Инфляция экономикалық құбылыс ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 22:20, курсовая работа

Краткое описание

Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, обьективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешелік ролімен айшықталады.
Қаржы бір уақытта қоғамның таптарға жіктелуі кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар-ақша айрбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды.

Содержание

Кіріспе
І-тарау. Инфляция экономикалық құбылыс ретінде
1.1 Қазіргі несие жүйесінің құрылымы............................................................4-7
1.2 Инфляция туралы ұғым................................................................................8-9
1.3 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.......................................................................................................10-20
ІІ-тарау. Қаржы және инфляция
2.1 Инфляцияның себептері мен салдары....................................................21-22
2.2 Инфляцияның альтернативті (баламалы) көздері.................................23-24
2.3 Инфляцияның түрлері. Филлипстің қисық сызығы..............................25-28
ІІІ-тарау. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат шаралары
3.1 Инфляцияға қарсы саясат ........................................................................29-36
3.2 Әміршілдік-әкімшілдік жүйе жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері..................................................................................................37-38
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

инфляция.doc

— 199.50 Кб (Скачать документ)

Монополияландырылған экономикада  бұл механизм әрекет – етпейді, өйткені  өндіруші-кәсіпорынның шикізаты, материалдарды, шала фабрикаттарды, жинақтау бұйымдарын, жабдықты, саймандарды жеткізушілерді таңдай алмайды. Ол жеткізушілер тарапынан белгіленген бағалармен келісуге мәжбүр болады және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз кезегінде ары қарай технологиялық өзгертіп жасау бойынша түпкі тұтынушыға – халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет шығыстары мен кредиттерді шектеу жөніндегі шаралар өндірістің құлдырауына жеткізеді.

Жалпы инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділігінен болады.

Инфляция сыртқы экономикалық қызмет тарапынан араңдатылуы мүмкін, бұл  – импортталатын және экспортталатын инфляция. Бірінші жағдайда ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарлауынан туады.Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте депозиттейді, орнынан ұлттық валютада баламалы сома алады; банк пасивтері артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және кредиттік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиналдырылған ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.

Экспортталатын инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы – елдерде , соның ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың – рыноктерде үстемдік жағдайы пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық операциялары олар болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын жасайды. Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және комерциялық және орталық банктер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады.

Инфляцияның көріну нысаны – ақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауарларға және қызметтерге бағаның көтерілуінде тұлғаланатын оның сатып алуға жарамдылығының тиісінше төмендеуі*

Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар ауқымынан оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде. Ақшаның жұмыс істеу негізі болып табылатын оның бұл қасиеті оған өзінің арналымын – тауар, төлем айналымына қызмет көрсетуге отырып, тиімді орындауға, қорланым мен құнды сақтаудың құралы болуға мүмкіндік береді. Бірақ ақшаның бұл қасиеті мемлекет белгілеген өлшемге сәйкес оның саны мен оған қарсы тұратын құнның натуралдық-заттай компоненттерінің сәйкестігі жағдайында көрінеді. Жалпы алғанда мұндай тәуелділік айырбас теңдеуі арқылы көрінеді:

 

                                        Р x Q = M x V,

 

Мұндағы сол жақ бөлігі қоғамдық өнім құнын, ал оң жағы ақша айналысының  жылдамдығын ескере отырып ақшаның  санын (М – ақша массасы, V – айналыс  жылдамдығы) білдіреді.

Ұлттық өндірістің артуы жағдайында ұдайы өндіріс процестерінде материалдық ағындарға қалыпты қызмет көрсету үшін ақшаның саны үйлесімді өсуі тиіс, өндіріс төмендеген кезде ақшаның артық санын айналыстан алу қажет. Алайда, практикада соңғы шарт бірқатар себептер бойынша ылғи орындала бермейді, бұл себептер тиісінше инфляцияның өмір сүруінің себептері де болып табылады.

Қазіргі мемлекет қаржы – қаражатының, бірақ өзінің негізгі бөлігінде  тауар айналысымен байланысты емес едәуір көлемін керек ететін сан  алуан функциялар орындайды. Бұл  халықтың аз қамсыздандырылған топтарын әлеуметтік қолдау шығыстары, денсаулыққа, мәдени – ақпараттық мақсаттық, білімге, басқаруға, қорғанысқа, жұмсалатын шығыстар. Кінәратсыз экономика жағдайында мұндай шығыстардың көбеюі оның өздігінін дамуына жәрдемдесуі мүмкін, өйткені тауарлардың көбеюін және ұлттық өндірістің өсуін ынталандыра отырып, тиісті өнімге, қызметтер көрсетуге, тауарларға қосымша төлем қабілеті бар сұранымды туғызады.

Тұралаушы экономикада мұндай шараларды  қаржыландыру үшін шаруашылық жүргізуші  субъектілер мен халықтың қарыздар алу жолымен жұмылдырылуы мүмкін бос ақшалары сияқты салықтық түсімдердің жетіспеушілігі сезіліп тұрады. Мұндай жағдайда бұл шығыстарды жабудың бірден-бір көзі қосымша ақша шығару (эмиссия) болып табылады.

Өндірістік емес сфераны қаржыландыру міндеттіліктерімен қатар мемлекет дағдарыс жағдайында көпшілік қолды тауарларға салыстырмалы төмен бағаларды қолдау қажеттілігінен залалды болып табылатын өндірістік сфераның қызметін қамтамасыз ететін салаларды қолдап отырады. Бұл қолдау не шаруашылық субъектілерге тура қаржылар бөлуде, не зияндарды өтеуге берілетін жәрдемқаржыларда, не мұндай субъектілерді жеңілдікпен несиелендіруде банктердің төмен пайыздық мөлшерлемелерін өтеуге көрінеді; сондай – ақ бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерге берілетін кредиттерге кепілдік берілуі мүмкін. Барлық жағдайда, әдеттегідей, баламалы қаржы ресурстарының алынған көлемі түрінде экономикаға қажетті қайтарым әкелмейтін қосымша ақшалай қуат беру болады.

Инфляция өндірістік сфераға, халықтың көптеген жігінің материалдық жағдайына, инвистициялық қызметке қауіпті әсер етеді.

   Инфляцияның класикалық көзі – мемлекеттік бюджет тапшылығы Қазақстан үшін де сипатты. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991ж. бюджеттің бөлігінде 20,4%, 1992-8.6%, 1993-11.9%, 1994-10.2%, 1995-17.4%,1996-15.4%,1997-17.7%,1998-18%,1999-14.3%, 2000-9,8%, 2001-6.4% құрайды. 2002 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 4,7 миллиард теңгені (ЖІӨ-ге 0,12%) құраса, 2003 жылы ол 53,4 миллиард теңгені немесе ЖІӨ-ге 1,2% құрады.

Инфляцияның дамуына  инфляциялық нәтижені тудырған жаңа салықтарды – алғашқы мөлшерлемесі 28% қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді, экспорттық және импорттық кеден баждарын енгізу, өнімнің өзіндік құнына қосылатын қаражаттар аударымдарын экономиканы жаңғырту қорына (бұрын – инвестициялық қор), халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымдарды бірден көбейту сияқты қаржыны және әлеуметтік шараларды асығыс жүргізу мүмкіндігін туғызады.

Инфляцияның дамуының қосымша  факторы пайдалынылатын кредиттер  бойынша пайыздарды жатқызудың тәртібі  болып табылады; кредит үшін төлемақының өсуі жағдайында бұл өнімнің өзіндік құнының, оның ізін шала бағаның да өсуіне соқтырады.

Айтылған фаторлар өндіріс шығындарын - өндірушілер инфляциясын арандатушы факторларға жатады.

Бағалардың артуы жағдайында халықтың, әсіресе жеке кәсіптік және әлеуметтік топтардың әлеуметтік дәмегөйліктерінің өсуін инфляцияның даму фаторы деп есептеуге болады.

 

 

 

 

 

 

ІІ-тарау. Қаржы және инфляция

2.1. Инфляцияның  себептері мен салдары

Инфляция – бұл  көп факторлы құбылыс және ол - тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпылай  және әркелкі өсуі түрінде байқалатын ақшаның құнсыздануы.

Ақшаның құнысыздануы келесі факторлардың әсерінен қалыптасады:

  • Ақшаның айналымға артық көлемде шығарылуы
  • Тиімсіз төлем балансы
  • Үкіметке деген сенімсіздіктің қалыптасуы

Толығымен алғанда инфляцияның себептеріне экономикадағы дағдарыстық жағдайлар, жалпы қоғамдық өндірістің тиімділік деңгейінің төмендігі жатады.

Инфляцияның негізгі  себептерін айқын түсіну үшін инфляцияның  шартты түрде “сұраныс инфляциясы”  және “шығындар инфляциясы” деп  аталатын өзара байланысты екі типін қарастыруға болады. 

Сұраныс инфляциясы  жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныстан көп болған жағдайда қалыптасады (ақшаның көп мөлшері аз тауарға жұмсалуға бағытталып, мемлекеттің, кәсіпорындардың және өндірістің шығындары көбейеді). Мұндай жағдайлар көптеген құбылыстарға  байланысты қалыптасады.  Мысалы,

 а) Егер сұраныс  артып және экономика толық  қанды қуаттылықпен жұмыс жасап,  тауарлар мен қызметтердің көлемін  арттыруға мүмкін болмаған жағдайда

 б) Егер мемлекет  тарапынан кәсіпорындарға субсидия беріліп, бірақ, олар қайтарылмаған жағдайда (мысалы, ауыл шаруашылығы саласы)

 в) әскери салаға бөлінетін шығындар көбейген жағдайда.

 г)  сұраныс инфляциясы  – тауарлар мен қызметтердің  көлемдерінің айналымына сәйкес  кездейсоқ айналымның заңды нәтижесіне байланысты .

      Аталған  және басқада мүмкін себептер  жиі орын алған кезеңде қоғамдағы  инфляцияға қарсы шаралар шиеленесіп, инфляция туындайды. 

 Осыған сәйкес сұраныс инфляциясы немесе тұтыну инфляциясы  тауар мен қызметке деген сұраныстың артып, заңды және жеке тұлғаларда ақша массасының артқан жағдайында және өндіріс көлемінің кеміген жағдайын сипаттайды.

Шығындар инфляциясы  өндіріс шығындарының шексіз артуына байланысты қалыптасады. Өндіріс шығындары номиналды еңбекақы шығындарының, энергияға, шикізаттарға және т.б. өндіріс құралдарына бағаның артуын сипаттайды. Шығындар артқанда кәсіпорын келесі шараларды жүзеге асырады:

1) Өз өнімдеріне бағаны  дұрыс қою

2) Тиімсіз, пайдасыз  өндірісті кеміту немесе тоқтату. 

Кәсіпорынның шығындарының артуына шығындардың  тізбек тәрізді біртінден көбеюі әсер етеді. Айталық,  энергетиктерде еңбек ақының артуы отын-энергия өндірісінедегі шығындардың артуына және энергияға деген бағаның артуына  әкелетін болса, одан кейін тізбек бойынша – телефондық байланыс қызметіне баға, метрода жүру бағасы, нан өнімдері өндірісінде бағаның артуына және т.б. жағдайларға әкеледі. Осыған сәйкес еңбек ақы мен бағаның инфляциялық тізбегі деген құбылыс қоғамға кері әсерін тиігізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     2.2 Инфляцияның альтернативті (баламалы) көздері

Батыс экономистері жасаған  теорияларда инфляцияның альтернативті  қайнар көздері ретінде сұраныс  инфляциясы мен шығындар инфляциясын  көрсетеді. Бұл концепциялар инфляция болуының әр түрлі себептерін айтады.

Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы (әскери,әлеуметтік шығындар), толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс құрал-жабдықтарына сұраныстың өсуі,өндірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі,кәсіподақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарылауы (жалақының өсуі) т.б. Осының салдарынан айналымға тауар көлемінен артық ақша түсіп,бағалар өседі. Мұндай жағдайда өндірісте жұмыспен қамту толық болғанымен өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар ұсынысымен жауап бере алмай қалады. Басқаша айтқанда айналымдағы төлем қаржыларының көбеюі шектелген тауар ұсынысына тап болады,сөйтіп бағаның жалпы деңгейі өседі.

Шығындар инфляциясы бағалардың өсуін,өндіріс шығындарының ұлғаюымен түсіндіреді. Шығындардың көбеюі баға белгілеудің олигополиялық тәжірибесінен,мемлекеттің экономикалық және финанстық саясатынан,шикізат бағасының өсуінен,кәсіподақтың жалақыны көтеру талабынан және т.б. болады. Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес,олар бір-бірімен тығыз байланыста,сондықтан жалақының өсуі,мысалы сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де көрінуі мүмкін.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында экономикасы дамыған елдердің бәрінде дерлік ұзақ уақыт бойы толық жұмыспен қамту,еркін рынок немесе бағаның тұрақтылығы болмағанын атап өту керек. Экономиканың тоқырауы мен құлдырауы кезеңдерінде де өндіріс қуаттарын толық пайдаланбаған уақытта да бағалар үнемі өсіп отырады. Барлық бағалардың бір мезгілде өсуі ХІХ-ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы циклдық өзгерістердің алапат құбылысы кезінде орын алды. Мұндай құбылыс стагфляция деп аталады,ол экономикалық дағдарыстың стагнация (өндірістің тоқырауы) жағдайындағы бағаның,инфляцияның өсуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      2.3 Инфляцияның түрлері. Филлипстің қисық сызығы.

Соңғы кездерге дейін  дүниежүзілік шаруашылықта инфляция,әдетте,төтенше  жағдайларға байланысты пайда болатын  еді. Мысалы,соғыс жылдарында мемлекеттер  әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде  қағаз ақшаларды шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға,ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.

Инфляция қарқынының жай,орташа жүруі кезінде бағаның  өсуі 10%-тен аспайды. Экономикалық теория,мысалы,кейнсшілер,мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін онды жағдай деп,ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.

Жоғары қарқынды (галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20-дан 200 процентке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген қоғамдық келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.

Аса зор,шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері  мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап,шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы,Никарагуада,азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%-ке дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді,тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады.Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынының әлдеқайда зор болады.

Информация о работе Инфляция экономикалық құбылыс ретінде