Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2012 в 13:08, курсовая работа
Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге душар болды. Әсіресе еліміздің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесіндегі терең әрі ауқымды өзгерістер көрініп, еркін бәсеке, бәсекеқабілеттілік, еркін сауда, жеке меншік сияқты ұғымдар ене бастады. Ал өз кезегінде ұйымдық-құқықтық формалардың яғни әр түрлі шаруашылық жүргізуші субьектілердің жұмыс жасауы, қызмет көрсетуі, өнім өндіруі-бәсеке және бәсекеқабілеттілік ұғымдарын одан әрі өрбіте түсті.
Кіріспе 3
I Тарау. Бәсекенің экономикалық мазмұны мен сипаты.
1.1 Бәсекенің теориялық анықтамасы, бәсеке түрлері және оның экономикаға әсері 6
1.2 Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында тиімді стратегия құрудың қажеттілігі мен бәсекені анықтаушы факторлар 11
1.3 М. Портердің “Бәсекелестік артықшылықтар теориясы” 16
II Тарау. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік жағдайға тәжірибелік талдау.
2.1“Митал Стил” Акционерлік Қоғамының қысқаша тарихы 21
АҚ “Митал Стил” мен “Қазақмыс” корпорациясы арасындағы
бәсеклестік жағдайды зерттеу 24
III Тарау. Бәсекенің қажеттілігі және оны мемлекеттік қорғау мен дамыту шаралары.
3.1 Отандық кәсіпорындарда бәсекелестікті мемлекет тарапынан
қорғау 32
3.2 Шетел мемлекеттеріндегі кәсіпорындардың бәсекелестік
жағдайы 34
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ
Кіріспе 3
I Тарау. Бәсекенің экономикалық мазмұны мен сипаты.
1.1 Бәсекенің
теориялық анықтамасы, бәсеке түрлері және оның экономикаға
әсері
1.2 Кәсіпорынның
бәсекеқабілеттілігін арттыру
1.3 М. Портердің “Бәсекелестік артықшылықтар теориясы” 16
II Тарау. Кәсіпорындар
арасындағы бәсекелестік
2.1“Митал Стил”
Акционерлік Қоғамының қысқаша
тарихы
21
бәсеклестік
жағдайды зерттеу
III Тарау. Бәсекенің қажеттілігі және оны мемлекеттік қорғау мен дамыту шаралары.
3.1 Отандық кәсіпорындарда
бәсекелестікті мемлекет
қорғау
3.2 Шетел мемлекеттеріндегі
кәсіпорындардың бәсекелестік
жағдайы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге душар болды. Әсіресе еліміздің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесіндегі терең әрі ауқымды өзгерістер көрініп, еркін бәсеке, бәсекеқабілеттілік, еркін сауда, жеке меншік сияқты ұғымдар ене бастады. Ал өз кезегінде ұйымдық-құқықтық формалардың яғни әр түрлі шаруашылық жүргізуші субьектілердің жұмыс жасауы, қызмет көрсетуі, өнім өндіруі-бәсеке және бәсекеқабілеттілік ұғымдарын одан әрі өрбіте түсті.
Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар үшін кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру ең негізгі мәселе болғандықтан көпшілік тарапынан осы бір мәселеге көп көңіл аударуда. Ол сату нарықтары, өткізу көлемдері, қосымша табысты табуды көздейтін өндірушілердің экономикалық стратегияларының басты ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес кәсіпорындар әрі шығарылатын өнімдердің бағаларын төмендету арқылы әрі нарықта бар өнімдерден сапалық көрсеткіштері жағынан ерекшеленетін өнімдерін өндіру арқылы бәсекелестерді ығыстыруға және нарықтағы жағдайларын нығайтуға ұмтылуы керек.
Осы арада кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігіне тоқтала кетейік. Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі - бұл экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық мүмкіндіктердің жиынтығы. Сонымен қатар кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі -бұл бәсекелестік күрес жағдайында өзінің алып отырған нарықтық үлесін сақтап қалуға немесе кеңейтуге жеткілікті әлеуеті. Жалпы бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс –қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субьектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары.
Бәсеке тауар өндірісі үшін де, нарықтық экономика үшін де бірінші заң. Неге олай? Біріншіден, әр өндіріске ынталандыру керек. Осы ынталандыру көзі - бәсеке болып табылады. Бұл бәсекенің бір жағы. Ал екінші жағы - бірлестік. Кейбір әріптестер қаржысын, шикізатын ортаға салып, жақсырақ, сапалы әдемі, халыққа өте қажет тауарды шығаруды ойлайды, сол мақсатпен бірлеседі, нарықта өз өнімдерімен бәсекелесе алмайтын өнімді өндіруге тырысады. Сонымен бәсекенің бір жағы күрес, жарыс болса, екінші жағы бірлесу.
Қатал бәсеке жағдайында кез келген кәсіпорынның тек ішкі жағдайында ғана емес, сонымен қатар оның айналасында болып жатқан өзгерістерге ілесуге мүмкіндік беретін бәсеке қабілетті басқару жүйесі мен стратегиясын құрастыру және оларды іс-жүзінде жүзеге асыруы, кәсіпорындар үшін ғана емес, тұтастай алғанда мемлекеттің де дамып, өркен жаюына өз септігін тигізеді. Сондықтан да таңдап алынған курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып кәсіпорындағы бәсекені зерттеу және бәсекеге қабілеттілікті анықтау болып табылады.
Тәуелсіздігін енді ғана алып, енді ғана ес жинап келе жатқан еліміздің бәсекеқабілеттілігі төмен деңгейде қалып отыр. Сол себептен де келешек ұрпақтың әлемнің озық елдерімен санасатындай бәсекеқабілеттілікті жасау бүгінгі ұрпақтың басты міндеті. Негізінен бәсекеқабілеттілік ұғымы көпжақты болып, кәсіпорын іс-әрекетінің тауар секілді құрамдас бөліктерін сондай-ақ оның негізгі сипаттамалары болып табылатын сапа және өндіріс технологиясын қамтиды. Бұл жөнінде курстық жұмыстың бірінші тарауында айтылатын болады. Жалпы түрде айтатын болсақ, курстық жұмыстың бірінші тарауы кәсіпкерлік қызметіңдегі бәсеке мазмұнын және мәнін, бәсекені дамытушы факторларын және бәсеке түрлерін қамтиды.
Бәсекеге қабілеттілік - жаңа өндіріс қуаттарын құру мен кеңейтуде қажет шешімдерді қабылдаудың маңызды сәті болып табылады. Сондықтан нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті үзіліссіз зерттеу керек. . Ұзақмерзімдік перспективада кезкелген кәсіпорынның бәсекелестік күресте жеңіп, топ жарып шыға алуына мүмкіндік беретін бәсекеқабілетті стратегияның маңызы зор. Сондықтан да екінші тарауда осы мәселені жан-жақты зерттеуге бар күш-жігерімді салдым.
Үшінші тарауда бәсекені мемлекеттік
реттеудің қажеттілігі және
бәсекенің сыртқы елдердегі даму
жағдайы қарастырылған.
I Тарау. Бәсекенің экономикалық мазмұны мен сипаты.
1.1 Бәсекенің теориялық анықтамасы, бәсеке түрлері және оның экономикаға әсері.
Нарықтық экономиканың ең басты принципі - тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік - бұл тауар өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.
Ерте кезде, яғни он тоғызыншы ғасырдың ортасынан бастап кәсіпкерлікте ешбір ережесіз, ретсіз бәсеке өркендей бастады. Бұл бәсеке өте қатаң және ешбір кешірімсіз әдістермен жүргізілді, яғни баға соғыстарынан бастап бәсекелес фирмалардың ғимаратын жағып жіберуге дейін барды. Бұл бәсекеде кәсіпкерлер тез байып кету мақсатын көздеп, ең жоғары пайда алу үшін неше түрлі әрекеттерге барды. Ол артық өндіруге, тауарбастылыққа, бағалардың күрт төмендеуіне және көптеген банкроттыққа алып келді. Бұл бәсеке тарихқа “қатаң бәсеке” атымен енді.
Бұл кезеңнен кейін бәсеке өркениетті түрге енді. Ол тек қана табысты мейлінше жоғарылатуға ғана емес, сонымен қатар бағаларды реттеу мақсатына, өнім және өндірісті ұйымдастыру жүйесінің сапасына бағытталды.
Негізінен
бәсеке түсінігі көпжақты және
әмбебапты анықтамамен
Бәсекенің экономикаға әсер ету ерекшеліктері бар, олар:
Бәсекенің осындай артықшылықтарымен қоса кемшіліктері де баршылық, олар:
- ұдайы өндірілмейтін
- қоршаған
ортаны қорғауда негативтік
- ұжымдық пайдалануға бағытталған тауарлар мен қызметтер өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;
- фундаменталдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шарушылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;
- еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілддік бермейді;
- әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизімдері жоқ.
Бәсекелестік күресте
пайдаланылатын тәсілдер туралы
айтып кететін болсақ, негізінен
мынадай тәсілдер бар : бағалық
және бағалық емес, немесе баға
негізіндегі және сапа
Бағалық бәсеке арқылы сатушылар
бағаны төмендету немесе жоғарылату
арқылы сұранымға әсер етеді. Бағалық
бәсеке тауар-ақша қатынастары құрылып,
дамыған уақытта, яғни нарықтағы
бірдей тауарлар түрлі-түрлі бағалармен
ұсынылған кезде пайда болады.
Қазіргі жағдайда, барлық нарықтар монополияланғанда және олар шешуші позицияларды жаулап алғанда, үлкен позицияға ие азғантай ірі фирмалардың арасында бөлінгенде, өндірушілер мақсатты түрде өзіндік құн мен маркетингтік зерттеулер шығынын төмендету үшін бағаны неғұрлым ұзағырақ тұрақтандырып, пайданың ең көп көлемін қамтамасыз етуге тырысады. Бірақ қазіргі нарықта “баға соғыстары” қолданылмайды деп айтуға болмайды. Ірі тауар өндірушілер өзара бәсекелесе отырып, өз позицияларын бекітуде әр түрлі заңды, заңсыз әдістерді қолдануға ұмтылады.
Ірі өндірушілер баға саясатында бағаны төмендету тәсілін өте сирек пайдаланады, өйткені нарықтық әдістер компанияның өндірісі мен айналымдағы пайдаға кері әсерін тигізеді.Солай болғанмен де, бағалық бәсекеде кезең бойынша әр түрлі қақтығыстар болып тұрады. Мысалы, АҚШ-та 1997 жылы нарықта өз үлестерін кеңейткісі келген джинсы өндірушілер “Леви Страус” пен “Ренгл” фирмалары арасында “бағалық соғыс” үдеп кетті.
Бұл “соғыс” джинсы сататын маманданған дүкендер пайдасына үлкен әсерін тигізді, өйткені джинсыларға бөлшек сауда бағалары төмендей бастады. Нарықта ертеректе пайда болған “Леви” фирмасының джинсыларының бағасы 30%, “Ренгл”-50% кеміді.Бірақ “Ренгл” фирмасының пайдасы күрт төмендеп, ол тұтынушы нарығын демпингтік әдіспен жаулап алу тактикасын жойды. “Леви” фирмасы жеңіске осылайша шықты. Бірақ олардың нарықтағы үлестері өзгерген жоқ.
Информация о работе Кәсіпорынның тиімді қызмет атқаруы негізіне бәсекелестерді зерттеу