Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 08:56, реферат
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі әр текті және әр бағытта көптеген факторларға байланысты. Өнімнің нарықта нәтижелі сатылуына әсер ететін факторлар объективті емес, тұтынушылардың субъективті қабылдауына байланысты. Мұндай факторлар экономикалық әдебиетте «табыстың стратегиялық факторлары» немесе «табыстың негізгі факторлары» деген атауға ие болған. Табыстың стратегиялық факторлары өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Әдебиеттердің талдауы көрсетіп отырғандай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі факторларын жіктеудің бірнеше түрлері қалыптасқан.
КІРІСПЕ 3
1 ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің маңызы мен рөлі 6
1.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері 9
1.3 Шетел экономикасының бәсекеге қабілеттілік тәжірибесі
15
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН
ТАЛДАУ
2.1 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің қазіргі жағдайы 19
2.2 Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару жағдайын талдау
25
3 ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Мемлекеттің бәсекеге қабілетті өнім өндірудегі механизмдерін жетілдіру 26
3.2 Экономиканың бәсекелестік басымдықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар 32
ҚОРЫТЫНДЫ
39
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
42
Қазақстан өнеркәсібінің дамуындағы маңызды кезең ХХ ғ. 20–40 жылдарын қамтиды. Қазақстанда индустриализациялау үдерісі ел аумағын жаппай геологиялық зерттеуден және темір жолдарды салудан басталды десе де болады. Елдің табиғи байлықтарын зерттеудің арқасында көптеген пайдалы қазбалардың кен орындары ашылып, елдің КСРО-ғы экономикалық орны мен рөлі айтарлықтай өзгерді. Пайдалы қазба кен орындары Қазақстанда ауыр индустрияны дамытудағы негізгі артықшылық болды. Индустриализациялау кезеңінде түсті және қара металлургия, машина жасау, мұнай өңдеу, көмір, химия өнеркәсіптері қалыптасты. Осы салалар ұзақ жылдар бойы республиканың индустриалды бет-бейнесін айқындап келді. Қазақстанға сол кездері көптеген қаржы салымдары бағытталып, Шымкент қорғасын, Балқаш мыс балқыту, Ақтөбе химия комбинаттары, Рудный Алтай түсті металлургия зауыты, Қарағанды электр стансасы, көмір шахталары, тамақ өнеркәсібі сияқты ірі индустрия ошақтары қалыптаса бастады. Кейіннен Алматыда аяқ киім және тігін фабрикалары, Шымкентте, Семейде, Ақтөбеде, Павлодарда ет комбинаттары, ал Жамбылда, Меркеде, Талдықорғанда қант зауыттары іске қосылды.
Қазақстанның КСРО құрамында болған кездерінде елдің өнеркәсібін қалыптастыруға бөлінген капитал салымдары негізінен ауыр өнеркәсіпті дамытуға бағытталды.
Бұл салаға капитал салымы – 83,6%-ды, соның ішінде түсті металлургия – 44,5%, мұнай – 20%, көмір – 15,3%, химия – 4,8%, электроэнергетика – 8,5%-ды құраған. Сонымен бірге азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары да іске қосылып, елдің экономикасы өндіргіш күштерді, ресурстарды орталықтандыру негізінде жоспарлы шаруашылық арқылы дамуға мүмкіндік алды.
Қазақстан индустриясының 93% орталықтан басқарылып, жұмсалынған капиталдың 70% өнеркәсіптің өндіруші салаларын дамытуға бағытталды. Өнеркәсіпті дамытуға жұмсалған күш-қуаттың ауыр индустрияда шамадан тыс шоғырлануы өнекәсіптің өңдеуші салаларын дамытуда кері әсерін тигізді.
Елдің өнеркәсібі негізінен КСРО кезіндегі бүкіл одақтас республикалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы себебінен бір жақты, негізінен шикізатпен жабдықтаушы ретінде қарастырылды. Осылайша, Қазақстан КСРО-ның халық шаруашылығы кешенінің құрамдас бөлігіне айналды. Бірақ Қазақстанның тау-кен, металлургия, химия өнеркәсіптік индустриалды кәсіпорындары одақтың билігінде болғандықтан, ҒЗТКЖ бойынша жұмыстардың негізгі үлесі республикадан тыс Ресейде, Украинада, Белоруссияда орналасқан ғылыми орталықтарда жүргізілді. Себебі ірi ғылыми зерттеулер, әзiрлемелер және ғылыми мектептер Ресей Федерациясында, Украинада және Беларуссияда басымдықпен шоғырланды. Ал қазақстандық ғылыми орталықтарда капитал сыйымдылығы да, ғылыми сыйымдылығы да аса маңызды емес жұмыстар жүргізіліп отырды. Дегенмен, республикада катализ, органикалық синтез, микробиология, металлургия саласында әлемдiк деңгейдегі күшті ғылыми мектептер қалыптасты.
Қазақстанның Ресеймен салыстырғанда төртінші және бесінші технологиялық укладты (ТУ) сипаттайтын қорғаныс, азаматтық машина жасау салаларындағы үлесі өте төмен, керісінше үшінші және одан да бұрынғы технологиялық укладты сипаттайтын агроөнеркәсіп кешенінің үлесі жоғары. «Қазақстан экономикасы ТУ-дың арақатынасын келесідей бағалауға болады: бесінші уклад кейбір жекелеген салаларда ғана, бірақ оның жиынтық өнімдегі статистикалық мәні өте аз, төртінші уклад-1/3; үшінші уклад және одан да бұрынғы укладтар-2/3 (1990–1991 жылдарға қатысты)» [53, 75 б.].
Қазіргі таңда өңдеуші салалардың құрылымы көп укладты, соның ішінде үшінші технологиялық уклад басым (болат, электр қуаты, органикалық емес химия, ауыр машина жасау). Елде төртінші ТУ қалыптастыру және нығайту шаралары қолданылуда. Оның ядросын келесідей салалар құрайды: автокөлік жасау, трактор жасау, түсті металлургия, ұзақ мерзімді тұтыну тауарлары, синтетикалық материалдар, органикалық химия, мұнайхимия, мұнай өндіру және өңдеу. Ал бесінші ТУ тек қалыптасу үстінде. Оның ядросына: электронды өнеркәсіп, есептегіш, оптикалық-талшықты техника, бағдарламалық қамтамасыз ету, телекоммуникация, робот жасау, авиаөнеркәсіп, газ өндіру және өңдеу, ақпараттық қызмет жатады [54, 87 б.].
Дамыған елдер бесінші ТУ-мен қатар алтыншы ТУ (биотехнология, ғарыштық технология, қазіргі химия) салаларын дамытуға бет бұруда. Ал Қазақстанның өңдеуші салалары әлі күнге дейін ел халқының қажеттіліктерін тұтыну заттарымен толық қамтамасыз ете алмай отыр. Сондықтан да ішкі рынокты отандық өндірушілердің тауарларымен салыстырғанда сапасы жоғары импорт тауарлары жаулап алуы жалғасуда.
Қазіргі таңда
Қазақстанның барлық өңірлерінде өндіріске
халықаралық стандарттарды
37 шаруашылық субъектілерінде, Маңғыстау
облысында 62 кәсіпорында сапаның ИСО сериясының 9000 және
14000 халықаралық стандарттары енгізілген
.
2004 жылы ҚР
Статистика бойынша агенттігі
аймақтық органдармен бірге
Зерттеу кезінде ұйымдардың ғылыми-техникалық күш-қуатына, олардың зерттеу базасына, қызметкерлердің біліктілігіне, қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне, инновациялық цикл бағыттарына, қазіргі жағдайына баға беру негіз болады. Сұрақ жүргізілген ұйымның 34% қазіргі инновациялық циклдың «ғылыми-техникалық дайындық» фазасын құраса, 27% – «жаңа өнімді (жаңа технологияны) игеру» сатысында, ал 39% – «іргелі зерттеулер» жүргізумен айналысады.
Жаһандық техникалық-
Кесте 2 – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға кері әсер етуші факторлар
№ |
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға кері әсер етуші факторлар |
1 |
2 |
әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi және отандық өндірушілердің шетелдік өндірушілермен салыстырғанда бәсекелік қабілеттілігінің төмен болуы; | |
біржақты шикізат өндірісіне бағыттылығы; | |
өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi, өндіріс салаларының шығындық сипаттылығының басымдылығы; | |
кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы, негiзгi қорлардың табиғи және сапалық тозуы; | |
ғылым мен өндіріс салалары арасындағы тығыз байланыстың жоқтығы, «зиялылардың кетуі», мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы; | |
жаңа технологияларды лицензиялау деңгейінің төмен болуы, интеллектуалды меншік құқығын қорғаудың дамымауы; | |
экономиканың
өңдеушi секторларына инвестициялар
салуға отандық қаржы институттары
үшiн ынталандыру көздерiнiң | |
2 – кестенің жалғасы | |
1 |
2 |
инфрақұрылымға
қарсы саясаттың монетарлы | |
банктердің экономикаға инвестиция салу белсенділігінің төмендігі; | |
бизнестің іскерлік белсенділігінің төмендігі | |
Ескерту – Зерттеушілердің еңбектерінің негізінде автормен құрастырылған. |
Қазіргі таңда әлемдік экономиканың жаһандануы барысында Қазақстан экономикасы бірнеше түбегейлі қиыншылықтарға тап болып отыр. Олардың негізгілерін көрсетелік.
2-кестеде сипатталынған ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер беретін факторлармен қатар басқа да кемшіліктерді атауға болады. Олар: технологиялық жаңа ұсыныстарды енгiзудiң және оларды рынокқа шығарудың қазіргі заманғы тетiгiнiң болмауы; инновациялық жобаларға жәрдемдесетiн, технологиялық парктер және мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелдi қаржыландыру қорлар желісінің (венчурлiк қорлар), олардың жедел өсу кезiндегi фирмаларды қолдаудың арнайы қаржылық тетіктерінің, дамыған инфрақұрылымдық элементтердiң болмауы; ішкі рынокта озық технологияларға және өнеркәсіптік жаңа ұсыныстарға төлем қабілетті тапсырыстың болмауы; ғылым және ғылыми-техникалық жетістіктерді қажетсiнетiн өнiмдердiң отандық рыногының әлсіздігі.
Қазақстанда ғылыми
сыйымды технологияларды
Кесте 3 – Дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілік және оның ТМД елдеріне арналған құрауыштары жөніндегі деректер
Елдер |
Дүниежүзілік бәсекелік индексі |
Макроэкономика |
Рынок тиімділігі |
Өндіріс факторлары индексі |
Жоғарғы және кәсіптік білім беру |
Тиімділік индексі |
Технологиялық дайындық |
Инфрақұрылым |
Инновациялар |
Бизнес күрделігі |
Инновациялық индексі |
Институттар |
Денсаулық сақтау және бастапқы білім беру |
Қазақстан |
56 |
10 |
44 |
51 |
51 |
56 |
66 |
68 |
70 |
72 |
74 |
75 |
86 |
Ресей |
62 |
33 |
60 |
66 |
43 |
60 |
74 |
61 |
59 |
77 |
71 |
114 |
77 |
Әзірбайжан |
64 |
17 |
81 |
56 |
82 |
78 |
76 |
56 |
63 |
70 |
70 |
72 |
96 |
Украина |
78 |
74 |
80 |
86 |
48 |
69 |
90 |
69 |
73 |
76 |
78 |
104 |
94 |
Армения |
82 |
71 |
104 |
81 |
80 |
88 |
86 |
92 |
84 |
104 |
93 |
84 |
62 |
Грузия |
85 |
93 |
86 |
82 |
76 |
87 |
106 |
79 |
102 |
116 |
113 |
78 |
61 |
Малдова |
86 |
67 |
92 |
88 |
73 |
85 |
96 |
85 |
100 |
93 |
98 |
101 |
92 |
Тәжікстан |
96 |
96 |
108 |
94 |
98 |
103 |
102 |
108 |
95 |
110 |
103 |
77 |
85 |
Қырғызстан |
107 |
117 |
114 |
109 |
79 |
102 |
122 |
103 |
111 |
105 |
108 |
123 |
91 |
Ескерту – [28, 38 б.]. |
М. Портердің пікірінше «елдің әл-ауқат жағдайы мирас болып мұраға қалмайды, ол жасалады. Ол елдің табиғи байлығынан немесе пайыздық қойылымынан және валюта құнынан өсіп-өнбейді» [48, 8 б.]. Оның дәлелдеуінше, елдің әл-ауқат жағдайын салыстырмалық емес, бәсекелестік артықшылығы жасайды. Портер теориясына негіз болған идея ол бағалық емес бәсекеге қабілеттілік, яғни экономиканың өз өнімін бағадан басқа факторларды пайдалана отырып өткізе білу қабілеті.
Портер моделінде бәсекелік артықшылықтары қатарындағы Қазақстан үшін қазіргі таңда ең басымдысы ол табиғи байлық қоры болып отыр. Табиғи байлықтың экономикалық даму үшін маңызды факторларының бірі болғанымен де ол адам дамуына, яғни оның өмір сүру сапасын, тұрмыс деңгейін сапалы дәрежеге шығара алмайды.
Ал сапалы өмір суру деңгейі материалдық және материалдық емес игіліктердің, оның ішінде жеке басының қауіпсіздігі, адам құқықтарының қорғалуы, сапалы білім алу, медициналық қызмет көрсету, мәдени дамуы, еңбек шарттарының орындалуы және басқалардың болуымен анықталады.
Сурет 7 – Бәсекеге қабілеттілікті арттыру факторлары жүйесіндегі инновациялық даму үлгісі
Портердің «бәсекелік
ромб» үлгісін пайдалана
Сонымен, өндірістік жүйенің тиімді жұмыс жасауы үшін ол біртұтас
құрылым болуы тиіс, яғни жүйенің барлық бөлімдерінің өзара іс-әрекеті бір-бірімен толық сәйкестендірілген түрі ескерілуі керек. Жүйе үшін қабылданған барлық шешімдер және ондағы шаралар жалпы негізгі мақсатқа – өнім өндіруге бағындырылуы тиіс. Сол арқылы өндірістік жүйе сыртқы әлеммен байланыста болады және оған әсер ете алады.
Сондықтан да, осындай мақсатты анықтау үшін өндірістік жүйенің элементтері жағдайынан да көп ақпарат талап етіледі.
2.3 Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару жағдайын талдау
Көп салалы экономика қалыптастыру және нарықтық қатынастарды дамыту аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруда, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуде, халықтың тамақ азық-түлігіне деген қажеттілігін қамтамасыз етуде және ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуде маңызды.
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндіру бойынша оның экономикасын дамытуға басым бағыттардың бірі болып саналады.