Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 22:20, курсовая работа
Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, обьективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешелік ролімен айшықталады.
Қаржы бір уақытта қоғамның таптарға жіктелуі кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар-ақша айрбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды.
Кіріспе
І-тарау. Инфляция экономикалық құбылыс ретінде
1.1 Қазіргі несие жүйесінің құрылымы............................................................4-7
1.2 Инфляция туралы ұғым................................................................................8-9
1.3 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.......................................................................................................10-20
ІІ-тарау. Қаржы және инфляция
2.1 Инфляцияның себептері мен салдары....................................................21-22
2.2 Инфляцияның альтернативті (баламалы) көздері.................................23-24
2.3 Инфляцияның түрлері. Филлипстің қисық сызығы..............................25-28
ІІІ-тарау. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат шаралары
3.1 Инфляцияға қарсы саясат ........................................................................29-36
3.2 Әміршілдік-әкімшілдік жүйе жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері..................................................................................................37-38
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
І-тарау. Инфляция экономикалық құбылыс ретінде
1.1 Қазіргі несие жүйесінің
1.2 Инфляция туралы ұғым..........................
1.3 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен
өзара байланысы.....................
ІІ-тарау. Қаржы және инфляция
2.1 Инфляцияның себептері мен салдары.......................
2.2 Инфляцияның альтернативті (баламалы)
көздері.......................
2.3 Инфляцияның түрлері. Филлипстің қисық
сызығы........................
ІІІ-тарау. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат шаралары
3.1 Инфляцияға қарсы саясат ..............................
3.2 Әміршілдік-әкімшілдік жүйе жағдайындағы
инфляцияның ерекшеліктері.................
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша
Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, обьективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешелік ролімен айшықталады.
Қаржы бір уақытта
қоғамның таптарға жіктелуі кезінде, мемлекеттің
дамуы мен оның ресурстарға деген
қажеттіліктерін
Қаржының
мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша
қатынастарын қамту сферасы
Экономикалық өмірде қаржының
сыртқы көрінісі қоғамдық
Қаржы ақша қатынастарының
Қаржының түрлі мақсатта ақша қорларының қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары қаржы қатынастарының обьектілері болып табылады.
Ақша қаражаттары эконмоикалық өмірде, баламалы, тауар және ақша ныснадарындағы құнның тең қозғалысы ретінде пайдаланылады. Ақша қорларының бүкіл ақша қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының негізінде жасалынады.
Қаржы қоғамдық өнімді бөлу мен қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұның нәтижесінде ұдайы өндіріс қатысушыларының сан алуан қажетіліктерін қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары, қорланымдары мен қорлары жасалып, пайдаланылады.
Қаржының қажеттігі обьективті мән-жайдан-тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы-табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
І-тарау. Инфляция экономикалық құбылыс ретінде
1.1 Қазіргі несие жүйесінің құрылымы.
Қазіргі несие жүйесі ұзақ тарихи дамудың нәтижесі және ол рыноктық экономиканың талаптарына сай өзгеріп отырады. Егер институционалдық жағынан қарасақ кредит жүйесі валюта-қаржы мекемелерінің кешені,оны мемлекет экономиканы реттеп атқару үшін белсенді пайдаланады. Несие жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизмін қамтып,өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп,бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.
Батыс елдеріндегі бүгінгі несие жүйесі мынадай маңызды процестердің әсерімен қалыптасты: банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы, несие-финанс жүйелерінің мамандануы мен кредит жүйесінің функционалдық құрылымының күрделінуі,банк және өнеркәсіп монополиясының қосылуы мен бірігуі,банктік істердің интернационалдануы,трансұлттық банктер мен финанс топтарының пайда болуына әкелді.
Қазіргі кредиттік жүйеде мынадай үш негізгі буын бар: орталық банк,коммерциялық банк,маманданған несие-финанс институттары.
Кредиттік жүйеде жетекшілік орынды банк атқарады,ол капитализмнің бастапқы сатысында XVIII-XIX ғасырларда коммерциялық банктерден бөлініп шықты. Тек орталық банкке ғана мемлекет ақша шығаруға (эмиссия) ерекше монопольдік құқық берді. Көптеген орталық банктер бірден мемлекеттік институттар болып құрылды (Немістің федералдық банкісі, Австралияның Резервті банкі), басқалары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекет иелігіне айналды (Франция банкісі,Англия банкісі, Жапония банкісі, Нидерланд банкісі). Бірқатары осы күнге дейін аралас мемлекеттік жеке меншік негізінде жұмыс істейді. Мысалы, АҚШ-тың Федеральдік резервтік жүйесі (1913),бұрынғы КСРО-да орталық банк – КСРО Мемлекеттік банкі болды. Қазақстанда қазір Ұлттық банк осындай роль атқарады.
Орталық банктер көптеген қызметтер атқарады,солардың ішіндегі бастылары:
Коммерциялық банктер несие жүйесінің “нервтік” орталығы болып есептеледі. Қазіргі коммерциялық банктер несие-финанс мекемелерінің әмбебап сипаттағы түрі. Ол халық пен кәсіпорындардан салымдар қабылдап,несие беріп қана қоймай,сонымен қатар клиенттерге қаржылық қызмет көрсетеді. Коммерциялық банктердің операциялары пассивті (қаржыларды келтіру) және активті (қаржыны орналастыру) болып көрінеді. Бұдан басқа банкаралық,делдалдық операциялар және сенімді операцияларды (мүлікті,бағалы қағаздарды орналастыру) орындайды.
АҚШ-тың несие жүйесі бір-бірімен келіскен бәсекелік күрес жүргізетін 13 мыңнан астам коммерциялық банктерден тұрады. Банк капиталының шоғырлануы мен орталықтану процесінің нәтижесінде алып банктердің пайда болып,жоғары монополизациялау дәрежесіне жетті. 500 млн. долл. активі бар банктер тобы барлық банк активтерінің 75 процентіне иемденеді,бірақ олар АҚШ-тағы коммерциялық банктердің барлық санының 4,4 процентін құрайды,осылардың ішінде ең ірілерін: “Ситикон” активі 230 млрд. долл. “Чайз Манхэттен корпорейшн” (106 млрд. долл.) “Банк оф Америка” (97 млрд. долл.) және басқалары құрайды.
80-жылдардың ортасында АҚШ-
Қазіргі рыноктық экономикада зейнеткерлер
қоры,сақтандыру компаниялары,өзара
қорлар,инвестициялық банктер,
Коммерциялық несие
бағыты,мерзімі мен келісімі сомасы
жөніндегі шектеулігін жоя
Тұтыну кредиті жеке адамдарға ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын сатып алу үшін 3 жылға беріледі. Ол бөлшек сауда дүкендерінде төлемін кейінге қалдырып тауар сату арқылы жүзеге асырылады немесе тұтыну мақсатында банктік қарыз беріледі. Тұтыну несиесін пайдаланғаны үшін,әдетте жоғары процент (30%-ке дейін) төлейді және кредитті қайтару отбасы бюджетіне үлкен салмақ салады. Ипотекалық кредит қозғалмайтын (жер,құрылыс,үй) мүліктер орнына берілетін ұзақ мерзімді қарыз. Мұндай қарызды берудің құралы банктер мен кәсіпорындар шығаратын ипотекалық облигациялар. Ипотекалық несие көбіне ауыл шаруашылығының негізгі қорларын жаңартуға пайдаланып,бұл салада капитал шоғырлануына көмектеседі.
Мемлекеттік несие-кредит қатынастарының жүйесі. Мұнда мемлекет заем беруші,ал халық пен жеке бизнес қаржыларының кредиторлары. Мемлекеттік несиенің көзі тек орталық үкімет қана емес,жергілікті өкімет органдары да шығаратын мемлекеттік заем облигациялары болып табылады. Мемлекет несиенің бұл түрін алдымен бюджет тапшылығын (дефицитін) жоюға қолданады. Мемлекеттік облигация шығару (эмиссия) және оны тарату нәтижесіндегі АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 2 трлн. доллардан асып отыр.
Халықаралық кредит-қарыз
капиталының халықаралық
1.2 Инфляция – экономикалық құбылыс ретінде.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен,қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі – inflatio – (вздутие) – қампаю,тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып,айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жйі қолданылып,кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді.
Инфляцияның жалпы,әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияның айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтырып беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен,ол тек ақшаға тән “ғажайып” құбылыс емес. Ол – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс,оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.
Инфляцияның туындауы қаржы мәселесіне жатқызуға болады, себебі, инфляция мынадай қаржылық мәселелерге тәуелді болады:
1) Белгілі салық нормалары мен әдістердің қолданылуы
2) Мемлекеттік шығыстардың өсуі
3) Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу әдістері
4) Мемлекеттік қарыздардың
Қаржылық жүйенің толық жүзеге асырылуын ақша айналымының жағдайымен және ақша қатынастарының әсерімен жүзеге асыруға болады. Мемлекеттік қаржы аясында қаржылық қатынастардың ерекшелігі, инфляцияның туындауына әсер етуінде болып табылады. Себебі, қаржылық дағдарыс мемлекетік шығындардың артуына әкеледі. Қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы инфляциялық үрдіске әсер етуші ретінде орын алса, инфляцияда қаржылық қатынастарға өз әсерін тиігізеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің таза кірістерін көбейтудің қажеттігіне, салық ауырпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне әкеледі. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені, салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейінгі белгілі бір уақыт өткеннен кейін түседі, сондықтанда мемлекет оны алғанша құны төмендейді. Осыған ұқсас мемлекеттік қарыздың мәселелері шиеленіседі өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылғын несиелік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады. Сондықтан да мемлекеттік қарыздың өсуі орын алады. Инфляцияны өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші қолданылады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметінің белгілі бір жиынтығын сатып алу бағасы мен базалық кезеңінің бағасы арасындағы арақатынасы анықталады.