Кәсіпорынның тиімді қызмет атқаруы негізіне бәсекелестерді зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2012 в 13:08, курсовая работа

Краткое описание

Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге душар болды. Әсіресе еліміздің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесіндегі терең әрі ауқымды өзгерістер көрініп, еркін бәсеке, бәсекеқабілеттілік, еркін сауда, жеке меншік сияқты ұғымдар ене бастады. Ал өз кезегінде ұйымдық-құқықтық формалардың яғни әр түрлі шаруашылық жүргізуші субьектілердің жұмыс жасауы, қызмет көрсетуі, өнім өндіруі-бәсеке және бәсекеқабілеттілік ұғымдарын одан әрі өрбіте түсті.

Содержание

Кіріспе 3
I Тарау. Бәсекенің экономикалық мазмұны мен сипаты.
1.1 Бәсекенің теориялық анықтамасы, бәсеке түрлері және оның экономикаға әсері 6
1.2 Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында тиімді стратегия құрудың қажеттілігі мен бәсекені анықтаушы факторлар 11
1.3 М. Портердің “Бәсекелестік артықшылықтар теориясы” 16
II Тарау. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік жағдайға тәжірибелік талдау.
2.1“Митал Стил” Акционерлік Қоғамының қысқаша тарихы 21
АҚ “Митал Стил” мен “Қазақмыс” корпорациясы арасындағы
бәсеклестік жағдайды зерттеу 24
III Тарау. Бәсекенің қажеттілігі және оны мемлекеттік қорғау мен дамыту шаралары.
3.1 Отандық кәсіпорындарда бәсекелестікті мемлекет тарапынан
қорғау 32
3.2 Шетел мемлекеттеріндегі кәсіпорындардың бәсекелестік
жағдайы 34
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

376 Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі.doc

— 193.50 Кб (Скачать документ)

М.Портердің  пайымдауы бойынша, жоғарғы тұрақсыз және сыртқы орта факторларының анықталмағандық  жағдайында ұзақ мерзімдік перспективада  кәсіпорынның әрі қарай гүлденіп, өркен жаюынның кепілдігін қамтамасыз ететін бәсекеқабілеттілік пен бәсекеқабілетті басқару жүйесі, сондай-ақ бәсекеқабілетті стратегия тиімді басқарудың мақсатты құралы ретінде әр түрлі функционалдық бағыттағы және әр түрлі бизнес аясында жұмыс істейтін, тауарлар өндіріп, қызмет көрсететін ұйымдар үшін әсіресе өзекті болып отыр.

Бәсекеқабілеттілік  ұғымы көпжақты болып, кәсіпорын  іс-әрекетінің тауар секілді құрамдас бөліктерін сондай-ақ оның негізгі  сипаттамалары болып табылатын сапа және өндіріс технологиясын қамтиды. Сонымен қатар ұлттық экономиканың және аймақтық бәсекеқабілетті ұғымдары қолданылады. Әр ұғымның құрылымы обьектінің бәсекеқабілеттілігі оның бәсекеқабілетті элементтерінен және мақсатқа жетуде олардың өзара ұйымдасуынан тұратынын негіздейді.

Портер  қазіргі  бәсекелестіктің дамуын анықтайтын 4 негізгі параметрді атап көрсетті:

 - факторлық шарттар;

- сұраныс шарттары;

- жақын орналасқан және қызмет көрсететін салалар.

Портер бірінші  параметрдің - саны жаңа шарттардың енгізілуі арқылы ұлғаятын факторлық шарттардың маңыздылығын мойындады. Неоклассикалық теория негізін қалаушылар пікірлерінен өзгешелігіол аталған факторлар ел үшін мұра ретінде қалдырылмайды, өндірістің кеңеюі процесінде пайда болады деп санады. Мысалы, Жапониядағы жер жетіспеушілік факторы шағын технологиялық процестерді қалыптастыру үшін негізгі ынталандырушы күшке айналды. Бұл кейін әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие болды. 

Екінші параметр - сұраныс шарттары – ішкі нарықтың қажеттіліктерін көрсетеді. Олар фирманың даму барысын айқындап, оның болашақтағы әлемдік нарықтың әлеуеттік дамуымен байланысын көрсетеді.

Үшінші параметр - жақын  орналасқан және қызмет көрсететін салалар-фирма  қызметіне тікелей әсер ететін тиімді өндірістік ортаны сипаттайды. Әшекейлік бұйымдар өндіретін италияндық фирмалардың гүлденуінің себебі: Италия асыл тастар мен металдарды өңдеу өндірісі бойынша әлемдік жетекші орынға ие болып отыр.

Ішкі нарықта бәсекелердің бар болуы өте маңызды. Портер өндірістің мемлекеттік көмекпен қорғалған бір ұлттық фирмаға жинақталуының барынша пайдалы екендігін жоққа шығарады. Осындай мемлекеттік фирмалардың көпшілігі тиімділік деңгейінің төмендігімен, табиғи шикізатттарды ысырапты пайдалануымен, өнімділігінің мардымсыздығымен ерекшеленеді.

Портер бойынша, бәсекелестіктің  өлшам бірлігі белгілі бір  сала, яғни тауарды өндіретін немесе қызмет көрсететін және бір-бірімен  бәсекеге түсетін топ. Салалар аралығындағы шек қашанда жеткілікті екендігіне қарамастан, салада бәсекелестік артықшылықтардың көздері ұқсас болып келетін тауарлар өндіріле береді. Саладағы фирманың бәсекелілік стратегиясының таңдап алынуына мынадай екі негізгі жағдай әсер етеді:

  1. Фирма қызмет ететін саланың құрылымы, яғни бәсекелестіктің ерекшеліктері. Саладағы бәсекелестікке мынадай бес фактор әсер етеді:

- нарықта жаңа  бәсекелестердің пайда болуы;

  - алмастыратын тауарлардың немесе қызмет түрлерінің пайда болуы;

  - жабдықтаушылардың саудаласу қабілеті;

  - сатып алушылардың саудаласу қабілеті;

  - салада бұған дейін қалыптасқан бәсекелестердің өзара бақ сынасуы.

Бұл факторлар саланың  табыстылығын көрсетеді, өйткені олар фирмалар белгілеген бағаларға,олардың  шығындарына, капитал салымдарына  және тағы басқаларға әсерін тигізеді. Жаңа бәсекелестердің пайда болуымен бірге салада табыстылықтың жалпы әлеуеті төмендейді, өйткені бәсекелестер салаға жаңа өндірістік қуаттарды енгізіп, нарықтан өз үлестерін алуға тырысады, ал алмастырушы тауарлар мен қызметтердің пайда болуына байланысты фирма өз тауары үшін сұрайтын баға деңгейі шектеледі.

    Жабдықтаушылар мен сатып  алушылар саудаласа отырып өз  пайдаларын табатын болады, бұл  өз кезегінде фирма табысын  төмендетуі мүмкін.

Басқа фирмалармен  бәсекеге түсуге қабілеттіліктің құны-қосымша  шығындар немесе баға деңгейінің төмендеуі  болып табылады; ал оның нәтижесінде табыс қысқарады.

  Әр фактордың маңызы оның негізгі техникалық және экономикалық сипаттарымен анықталады. Мысалы, сатып алушылардың саудаласа білу қабілеті-фирмада қанша сатып алушы бар, әрбір сатып алушыға өнімнің қанша үлесі келеді, тауар бағасы сатып алушылардың жалпы шығындарының елеулі бөлігі болып табылады ма деген сұрақтардың жауабына байланысты; ал жаңа бәсекелестердің пайда болу қаупі-жаңа бәсекелестердің салаға ену қиындықтарына тәуелді болады.

2. Фирманың саладағы позициясы. 

Фирманың саладағы позициясы ең алдымен бәсекелестік артықшылықтарымен анықталады. Егер төменде келтірілген тұрақты  бәсекелестік артықшылықтары болса, онда фирма өз бәсекелестерінен озады:

-фирманың бәсекелестеріне  қарағанда, салыстырмалы тауар  өндіру, шығару және сату жөніндегі қабілетін куәландыратын неғұрлым төмен деңгейде жұмсалынған шығындар. Тауарды бәсекелестері белгілеген баға бойынша немесе сонымен шамалас бағаға сата отырып, фирма бұл жағдайда үлкен пайда түсіреді. Осылайша корей фирмалары аз шығын жұмсалатын болат пен жартылай өткізгіш аспаптарын шығару кезінде төмен еңбек ақы төленетін, бірақ өнімділігі жоғары деңгейдегі жұмыс күшін шетелден сатып алынған немесе лицензия бойынша дайындалатын құрал-жабдық пен қазіргі заманғы технологиямен қоса пайдаланады.

-тауарды дифференциялау, яғни фирманың тұтынушыларға  бәсекелестеріне қарағанда, не  жоғарырақ сапалы, не ерекше тұтынушылық  қасиеттері бар, не сатылудан  кейінгі қасиеттерінің ауқымы  кең тауарды ұсыну қабілеттілігі.  Мысалы, неміс станок жасаушылары бәсекелестерімен бірдей шығын жұмсау жағдайында да үлкен пайда алып, тауарларға жоғары баға қоюға мүмкіндік беретін өнімнің жоғары техникалық сипаттамаларына, сенімділігіне және жедел техникалық көрсетіліміне негізделген дифференциялау стратегиясын пайдаланады.

Бәсекелестік  артықшылық фирмаға бәсекелестерге қарағанда, жоғарырақ өнім береді.

Бәсекелестік  артықшылыққа фирма өзінің қызмет көрсету  түрлерін қалай ұйымдастырып, оны  қалай атқаруы арқылы қол жеткізеді. Осы қызметтің нәтижесінде тұтынушылар үшін белгілі бір құндылықтар пайда болады. Ақырғы құндылық тұтынушылардың фирма ұсынған тауарға немесе қызмет түрлеріне қанша ақы төлейтініне байланысты қалыптасады. Фирма үшін бұл төленетін сома барлық керекті қызметке жұмсалатын шығындардан жоғары болғаны тиімді. Бәсекелестік артықшылықтарға жету үшін фирма тұтынушыларға құны бәсекелестердегімен бірдей тауар ұсына отырып, бірақ оны аз шығынмен өндіру немесе құндылығы көбірек болуы себепті бағасы да жоғарырақ тауарды ұсынуы тиіс.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II Тарау. Кәсіпорындар  арасындағы бәсекелестік жағдайға  тәжірибелік талдау.

 

2.1 “Испат  – Кармет” Акционерлік Қоғамы  – бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың  бірі. 

Қазақстанның  ішкі жалпы өнімінің 10 пайызын бір  өзі өндіріп келген, көлемі жағынан бұрынғы Кеңестер Одағының екінші ірі металлургиялық кешені болып саналатын Қарметтің маңызы еліміздің экономикасы үшін ерекше еді. Алайда  нарықтық экономикаға көшудің алғашқы жылдарында-ақ айтарлықтай қиыншылықтарға тап болған алып кәсіпорын тоқсаныншы жылдардың ортасына таман мүлдем есеңгіреп,  етек-жеңін жия алмай қалды. Жоспарлы экономика кезіндегі мықты байланыстар үзіліп, экономика саласында бей-берекетсіздік белең алуына байланысты Қарағанды металлургия комбинаты өзінің басты тұтынушыларынан көз жазып қалды.

Осылардың салдарынан комбинат өзінің барлық айналымдық қаражаттарынан айырылып, нашарлап қалды. Кәсіпорында аса  күрделі жағдай қалыптасты, өнім өндіру 40 пайызға дейін құлдырап кетті. Үкімет басынан бағы тайған комбинатты тығырықтан шығарудың жолдарын жанталаса қарастырғанымен алғашқы қалдамдар қат-қабат сәтсіздіктерге ұшырай берді. Тек үлкен тәуекелмен жасалған үшінші рет ұмтылыс қана нағыз нәтижеге жеткендей болды. Жабық тендерде төрт бәсекелестің арасынан озып шыққан  “Испат Интернэшнл ЛТД” компаниясы комбинат тізгінін қолға алды. 1995 жылы 17 қарашада  Карметті жекешелендіру туралы келісімге қол қойылып тынды. Сөйтіп еліміз көлемінде ең ірі жекешелендіру жүзеге асты, яғни Қарағанды металлургия комбинатының 100 пайыздық акциясы, 64 гектар жер аумағымен қоса түгелдей шетелдік инвестордың қарамағына өтті. Бұрынғы Қармет ендігі жерде “Испат Кармет” ашық акционерлік қоғамы болып қайтадан дүниеге келді.

Лакшми Миттал иелік ететін ағылшындық “Испат Интернэшнл”  компаниясына жылына 12 миллион тоннаға дейін сұйық болат өндіре алатын қуаты бар әлемдегі ең ірі деген жеке компаниялардың алғашқы ондығына енетін фирма болып саналады. Бизнес саласы рудадан болатқа дейінгі барлық аралықты қамтитын бұл фирманың активтерінің құны 3,8 млрд. доллардан асса, айналымдағы қаржысы 3,2 миллиард доллардан асып жығылатын көрінеді. Ал жылдық таза пайдасы 272 миллион долларды құрайды.  Шетелдік компания комбинатты иелігіне алған сәттен бастап-ақ өздерінің қалталы  да қарымды инвестор екендіктерін көрсете білді. Қазақстан үкіметі мен арадағы келісім бойынша “Испат-Карметке” 900 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция құюға уәде берген олар алғашқы айдың өзінде ғана 70-80 миллион АҚШ доллары мөлшерінде инвестиция енгізіп үлгерді. Қаржының қайтарымы аса қысқа мерзім ішінде көрініс беріп, тіпті алғашқы апталарда-ақ өндірісте онды өзгерістер сезіле бастады. Мәселен, даяр өнімді жөнелту көлемі күрт көтеріліп, желтоқсанның  алғашқы 17 тәулігінде ғана арттырылған өнім мөлшері алдыңғы айлық көрсеткіштен асып түсті. Сатып алушылармен арадағы келісім-шарттарды реттеудің нәтижесінде комбинат өнімді бұрынғыдай қоймаға емес  тікелей тапсырыс берушілерге жөнелте бастады. Нақты цифрларға жүгінетін болсақ, кокс өндіру - 7140 мың тоннаға, шойын - 9300, болат - 13215, прокат - 18618 мың тоннаға артты. Испат тек осы мақсаттарға алғашқы бір аптаның ішінде 500 миллионнан астам теңгенің қаржысын жұмсады. Бір сөзбен айтқанда, комбинат қалыпты жұмыс ырғағына қайта оралды.   

Қарағандыға келгендеріне тура бес ай өткенде №2 жылу-электр орталығын, тағы екі айдан кейін “Қарағандышахтакөмір” акционерлік қоғамының 15 шахтасы мен 11 кәсіпорнының активтерін сатып алды. Аталмыш алып кешендердің бір қолға шоғырландырылып, үзіліссіз өндіріс циклының қамтамасыз етілуі мұндағы өндіріс қарқынының артуына, өнім сапасының жақсарып, өзіндік құнының төмендеуіне айтарлықтай ықпал етті. Осы тұста “Испат Интернэшнл” өз құзырына алған кәсіпорындарды дағдарыстан шығару жолында қолдан келетін барлық шараларды жүзеге асырып бақты. Ол 1996 жылдың тамызына дейін металлургия комбинатына 180 миллионға жуық доллардың инвестициясын енгізсе, сол жылдың соңына дейін №2 жылу-электр станциясына 6 миллион доллардың, көмір шахталарына 20 миллион доллардың инвестициямын салып үлгерді. Металлургтер мен энергетиктер, көміршілер мен қосалқы сала қызметкерлері жалақыларын уақытылы алып тұрады.

Шетел алпауыты басшылыққа келген осы жылдары қайтарымы  аз, “басы артық” цехтар жабылып, ықшамдала  бастады. Есесіне, осы заман талабына сай келетін жаңа технологиялар  енгізілді. Неміс технологиясы бойынша жаңа өңдеу жүйесі салынып, өндірістегі экологиялық ахуалдың жақсаруына игі ықпалын тигізді, №2 домна пеші қайта жарақталды, №1 қаңылтыр қақтау цехында күрделі жөндеу жүргізілді. 1998 жылдың тамыз айында жылына 320 мың тонна сапалы өнім шығара алатын ыстықтай қалайылау және мырыштау цехы пайдалануға берілді. Қорыта айтқанда 1995-2000 жылдар аралығында “Испат-Карметтегі” тауар өндіру өсімі 70 пайызды құрады. Егер 2002 жылы комбинат ТМД елдерінің тұтынушыларына өз өнімінің 78 пайызын жөнелтіп отырса, 2003 жылы 90 пайызы алыс шетелдерге жіберілетін болды. Оның өзінде металдың 20 пайызы өнеркәсібі дамыған Еуропа, Америка елдеріне өткізілді. Нарық географиясы кеңейіп, әлемнің 70 елін қамтыды.

Осылайша, комбинатта жылына бес миллион тоннаға жуық болат өндіруге орайластырылған, баланстандырылған металлургиялық кешен құрылды. Бүгінде мұнда әлеуметтік сала қызметкерлерін қоса есептегенде 35 мыңдай адам жұмыс істейді. Мұның 29 мыңдайы өндірісте. Металлургтердің орташа жалақылары 50-60 мың теңгені құрап отыр.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің инвестиция жөніндегі комитеті мен “Испат-Кармет”  акционерлік қоғамы арасында жасалынған соңғы келісім-шарт бойынша 2000-2004 жылдары  аралығында №3 домна пешін қайыра салу, болатты үзіліссіз құю машинасы мен жаңа мырыштау жүйелерін іске қосу, сондай-ақ басқару жүйесін жаңарту, негізгі құралдарды жетілдіру, өнімнің сапасын жақсартып, түрін молайту, өндірістік қуаттарды арттыру және тағы басқа мақсаттарға 640 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция жасау көзделіп отыр. 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2000 жылғы 3 шілде күні Қазақстанның тұңғыш шойыны алынуының 40 жылдығына  арналған салтанатқа қатысып, сырқы  инвестордың осынау жұмыстарына  әділ баға берді.

  

 

2.2 АҚ  “Испат – Кармет” және “Қазақмыс” корпорациялары арасындағы бәсекелестік жағдайды зерттеу.

Қарағанды облысының  тарихи қалыптасқан өнеркәсіптік мамандануы қара және түсті металлургия салаларындағы  әлемдік еңбек бөлінісінде барлық бәсекелестік артықшылықтарға ие. Өнеркәсіптің осы секторындағы шаруашылық жүргізуші негізгі субьектілер “Испат-Кармет” Акционерлік Қоғамы және “Қазақмыс корпорациясы” жауапкершілігі шектелген серіктестігі сияқты ірі компаниялар болып табылады. Екі алпауыттың арқасында Қарағанды облысы әлемдік нарықта қажет етіліп отырған болат прокаты, ақ қаңылтыр, катод мысы, мырыш сияқты белгілі бір өнім түрлерін шығаруға күшін шоғырландырып отыр.

Екі алыптың  тынысы бүкіл облыстың тіршілігіне  әсер ететіндігі заңды. Себебі,олардың  кәсіпорындарында облыс өнеркәсібіндегі қызметкерлердің 60 пайызы, яғни 98 мың адам еңбек етеді. Аймақтағы инвестициялар көлемінің жартысынан астамы да металлургия саласының үлесіне келеді. Өткен жылы ол 39,4 млрд. теңгені құрады. Тәуелсіздіктің елең-алаңында тынысы тарылған бұл өндірістер Елбасының сауатты жүргізіп отырған экономикалық саясаттың арқасында қалталы инвесторға ие болып, шаруасын дөңгелетіп алып кетті. Соған орай өнім көлемі жыл сайын артып келеді. Өнім түрлерін экспортқа шығару қарқын алыпкеледі. Соның ішінде түсті металл Ресей, Иранға, Қытайға, Германияға және Қырғыстан мен Өзбекстанға жіберіледі, қара металды әлемнің 60 елі тұтынады. “Испат-Карметтің” әлемдік қара металл нарығындағы үлес салмағы 6,5 пайызды құрап отыр, ал “Қазақмыс” болса катод мысы нарығында әлемде 7 орында тұр.

Информация о работе Кәсіпорынның тиімді қызмет атқаруы негізіне бәсекелестерді зерттеу