана  отырып біртіндеп қарызын өтейді.

Лизингтік қызметтер стратегиялық маңызды салалардың тез дамуына  жағдай жасай отырып, экономиканың өндірістік секторын нығайтады. Сонымен  қатар, лизинг несиелендірудің баламалы формасы ретінде банктер мен  лизингтік компаниялар арасындағы бәсекені күшейтеді, несие процентінің  төмендеуіне әсер етеді, ал бұлардың өзі өндірістік салаға капитал ағымын ынталандырады.

Дәстүрлі жалға алумен салыстырғанда лизингтік операциялардың ерекшеліктері қандай? Біріншіден, мәміле нысанын лизинг беруші емес, өз есебінен құрал-жабдықты иеленетін  лизинг алушы таңдайды. Екіншіден, лизинг мерзімі құрал-жабдықтың физикалық  тозу мерзімінен 1-20 жыл аз және салықтық амортизация мерзіміне 3-7 жыл жақын. Үшіншіден, келісім-шарттың мерзімі  аяқталғаннан кейін клиент жеңілдетілген  ставкамен жал мерзімін ұзарта немесе қалдық құнымен сатып ала алады. Төртіншіден, әдетте лизинг беруші қаржылық мекеме-лизингтік компания болып  табылады.

Жалдық төлемдер ай сайын, әр тоқсан немесе жарты жыл сайын  жүзеге асырылады. Жал төлемінің  ставкасы әдеттегі коммерциялық қызметтер  жағдайындағы сатып алу бағасынан  жоғары және құрал-жабдықтың сипаты мен келісім-шарт мерзіміне байланысты белгіленеді.

Қазақстанда лизингтің дамуының өзектілігі сол, еліміз әзірше шикізат  ресурстарының әлемдік бағаларына тәуелді және бұл тәуелділік көмірсутекті шикізат экспортының көлемінің  ұлғаюына байланысты алдағы орта мерзімді болашақта сақталып әрі өсе түсуде. Ұзақ мерзімде ел экономикасын мұнай  бағасының тұрақсыздығынан қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай экспортынан  түскен табыстың ауқымды мөлшерінен көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асатын Ұлттық қор қалыптастырылды, сақталып әрі өсе түсуде. Ұзақ мерзімде ел экономикасын мұнай бағасының тұрақсыздығынан  қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай  экспортынан түскен табыстың ауқымды  мөлшерінен көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асатын Ұлттық қор қалыптастырылды. «Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуіміз қажет», - деп атап көрсетілген Президенттің Қазақстан халқына жолдауында.

Қазақстан экономикасын шикізат  ресурстарының бағалары тұрақсыздығынан  қорғаудың тағы да бір тетігі отандық  өндірістің дамуы болып табылады. Бұл жағдайда елдегі құрал-жабдықтардың 80 пайызы тозғанын, алдағы бірнеше жылда оларды алмастыру қажеттігін ескерген жөн. Осы мәселені шешудің бір жолы жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар сыртқы - экономикалық, несиелік және инвестициялық операциялар элементтерін біріктіретін лизинг болмақ.

Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін  таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды, яғни отандық  өндірісті дамытуға кірісе бастады. Ал отандық өндірісті, сол арқылы отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік кабілеттілігін дамытудың маңызды шарттарының  бірі өндіріске ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізу негізінде  оған қызмет көрсететін негізгі қорлардың  сапалық жағдайын жоғарылату болып  табылады. Себебі, нарықтық экономика  жағдайында жұмыс істейтін кәсіпорындардың  бәсекелестік қабілеттілігі және өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің  сапасы, көбінесе олардың пайдаланатын негізгі қорларының технологиясы қаншалықты деңгейде қазіргі заман талаптарына  сай екендігіне байланысты. Сондықтан  да, бүгінгі күнгі мемлекеттің  ұзақ мерзімді болашақтағы стратегиялық мақсаты ҚР-ның тиімді және тұрақты  экономикалық дамуын қамтамасыз етуге  қабілетті өндірістік аппаратты  құру болып табылады. Осы арада  Қазақстанның барлық негізгі корларының шамамен 50-70%-га дейінгі мөлшерінің ескіргенін және жақын уақыт аралығында айырбастауды талап ететінін ескере кеткен жөн. Пайдаланылуда жүрген негізгі  қорлардың өте көп бөлігінің  ескіруі және өнеркәсіптің өңдеу  салаларына жұмсалып отырылған инвестициялар  көлемінің өте төменгі деңгейі  отандық өнімдердің бәсекелестік қабілеттіліктерінің  төмендеуіне әкеліп соғады.

Нарықтық қытынас жағдайында банктер кез келген мемлекет экономикасының жағдайының негізгі индикаторы болып  табылады.    Қазіргі уақытындағы  кезеңінде банктік жүйе -  нарықтық  экономиканың өте маңызды құрылымы  болып табылады Банктердің дамуы  және тауарлық-ақшалық қатынастың дамуы  тарихи бір бірімен тығыз байланысты және  қосарлықта болды. Басқарудың барлық деңгейінде банктер халық  шаруалықтың қызмет етуімен күнделікті және тығыз байланысты.

Жалпы, лизингтік саланың  дамуы экономикалық дамуға бірнеше  бағыттар бойынша әсер етеді. Ол шағын  және орта кәсіпорындарға өз өндірісін  құру мен жетілдіруге мүмкіндік  бере отырып , шағын және орта бизнестің  әрі қарай дамуына көмектеседі. Лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың  қосымша формасы болып табылатындықтан  күрделі салымдар көлемін ұлғайтады , сол сияқты қосымша қаржы ресурстарын  тарта отырып , негізгі құралдардың  жаңартылуын тездетеді. Лизинг қаржылық қызметтер нарығында қосымша  бәсекелестік туғызады. Лизинг пайда  болысымен қаржыландыру құны төмендеп , қаржылық қызметтер нарығы кеңейеді. Ол кәсіпорындардың банкке қарыздарының жоғарылауына жол бермей , негізгі  құралдарды иемденуде банктік несиеге  балама болып табылады.

Информация о работе Лизингті басқару және оның Қазақстан Республикасындағы даму болашағы