Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 22:20, курсовая работа
Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, обьективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешелік ролімен айшықталады.
Қаржы бір уақытта қоғамның таптарға жіктелуі кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар-ақша айрбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды.
Кіріспе
І-тарау. Инфляция экономикалық құбылыс ретінде
1.1 Қазіргі несие жүйесінің құрылымы............................................................4-7
1.2 Инфляция туралы ұғым................................................................................8-9
1.3 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.......................................................................................................10-20
ІІ-тарау. Қаржы және инфляция
2.1 Инфляцияның себептері мен салдары....................................................21-22
2.2 Инфляцияның альтернативті (баламалы) көздері.................................23-24
2.3 Инфляцияның түрлері. Филлипстің қисық сызығы..............................25-28
ІІІ-тарау. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат шаралары
3.1 Инфляцияға қарсы саясат ........................................................................29-36
3.2 Әміршілдік-әкімшілдік жүйе жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері..................................................................................................37-38
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Жалақыны реттеу бастапқы (қол жеткен) деңгейден еңбек өнімділігінің нақты артуына қатаң байланыста жүзеге асырылады, өйткені номиналды жалақы мөлшерлемелерінің еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына тең өсімі өзінің сипаты бойынша инфляциялық емес болып табылады.
Сыртқы экономикалық қызметті қамтып көрсететін төлем балансы тарапынан инфляцияны төмендету шаралары оның құрылымын жақсартуда болады. Бірінші кезекте бұл тауарлар мен қызметтердің, яғни экспорттық – импорттық операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы операциялар бойынша теңдікке жетуге қатысты болады.
Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортталатын тауарлар мен қызметтерге ішкі сұранымды отандық тауарлар мен қызметтерге ауыстыру есебінен, сондай-ақ сыртқы сұранымға қарағанда экспорттық өндірістің икемділігін арттыру есебінен жету керек. Бұған реалистік деңгейде валюта бағамын белгілеу саясатын жүргізу, инфляциялық серпіліс кезеңінде сауда және валюталық шектеулердің ұтымды ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру арқылы жетеді.
Инфляцияны басқаруды жақсарту және инфляцияға қарсы саясат шараларының бірі ретінде қазіргі кезде инфляциялық таргеттеуге үлкен маңыз беріледі.
Ұлттық банктің негізгі міндеті ретінде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша-кредит саясатындағы мүлдем жаңа айқындама Ұлттық банк жарияланған Еуроодақ стандарттарына және инфляциялық таргеттеуге көшумен үйлеседі. Инфляциялық таргеттеу қағидаттарына дайындық және оған көшу ақша базасы бойынша мақсатты көрсеткіштерден біртіндеп бас тарта отырып, инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшуді болжайды. Соңғы жылдары формалды мақсатты инфляциялық көрсеткіштерді белгілеуге негізделген ақша –кредит саясаты өнеркәсібі дамыған елдерде ғана емес, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан елдерде де кеңінен қолданылуда. Инфляцияның мақсатты көрсеткіштері жүйесі жүргізілетін ақша-кредит саясатына деген сенімді арттырады. Инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерді қолданатын өтпелі экономикасы бар елдер қатарының өсуі осы жүйенің артықшылқтары бар екендігінің жанама белгісі болады.
Австралия, Канада, Финляндия, Жаңа Зеландия, Испания, Швеция, Ұлыбритания инфляцияның мақсатты таргеттеуіне көшті. Сонымен қатар, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан көптеген елдер де: Бразилия, Чили, Чехия, Израиль, Польша, Оңтүстік Африка Республикасы инфляцияны таргеттеуге көшеді. Инфляцияны мақсатты таргеттеудің түрлі түрлендірулері болады.
Ұлттық банк рыноктық мөлшерлемелерді репо мөлшерлемесімен айқындайтын кейбір дәлізде ұстап тұру арқылы инфляцияны басқаруды көздейді. Сонымен бірге инфляциялық таргеттеу тетігінің мынандай түрі болады. Ұлттық банк репо мөлшерлемесі мен оның өзгерістер дәлізінің енін өзгерте отырып банктік резервтер мен банкаралық пайыздық мөлшерлемелер арасындағы белгілі бір балансқа қол жеткізеді. Банкаралық мөлшерлемелер өз кезегінде, кредиттер мен депозиттер бойынша банктік мөлшерлемелерге ықпал етеді, сонымен қатар банктік өтімділікті, яғни инфляцияны да айқындайды. Инфляциялық таргеттеу кезіндегі негізгі құралдар ашық рынок операциялары болады. Ашық рынок операцияларына ішкі рыноктан мемлекеттік бағалы қағаздарды, оның ішінде кері сатып алу міндеттемесімен (репо операцияларымен) сатып алу және сату кіреді. Репо операцияларының көлемі мен мөлшерлемелері оперативтік көрсеткіштер болып табылады. Мемлекеттік бюджет орнықты болғанда, микроэкономикалық тұрақтылық және қаржы жүйесінің тұрақтылығы, орталық банктің тәуелсіздігі, ақпараттың ашықтығы жағдайларында инфляциялық таргеттеу табысты енгізілуі мүмкін. Қазіргі кезде Қазақстанда осы алғышарттардың бәрі бар.
Қазіргі уақытта инфляциялық таргеттеуді еңгізуге дайындық шеңшеберінде мынадай шаралар қабылданды. Ұлттық банк 2000 жылдан бастап ақша-кредит саясатын жоспарлаудың үш жылдық деңгейін белгіледі. 2004 жылдан бастап инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер – «базалық инфляция» индексі қолданыла отырып белгіленеді. Бұл индекс монетарлық емес факторлар бағаларының деңгейіне дағдарыстық ықпалы жояды және инфляциялық процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді. 2004 жылдың қаңтарынан бастап Ұлтық банктің мақсаты ретінде бағаларды тұрақтандыру және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға тиым салу міндеті заңмен бекітілді, бұл инфляциялық таргеттеу енгізудің қажетті шарттарының бірі болып табылады. Еліміздің орталық банкі ретінде Ұлттық банктің тәуелсіздігін күшейтетін нормативтік құқықтық актілер әзірленіп жатыр. Тұрақты негізде қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу мүмкіндігі қарастырылуда. 2002 жылдың қазан айынан бастап Халықаралық валюта қоры Ұлттық банкке инфляциялық таргеттеу тетігін әзірлеу мәселеріне қатысты ақпараттық және консультациялық көмек көрсетіп келеді.
Инфляциялық таргеттеуге көшуге қажетті база жасау үшін Ұлттық банктің алдында бірқатар мынадай ірі проблемаларды шешу міндеті тұр:
ашық рынок операцияларын кең ауқымды көлемде жүргізуге көшу үшін жағдайлар жасау;
өзінің бағалы қағаздар портфелін ұлғайту;
бағалы қағаздарының қайталама рыногын дамыту;
трансмиссиялық тетіктің үлгісін, яғни репо мөлшерлемесі өзгерісінің инфляция деңгейіне ықпалын бағалау мумкіндік жасайтын үлгіні әзірлеу;
инфляциялық таркеттеуді пайдалана отырып, шешім қабылдау қағидаттарын іске асыру рәсімін әзірлеу және т.б.
3.2 Әміршілдік-әкімшілдік жүйе жағдайындағы инфляцияның ерекшелігі
Соңғы жылдары инфляция бұрынғы КСРО елдеріндегі ең қиын халық шаруашылығы проблемасына айналды. Әміршілдік-әкімшілдік жағдайында инфляция “қысыңқы”, “басыңқы”, “жабыңқы” күйде болып,көптеген тапшылықтар болуы мен өнім сапасының үнемі төмендеу түрінде көрініп келді. Рыноктың құрыла бастауы инфляциялық процестерді едәуір дәрежеде өршітті. Инфляцияны бәсеңдету үшін баға мен табысқа түгелдей әкімшілік бақылауды күшейту нарық қатынастарының дамуына теріс әсер етті. 1992 жылға дейін бұрынғы КСРО елдерінде инфляцияға қарсы жан-жақты ойластырылған шаралар жүргізілген жоқ. Мысалы, Ресей Федерациясындағы, Қазақстандағы жағдайлардың күрделілігі инфляцияға қарсы саясатты тек жанама экономикалық әдістер арқылы жүргізуге болмайтынын көрсетті. Халық шаруашылығы пропорциясын бірте-бірте мемлекеттің тиімді құрылымдық саясаты арқылы қалпына келтіруге болады. Ол үшін әскери өндіріс пен әскери шығындарды қысқарту,өндірісті бюджеттік қаржыландырудан гөрі кәсіпорындардың акционерлік капиталын пайдалануға көшу және экономикадағы монопольді құрылымдарды жою қажет. Бұлардың өзі ақша массасын азайту,мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жою,елдің валюта курсын тұрақтандыру және экономикада бәсекені күшейту сияқты қосымша шаралармен толықтырылуы тиіс.
Қорыта айтқанда қазіргі инфляция сан қилы,көп факторлы күрделі процесс,ол белгілі бір дәрежеде барлық елдерді қамтиды. Инфляцияның жоғары қарқыны елдің, халықтың экономикалық дамуына көптеген зиян келтіреді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қаржының қажеттігі обьективті мән-жайдан-тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы-табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Курстық жұмысымды қорытындылай келе экономикадағы қаржы нарығының ұйымдастырылуы экономиканың қалыпты бір тетігі болып табылады. Қаржы нарығы қоғамдық қатынастардың бір сипаты іспеттес. Осы қаржы нарығы арқылы экономиканың көптеген тетіктерін жаңартуға болады.
Қаржы нарығы құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.
Бағалы қағаздар нарығының кейбір белгілері қазан революциясына дейін болғанымен, соңғы 70 жыл бойы оның ешқандай өсу белгісі болған жоқ. Ал 90 жылдардың басында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде, оның ішінде Қазақстанда басталған нарық қатынастары даму және одан әрі жетілу үшін белгілі бір уақыт қажет. Себебі, нарық мнешік қатынастарын және мемлекет пен жергілікті басқару органдарының қаржы саясатын өзгертуден басталады. Нарық ең бірінші меншікті жекеменшіктендіру және мемлекеттік кәсіпорындарды акцияландырудан басталады. Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы үйренген әдіс-ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздардың бірі қысқа мерзімді мемлекеттік вексельдерді шығарумен айналсуда.
Бағалы қағаздар нарығына
қатысушыларды және оған қатысу жағдайларын
мемлекет белгілейді. Себебі, мемлекеттік
заң актілерінде елдің
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар-оларды шығарушылар және инвесторлар немесе инвестициялық институттар. Бағалы қағаздар нарығына қатысушы заңды тұлғалар мемлекеттік лицензия, ал жеке тұлғалар мамандығы туралы аттестат алулары шарт.
1 сызба. Қаржы мен инфляцияның өзара іс-әрекет і
1 кесте.
Көрсеткіштер жылдар |
2001ж |
2002ж |
2003ж |
2004ж |
2005ж |
2006ж |
Тұтыну бағалары-ның индексі |
106,4 |
106,6 |
106,8 |
106,7 |
107,5 |
108,4 |
Соның ішінде: азық- түлік тауарлары |
108,8 |
107,1 |
107,1 |
107,4 |
108,1 |
107,3 |
Азық-түлік емес тауарлар |
104,5 |
106,3 |
106,9 |
106,2 |
105,9 |
107,1 |
Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер |
103,5 |
105,8 |
105,9 |
105,9 |
108,0 |
111,6 |
2 сызба. Инфляциялық шиыршық
және т.т.
Қолданылған әдебиеттер