Экономиканың бәсекеге қабілеттіліші

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 08:56, реферат

Краткое описание

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі әр текті және әр бағытта көптеген факторларға байланысты. Өнімнің нарықта нәтижелі сатылуына әсер ететін факторлар объективті емес, тұтынушылардың субъективті қабылдауына байланысты. Мұндай факторлар экономикалық әдебиетте «табыстың стратегиялық факторлары» немесе «табыстың негізгі факторлары» деген атауға ие болған. Табыстың стратегиялық факторлары өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Әдебиеттердің талдауы көрсетіп отырғандай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі факторларын жіктеудің бірнеше түрлері қалыптасқан.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің маңызы мен рөлі 6
1.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері 9
1.3 Шетел экономикасының бәсекеге қабілеттілік тәжірибесі
15
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН
ТАЛДАУ
2.1 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің қазіргі жағдайы 19
2.2 Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару жағдайын талдау
25
3 ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Мемлекеттің бәсекеге қабілетті өнім өндірудегі механизмдерін жетілдіру 26
3.2 Экономиканың бәсекелестік басымдықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар 32

ҚОРЫТЫНДЫ
39

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
42

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі.doc

— 415.00 Кб (Скачать документ)


 

                                                                                                   

                                                                                                     Тауар        

                                                                                                     ауыстырғыштар

                                                                                                     қаупі


 

 

 

Сурет 5 – Бәсекелестік тұжырымдамасы .

     1. Экономикалық ауқымы. Әдетте нарыққа  алғаш шыққан ұйымдар жаңа өнімді сату жөніндегі қызметін ондай өнімді дәстүрлі өндірушілерге қарағанда айтарлықтай аз ауқымда сатудан бастайды. Сондықтан олардың өндірістік - өткізу шығындары артығырақ болады, бұл нарықтық бағаның шамамен тең болуы жағдайында азырақ пайда алуға, тіпті шығынға әкеліп соқтыруы да мүмкін.

2. Тауар маркасының  танымалдылығы. Нақты тауарды  тұтынушылар тауарлардың белгілі  бір маркаларын сатып алуға  бағдар ұстанған. Жаңа өндірушілер  өз маркасын жаңа тұтынушылар  арасында танымал етуі қажет.  Көп жағдайларда бұл өте күрделі міндет. Айтар болсақ, мысалы, джинсы киімдер өндірісі саласындағы дүние жүзіне танымал әлемдік көшбасшы «Ливайс» фирмасы бұдан бірнеше жыл бұрын фирма үшін дәстүрлі емес өнім – ерлердің қонымды «тройка» костюмін шығаруды игеруді қолға алды. Технологиялық және өндірістік тұрғыдан алғанда «Ливайске» мұндай жаңа міндетті шешу айтарлықтай қиындық келтірмейтіні түсінікті. «Ливайстың» жаңа өнімді ілгері жылжыту жөніндегі зор күш жігеріне қарамастан, тұтынушылар бұл фирманы тек қана джинсы маталардан тігілген киімдермен байланыстыратын қалыптасқан көзқарасты жеңудің сәті түспеді. Ол уақытта ерлерге арналған осындай костюмдер шығаратын дәстүрлі өндірушілер болды. «Ливайс» өзінің жаңа жобасымен коммерциялық табысқа жете алмады.

     3. Жаңа салаға шығумен байланысты тіркелген шығындар (жаңа стандарттарға, дизайн талаптарына ілесіп отыру және басқалар).

     4. Жаңа негізгі қорларға арналған  шығындар, көптеген жағдайларда  оларды жаңа өнім шығару үшін  құруға тура келеді.

     5. Тауар қозғалысы жүйесіне кіру. Осы саладағы дәстүрлі өндірушілер жаңа өндірушілер үшін олардың жұмыс істеп тұрған өткізу жүйесіне кіруі жолында кедергілер жасауы мүмкін. Бұл жағдайда жаңа тауар өндірушілерге тауар өткізудің өз арналарын құруға тура келеді, бұл жоғары шығындарды талап етеді.

     6. Жабдықтаудың салалық жүйесіне  кіру. Бұл салада тауарды жылжыту  жүйесіндегі сияқты кедергілер  кезігеді.

     7. Өнімнің осы түрін өндіру тәжірибесінің  жоқтығы, осының салдарынан өнімнің  өзіндік құны осы саладағы  дәстүрлі өндірушілердікіне қарағанда жоғары болады.

     8. Саладағы кәсіпорындардың өздерінің  мүдделерін қорғауға бағытталған  мүмкін болатын жауап әрекеттері. Мысалы, қажетті патенттерді сатудан  бас тарту, үкіметке жаңа жергілікті  билік құрылымдарында өз мүдделерін  қорғаштау, осылардың нәтижесінде дәстүрлі өндірушілер салықтық және басқа да жеңілдіктерге ие болуы мүмкін, ал жаңа тауар өндірушілерге нарыққа кіру қиын болады.

 

 

                   1.3 Шетел экономикасының бәсекеге қабілеттілік тәжірибесі

       Нақты ұлттың бәсекеге қабілеттілігі өнеркәсіптің жаңалықтарды өндіріске енгізу қабілеттілігі мен модернизациялауына тәуелді. Көріп отырған нарық қысымы мен талабының нәтижесінде компаниялар әлемдік нарықтағы ең күшті бәсекелестерімен күресте өздерінің артықшылықтарын ұлғайтып отырады. Олар нарықта ішкі күшті бақталастардың, агрессивті жеткізушілер мен жергілікті талапшыл тұтынушылардың болуынан пайда алады.

Қазіргі әлемдік  ауқымдағы бәсеке өсіп отырған экономикалық жағдайда мемлекеттің рөлі маңызды  бола түсуде. Бәсекелестік күрестің негізі білімді қалыптастыру мен меңгеруге қарай ығысқан сайын мемлекеттің рөлі өсе түседі. Бәсекелестік артықшылық күшті жасақталған үдерістер арқылы қалыптасады және қолдау табады.

Ұйымдардың  ұлттық құндылықтарындағы, мәдениетіндегі, экономика құрылымындағы және тарихи дамуындағы ерекшеліктер – бұлардың бәрі табысты бәсеке қабілетіне жетуге өз үлесін қосады. Әр елдің бәсекеге қабілеттілік құрылымында күшті айырмашылықтар болады, себебі, бірде – бір мемлекет барлық салаларда немесе ең болмағанда көпшілігінде бәсекеге қабілетті бола алмайды.

Елдің бәсекеге қабілеттілігі М. Портердің пікірінше  «Бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы  тек ресурстарды пайдаланудың өнімділігіне ғана негізделеді. Елдегі өмір сүру деңгейінің өсімі ресурстарды пайдалану өнімділігіне тікелей байланысты. Адам ресурстарын пайдаланудағы өнімділік олардың жалақасымен анықталады, ал капитал пайдаланудағы өнімділікті анықтайтын табыс». -Оның көзқарасынша, егер ел бәсекеге қабілеттіліктің артықшылықтарына ие болса, онда фирма бәсеке қабілеттілігінің артықшылықтарын барлық түрде алады, яғни экономиканың бәсекеге қабілеттілігі фирмалар мен салалардың халықаралық тұжырымдамасындағы сұрақтың анықтаушысы болады.

     Сонымен,  бәсекеге қабілетті экономика  бірқатар айрықша сипаттамаларды иеленеді (шамамен 100). Оның шамамен 1/3 жалпы, яғни оларсыз бәсекеге қабілетті экономика дұрыс құрылмас еді, немесе жалпы кестеде көрсетілген сипаттамалардың 29 – ы жүйелі – функционалды жүктемелер мен бәсекеге қабілеттіліктің детерминанттары бойынша топтастырылған. Жалпы айрықша сипаттамалар АҚШ экономикасында – 64, Германияда – 52, Жапонияда – 54.

Халықаралық нарықта  мемлекеттің бәсекелік басымдықтары детерминант жиынтығын анықтайды, ол «ұлттық ромб» деп аталады (6 сурет). Ол 4 компоненттен тұрады:

  1. Факторларға жағдайлар. Білікті күш немесе инфрақұрылымның болуы сияқты өндіріс факторларындағы елдің ұстанымы белгілі бір салада бәсекелік күресін жүргізуге қажетті.
  2. Сұраныс жағдайы. Салалық өнім немесе қызметке арналған ішкі нарықтағы сұраныс мінезі.
  3. Ұқсас және қолдаушы салалар. Аталған елде халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті жеткізуші салалар немесе ілеспе салалардың болуы немесе болмауы.
  4. Орнықты стратегия, құрылым және бақталасу. Елде компанияларды құру, ұйымдастыру және басқару жағдайларының болуы, сондай – ақ, ішкі бәсекенің мінезі [22].

Бұл факторлар  компаниялардың пайда болатын және бәсекелесуді үйренетін ұлттық ортаның  пайда болуын анықтайды. Ромб суретінде  көрсетілген әрбір шың және ол тұтастай – халықаралық масштабтағы  бәсекеде жетістікке жетуге маңызды  болатындығын көрсетеді: ресурстар мен білікті жұмыс күшіне қол жетімділік саладағы бәсекелік артықшылығын қамтамасыз етуде қажетті; компанияға сезілетіндей қолайлы мүмкіндіктерді қалыптастыратын ақпараттар және олар өздерінің ресурстары мен қызметкерлерінің біліктілігін қолданатын бағыттар; компания иегерлері, менеджерлер және жекелей қызметкерлердің мақсаттары және өте маңыздысы, компанияны салымдар жасау мен жаңартпаларды енгізуге мәжбүрлейтін қысымның болуы.

 

Сурет 6 – Елдердің бәсекелік артықшылықтар детерминанттары

 

     Егер  елдің ішінде қалыптасқан жағдай  жақсы ақпараттар ағымымен және  белгілі бір өнім мен өндіріс  процесіне қажеттіліктерін түсінуді  қамтамасыз етсе, компаниялар бәсеке  артықшылығын алады. Соңында,  егер елдің ішіндегі қалыптасқан  жағдай компанияларды ұдайы жаңартпалар енгізу мен инвестициялауға мәжбүрлесе, онда компаниялар тек бәсеке артықшылығын ғана алып қоймайды, сонымен қатар уақыт ағымымен қолда бар артықшылықтарды жетілдіреді.

Бәсекеге қабілеттілікті көтеру үшін индустриялық негізді құру, экономиканы диверсификациялау және кластерді дамыту мәселелері Қазақстан басшыларының көңілінде жүрген мәслелер. 2005 жылы аналитикалық зерттеу толығымен аяқталған болатын. Зерттеу кезінде ұлттық экономиканың 150-ден астам саласы зерттелді. Зерттеу «Қазақстан экономикасының алдыңғы қатарлы секторларының бәсекеге қабілеттілігін бағалау және оларды дамыту бойынша ұсыныстарды жасау» жобасыынң шеңберінде жүргізілді. Талдау Қазақстанның потенциалды халықаралық бәсекеге қабілеттілігін, өткізу нарықтарының бар болуы және қол жетімдігін, негізгі және қолдаушы кәсіпорындар арасындағы байланыс деңгейін, сонымен қатар еңбек өнімділігі мен капиталды бағалауды зерттеу мақсатымен жүргізілген. Зерттеу нәтижесінде бірнеше перспективалы бағыттар анықталды – бұл құрылыс материалдарын, мата, металл, тамақ өнімдерін шығару. 

Аймақтағы өндірілетін өнім мен  қызметтің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесіне ТМД елдері де едәуір көңіл бөлуде. Бәсекеге қабілетті  өнім мен қызмет лезде пайда болмайды, оларды өндіру түбегейлі күшті қажет етеді. Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін ең алдымен өнім өндіруші өзінің ауқаттылығын өз мемлекетінде, содан соң аймақ масштабында, ең соңында глобальді масштабта дәлелдеуі қажет. Өнім өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру ТМД елдерінде еркін сауда аймағын құру мақсатының бірі болатын. Тең шарттар озат және шебер өндірушілерге әлсіздерді ығыстыру есебінен өз өндірісін кеңейтуге мүмкіндік берер еді.

ДСҰ-ға кіруде, Қазақстанда өндірілетін тауарлар мідетті түрде халықаралық стандарттарға сай болуы керек. Мысалға, дамыған мемлекеттер сауда режимдерінің либерализациясына, олардың өндірген тауарлары мен қызметтері  жоғары бәсекелестікке қарсы тұра алған жағдайда ғана барады. Біз өкінішке орай, бүгінгі таңда ол деңгейден алыстамыз. Қолда бардың барлығын пайдалана отырып БСҰ-ның мүшелігіне қабылдануға немесе тек ДСҰ -ға мүше болу үшін ғана оған кіруге болмайды. Мүше болуға жұмсалған қаржы-қаражат, осы ұйымға қатысудан алынған табыспен жабылып отыруы қажет. ДСҰ -ға мүше болу, отандық өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің бәсекелестігі ішкі нарықта да сыртқы нарықта да аса маңызды мәселе болып қалады.

Жалпылай таңылған көзқарас бойынша ішкі бәсеке –  бұл артық болып көрінуі мүмкін: ол көшірмелердің өсуін күшейтеді  және компанияларға үлкен көлемді өндіріске жетуге кедергі келтіреді

 

Кесте 1 – Жапониядағы  кейбір өнеркәсіп салаларындағы  бәсекелес компанияларды бағалау  саны

 

Техника атаулары

Компаниялар саны

Техника атаулары

Компаниялар саны

Ауа кондиционерлері

13

Мотоциклдер

4

Дыбыс жазу құралдары

25

Музыкалық инструменттер

4

Автомобильдер

9

Персоналды  компьютерлер

16

Фотоаппараттар 

15

Жартылай өткізбелер

34

Автомагнитофондар

12

Тігін машиналары

20

Көміртегі жіптері

7

Кеме құрастыру

33

Құрылыс құралдары

15

Болат

5

Көшірмелер

14

Синтетикалық  жіптер

8

Факс – аппараттар

10

Теледидарлар 

15

Үлкен компьютерлер

6

Жүк машиналары мен автобустарға резеңке доңғалақтар

5

Автожүктемелер 

8

Жүк машиналары

11

Станоктар

5

Жазу машинкалары

14

Микротолқынды құралдар

5

Видео магнитофондар

10

 

 

     Соңғы  қорытындыдан шығатыны нақты  елдер белгілі бір салалардағы  жетістікке ішкі жағдайларда  қолайлырақ, серпіндірек және келешегі  айқын боуына байланысты жетеді.

Бәсекелестік  қабілетті анықтайтын факторлар: экономикалық әлеует пен экономиканың өсу қарқыны; өндіріс тиімділігі; халықаралық еңбек бөлінісінде қатынасу; ішүкі рыноктың серпінділігі және сиымдылығы;ғылым мен техниканың даму деңгейі; техникалық жетістіктерді игеру қарқыны; қаржылық жұйенің анықтылығы, икемділігі; экономиканы мемлекеттік реттеудің ықпалы; еңбек рыноктарының біліктілік деңгейі және олармен қамтамасыз етілгендігі; әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси ахуал.

      Бәсекеге жоғары қабілеттілік  мына жағдайлармен сипатталады:  жоғары экономикалық бизнеспен,  экономиканың құрылымымен және әлемдік сұраныстың өзгеруіне бейімделумен; ұлттық мамандануды дәл таңдау; алғыр және ақылға сыймайтын бәсекеден бас тарта білу; жаңа тауарлар шығаруға көше білу; жаңа рыноктарды игеру; әлемдік сұраныстың ғаламдық құрылымын білу және қажетті бағытта белсенді қалыптастырумен.

     Дүниежүзілік  рынокта сыртқы экономикалық  байланыстар мемлекеттердің саясатымен  анықталады, және бірқатар тауарлар  рынокқа түспейді: әлемдік бағалармен, бәсекелестердің көп болуынан  салыстырмалы төмен мамандандырумен шарттасылады. Бұл рынокта нарықтық экономикасы дамыған елдер маңызды рөл атқарады, олар ұлттық рынокта қолдампаздық саясатымен қорғайды, өз тауарларын экспорттау саясатын жүргізеді, әлемдік рынокты реттеуде мемлекеттік –монополиялық формаларын қолданады.

     

           

 2  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстанның  бәсекеге қабілеттілігінің қазіргі  жағдайы

       Әлеуметтік-экономикалық дамуды, отандық технологияларға негізделген Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету міндеттерін елдің технологиялық даму стартегиясы мен басымдықтарын әзірлеусіз шешу мүмкін емес.

Тиімді ғылыми-технологиялық  дамуды қамтамасыз ету үшін алдымен  ғылыми, қаржылық және материалдық  ресурстарды тиімді пайдаланып, шоғырландыру қажет. Қазақстанның индустриалды дамыған елдер қатарына қосылуына қол жеткізудегі ғылыми-техникалық, өндірістік жағдайына тоқталмас бұрын, оның Кеңес одағы кезіндегі индустриализациялау кезеңіне қысқаша шолу жасағанды жөн көрдік.

Қазан төңкерісіне  дейінгі Қазақстан экономикасына  көшпелі мал шаруашылығы мен  әлсіз дамыған жер өңдеуге  негізделген дәстүрлі экономика  тән болатын. Ол кездері жергілікті шикізатты өңдеуші өнеркәсіптің негізі енді қаланып келе жатты.

Информация о работе Экономиканың бәсекеге қабілеттіліші