Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 22:20, курсовая работа
Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, обьективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешелік ролімен айшықталады.
Қаржы бір уақытта қоғамның таптарға жіктелуі кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар-ақша айрбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды.
Кіріспе
І-тарау. Инфляция экономикалық құбылыс ретінде
1.1 Қазіргі несие жүйесінің құрылымы............................................................4-7
1.2 Инфляция туралы ұғым................................................................................8-9
1.3 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.......................................................................................................10-20
ІІ-тарау. Қаржы және инфляция
2.1 Инфляцияның себептері мен салдары....................................................21-22
2.2 Инфляцияның альтернативті (баламалы) көздері.................................23-24
2.3 Инфляцияның түрлері. Филлипстің қисық сызығы..............................25-28
ІІІ-тарау. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат шаралары
3.1 Инфляцияға қарсы саясат ........................................................................29-36
3.2 Әміршілдік-әкімшілдік жүйе жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері..................................................................................................37-38
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Инфляция жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсер етеді. 1958 жылы ағылшын экономисі А.Филлипс оның ықпалын көрсететін «сұраныс инфляциясы» деген үлгіні ұсынды. 1861-1956 жылдардағы Ұлыбритания санақтары деректерін пайдалана отырып, ол жалақы ставкасы өзгеруі мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділіктің кері әсерін қисық сызық арқылы көрсетті. Сөйтіп, Англиядағы жұмыссыздықтың 2,5-3 проценттен артық көбейтуі баға мен жалақы өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді.
Филлипс есебінің теориялық негізін экономист Р. Липси жасады. Бұдан әрі американ экономистері П. Самуэльсон және Р. Солоу Филипсстің қисық сызығына өзгерістер енгізіп, жалақы ставкасы тауар бағалары өсуі қарқынымен ауыстырды. Үкімет Филипсстің қисық сызығын сол күйінде экономикалық саясатты жасаудың құралы ретінде қолданды. Әсіресе ол толық жұмыспен қамту және өндіріс бағасының тұрақтылығын анықтайтын жағдайда пайдаланылды.
Абцисса осінде жұмыссыздық деңгейі, ординат осінде тауар бағаларының өсу қарқыны бейнеленеді. Қисық сызық осі параметрлерінің көрінісі. Егер үкімет жұмыссыздық деңгейі И1 (оған баға өсу қарқыны сай Р1 келеді) төтенше жоғары деп есептесе, онда оны төмендету үшін бюджеттік және ақша-несие шаралары қолданады, олар өз кезегінде сұранысты күшейтеді. Бұл өндірістің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі. Жұмыссыздық нормасы И2 мөлшеріне дейін төмендейді, бірақ дәл сол мезгілде инфляция қарқыны Р2-ге дейін жоғарылайды. Мұндай жағдайлар экономиканың ұшырауына әкелуі мүмкін, сондықтан үкімет несие беруді тежеу, мемлекеттік бюджеттің шығыстарын кеміту және т.б. шаралар жүргізеді. Нәтижесінде бағаның өсу қарқыны Р3 деңгейіне төмендеп, ал жұмыссыздық өсіп, оның нормасы И3 болады.
Экономикалық реттеу тәжірибесі көрсеткендей, Филлипстің қисық сызығы қысқа мерзімді экономикалық жағдайларда қолдануға келеді. Өйткені ұзақ мерзімді жоспарды (5-10 жыл) жұмыссыздықтың жоғары болуына қарамастан инфляция үдейе береді, мұның бірталай себептері бар.
Бұлардың ішіндегі жиынтық
сұранысты ынталандыру
Мұндай өзара тәуелділікке 60-жылдары американ экономисі М. Фридмен ерекше назар аударды. Ол жұмыссыздықпен күресуде жиынтық сұранысты инфляциялық шаралармен “толтыру” тиімсіз деп көрсетті. Сонымен , халық өзінің “жалған күтуін” сезіп, номиналды ставканың жоғарsлатуы жалақыны сатып алу қабілетін жоғарлатумен сәйкес еместігін түсінгенде ғана инфляцияның өсуі еңбекті ұсынудың өсумен жүрмей оның азаюы, яғни жұмыссыздықтың өсуінен жүреді.
Филлипстің қисық сызығын
экономикалық талдау үшін тек қарқыны
төмен, баяу инфляцияға ғана қолдануға
болады деген де сөздер бар. Күтпеген
экономикалық күйзелісте (мысалы 70-жылдардағы
энергия кездеріне бағаның
Мұның орнына жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деген теория шықты. Ол 1979 жылдан АҚШ-тың (Рейган мен Дж. Буштың республикалық әкімшілігі) және англияда (М.Тэтчер үкіметі) экономикалық талдауында қолданылды.
Бұл теорияның мәні мынада: қарқыны баяу, орта, яғни қоғамға қолайлы инфляция деңгейі тек жұмыссыздықтың табиғи дәрежесінде ғана мүмкін болады. Ал табиғи жұмыссызыдық әр түрлі кәсіп иелерін жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттарға сүйене отырып, олардың фрикциондық және құрылымдық түрлерін есептеу арқылы анықталады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен инфляция қарқынын баяулатуға, тұрақтандыруға бағытталған экономикалық саясат мақсатына жете бермейді. Оның оңды нәтижелерімен қатар (80 – жылдардың екінші жартысында АҚШ-та инфляция қарқыны едәуір төмендеді), мынаны атап өту керек, жұмыссыздық табиғи деңгейіне жеткенде инфляция біраз уақыт инерциямен қозғалады да содан кейін оның қарқыны жедел төмендейді. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі соңғы онжылдықта барлық батыс елдерінде дерлік өсті (АҚШ-та 60-жылдары 4% болса, 80-жылдары 6-7%-ке дейін өсті).
3.1. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды.
Инфляция кезінде мемлекет іс – қимылының екі нұсқасы болады:
бұл кезде табыстарды,
жалақыны, пайыздық өлшермелерді, инвестицияларды
индекстеу жөнінде шаралар
компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және т.с.с.
Инфляцияны жою жөніндегі
шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет
етуінің өндірістік-
Сұраным инфляциясын жоюға ақша және фискалдық саясатты пайдаланудың біршама қатардағы микроэкономикалық әдістермен жетуге болады.
Инфляцияға қарсы саясат – инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мұндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген: дефляциялық саясат және кірістер саясаты.
Дефляциялық саясат – мемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.
Кірістер саясаты – бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллельді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін.
Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін кіріктіреді:
Инфляцияға қарсы фискалдық
саясат салықтарды көбейту, мемлекеттің
шығыстарын қысқарту және осының негізінде
мемлекеттік бюджеттің
Салық саясаты инфляция жағдайында екі өзара байланысты, бірақ қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс:
Біріншіден, мемлекеттік бюджеттің теңсіздігіне жету және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру керек;
Екіншіден, экономиканың бастапқы буындарында - өндіріс пен айырбас сферасында экономикалық белсенділікті жандандыру қажет.
Инфляцияға қарсы саясатты
жанама салық салуды қысқартуда болып
отыр. Жанама салықтардың инфляциялық
сипаты болады, өйткені олар бағаны
өсіреді, сұранымды қысқартады. Жоғары
салықтардың іс - әрекетінің екінші
аспекті өндіріске олардың қысы
Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцентпен жеңілдіктеудің шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым және сенімді салық жүйесі тәуірірек болады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын салық пен мүлік құныныа қарай мөршерлемелерді жіктеудің жоғары дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.
Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасына да, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қатысты материалдық өндіріс сферасына да таратуды қажет етеді. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас бөлігіне – шығындар немесе өндірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бұл жөнінде инфляцияның екі түрі мен қарсы әрекеттің кешенді әдістері себептерінің өзара байланысы байқалады.
Жалпымемлекеттік және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары жайында басты бағыт барлық мүмкін болатын баптар бойынша оларды барынша қысқарту болып табылады. Әлбетте, зейнеткерлерді, оқушыларды, тіркелген кірістері бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршендік маңызды әлеуметтік қажеттіліктер қамтамассыз етілуі тиіс.
Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:
а) тура әдістерімен – шектеумен (рестрикциялармен), яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;
ә) секвестірлеу әдісімен – барлық шығыстарды әртүрлі факторлармен анықталатын төмендеудің берілген жалпы мөлшеріне сәйкес үйлесімді төмендетумен;
б) қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен;
в) мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейін шектеумен.
Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген ұлттық бағдарламаларының іс-қимылын, тез қайтарым бермейтін әртүрлі лайықты жобалардан, шаралардан бас тартуды және т.с.с. шалады.
Мыналардың нәттижесінде инфляцияның екінші типін – шығындардың (өндірушілер инфляциясының) өсуінен туатын инфляцияны жою проблемаларын шешу неғұрлым қиынырақ болып келеді:
Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою өзара байланысы проблемалардың бірнеше күрделі блоктарын шешуді қажет етеді.
Инфляцияны төмендету
проблемаларының бірінші блогы
экономикалық тұрақтандырудың бүкіл
жүйесінің орталық буыны
Біріншіден, еңбек өнімділігінің үәждемілік ынталандырмаларын, оның тиімді нәтижелеріне ынталықты күшейту мәселелерін шешу, басымдық ретіндегі өндірістік еңбек қызметін қалпына келтіру. Бұған қажырлы еңбек пен оның нәтижелерінің арасында тікелей байланыс болатын жекеше өндірістік секторды дамыту негізінде қол жетеді.
Сауда – делдалдық сфераға қарағанда өндірістік сфераның басымдығын қамтамасыз ету қажет. Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге салықтардың жеңілдік жүйесімен, несиені кедергісіз алумен және несиелер бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелермен, ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қорларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, аударымдарды белгілеумен және т.с.с жетуге болады, қажетті жағдайда өндірістік сектор қызметінің басым түрлерін қаржыландыру жолымен тікелей қолдау жүзеге асырылды.
Инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі шаралар жүйесіндегі қажетті элемент нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің экономикалық жауапкершілігі механизмін жасау болып табылады; аталған механизмдердің іс-қимылы мына сызбаға саяды: шағындардың төмендеуі – бағалардың төмендеуі - өндірістің өсуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы – ұсынымның көбеюі – сұранымның қанағаттандырылуы.
Бәсеке механизмін жасау монополияға қарсы шараларды жүргізумен, меншіктің түрлі нысандарын дамытумен, шаруашылық – қаржы қызметіндегі олардың теңдігін заңнамалық түрде қамтамасыз етумен байланысты болады.
Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде бағамен жалақыға бақылау қою болып табылады. Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын таңдау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп отырады. Базалық технологиялық шекте – шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор. Тап олардың құны келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл пирамидасының негізіне қойылады.