Лизингті басқару және оның Қазақстан Республикасындағы даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 15:54, курсовая работа

Краткое описание

Өндірістік құлдыраудан өтуге қаржылық лизинг жағдай жасайды. Лизингтің көмегімен Қазақстан экономикасының анағұрлым мұқтаж болатын бөлімдеріне қажет инвестициялар бағытталуы мүмкін.
Сонымен лизангтің дамуы өндіріске, ауыл шаруашылығына және коммуникацияларға инвнстицияларды үлкен көлемде тарту сияқты Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамуының қазіргі кездегі жағдайларының мәселелерінен туындайды. Снымен қатар лизинг орта және кіші кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік жасайтын құралдардың бірі ретінде қарастырылады. Ол өндіріс саласындағы кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін арттыруға негңзделген. Сонымен қатар лизинг өндірістердің қазіргі заманға сай техникалық қайта әзірленуін , ауыл шаруашылығында нарықтық қарым қатынастардың бекітілуін қамтамасыз етеді және фермерліктің дамуына жаңа импульс қалыптастырады деп есептелген.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
1Лизингтің экономикадағы мәні мен маңызы .....................8
1.1 Лизингтің пайда болу тарихы мен мазмұны............................................. 8
1.2 Лизингтің түрлері мен типтерінің сыныпталуы....................................... 20
1.3 Лизингтік қарым - қатынастардың негізі ..................................................28
2 Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңда лизингтік
операцияларды талдау ........................................................................31
2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтің
қалыптасуы ................................................................................................................31
2.2 Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің қазіргі таңда даму динамикасын талдау .................................................................................................37
2.3 Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуын
талдау..........................................................................................................................45
3 Лизингті басқару және оның Қазақстан Республикасындағы даму болашағы ................................................60
Қорытынды ……………………………………………………………...…63
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дисер работа.docx

— 279.63 Кб (Скачать документ)

Қорғауға шығарылатын  негізгі тұжырымдар:

  • «лизинг» және «қаржылық лизинг» терминдерінің ұғымы авторлық көзқарас және оның экономикадағы атқаратын функциялары мен белгілері;
  • қаржылық лизингтің несиелік аспектілері  мен олардың өзара байланысы;
  • екінші деңгейдегі банктердің лизингтік компанияларының қызметінің қазіргі жағдайы мен даму үрдісі;
  • Қазақстандағы лизингтік операциялардың дамуына әсер етуші факторлар;
  • банктік лизингтік бизнестегі тәуекелдерді  басқарудың қазіргі блок-сұлбасы.

Жұмыстың тәжірибелік  маңызы. Диссертацияда жасалған қорытындылар мен ұсыныстар екінші деңгейдегі банктердің лизингтік компанияларының несиелік қызметтерінде болашақта пайдалануы мүмкін.

Жұмыстың жалпы бағыттары  мен зерттеу логикасы диссертациялық зерттеудің ішкі біртұтастығы мен құрылымын  анықтайды.

Зерттеу жұмысының ғылыми негізделген тұжырымдары мен  ұсыныстары  «БТА ORIX Лизинг» АҚ және «Темірлизинг» АҚ лизингтік компанияларының  қызметтеріне енгізілді. Диссертациялық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

 

1 ЛИЗИНГТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

 

    1. Лизингтің пайда болу тарихы мен мазмұны

 

Лизингтің идеясы жас емес. Берілген деректер бойынша адамзатқа  лизингтің ертеден болуы белгілі. Көптеген тарихшылар мен экономистердің пікірінше, лизинтік келісім-шарттар  б.э.д. Шумер мемлекетінде де жасалды. Аристотельдің (б.э.д. 384 / 383 - 322 ж.ж.) "Богатство состоит в пользовании, а не в праве собственности” атты еңбегінде лизинг идеясы туралы пікірлер жазылған. Басқа сөзбен айтқанда, пайда алу мақсатында мүліктің иесі болуы міндетті емес, осы мүлікті пайдалану құқығы болу керек, соның нәтижесінде пайда алу мүмкін болады дейді. Лизинг ертеде тек белгілі бір меншік түрлерін жалға алумен шектелген жоқ. Тарихи мәліметтер бойынша, ауылшаруашылық техниканың түрлері және шеберлік құрылғылар, сонымен қатар әскери техника да жалға алынды.

Венецияда 11 ғасырда лизингтік  операцияларға ұқсас мәмілелер  жасалынды: венециандықтар сол уақытта  өте қымбат болған якорьларды саудагерлер  мен сауда қайықтарын жалға берді. Жүзі аяқталғаннан соң якорьлар өз иелеріне қайтарылған және қайтадан жалға берілді.     Ұлыбританияда лизингтік қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін алғашқы нормативтік акт болған 1284 жылы Уэльс заңы болды (Statute of Wales). 

1572 жылы Ұлыбританияда  тек қана нақты лизингті қолдануға  рұқсат беретін заң актісі  шығарылды. Осы заңның мәні: осы  уақытта келісім-шарт жасасқан  жақтардың мүліктің нақты иесі  кім екені жасырылды, ол несие  берушілерді адастыру мақсатында  жүргізілді, сондықтан оны реттеу  үшін қолданылды.  

1930 жылдары Генри Форд  өз автокөліктерін өткізу мақсатында  жалға беруді кеңінен қолданды. Бірақ автокөліктік лизингтік  бизнестің бастамашысы ретінде  Золли Фрэнкті есептейді. Ол 1940 жылдары алғаш рет автокөліктерді  ұзақ мерзімді жалға беруді  ұсынушы сауда агенті болды. 

Жалға беру қатынастарында болатын құбылысты Америкада  1950 жылы революция деп атауға болады. Осы уақытта өндірістің көптеген құралдары жалға берілді: технологиялық құрылғылар, машиналар мен механизмдер, кемелер, ұшақтар, т.б.. АҚШ Үкіметі осы құбылысты бағалап, оны ынталандыратын мемлекеттік бағдарламаны жедел түрде әзірледі және жүзеге асырды. Экономикалық лексикалық терминологияға жаңа "лизинг” терминінің енгізілуін (ағыл. lease – жалға беру) "Белл” телефон компаниясының операцияларымен  байланыстырады. Осы компанияның басқармасы 1877 жылы өз телефон аппараттарын сатпайтыны туралы, оны жалға беру туралы шешім қабылдады.

Сан-Францискода белгілі  болған "United States Leasing Corporation” американ компаниясы 1952 жылы лизингтік операциялар  іскерліктің негізгі болған алғашқы  акционерлік қоғам болып саналады. Сонымен, АҚШ жаңа бизнестің отаны  болды. 60 жылдардың ортасында лизингтік  операциялар 1 млрд.$, ал 80 жылдары олар110 млрд.$-дан асып түсті. Осындай жоғары қарқынды темптің болу себебі лизингтік  мәміле бойынша серіктестктер ала  алатын артықшылықтарға байланысты болды. Лизингтік операциялар өте  тез АҚШ шекарасынан өтіп, халықаралық  лизингке айналды.

АҚШ-та лизинг экономикалық бизнестің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Өз қызметтерінің  кең спектрін ұсынған жаңа лизингтік  компания- лар санының өсуі, және лизингтік келісім-шарттарының үлкен  модифи- кациясы экономиканың әртүрлі  сфераларында кәсіпкерлердің инвестициялық  қаражаттарын алудың әртүрлі нұсқаларын анықтады. Кейіннен лизингтік компаниялар "қаржы-лизингтік қоғамдар” деген  атқа ие болды.

Батыс Еуропада алғашқы алғашқы  қаржы-лизингтік қоғамдар 50-60 ж.ж. пайда  болды. Бірақ та лизингтік операциялардың дамуына көптеген факторлар әсер етті, т.қ. салықтық заңнамада лизингтік  келісім-шарттардың заңды түрде  қабылдауы көптеген қиыншылықтардан  шығуға мүмкіндік берді.

Мысалы, алғашқы француз  лизингтік компания "Локафранс” 1982 жылы құрылды. Ал төрт жылдан кейін лизингтік компаниялардың жалпы саны 30 тең болды. 1987 жылы елде жылжыйтын мүлікпен айналысатын 56 лизингтік компания жұмыс істеді, олардың жылдық келісім-шарттар саны 57 тең  болды.  Ал жылжымайтын мүлікпен айналысатын компаниялар саны 94-ке тең болды. Франция мемлекетінің ірі компаниялары "Локафранс”, "Слибай”, "Локабай”, "Софимобай”, "Слиминико”, т.б..

Италияда алғашқы лизингтік  компания 1963 жылы құрылды, бірақ та лизингтік бизнестің кең өріс кезеңі 70-80 ж.ж. болды. Олардың ішінен 50 ең ірі компаниялар "Ассима”  ұлттық ассоциациясының мүшелері болып  табылады. осы уақытта он ірі лизингтік  компаниялардыңлизингтік операциялар  санының жалпы үлесі 80%-ға тең  болды.

60 жылдары лизингтік бизнес Азия континентінде дами бастады. Қазіргі уақытта лизингтік қызметтерің негізгі бөлігі "АҚШ – Батыс Еуропа - Жапония” мемлекеттерінде шоғырланды. Батыс Еуропада лизинг берушілер ретінде, көбінесе, арнайы лизингтік компаниялар бола алады. Осы лизингтік компанияларды 75-80%-ға жуық банктер немесе оларды еншілес қоғамдар бақылайды.  Жапония үшін сипатты белгі ретінде лизингтік операциялардың қаржыландырудан "қызметтер пакетіне” дейін ұлғайтты.

КСРО-да лизингтік бизнестің дамуы 1989 жылы басталды. Лизингті қолданудың бастапқы ережелерінің белгілі құбылысы ретінде жалға беру туралы 23 қарашаның 1989 жылы № 810-1 КСРО заңнаманың және 16 ақпанның 1990 жылы қабылданған, лизингті бухгалтерлік есепте көрініс табу тәртібі көрсетілген № 270 "бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары” КСРО Мемлекеттік Банктің хаты негізі болды.

1991 жылдың маусым айында  халықаралық кеңес-неміс лизингтік  компания "Евролизинг”құрылып, ал  желтоқсан айынан бастап өз  қызметін жүзеге асырды. Оның  құрылтайшылары болып, кеңес жағынан  КСРО-ның Сыртқы экономикалық  банк, КеңесМорфлот және КСРО-ның  Госснаб болды, ал француз жағынан  – Еуропаның бір ірі лизингтік  компаниясы " Насиональ де Пари  Банкісі”, ал неміс жағынан –  Батыс Германияның ірі лизингтік  компания - "Митфинанц ГмбХ” болды.       

Әлемдік тәжірибеде "лизинг”  термині ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды жалға беру негізінде, әртүрлі  мәмілелерді белгілеу үшін қолданылады.   

Аренда келісім-шарты  жасалу мерзіміне байланысты арендалық  операциялардың үш түрі бар:

- Қысқа мерзімді аренда (рентинг) – бір күннен бір  жылға дейін;

- Орта мерзімді аренда (хайринг) – бір жылдан үш  жылға дейін;

- Ұзақ мерзімді аренда (лизинг) – үш жылдан жиырма  жылға дейін.  

Әрбір күрделі экономикалық ұғымдар секілді лизингте де бірнеше  анықтамалар бар. Ең біріншіден, лизинг - бұл ағылшын сөзі to lease – уақытша жалға беру немесе жалға алу деген мағынаны білдіреді.

1.  Лизинг – бұл жалға берушінің уақытша бос немесе тартылған қаржы қаражаттарын инвестициялау. Бұл кезде жалға беруші белгілі бір сатушыдан өз меншігіне келісім-шартта көрсетілген мүлікті сатып алуға міндетті болады және осы мүлікті жалданушыға уақытша пайдалануға, ақылы негізде, беруге міндетті болады және оны кейін сатып алу құқығының бар болуын көрсетеді.  

2. Лизинг дегеніміз аренда келісім-шарты. Ол жалға беруші өз иелігіндегі жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, оргтехниканы, транспорттық құраларды, өндірістік, сауда және қойма мәні бар құрылғыларды жалданушыға белгілі бір мерзімге, өзіне проценттік ставканы қосатын, жалданушының ақша нарығындағы тартылған қаражаттардың құнын жабатын, банктің пайдасын есепке алатын және мүліктің амортизациясын ескеретін, анықталған арендалық төлем негізінде беруді білдіреді.

Сонымен қатар, лизингті үшінші тұлға үшін мүлікті сатып алатын және оған ұзақ мерзім периодына беретін, мамандырылған (лизингтік) компанияның  делдалдық қызметі арқылы негізгі  қорларға салымдарды қаржыландырудың  арнайы нысаны ретінде де қарастыруға  болады. Яғни, лизингтік компания нақты  түрде жалданушыны несиелендіреді. Сондықтан лизингті кейде "несие - аренда” деп атайды.

Сатып алу-сату келісім-шартында тауарға иелік ету құқығы сатушыдан  сатып алушыға өтеді, ал лизингте аренда келісім шартын жасасқан кезінде, мүлікке ие болу құқығы жалға берушіде қалады. Лизингтік келісім шартының мерзімі аяқтаған соң, жалданушы  лизингтік жабдықты келісілген бағада сатып алу, келісім шарт мерзімін ұзарту немесе жалға берушіге жабдықты қайтару мүмкіндігі болады. Лизингтік қаржыландырудың несиеден айырмашылығы:

Қазақстан Республикасында  лизингтік операцияларды реттеу 2000 жылдың шілде айында қабылданған "Қаржы заңынан” кейін ғана қолға  алынған болатын. Бүгінде бұндай қаржылық қызмет көрсету түрі өзге елдердегідей қарқынды даму үстінде. Еліміз дамушы мемлекет болғандықтан, көптеген өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы  техникалық жағынан жаңартуды, жаңа технологиялармен жабдықталуды қажет  етеді. Алайда, барлық өндіріс көздерінің мұндай игі шараларға қорларындағы қаржылары жете бермейді және де барлығының да банктерге кепілдік қойып, несие  алуға мүмкіндіктері жоқ. Осындай  сәттерді ескере отырып, лизингтік  компаниялар ашылып, жұмысы да сол  бағыт бойынша жүргізіледі.

Қаржылық лизингте лизинг алушыдан ешқандай мүлікті кепілдікке қою талап етілмейді, тек қана алынған соманың жарты ақшасын  құйса болды. Яғни, аздаған соманы кұю арқылы алушы өзінің қажеттіліктерін  игере алады  және лизингтік қаржы операциялары кезінде екінші рет қосымша қаржы алу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, лизинг алушыларға мемлекет тарапынан да бірқатар жеңілдіктер жасалған. Мәселен, лизинг алушылар кейбір салық төлемдерінен босатылған. Лизингтік операцияларда несиеге қарағанда пайыздық көрсеткіштері жоғары. Оны лизингтік компаниялардың керекті қаржыны банктерден қарызға алатындығымен түсіндіруге болады.

Лизингтік операциялар ежелден  белгілі. Тарих көрсеткендей, олардың  дамуы б.д.д. 2 мың жыл бұрын  Вавилонда бастау алған. Біздің заманымызда  лизинг ХХ ғасырдың 60-жылдары АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Швейцария және т.б. дамыған  индустриалды елдерде пайда болып , кейін Шығыс Еуропаның көптеген елдерінде өз дамуын жалғастырды.

Басында АҚШ-та лизингтің  кең тараған объектісі қоршаған ортаны қорғауға арналған мамандандырылған құрал-жабдық болды. Лизингтік қатынастардың ерекшелігі құрал-жабдықты жалға алу және мерзімі ұзартылып сатып арасында нақты шектеудің жоқтығы , оны пайдаланудағы төмен проценттік төлемдер, сонымен қоса оны алдын ала белгіленген бағамен сатып алу мүмкіндігі болып табылады. Қазіргі уақытта АҚШ-та лизинг жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың техникалық қайта жарақтануының және құрылып жатқандардың жабдықталуының нақты құралдарының біріне айналды. Құрал-жабдыққа жұмсалатын қаражаттардың 20 пайызы лизинг есебінен өтеледі. ХХ ғасырдың 60-жылдары ұзақ мерзімді жалдың лизингтік мәмілелері әлемнің көптеген индустриалды дамыған, ең алдымен Батыс Еуропа елдерінде кеңінен дами бастады. Алғашында бұл елдерде өнеркәсіптік кәсіпорындардың лизинг көмегімен құрал-жабдықты сатып алудағы қаржыландыру үлесі АҚШ – пен салыстырғанда төмен болды. Бірақ қазірге кезде Ұлыбританияда өндірістік құрал-жабдықтарды жалға беру салынып жатқан және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қамтамасыз етудің негізгі формасы болып табылады. Өнеркәсіпте қолданылатын құрал-жабдықтың жалпы көлеміндегі жалға алынатын құрал-жабдықтың үлесі 60 %-ға жетті. Францияда соңғы жылдары лизингтің экспансиясы байқалуда. Батыс Еуропа елдеріндегі лизингтік операциялардың өсуі оның өндіріс пен өнімнің бәсеке қабілеттігін арттыру, салықтарды төлеудегі жеңілдік мүмкіндіктерімен байланысты. Сонымен қатар лизинг құрал-жабдықты жалға беруші фирмалар үшін де, жалға алушы фирмалар үшін де, әсіресе ол өндірістің техникалық дамуының жалғыз мүмкіндігі болып табылатын орташа және шағын кәсіпорындар үшін аса тиімді болып табылады. Лизинг уақыты қолданылатын құралдарының қызмет атқару мерзімінің 40-90 пайызын құрайды және иемдену сипатында болмайды. Жапонияда жыл сайынғы лизингтік операциялардың өсу көлемі 30 пайызды құрайды.

Бүгінгі күні әлемдік экономикалық қауымдастықта « лизинг » түсінігі өте кең түрде пайдаланылады.

Әлемдік лизингтік нарықтың дамуын лизингтік қатынастардың  сипатының сапалық өзгеруіне  және лизингтік келісімдердің санының  өсуіне байланысты шартты түрде 5 кезеңге бөліп қарастыруға болады. Енді осы кезеңдердің әрқайсысына толығырақ талдау жасап кетейін.

Лизингтік қатынастар эволюциясының  1- кезеңі үшін «лизинг» түсінігін мүлікті жалдау операцияларының барлық түрлеріне араластырып жатқызу тән болды. Осыған байланысты, әсіресе, ағылшын тілді елдер үшін «lease» термині феодалдық қауымдастық құрылыс кезеңінің соңында жерді жалдау, мүлікті жалдау туралы келісім шарт түрінде пайдаланылды. Содан кейін бірте-бірте лизингті кез келген мүліктерді, яғни, үйлерді, көліктік құралдар мен механизмдерді және т.б. жалдау ретінде түсіне бастады. Американдық континентте «leasing» сөзі, негізінен өнеркәсіпте, көлік, байланыс қызметінде және әртүрлі қызмет көрсету салаларындағы мүліктерді жалдау операцияларын көрсету үшін қолданылады.

Информация о работе Лизингті басқару және оның Қазақстан Республикасындағы даму болашағы