Экономиканың бәсекеге қабілеттіліші

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 08:56, реферат

Краткое описание

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі әр текті және әр бағытта көптеген факторларға байланысты. Өнімнің нарықта нәтижелі сатылуына әсер ететін факторлар объективті емес, тұтынушылардың субъективті қабылдауына байланысты. Мұндай факторлар экономикалық әдебиетте «табыстың стратегиялық факторлары» немесе «табыстың негізгі факторлары» деген атауға ие болған. Табыстың стратегиялық факторлары өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Әдебиеттердің талдауы көрсетіп отырғандай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі факторларын жіктеудің бірнеше түрлері қалыптасқан.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің маңызы мен рөлі 6
1.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері 9
1.3 Шетел экономикасының бәсекеге қабілеттілік тәжірибесі
15
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН
ТАЛДАУ
2.1 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің қазіргі жағдайы 19
2.2 Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару жағдайын талдау
25
3 ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Мемлекеттің бәсекеге қабілетті өнім өндірудегі механизмдерін жетілдіру 26
3.2 Экономиканың бәсекелестік басымдықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар 32

ҚОРЫТЫНДЫ
39

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
42

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі.doc

— 415.00 Кб (Скачать документ)

Бірінші кезеңде (2003-2005 жылдар) одан әрі технологиялық  дамудың жүйелік мәселелері шешілді. Заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны әзірлеуге, салаларды дамытудың негізгі бағдарламаларын қалыптастыруға қол жеткізілді.

Екінші кезеңде  – 2006-2010 жылдарда өнеркәсіпті жаңарту  жөніндегі жобаларды жүзеге асыру  және экономиканы әртараптандыру міндеті қойылды. Бұл бағытты іске асырудың құралдары мен теті-ктері «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» бағдарламасында көрініс тапты.

«Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысының» негізгі  миссиясы ұлттық экономиканы жаңартуды  шапшаңдату және басты жалпы ұлттық мақсатқа – Қазақстанның серпінді дамуын қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруге қол жеткізу үшін қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жалпы құны 54 миллиард АҚШ долларына жуықтайтын 45 серпінді жобадан тұратын базалық тізім қалыптастырылды. 2008 жылы Индустрия және сауда министрлігі тарапынан 3 жоба пайдалануға енгізілді.

Мәселен, Қарағанды  облысында «АрселорМиттал Теміртау»  АҚ-да құны 153,9 млн. АҚШ долларын құрайтын сортты прокат өндірісі ұйымдастырылды. 2008 жылғы 1 шілдеде Мемлекет басшысының қатысуымен іске қосылған бұл жоба 560 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. «АрселорМитталТеміртау» АҚ-дағы жаңа өндірісті іске қосу қосымша құны жоғары өнімді игерумен қатар, елдің металл прокаты экономикасы үшін қажетті импортқа мұқтажын төмендетті.

Ал құны 113 млн. еуро тұратын «Sillicium Kazakhstan» ЖШС-інде «Өзекті кварцтан металлургиялық кремний  өндірісі» жобасын іске қосу 300 жұмыс  орнын ашты. Жобаны іске асыру ел үшін жаңа экспортқа бағдарланған саланы құруға негіз қалады, бұл өнім әлемде алюминий және химия өнеркәсібі үшін кеңінен қолданылады және электрондық приборлар жасаудың маңызды шикізаты болып табылады.

Ақтөбе облысында  «Восход» кенішінде «Восхол-Ориел» ЖШС-ның хром рудалары кен-байыту комбинаты іске қосылды. Құны 250 миллион АҚШ доллары тұратын бұл өндірісте 500 жұмыс орны құрылды. Жобаны жүзеге асыру металлургия өнеркәсібі үшін руда базасын дамытуға және елдің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

Ал биылғы 2010 жылы «Тараз металлургиялық зауыты»  ЖШС-ның ферроқорытпалар және құрыш  балқыту өнімдері зауытын жаңғырту жоспарланып отыр. (Жамбыл облысы, құны 127,9 млн.АҚШ доллары, 1170 жұмыс орны).

Көрсеткіштері онша жоғары болмаса да, бұрынғы  бағдарламаларды тиімсіз болды деуге болмайды. Елге инвестициялар тартылды, бірлескен кәсіпорындар құрылды, бұрынғы жұмыс жасап келген кәсіпорындар қайтадан жарақтандырылды және жаңа өндірістер ашылды. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтеріне қарағанда, Индустриялық-инноваация-лық стратегия ауқымында республиканың барлық аймақтарында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 246 млрд.теңгенің 154 инвестициялық жобасы іске қосылды. Олардың ішінде кәсіпорындардың өз қаржылары 103 млрд. теңгеден, несиелік қаражаттар 116 млрд. теңгеден, мемлекеттік даму институттарының қаржысы – 20 млрд.теңгеден, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржысы – 5 млрд. теңгеден асады. Сөйтіп, инвестициялық жобалар негізінен 47 пайызы несиелік қорлардан және 42 пайызы өз қаржылары есебінен жүзеге асырылды. Жобаларды жалпы қаржыландырудың жалпы сомасында даму институттарының қаражаттары 8,1 пайызды, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржысы 2,2 пайыз болды.

Іске қосылған жобалардың саны бойынша аймақтар арасында Ақтөбе (40) және Шығыс Қазақстан (22) облыстарында ең көп жоба іске қосылған. Салалар жағынан алғанда жобалардың арасында құрылыс материалдары (45) мен тамақ өнімдері (43) салаларының үлесі жоғары. Іске қосылған өндірістерде 11631 жұмыс орны құрылған болса, бұл орайда 3525 жұмыс орнын ашқан Ақтөбе облысы көш бастап келеді.

2009 жыл Қазақстанды  индустриялық дамытудың жаңа  кезеңі болды. Дағдарыс экономикадағы  белгілі бір проблемаларды қалқытып  шығарды, сондықтан да Мемлекет  басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІІ съезінде Үкіметке дағдарыстан кейінгі кезеңдегі дамуға бағытталған 2020 жылға дейінгі ұзақмерзімді стратегияны жасауды тапсырды. Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру екі бесжылдық кезеңге бөлінеді. Маңызды бағыттар бойынша барлығы бірнеше мемлекеттік бағдарламалар ғана жасалады, оларда даму мақсаттары мен міндеттері бес жылға нақтыланып отырылады. Өзекті құжаттардың бірі 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық жеделдете даму бағдарламасы болмақ, оны жасау биылғы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс және одан кейін Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітіледі. Сонымен қатар салалық бағдарламалар, шеберлік-жоспарлары жасалады. Дәйектілігі мен сабақтастығын сақтау мақсатында мемлекеттік бағдарлама мен салалық бағларламалар бұрын қабылданған индустриялық-инновациялық даму стратегиясымен, кластерлік бастамалармен, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасымен, көлік стратегиясымен және индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттармен ұштастырылады. Индустриялық-инновациялық жеделдете даму - бұдан көп бұрын басталып, бүгінгі күнге дейін ұласып отырған мемлекеттік экономикалық саясаттың жалғасы. Елбасы атап өткендей, әңгіме «әлемнің барлық мемлекеттерінде өткен ғасырдың басында болған индустрияландырудан өзгеше, инновациялық индустрияландыру жөнінде болып отыр. Біздің индустрияландыру әлемдік экономика дамуының бүгінгі үрдісіне сәйкес болуы тиіс».

Көрсеткіштер

ж ы л д  а р:

2010

2011

2012

2013

2014

Тікелей шетел  инвестицияларын реттейтін ережелердің  бизнеске әсері

100

99

98

97

96

Тікелей шетел  инвестициялары мен технологиялары

103

102

101

100

99

Инвесторларды қорғау индикаторы бойынша DoingBusiness»  рейтингінде Қазақстанның позициясын жақсарту

52

51

50

49

48

Елдің бәсекеге қабілеттілігі бойынша Дүниежүзілік Банк индексін

67

65

63

61

60

 



Кесте 5 – Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін болжау

 

Ал инновациялық даму жайына келетін болсақ, Қазақстан  бұл орайда алғашқы қадамдар жасап  үлгерді. Инновациялық инфрақұрылым құрылды: даму институттары жұмыс істеуде, атап айтқанда, Инновациялық қор, Технологиялар трансферті орталығы, Ғылым қоры, технопарктер.

Сондай-ақ «Астана  – жаңа қала», «Ақтау теңіз айлағы», «Ақпараттық технологиялар паркі», «Оңтүстік», «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі», «Бурабай» еркін экономикалық аймақтары құрылды.

                                

 

 

                                     

                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           ҚОРЫТЫНДЫ

 

Ғылыми жұмысты жазу барысында бізге төмендегі қорытындылар мен ұсыныстарды жасауға мүмкіндік береді:

1. Отандық және  шетелдік ғылыми әдебиеттерде  бәсекелестікке қабілеттілік теориясының   қағидаларын басшылыққа ала отырып, Қазақстан экономикасының ерекшіліктерін  ескеріп «бәсекелестікке қабілеттілікті»  және «экономикалық тиімділікті»  өзара толықтыратын нарықтық механизмдер ретінде біртұтас байланыста қарастырып объективті нәтиже алуға қол жеткізілді.

2. Алға қойылған  мақсаттарды, бәсекелестікке қабілеттілікті  анықтаудың маңызды концепциясы  ретінде балама мен  тиімділік  арасындағы өзара тығыз байланысты ұтымды пайдаланудың жолдары нақтыланған. Сонымен қатар, зерттеулердің нәтижесінде экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы кездесетін негізгі проблемалар, олардың пайда болу себептері, мәні мен заңдылықтарының даму тенденциялары айқындалды.

3. Қазақстан Республикасы үшін экономикалық тұрғыда бәсекеге барынша қабілетті болу аса өзекті мәселе. Осы тұрғыда ұлттық экономика мен бизнесті дамыту, сондай-ақ отандық өнеркәсіп салаларын жетілдіру, экономикалық басқару істерін жетілдіру мәселелері аса үлкен маңызға ие болады. Экономиканың бәсекеге қабілетті болуы үшін М.Портердің тұжырымына сай, табиғи, адами ресурстарды тиімді пайдалану шеберлігі еңбек өнімділігінің тиімділігіне әкеледі. Аталған іс-шараларды жүзеге асыру оларды толыққанды талдаудан өткізуді талап етеді. Бұл мәселеде жетекші елдер тәжірибелерін ескермеу орны толмас қателік болған болар еді. Сол себептен де дәл бүгінгі таңда Қазақстан экономикасын инновациялық бағытта дамыту мәселесінде әлемнің дамыған елдерінің экономикалық даму тәжірибелерін, атап айтсақ, АҚШ, Батыс Еуропа елдері, Жапония және де дамушы елдердің экономикалық даму жолдары мен ерекшеліктерін зерттеу өте маңызды.

4. Бәсекеге қабілеттілік  критерийлері талданып, қазіргі кезде дүние жүзінде бәсекеге қабілеттілік индексін есептейтін үш орталықтың: Давостағы Бүкілдүниежүзілік экономикалық форумның, Лозаннадағы менеджментті дамыту институтының және АҚШ-тағы Гарвард университетінің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштеріне саралау жүргізілді. 

5. Әлемдік бәсекеге қабілеттілік жылнамасында атап көрсетілген Қазақстан үшін маңызды болып табылатын 5 міндеттің ішінен зерттеу жұмысында екі негізгі мәселеге баса назар аудару көзделді: біріншісі, инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мен іске асыру; екіншісі, ауылшаруашылық өндірісін дамыту арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспортты диверсификациялау.

6. Еліміздің инновациялық әлеуетіндегі ЖІӨ-гі ғылымның үлесі өте төмен; зерттеу ұйымдарының саны зерттеушілер санына қарағанда жоғары қарқынмен өсуде; мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін зерттеушілердің үлесі азаю үстінде; ғылымға құйылар инвестиция өсуде, ғылымға жас мамандар аздап болса да келе бастады; орындалған жұмыстар көлемі өсуде, бірінші кезекте бюджеттік қаржының көбеюі арқасында; қорғау құжаттарының саны аз; Қазақстанда жасалып жатқан технология негізінен ендірілмей қалып отыр; кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі өте төмен; өнеркәсіп өнімінде инновациялық өнімдердің үлесі де төмен.

7. Бүгінгі дүниежүзілік технологиялық даму үрдісі жаңа саты – адамзат игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны көркемдеуге бағытталған электронды және басқа да ғылым дәрежелерін пайдалануға негізделген деңгейге көшуде. Сондықтан барлық дамыған, дамушы елдерде мемлекеттік инновациялық салаға қаржылай түрде ұйымдастыру үрдісіне көмек көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген елдер тәжірбиесі көрсеткендей, экономиканың күрт құлдырауы, қаржы дағдарысы кезінде мемлекет инновациялық қызмет саласын қолдап, дамытып отыруы қажет. Сонда ғана экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.

8. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігін көтеру үшін келесі маңызды, бірақ Қазақстан үшін толықтай жүзеге асырылмаған өндірушілерді қолдау бағытында өндірушілердің ресурстық артықшылықтарының қолдау потенциалын толық қанды қолдану, сонымен қатар тарифтік және тарифтік емес реттеу және кейбір салаларды тікелей субсидиялау қажет.

Бәсекеге қабілеті бар аграрлық өндіріс қалыптастыру үшін баға,ең жоғары пайда алуға  және ең жақсы өткізу рыногын қалыптастыруға, жоғары сапалы азық-түлік тауарларына қажеттілікті қанағаттандыруға бәсекелестік орта құру керек. Бұл кәсіпорындардың және салалардың әр түрлі қызмет түрлерін оңтайлы үйлестіруге жағдай туғызады, оның негізгі көрсеткіші  әрбір пайдаланылған ресурс бірлігіне алынған пайда болып табылады. 

9. Аграрлық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі интенсивті технологиялар және жоғары білікті еңбек негізінде өзіне өндіріс, жоғары сапалы өнімді қайта өңдеу сияқты бағыттарды үйлестіру керек.

Бәсекеге қабілетті  ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру барысындағы салық жүйесін мемлекеттік басқару. Салық жүйесін құруда мынадай негізгі принциптерді пайдалану керек: салықтарды үлестіру теңдей болуы тиіс, салық төлеушіге ықпал жасау – ең төмен; әр түрлі жеңілдіктерді ең аз шегіне келтіру; салық жүйесі анық және қарапйым болуы керек.      Бай табиғи және минералдық ресустарға ие болып отырған елімізде өзінің экономикасын бәсекеге қабілетті етіп құру үшін барлық алғышарттар бар. Оларды елдің өз мүмкіншілігін ескере отырып және әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып дамыту қажет екендігін зерттеу барысында айқындадық.

 

 

 

 

                       ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. . Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген. Астана, 2010

     2. Брылев А. Конкурентоспособность сельскохозяйственной продукции. // АПК: экономика и управление. – 1998.

3.Қазақстан  Республикасының «Бәсекелестік  туралы» Заңы // Егемен Қазақстан, 2008, 30 желтоқсан.

     4.Царькова С.В. Методологические аспекты исследования конкурентоспособности переходной экономики России: Автореф. дис. – М., 1999. – 23.

5. Фатхутдинов Р.А. Конкурентоспособность: экономика, стратегия, управление. Серия "Высшее образование" – М.: ИНФРА-М, 2000. – 312 с

6. Емельянов С. Международная конкурентоспособность производителей: факторы, определяющие положение на рынках и конкурентные преимущества. // Маркетинг в России и за рубежом. – 2002.

7. Портер М.Э. Международная конкуренция./ Пер. с англ. – М.: Международные отношения., 1993. – 896 с.

8. Шеховцева Л.С. Конкурентоспособность региона: факторы и метод создания. // Маркетинг в России и за рубежом. – 2001.

9. Парахина В.Н., Парахин К.А. Конкурентоспособность региона как экономическая категория. // Сборник научных трудов. Серия «Экономика».

10. Яшева Г.А. Как оценить конкурентоспособность товара. // Маркетинговое образование. – 2004.

11. Трубилин А. Конкурентоспособность – главный фактор эффективного производства. // АПК: экономика, управление. – 2002.

12. Нурмаганбетов К.Р. Рыночное регулирование производственно – хозяйственной деятельности фирмы по переработке сельско – хозяйственной продукции. Алматы, Ғылым, 1997.

Информация о работе Экономиканың бәсекеге қабілеттіліші