Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 08:56, реферат
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі әр текті және әр бағытта көптеген факторларға байланысты. Өнімнің нарықта нәтижелі сатылуына әсер ететін факторлар объективті емес, тұтынушылардың субъективті қабылдауына байланысты. Мұндай факторлар экономикалық әдебиетте «табыстың стратегиялық факторлары» немесе «табыстың негізгі факторлары» деген атауға ие болған. Табыстың стратегиялық факторлары өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Әдебиеттердің талдауы көрсетіп отырғандай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі факторларын жіктеудің бірнеше түрлері қалыптасқан.
КІРІСПЕ 3
1 ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің маңызы мен рөлі 6
1.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері 9
1.3 Шетел экономикасының бәсекеге қабілеттілік тәжірибесі
15
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН
ТАЛДАУ
2.1 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің қазіргі жағдайы 19
2.2 Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару жағдайын талдау
25
3 ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Мемлекеттің бәсекеге қабілетті өнім өндірудегі механизмдерін жетілдіру 26
3.2 Экономиканың бәсекелестік басымдықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар 32
ҚОРЫТЫНДЫ
39
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
42
| ||
КІРІСПЕ |
3 | |
1 |
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері |
|
1.1 |
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің маңызы мен рөлі |
6 |
1.2 |
Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері |
9 |
1.3 |
Шетел экономикасының бәсекеге қабілеттілік тәжірибесі |
15 |
2 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ТАЛДАУ |
|
2.1 |
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің қазіргі жағдайы |
19 |
2.2 |
Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару жағдайын талдау |
25 |
3 |
ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ |
|
3.1 |
Мемлекеттің бәсекеге қабілетті өнім өндірудегі механизмдерін жетілдіру |
26 |
3.2 |
Экономиканың бәсекелестік басымдықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар |
32 |
|
ҚОРЫТЫНДЫ |
39 |
|
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
42 |
КІРІСПЕ
Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Мемлекеттің экономикалық жетістігін анықтау үрдісінде еліміздің бәсекеге қабілетті болуы мен оны әріқарай дамыту механизмдерін жетілдіру ісіне баса назар аударылады. Өйткені ұлттық шаруашылықтың экономикалық тиімділігін басқару жолдарын жетілдіру Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жоспарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Ең бастысы – экономиканың бәсекеге қабілетті моделін таңдау, басым салаларды анықтау, бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыратын қолда бар экономикалық мүмкіншіліктерді анықтау, сондай-ақ сыртқы экономикалық бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан бәсекелестік байланыстарды дамытуға әсер ететін механизмдер мен факторларды анықтау жөніндегі мәселелер туралы сөз қозғалады. Осы және басқа да мәселелердің шешімін табу Қазақстанда толыққанды зерттелмеуі экономиканың тұрақты дамуына қиындықтар туғызып отыр.
Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан Республикасы экономиканы қай бағытта дамыту қажет деген сауалға тірелгені белгілі. Әрине, бұрын социалистік даму үрдісінде болып келген Қазақстан үшін АҚШ немесе Жапония сияқты дамыған ел экономикасы үлгісін көшіру мүмкін емес еді. Ол кезде Малайзия сияқты дамушы елдің мысалын зерттеу біздің экономика үшін анағұрлым қолайлы болатын. Алайда, қазір Қазақстан экономикасы дамудың екінші сатысынан үшінші сатысына – инновациялық даму бағытына бет бұруда. Бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету де осы инновация мәселесімен тығыз байланысты. Осыған орай, елімізде қабылданып, іске асырылып жатқан индустриалды-инновациялық дамуды жеделдету стратегиясын айтуға болады. Ал инновациялық дамуда біз үшін аса пайдалы болатын үлгі - әлемнің ең озық елдерінің экономикалық даму үлгілері. Өйткені дәл осы елдер - әлем бойынша ғылым мен технологияны дамытуға өкімет тарапынан аса мән беретін мемлекеттер. Әлемнің жетекші елдері дәл осы ғылыми-техникалық дамуға зор мән берудің арқасында қысқа мерзім ішінде әлемдегі ірі экономикалық державаға айналды. Олай болса, қазіргі таңда, яғни, ХХІ ғасырдың басында әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарынан орын алуды көздеген Қазақстан үшін экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесін зерттеу қажеттілігі туындайды. Осындай күн тәртібіне қойылған маңызды мәселелер зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Қазақстан экономикасын барынша бәсекеге қабілетті етудегі мемлекеттің рөлін ғылыми негіздеу мен жалпы Қазақстанға қатысты салалық, аймақтық және ұлттық деңгейде бәсекелестік мәнін анықтау, экономиканың бәсекеге қабілетті болу ерекшеліктерін зерделеу отандық және шетелдік ғалымдардың теориялары мен көзқарастарын кешенді әрі жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді. Бәсекелестік пен бәсекеге қабілеттілік, экономиканың тұрақты дамуы сияқты мәселелер көптеген ғалымдардың еңбектерінде жарық көрген.
Отандық экономика әдебиеттерінде мемлекеттің немесе аймақтың бәсекеге қабілеттілік түсінігі біржолата анықталып, қалыптаспаған. Өтпелі экономика жағдайындағы бәсекеге қабілеттілік және ондағы басқару мәселесінің кейбір аспектілері көптеген қазақстандық экономист-ғалымдармен зерттелген.
Ғылыми жұмыстың мақсаты - Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны шешудегі мемлекеттің рөлін айқындау, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында мемлекет тарапынан жүргізілетін шараларды ұсыну және оны әрі қарай дамыту мәселелерін зерттеу болып табылады.
Белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттер қойылды:
- «бәсекеге қабілеттілік» және «экономиканың бәсекеге қабілеттілігі» түсініктерінің ара жігін ажырату, оларға берілген анықтамаларды жүйелеу;
- экономиканың
бәсекеге қабілеттілігін
- ұлттық бәсекелестік
басымдықтарын қамтамасыз етуде
- экономиканың
бәсекеқабілеттілігін көтеру
- Қазақстан экономикасын бәсекеге барынша қабілетті етудің жолдарын ұсыну.
Зерттеу пәні: Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттік шараларды қалыптастырудың ұйымдастырушылық-экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан экономикасының анағұрлым бәсекеге қабілетті салалары алынды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы Қазақстан Республикасындағы экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің қазіргі жағдайына бағалау жүргізіліп, оған әсер ететін үдерістерге талдау жасалынды. Жасалынған талдау барысында келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
- бәсекелестік қабілеті бар аграрлық өндіріс қалыптастыру бойынша
қауіпсіздікті нығайту үшін аграрлық өндірістегі салық салудың тәжірибесі және оның шет елдердегі үлгілері жинақталған;
Арттыру жолдарын айқындау барысында экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту және экономиканың басым секторларын дамытудың әлеуметтік тиімділігін күшейту және инвестициялық жобаларды іске асыру ұсынылды.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері ретінде бәсекеге қабілеттілік деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер проблемасын қарастырған отандық және шетел ғалым-экономистердің еңбектері алынды. Ғылыми жұмыс тақырыбы бойынша мәселелерді зерттеу барысында ҚР-ның заңдары, Үкімет қаулылары, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаулары, жыл сайынғы бәсекеге қабілеттілік туралы анықтама мен басқадай материалдар негізге алынды.
Ғылыми жұмыста ресми статистикалық мәліметтер, мерзімдік баспа мәліметтері пайдаланылды.
Экономикалық зерттеулердің жалпы-ғылыми әдістері мен тәсілдері қолданылды: монографиялық, экономико-статистикалық, есепті- конструктивтік, эксперттік және басқалар.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Ғылыми жұмыс 40 бет көлемінде баяндалған, соның ішінде 5 кесте және 9 сурет бар. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші
бөлімі экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің
теориялық негіздеріне
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің қазіргі жағдайына бағалау жүргізіліп, оған әсер ететін үдерістерге талдау жасалынған.
Үшінші бөлім экономиканың бәсекеге қабілетті өнімдерін мемлекеттік реттеу жолдарын жетілдіру мәселесіне арналған. Осы бөлімде мемлекеттің бәсекеге қабілетті өнім өндірудегі механизмдерін жетілдіру және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар қарастырылған.
Жұмыстың қорытынды бөлімінде қарастырылып отырған мәселеге қатысты тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
1 Экономиканың бәсекеге
1.1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің маңызы мен рөлі
Нарықтық экономикада әрбір тауар өндіруші өзінің шығаратын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді. Өйткені бәсекеге ортаның дамуы шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға, бағаны төмендетуге ықпалын тигізіп, тұтынушылардың кең көлемді сұранысын қанағаттандыруға итермелейді. Ғылыми әдебиеттерде және үйреншікті қарым-қатынаста мұндай қақтығысу бәсекелестік деген атқа ие болды [2]. Бәсеке ұғымы бәсекелестік деп аталатын экономикалық категория негізінде жатыр.
Қазақстан Республикасы «Бәсекелестік туралы» Заңында: «бәсекелестік – дербес жасаған іс - әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының бір жақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін нарық субъектілерінің жарыспалылығы» деп көрсетілген [3].
Ең алдымен, обьекттің және субъекттің бәсекеге қабілеттілігі ұғымын айыра білу қажет. Обьекттің бәсекеге қабілеттілігі (өнім мен қызмет) ұйымдастырушылық, басқарушылық, өндіру функцияларын орындау арқылы жүзеге асатын нақты шаруашылықтың экономикалық субъектісінің қызметі үрдісінде қалыптасады. Шаруашылықтың экономикалық субъектісінің бәсекелесу, бәсеке күресінде жеңіске жету, оның бәсекелесу ерекшелігінде көрінетін, субъектіге өз тұтынушыларын сақтауға, жаңа тұтынушыларды тартуға және өтімнің жаңа нарығын жаулап алуға мүмкіндік туғызуы – «субъекттің (фирманың) бәсекеге қабілеттілігін» сипаттайды [4]. Бәсекеге қабілеттілік экономикалық категория ретінде нарықтың әр түрлі деңгейінде және сегментінде бәсеке әрекетінің көптеген факторларын пайдаланудың функционалды нәтижесін білдіреді. «Бәсекеге қабілеттілік» термині көптеген отандық және шет ел зерттеушілерінің еңбектерінде қарастырылған. Өз атауы көрсетіп тұрғандай, бәсекеге қабілеттілік – бұл, ең бірінші бәсекелесу немесе бақталасу қабілеті.
Бәсекеге қабілеттілікті түсіндіру ерекшелігін бірнеше деңгейде қарастырайық:
─
мемлекеттің бәсекеге
─
аймақтың бәсекеге
─
өнеркәсіптің бәсекеге
─ өнімнің бәсекеге қабілеттілігі
Әр түрлі деңгейдегі бәсекеге қабілеттілік түсінігінің арасында ішкі және сыртқы тығыз тәуелділік бар. Бір жағынан, мемлекеттік және салалық бәсекеге қабілеттілік нақты бір өнім өндірушілердің бәсекеге қабілетті өнім өндіру қабілетіне байланысты. Екінші жағынан, бәсекеге қабілетті өнім өндіру мемлекет пен аймақтағы өнім өндірушілерге жасалған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі көп жағдайда кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін, оның қаржылық-экономикалық күйі мен атағын анықтайды. Бірақ, бұл мына жағдайда ғана мүмкін, егер өткізілген өнімнің құрылымында бәсекеге қабілетті өнімнің еншісіне түскен түсімнің көп бөлігі және кірістің едәуір бөлігі келсе.
Фатхутдинов Р.А. өзінің еңбегінде барлық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті өнімнің бәсекелік артықшылығының ішкі факторы ретінде анықтаған. Оның пайымдауынша, мемлекет, салалық, аймақтық, ұйымның деңгейінде бәсекенің артуымен өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің интегралды және жеке көрсеткіштері жақсарады [5].
Біздің көзқарасымыз бойынша, бәсекеге қабілеттіліктің барлық деңгейінің екіжақты байланысы бар (сурет 1). Яғни, төмен тұрған деңгейдің обьектісінің бәсекеге қабілеттілігі жоғары деңгейдегі обьектінің бәсекеге қабілеттілігінің факторы болып табылады. Өз кезегінде, жоғары деңгейдегі обьекттер төменгі деңгейдегі обьекттердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін жағдай жасайды.
Бірақ, бір деңгейдің обьектісінің бәсекеге қабілеттілігі басқа деңгейдің обьектісінің бәсекеге қабілеттілігіне әр кезде де әсер ете бермейді. Мысалға, бәсекеге қабілетті өнім өндіру көп шикізатты қажет етуі мүмкін және үлкен шығынға әкелуі мүмкін, бұл нарық жағдайында тиімділіктің төмендеуіне, кірістің азюына, кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырады. Мұндай жағдайда қосымша қаржыландыру қажет, бұл нәтижесінде өндірушінің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.
Сурет 1 - Әр түрлі деңгейдегі бәсекеге қабілеттіліктің өзара байланысы
Өнімнің,
өнім өндірушінің бәсекеге