Экономиканың бәсекеге қабілеттіліші

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 08:56, реферат

Краткое описание

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі әр текті және әр бағытта көптеген факторларға байланысты. Өнімнің нарықта нәтижелі сатылуына әсер ететін факторлар объективті емес, тұтынушылардың субъективті қабылдауына байланысты. Мұндай факторлар экономикалық әдебиетте «табыстың стратегиялық факторлары» немесе «табыстың негізгі факторлары» деген атауға ие болған. Табыстың стратегиялық факторлары өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Әдебиеттердің талдауы көрсетіп отырғандай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі факторларын жіктеудің бірнеше түрлері қалыптасқан.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің маңызы мен рөлі 6
1.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері 9
1.3 Шетел экономикасының бәсекеге қабілеттілік тәжірибесі
15
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН
ТАЛДАУ
2.1 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің қазіргі жағдайы 19
2.2 Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару жағдайын талдау
25
3 ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Мемлекеттің бәсекеге қабілетті өнім өндірудегі механизмдерін жетілдіру 26
3.2 Экономиканың бәсекелестік басымдықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар 32

ҚОРЫТЫНДЫ
39

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
42

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі.doc

— 415.00 Кб (Скачать документ)

 

Тиісінше алдағы орта мерзімге арналған фискалдық саясат мемлекеттік тұтыну мен инвестициялардың көрсетілген параметрлерін қамтамасыз ету қажеттілігін негізге ала отырып құрылады.

2010 – 2014 жылдары  нақты ЖІӨ-нің өсу қарқынының 2010 жылы      2,4 %-тен 2014 жылы 3,9 %-ке біртіндеп ұлғаюы болжанады. 2010 – 2014 жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі жылдық орташа өсімі 4,0 %-ды құрайды.  Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2010 – 2014 жылдары орташа алғанда         3,4 %-ға өседі. Тау-кен, сол сияқты өңдеу секторындағы өндіріс көлемінің артуы өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуіне ықпал етеді. Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2009 жылы 75,0 млн. тоннадан 2014 жылы 85,0 млн. тоннаға дейін артады. Өнеркәсіп өндірісі көлемінің артуы құрылыс және көлік қызметі көлемінің өсуіне ықпал етеді. Құрылыс көлемінің өсу қарқынының 2010 жылы тиісінше 1,0 %-тен     2014 жылы 3,7 %-ке дейін, көлік қызметінің –1,7 %-тен 4,0 %-ке дейін артуы болжамдануда. Байланыс қызметінің көлемі болжамдар бойынша орташа алғанда жылына 5,8 %-тен астам деңгейде өсіп отырады.

Орта мерзімді кезеңде әлемдік тауар нарығында  бағалардың артуы және өндіріс көлемдерінің ұлғаюы экспорт көлемінің ұлғаюына мүмкіндік туғызады. Ішкі табыстардың  өсуі импорттың ұлғаюына ықпал етеді.

2010 жылы ағымдағы  шот дефицитінің ЖІӨ шаққандағы  тапшылығы 2,8 % деңгейінде болжануда, одан кейінгі 2011 – 2012 жылдары оның 1,8 %-ке дейін біртіндеп төмендейді.

Болжамдар бойынша 2014 жылы ЖІӨ халықтың жан басына шаққанда      10 мың АҚШ  долларынан астам соманы құрайды.

 

      


 

      Сурет 8 - 2010 – 2014 жылдарға арналған ЖІӨ-нің халықтың жан басына шаққандағы болжамы

 

Қалпына келтіру  және алдағы уақытта тұрақты экономикалық өсу қарқынын қолдау саясатын жүргізу басымдықтар ретінде халықтың өмір тіршілігінің сапасын және әлеуметтік стандарттарын орнықты арттыруды көздейді.Жұмыссыздық деңгейінің 2010 жылғы 7,6 %-дан 2014 жылы 7,0 %-ға дейін төмендеуі болжанып отыр.  Экономиканың өсуі, кіріс деңгейі, жұмыспен қамту және инфляция деңгейі бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсатты индикаторлары Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында айқындалады. 2010 жылмен салыстырғанда 2020 жылға қарай қойылған экономиканың өсу параметрлерін қамтамасыз ету мақсатында 2010 – 2014 жылдары нақты ЖІӨ-ні 15,7 %-ға ұлғайту көзделеді. Қазақстанның 2020 жылға қарай ЖІӨ көрсеткіші бойынша жан басына шаққандағы жоғары деңгейлі табысы бар елдердің қатарына кіруін қамтамасыз ету үшін 2014 жылға қарай аталған көрсеткіш 10 мың АҚШ доллары деңгейіне дейін жеткізілетін болады. Ұзақ мерзімді кезеңдегі инфляция деңгейінің төмендеуіне оның орта мерзімді кезеңдегі 2009 жылдың соңында 8,0 – 8,5 %-дан 2014 жылдың соңына 7 %-ға дейінгі деңгейге төмендеуі ықпал ететін болады. Жұмыссыздық деңгейін 2020 жылға қарай 5 %-дан аспайтын деңгейде қамтамасыз ету үшін 2010 – 2014 жылдары оның 7 %-ға дейін төмендеуі жоспарланып отыр.

Үкіметтің жоспары  бойынша 2015 жылға таман ішкі жалпы  өнім құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі кемінде 12 пайызға, ал шикізаттық емес экспорттың жалпы экспорт көлеміндегі үлесі кемінде 40 пайызға жетуге тиіс. Егер шикізаттық емес экспорт үлесі 2009 жылы 13 пайызды ғана құрағандығын еске алатын болсақ, бұл жоспардың қандай ауқымды мақсатты көздеп отырғандығы түсінікті бола түседі. Осыған орай, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында келесідей іс-шаралар жүзеге асырылмақшы:

-  экономиканы  әртараптандыруды және оның бәсекеге  қабілеттігінің өсуін қамтамасыз  ететін басым секторларын дамыту; 

- экономиканың  басым секторларын дамытудың  әлеуметтік тиімділігін күшейту және инвестициялық жобаларды іске асыру ;

- индустрияландыру  үшін қолайлы орта жасау;

- экономикалық  әлеуетті ұтымды аумақтық ұйымдастыру  негізінде экономикалық өсу орталықтарын  құру;

- экономиканың  басым салаларын дамыту процесінде  мемлекет пен бизнестің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету. 

Елді 2010 – 2014 жылдардағы үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы Экономиканы әртараптандыруға және саудаланбайтын салаларды дамытуға жәрдемдесетін болады. Индустриализациялау  саясатын іске асыру экономикада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және оның сапалы өсуіне ықпал ететін болады.

 

3.2 Экономиканың  бәсекелестік басымдықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар

 

Уақыт өте келе нарықтың дамуы және күшеюімен қатар  мемлекеттің араласуын қажет ететін процестер өсе түсті. Яғни, шектеулі ресурстарды тиімді бөлу үшін бәсекені қолдау, қоғамның елеулі бөлігін әлеуметтік қорғау және т.б. процестер қазіргі кезде әлемдік тәжірибе бойынша мемлекеттің белсенді реттеуші рөлі арқылы ғана рыноктың экономикалық тиімділігіне жеткізеі. Ұлттың экономиканың өміріндегі мемлекеттің рөлі мен орнын мұндай негізде түсіндіру мақсатында экономист Луис Малкерн былай деген: «Менің ойымша, кез келген алдыңғы қатарлы ел үшін  экономикадағы мемлекеттің рөлін дұрыс анықтамаудан асқан қиын нәрсе жоқ».

Мемлекеттің ұлттық бәсекелестік басшылықтарын қамтамасыз етудегі ролі оның экономиканың бәсекеқабілеттілігін басқарумен анықталады, өйткені жаңа бәсекеге қабілетті салалардың құрылуы  ұлттық дамудың стратегиясымен өте тығыз байланысты.            Бұл тұрғыдағы мемлекеттің міндеті экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолы ретінде отандық өндірушілерді қолдау болып таблады, яғни ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігі дамуының негізгі параметрлерін әзірлеу.

Оның өзгеруі  мына көрсеткіштермен сипатталады: ЖҰӨ өсуінің қарқындылығы, еңбек  өнімділігі мен жалақының өсу  қарқындылығы, мемлекеттегі инвестицияның  жалпы көлеміндегі шетел инвестициясының  үлесі, білім беруге және іргелі ғылымға  кеткен шығындар, мемлекет экспортындағы шикізат саласының, еңбек пен капиталды қажет ететін және жоғары технология салаларының үлесі, әлемдік экспорттағы үлесі және т.б.

 

Сурет 9 - Экономиканың  бәсекелестік басымдықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар

 

Дамыған батыс  елдерінің ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттігін басқару бойынша тәжірибесі өзіне күмәнсіз көңіл аударуда, өйткені  жаңа бәсекеге қабілетті салалар  құрудың мәселелері ұлттық даму стратегиясымен үзіліссіз байланысты. Біздің мемлекет үшін әлемдік серпілісте бәсекелік позицияны сақтау сұрақтары өте қиынға түсуде, өйткені қазіргі заманғы жағдайда болашақтағы бәсекеқабілеттіліктің өсуін қамтамасыз ететін факторлар айтарлықтай дәрежеде жоғалуда. Осыған байланысты, экономиканың бәсекеқабілетті салаларын өсіру мақсатындағы мемлекеттік саясат одан әрі маңыздылыққа ие болуда.

Ресурстық бәсекелік  артықшылықтырды жоғарылату тек  өңдеудің жоғары дәрежелі саласының  пайдасына шешілгенде ғана мүмкін болады. Мысалы, АҚШ ресурстық артықшылықтарға негізделетін салаларда қорғаныс саясатын жүргізеді. Ондаған жылға созылып келе жатқан инновациалы-технологиялық алға жылжушылық аясында, экономикадағы шикізат секторының қысқаруы жүріп келеді.

Шикізат секторы  тікелей мемлекеттік қолдаудан  аз тәуелділікте, соның өзінде ірі салық төлеуші болып табылады. Бұл - жағдайды одан әрі қиындатып отыр. Ресурстық артықшылықтарды эксплуатациялау мүмкіншілігі әлі күнге дейін экономикалық емес сипаттағы факторлармен шектелген (сыбайлас жемқорлық пен қылмыстың жоғарғы деңгейі). Кәсіпорындар шикізат секторы салаларындағы қуат пен технологияларды қарқынды түрде жаңартудың орнына, тығырыққа тірелуге мәжбүр болып отыр.

Салалардың  ресурстық артықшылықтар қатынасындағы  Үкіметтің саясаты мыналардан көрінеді:

-Салаларды тікелей  субсидиялаудан;

-Төлем кризисінен  өтуге және өндірушілердің айналым  капиталын қайта құруға көмектесуден;

-Экспорттық  жеткізілімдердің шарттарын реттеу  туралы әріптес мемлекеттердің  үкіметімен келісімінен;

-Сыртқы сауда  шарттарының өзгерісіне икемді  тауарлардың қорғалып тұрған импорттық баждарды сақтап қалудан;

-Табиғи монополияларды  реттеу және тұтынушылардан шығынның  өсуін ұстап қалу бойынша іс-шаралардан;

Экономиканың  шикізат бағытының приоритеттерін сақтау туралы шешілуі міндетті жағдайда қалыпты ресурстық артықшылықтарды құру мыналарды талап етеді.

       1. Экономикадан тыс жағымсыз әсерлерді  нейтрализациялау және экономикалық  құлдырау салдарынан өту кезеңін  жалғастыруды;

       2. Инвестициялық экономикалық өсуге  көмектесу саясатына біртіндеп  өту. Осы типтің артықшылығы негізгі болып табылатын салалардағы жаңартулар мен капиталдың мол ағымына негізделеді.

Қазақстанның  болашақтағы экономикалық өсуі үшін экономиканың шикізат пен технологиялық  бағыт арасынан таңдау жасау өте  маңызды. Қазіргі кезге дейін  қазақстандық фирмалардың технологиялық бәсеке артықшылқтарын мемлекеттік қолдау мыналар арқылы жүзеге асады:

        -Мемлекеттік меншікті қайта құрылымдау;

-Қазақстан экономикасындағы  ішкі бәсекені ынталандыру және  монопольді факторларды өндірушілерге  қысымды әлсірету;

-Икемділікті  көтеруге мүмкіндік беретін қызмет  көрсету сферасын жекешелендіру.

Технологиялық артықшылықтарды қарқынды қолдауға көшу, бір жағынан шикізат секторынан айтарлықтай шығынды, екінші жағынан, өңдеу өнеркәсібіне масштабты қаржылық ресурстар тартуды талап етеді. Егер шикізат секторы өзіне ыңғайлы бәсекеқабілеттілікті реттеудің мемлекеттік саясаты бағытымен өзін-өзі қаржыландыруды қамтамасыз ете алса, онда өнеркәсіптік сектор мұнда үлкен дәрежеде мемлекетке тәуелді болады.

Нарықтық құрылымның бар болуы және оның нарықтық бәсеке режимінде жұмыс істей алу қабілеттігі мемлекеттің бәсекеқабілеттігін анықтайды. Ол халықаралық еңбек бөлінісі және саудаға қатысу үшін негіз және ұлттық экономика дамуының перспективалары мен жағдайының көрсеткіші болып табылады. Ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігін жоғарылату әдістері деп - әлемдік нарықтағы мемлекеттің, аймақтың бәсекелік орнының күшеюі мен әлсіреуіне әсер етеін факторларға әсер ету нысандарын айтамыз.

Сыртқы әсер факторы анықталмаған факторды құрайды, яғни энергоресурстардың әлемдік бағасы әсерінен құрылатын экономикалық динамиканың қатысты жылдамдауы немесе бәсеңдеуі. Ол әлеуметтік экономика және Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің бәсекеқабілеттілік жағдайымен, Қазақстанның сауда және төлем балансымен және т.б. шартталған.

Осының есебінен, ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттігін жоғарылату мен дамытудың негізгі  параметрлерін жасау бірнеше  нұсқалар арқылы жүргізіледі соның  ішіндегі екеуі ең негізгісі болып  табылады:

І нұсқа реалистік-консервативтік болжам қағидасынан шығады, яғни оның құрамына ықтималды, бірақ аз жағымды ішкі және сыртқы жағдайлар комбинациясы кіреді.

ІІ нұсқа  алдағы жылдардағы дамудың ішкі және сыртқы жағдайын сақтау қағидасынан  шығады. Екі вариант та Қазақстан  Үкіметінің алға қойған әлеуметтік және шарушылық сфераларындағы шаралардың міндетті түрде орындалуына негізделеді. Қосымша варианттар шикізат және энергетикалық ресурстардың халықаралық нарығындағы конъюнктураның бұдан да маңыздырақ нашарлау мүмкіндігін ескере алады.

Экономика өсу факторларының ауысу уақытында экономикалық саясаттың жедел іс-шараларының әсеріне өте сезімтал болып келеді. Дәл осы уақытта салықтық, тарифтік, кедендік, бюджеттік, ақша-несие және валюталық саясат аумағында келісілген шешімдер қажет. Экономикалық саясат шараларының нақты үйлесуі экономикалық субьектінің төлем балансы және қаржылық жағдайымен анықталады.

 

 

Мемлекеттік құрал  мен дамуды басқару мүлтіксіз  қажет. Классикалық экономикада  мемлекеттің рөлі заң мен тәртіпті қолдау, салық жинау және әлеуметтік қызмет көрсетулердің минимумын қамтамасыз етумен ұштасқан. Кейнсиандықтың арқасында нарықтық шаруашылықта мемлекетке инфляциясыз толық жұмысбастылықты қамтамасыз етуге бағытталған антициклдық, ақша және салық саясаты арқылы экономикалық өмірдің тұрақтылығы жауапкершілігі жүктелді.

Соңғы кездері  шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіндегі  өндіріс саласындағы мемлекет рөлінің  қысқару үрдісі бет алуда. Бірақ, басқа сфераларда, керісінше, өсу  үстінде. Барлығынан бұрын мұндай жағдай бөлу және экономикалық саясаттың құрылу сферасында байқалады. Мұнда тікелей логикалық байланыс бар: экономикалық дамудың жаңа шарттары мемлекет рөлінің өзгеруі мен экономикалық реформалардың өткізу қажеттігін тудырады, ал бұл өз кезегінде мемлекет және оның үкіметінің экономикалық саясат пен экономиканы мемлекеттік реттеуге жауап беретін орган ретінде рөлінің күшеюін талап етеді.

Экономиканың  шикізаттық бағытынан ойысудың, оны  әртараптандырудың алғашқы қадамдары  бұдан бірнеше жыл бұрын басталған  болатын. 2003 жылы үкімет 2015 жылға дейінгі елді индустриялық-инновациялық дамыту стратегиясын жүзеге асыруды бастады. Ол екі өзекті міндетті – экономиканы индустрияландыруды және индустрияландыруды инновациялық арнаға бағыттауды көздеді. Бірінші бағытта өңдеу секторы, оның ішкі нарықтағы және қазақстандық экспорттағы үлесі басым болды.

Стратегия үш кезеңге  бөлінді: 1 кезең – 2003-2005 жылдар; 2 кезең  – 2006-2010 жылдар; 3 кезең – 2011-2015 жылдар.

Информация о работе Экономиканың бәсекеге қабілеттіліші